Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет9/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
госы

Жошы ұлысы – дүниенің төрт бұрышына билігін жүргізген Шыңғыс ханның өз иелігіндегі жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошының үлесіне тиген аса үлкен территориялық аумақ. Зерттеушілердің айтуынша, Жошының қол астына қараған аумаққа қазіргі қазақ жерінің 65 пайызы кірген екен. Кейін бұл аумақтың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ даласы енген. Осылайша, Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен.


Алтын Орданың ыдырауынан кейін Батыс Қазақстан аумағында ірі мемлекет – Ноғай ордасы пайда болды. Алғашқыда маңғыттар тайпасы бірігіп Еділ мен Жайық аралығындағытжерді мекендеп, Маңғыт жұрты деп аталды. Едіге Әмір қарсаңында Алтын Орда билігі соның қолында болды. 1396-1411 ж Ноғай ордасы бөлініп шықты. Едіге Алтын Орда құрамында Орданың билігін күшейтті. Ең соңында Едігенің ұлы НұрадДин (1426-1440) жылдары ол дербестік алды.
ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Б.А.Ахмедов бұл хандықты «Көшпелі өзбек мемлекеті» деп атауды ұсынды. Өзбек хандығы ішкі өзара қырқыс нәтижесінде 15 ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті (Жұмадұқ хан, Махмұд қожа хан, Мұстафа хан т.б.) билеген бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды, алайда феодалдық қырқыс тыйылмай, Барақ хан 1428 жылы өлтірілді. Ол кезде Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған өзбек ұлысындағы (жазба деректерде Ақ Орда 14 ғасырдың аяғынан бастап осылай аталады) өкімет билігі Әбілхайыр ханның қолына көшті.


2 сурак
Рассказать про время войны, как депортировали в Кз иностранцев из ближних стран


3 сурак
Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.
Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбек жазды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктері мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
Қазақстанды ХVІІІ ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды.
1768–1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Еңбекте қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар. П.С. Паллас қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы: «Олар негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары да жақсы… Қазақтардың байлығы, негізінен, олардың малы», – деп жазады.


21 билет
1 сурак
Ж. Баласағұни ХІ ғасырда түркі тілінде «Құтты білік» («Құт негізі – білік») атты іргелі тарихи-әдеби шығарма жазды. Бұл еңбек түркі тілінде жазылған алғашқы туынды.
«Құтты білік» дастанында Ж. Баласағұни өмірдегі ең өзекті мәселелерді көтереді. Мұнда ол жеке адамның қоғамдағы орны мен рөлін сипаттайды, сонымен бірге сол дәуірдегі түркілердің саяси тұжырымдамаларын қамтиды. Баласағұни ескерткендей, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім – адамның өмірдегі өз орнын табуға және қайырымдылыққа жол ашады. Ғұлама өз еңбегінде ел басқаратын басшы мен оның қол астындағы қызметкерлері, диқан мен малшы, қолөнершілер арасында өзара қарым-қатынас қандай болу керек деген сұраққа жауап береді. Адамдарды бірін-бірі құрметтеуге, ізет көрсетіп, өзара сыйласу, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттерге шақырады. Ұлы ғұламаның философиялық ойларында ақыл, танымның шексіздігі мен сарқылмайтындығы туралы мәселелер ерекше орын алған. Ғұлама «Игіліктің барлығы – ғылымда, ал ұлылық – танымда» деген тұжырымға келген. Жүсіп Баласағұн еңбектері – түркі елдеріне ортақ мұра.


Орта ғасырларда «Кодекс Куманикус» атты бірегей сөздік, қыпшақтардың әдеби ескерткіші жазылды. Еңбектің жазылған жері мен авторы белгісіз. Сөздік екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде латын, парсы, қыпшақ тіліндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердің лексикалық мағыналары беріледі, екінші бөлім діни уағыздарды қамтиды. Кодексте жинақталған сөздер қазіргі қазақ тілімен үндеседі: азамат, аяз, айна, айран, айып, ашу, ат, ата т.б. Бүгінгі күні қолданыста жүрген парсы сөздері де келтірілген: сауап, халал, харам т.б. Бұл сөздік қыпшақ дәуірінің құнды ғылыми жәдігері болып табылады.
 
Қазақстан аумағын ғылымда Шығыс Дешті Қыпшақ деп атау қабылданған. ХІІІ ғасырда Шыңғысхан шапқыншылығымен қыпшақ мемлекеті құласа да, қыпшақ тілі орныға түсіп, жаулап алушылар тіліне айналып, кең тарала бастады.


3 сурак
Ия келисемин. Привезти в пример Украину и Россию.


20 билет
1 сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет