Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі499,79 Kb.
#5274
түріСабақ
  1   2   3



Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шаралар үлгілері

(іс-тәжірибеден)



Құрастырушы: Габдуллина Жайнагул Жайлаубаевна
Ақтөбе қаласы,

5 орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі


Ақтөбе қаласы,

5 орта мектебі



Құрастырушы: Габдуллина Жайнагул Жайлаубаевна - бастауыш класс мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар мен кластан тыс шаралар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.




Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Щ дыбысы мен әрпін таныту. Күтілетін нәтижелер:

  1. Щ дыбысы мен әрпінің сөздегі орнын айыра білу.

  2. Сөздер, сөйлемдер оқу арқылы басқа әріптермен
    салыстыра отырып, айтылу ерекшелігін ұғынады.

Щ дыбысы мен әрпінің жазылу ерекшелігін біледі.

Не арқылы бағаланады:

Ассоциация әдісі, ББҰ, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:


I. Қызығушылығын ояту.

Суреттер көрсету арқылы Щ дыбысы мен әрпін меңгерту.

щетка (киім тазалайтын) плащ

щетка (тіс тазалайтын) борщ

-тамақ жасағанда дәмін келтіру үшін не саламыз?

-тұзды көп салсақ тамақтың дәмі қандай болады?

-ащы

-тұзды аз салсақ ше?



-тұщы

-борщ деген қандай тағам, неден жасалады?

-орамжапырақ (капуста)

Жақсы, балалар ащы, тұщы, борщ , щетка деген сөздерде

бізге таныс емес дыбыс бар. Ол қандай дыбыс?


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

әріп,

дыбыс


Жазылуын, айтылуын, сөздің қай жерінде келетінін

Щ дыбысының айтылуын жазылуын, буынға бөлу, сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін білдік

-Олай болса, бүгінгі танысатын дыбысымыз Щ дыбысы. -Щ-дыбысын айтып көрейікші.

-Щ-Щ

-Щ дыбысы дауысты дыбыс сияқты ән болып созып айтуға келмейді. Кедергімен айтылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында келеді. Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.



II. Мағынаны ашу.

Әріптерден сөз кұрату.

Оқулықпен жұмыс.

«Балқаш» мәтінін тізбектей оқу.



Сергіту-сәті.

Дәптермен жұмыс.

(Щ дыбысының жазылуын түсіндіру)

Ауаға жаздыру.

Суретті диктант.

Кеспе әріптерімен жұмыс. Тақтаға сөздер жазғызу, дыбыстарды талдау. Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс қанша?



III. Толғаныс.

Б.Б.Ү (үйрендімді толтыру)

Мадақтау арқылы бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»

Мақсаты: 1. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеалық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрісін дамыту, білім іскерлік дағдысын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

3. Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың суреті, сабаққа қатысты сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

а) психологиялық дайындық

«2» дегенің нашар баға,

Алады оны нашар бала.

«3» дегенің орта баға,

Сапасы да орта ғана.

«4» дегенің жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана!

II. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ

Б. шешу.Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»

1)Сөзжұмбақ

.а)Бір- ағаш кесу құралы,

Бірі –шырынды бал бұлағы.(ара)

ә)Торы тай,

Табанында төрт ай.(таға)

б)Қос мүйізді,төрт сиракты.

Сыйлайды балдай ақ бұлақты.(ешкі)

2)Ой қозғау.

Ассоциация жазу «Ағаш» сөзі

Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың ағаш туралы білімдерін тексеру.



  • Ағаш туралы не білесіңдер?

  • Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік, өзінен оттегі бөледі. Отын терінде пайдаланылады.

3. Олай болса Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін бастаймыз.

Б. Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туған. 1949 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтын бітірген. 1950 – 1952 жж Нарынқол ауданында педагогикалық жұмыстар істеген. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болған. «Менің атым – Қожа» деген шығармасын көркемфильмге айналдырған. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған.

Б. Соқпақбаевтың балаларға арнап көптеген өлеңдері мен әңгімелер жинағы бар.

«Менің атым – Қожа»


4. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

5. Топпен жұмыс.

I топ. Бес жолды өлең шығару..

II топ . Мақал-мәтел.

III топ. Әңгімеге байланысты сурет салу

YI топ Кластер жазу «Көктем»сөзіне.

6.Венн диаграммасы. Салыстыру.

7. Үйге тапсырма беру, бағалау.

8. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы ата мен әже, әке мен ана.

Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ата мен әже, әке мен ана мейірімін сезіну, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке мен ана орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әке мен анаға деген бала махаббатын одан әрі дамыту.


Әдісі:Түсіндіру, топтастыру, шығармашылық жұмыстар, тренинг
Сабақ жүрісі.

1.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.

Сабақтың эпиграфы:

ӘКЕ-асқар тау,

АНА-бауырындағы бұлақ,

БАЛА-жағасындағы құрақ.

2.Жаңа сабақ.

Әке-ана-отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – АНА есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіретін де ана.Ал нәресте өмірінң нәрі –Ана сүті.Сол ана сүтімен баланың бойына туған елінің рухы, жақсы да саналы қасиеттер енеді.

Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де –Ана.Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дарағ дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана-перзент тәрбиелеуші,

Ана-қызметкер,

Ана- ғалым,

Ана-зейнеткер

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу –Алла алдында күнәһар болу» дейді пайғамбарымыз. Бала үшін әке орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Әрбір бала әкені өзінен биік ұстауы қажет. «Әке –асқар тау» деп бекер айтылмаған.Ол сенің сүйенер тіреуің, отбасының діңгегі.

Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке-ең жақыным, ең сыршыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата –дәстүріміз. Бұл сөз болып отырған –біздің атамыз бен әжеміз. Ата мен әже дегеніміз әкеміз бен анамыздың ата-аналары. Ата мен әже немерелерін еркелетеді, ыстық алақанымен, құшағына алып жатады. Ертегілер оқып, жыр-дастандарын айтып беретін көненің көзі.

Осы орайда мына сөздер үлкен ой тудырады: «Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.

3.Бекіту бөлімі.

Кеспемен жұмыс.

1.Сен әкең мен шешеңнің бойындағы қандай қасиеттерін өзіңе үлгі тұтасың?

2.Атаң мен әжеңнің тәрбиесінде болдың ба?

3.Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

4.Үйдегі алтын қазық кім?

5.Анаға арналған қандай өлең жолдарын білесіңдер?

6.Әкеге арналған қандай өлең жолдарын білесің?

7. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.» деген қанатты сөздің мағынасын түсіндір.

8.Әке мен ана тақырыбына бірнеше мақал –мәтел келтір.

9.Ата мен әженің ерекшелігі неде?

4. Шығармашылық жұмыс.

Балалар, бүгінгі ойымызға, сөзімізге түйін қоя отырып, шығармашылық жұмыс орындаймыз. Екі түрлі тапсырма беремін.

1.Ойтолғау жазу.

2.Арнау өлеңдерін шығару.

5.Ой шақыру

Балаларға ана және әке туралы өлең оқи отырып, өлең авторы кім екенін және мазмұнын түсіндірту.

6. Семантикалық картамен жұмыс.




Мінезі, қасиеті

Ата

Әже

Ана

Әке

Мейірімді

Қатаң


Ақылшы

Сырласуға дайын

Жүзі жылы

Кешірімді

Әдемі

Ұстамды


Ақкөңіл

Жақсы














7.Сұраққа-жауап

-Не тәтті?

-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?

-Ананың қолы жұмсақ.

-Не қымбат?

-Ана қымбат.

8. Венн диаграммасы


«Тәуелсіздік –ел бақыты»
Құрметті қызметкерлер және қонақтар!
Сіздерді ҚР тәуелсіздік алған күнімен құттықтаймын.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгергеналтынның,

Айналайын алтын әнім жас өркемнің халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындым

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі халқымның

Айналайын,айналайын жас өркені халқымның.


Міне,осыдан тура 23жыл бұрын, яғни 1986жылдың 16-желтоқсанда

көкіректері намысқа толы қазақ жастары алаңға шыққан болатын.

Бұл шеру нәтижесіз қалған жоқ.

1991 жыл 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні болып жарияланды. Тәуелсіз

ел болдық, оны жер бетіндегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар

түгел мойындады. Бұл қазақ халқының арғы-бергі тарихындағы ең үлкен

жетістігі.

1986 жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік, қайғы мен қасырет мидай

араласқан күн еді. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары

жылдары бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.


Баяндама.
Басталып алғашқы дәуір тастан,

Бабалар жазған бәрін етіп дастан.

Қазақтың бұрынғысын бір қайталап,

Ақтарайық тарихты әуел бастан.


Бүгінгі күні бізді азаттыққа қол жеткізген желтоқсан құрбандарын еске алмау біздер үшін үлкен күнә.

Ендеше тарихқа көз тігелік.


(Көрініс)

Ұл-қыздарды жебеген тағдыры ұлы

Жасай берсін Желтоқсан жаңғырығы.

Сізге бақыт әкелсін баяны бар

Халқымыздың жасампаз мәңгілігі!
Міне,осындай тұғыры биік егемендікке жеткізген осы Қайрат, Сәбира секілді ұл-қыздарымыз. Ендеше, боздақтарымызды еске алайық.

(Еске алу)

Мәнерлеп оқу.

Алаңға шығып,ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын

Келді осылай аңсаған күніміз де,

Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан

Қасиетті тіліміз бен дінімізде.
(Бейне көрініс.)
Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш!


Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру. Ж дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету.Әріптің баспа түрін жазғызу.Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.Адамгершілік қасиеттерін ,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Әдісі:түсіндіру ,сұрақ – жауап

Көрнекіліктер: Ж әрпінің баспа түр,кеспе әріптер,түлкі ,қаздың макеті, Жолбарыстың,жұлдыздың,жүгерінің суреттері.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Психологиялық дайындық

«Қайырлы күн »деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

-Күніміз көңілді өту үшін не істеу керек?

Бәрі:Бәріміз күндей жарқырайық?Бәріміз дос болайық,-деп бір-біріне лебіздерін білдіреді.


ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар бүгін біздерге қонаққа нелер келіп отыр?

-Қаздар

-Дұрыс,енді осы қаздар деген сөздің ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?



- «Қ» дыбысы бізге таныс па?

-Таныс.Өткен сабақта «Қ» дыбысымен әрпімен танысқан болатынбыз.

-Бұл қаздар бізден көмек сұрап келіпті.Олар түлкіден қашып келеді екен.

-Ендеше,балалар,қаздарға көмек көрсетіп,түлкіден құтқарайық.

1-қазды құтқару үшін өткен сабақтағы дыбыс пен әріпті еске түсірейік.

Сергіту сәті:

ІV.Жаңа сабақ

-2-қазды құтқару үшін мен жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуін табайық.

1.Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

«Жұлдыз» сөзінде қандай дыбысты естіп тұрмыз?

Олай болса,біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз «Ж» дыбысы мен әрпімен танысамыз.

«Ж» дыбысын хормен айтқызу

«Ж» дыбысының таңбасын көрсетіп,дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.

V.Сурет бойынша оқушыларды сөйлету

Тақтадағы ілінген сурет аттарын атату,буынға бөлдіру



Жапырақ жолбарыс көжек жүрек


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет