Атты онкүндігінің жоспары



бет23/23
Дата25.01.2017
өлшемі2,47 Mb.
#7958
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Еңбексіз өмір – сүреңсіз

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, деді ол қуанып. Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...».

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:


      • Әй, туысқан, – деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.

– Төмен секір, – деді Қара пышақ, – бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.

      • Ол жерде не бар?

      • Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

      • Ал жұмысты кім істейді?

      • Жұмыс бізсіз де істеледі.

      • Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

.

Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз өмір-сүреңсіз»дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам ,ең бастысы,еңбектенуге,яғни адам бір іске күш-қуатын ,ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.Өйткені жалқаулық,еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады.Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа,арманыңа жетесің.Арманың орындалса,өзіңді бақытты санайсың.
Сахналау.
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.
Үш оқушы :автор,қуыршақ,бауырсақ рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Дәптермен жұмыс


«Еңбек-бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Жүректен-жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып,бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

– Қайдан келдің бауырсақ? –

Деп сұрады қуыршақ.

– Дүкеннен келдім

Нан сатқан, –

Деді оған бауырсақ.

– Дүкенге келдің қай жақтан?

– Наубайдан келдім нан жапқан.

– Наубайға келдің қай жақтан?

– Диірменнен келдім ұн тартқан.


        • Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер.

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.

Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қыз:

– Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, деді.

– Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:

– Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, дейді.

–Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

– Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал, кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, деп түсіндірді әкесі.



  • Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?

  • Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

Еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.


Н.Жанаевтің «Еңбек сүйсең» өлеңін айтып беру.
Кішкене жүрекшелерге жазып,балалар бір-біріне бата беруі.
-Еңбегің жемісті болсын,
-Еңбек етсең емерсің,
-Сүйіп істеген іс шаршатпайды,сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
-Өмірдегі тірегің еңбек болсын
-«Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап»-деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Осылайша жалғаса береді.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет