Қатты дене ұғымына анықтама беріңіз


Иондық байланыс және оның энергиясы



бет17/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#81160
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
‎Без имени (копия)
Лекция 15 Оптика, Сөж 4, Глава 4 новый
9. Иондық байланыс және оның энергиясы. Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.

Коссель теориясының қағидалары:


  • 1. Сыртқы қабатында 2 немсе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, демек, олардың сыртқы электродық қабаты өте тұрақты.

  • 2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.

  • 3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.

Атомның ионға айналу мүмкіншілігі оның иондану энергиясы мен электрон тартқыштығының шамаларына тәуелді. Катиондарды иондану энергиясының шамасы аз болып келетін І және ІІ топтарда орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар оңай түзеді. Ал аниондарды электрон тартқыштығы жоғары галогендер оңай түзеді. Демек, галогендер сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде ионды қосылыстар береді. Жалпы ионды қосылыстардың саны онша көп емес. Жоғарыда аталып кеткен сілтілік және сілтілік-жер металдардың галогенидтерінен басқа ионды қосылыстарға олардың оксидтері, сульфидтері және оттекті қышқылдармен беретін тұздары жатады. Иондық қосылыстардың құрылысы. Иондық қосылыстар – кәдімгі жағдайда қатты кристалдық заттар. Иондарды байланыстыратын қанықпайтын және кесімді бағыты жоқ кулон күштері дедік. Сол себептен иондық қосылыстарды әр ионның өзінің өріс күштерін қанықтыру үшін, өзін қарсы зарядталған иондардың саны белгілі шамадан аспайды. Мысалы, натрийхлоридінің кристалында натрийдің әрбір ионы хлордың алты ионымен қоршалған (координацияланған), дәл осы сияқты хлор ионы натрийдің алты ионымен қоршалған. Ионды қоршап тұрған қарсы зарядталған иондар саны сол ионның координациялық саны деп аталады. Иондық байланыстың қасиеттері. Иондық байланыстың қасиеттерін коваленттік байланыстың қасиеттерімен салыстырып қарастырамыз. Коваленттік байланыс қанымдылықты көрсетеді. Атомның түзетін коваленттік байланыстарының саны оның валенттік орбитальдарының санынан аспайды. Валенттік орбитальдар пайдаланып біткен соң, атомның коваленттік байланыс түзу мҥмкіншілігі қанығады. Мысалы, сутек атомының бір-ақ валентік орбиталі бар, сутек атомдары сутек молекуласына біріккенде екі атомның екеуінің де валенттік орбитальдары толық пайдаланып бітеді. Сол себептен сутек молекуласы Н2 сутектің үшінші атомын қосып ала алмайды.Иондық байланыс. қарама-қарсы зарядталған иондардың кулон күштері арқылы тартылысуы нәтижесінде түзіледі. Ал кулон күштері – қанықпайтын күштер, демек, иондық байланыс қанықпаған байланыс. Егер ион зарядталған шар деп есептесек, оның электр күштері ионды қоршаған кеңістіктің барлық жағына біркелкі бағытталған. Катион мен анион бірінен– бірі жақындасқанда күш өзгерістерін толық қанықтырмайды. Сол себептен катион да, анион да, басқа бағыттар бойынша қарсы зарядталған көптеген басқа иондарды тартып, байланысқа түсе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет