Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі



бет19/33
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#36774
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Тұрғын үйге байланысты:
Қармақшы ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 санды қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тиісті жұмыстар атқарылуда.
2012 жылға аудан бойынша бағдарламаға сәйкес Жосалы кенті Көмекбаев №1 және Көмекбаев №3 екіқабатты 4-пәтерлі тұрғын үйлерге 4305,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аталған үйлердің тұрғындары келісім-шартққа сәйкес күрделі жөндеуге жұмсалған қаржыны кестеге сәйкес қайтаруда.
Үстіміздегі жылы аудан көлеміндегі көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуді 2 механизм арқылы іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің 24 қаңтар 2013 жылғы №359 қаулысымен «Туған ел келбеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды. 2013 жылы аудан бойынша, Төретам кентінен – 2, ІІІ-Интернационал аулынан – 2, Жосалы кентінен – 4, барлығы 8 көпқабатты тұрғын үйлерге 44 430,8 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда аталған үйлер тұрғындарының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімдері толық алынып, атқарылатын жұмыстардың сметалық құжаттары әзірленген. Республикалық бюджеттен жоспарланған қаржы түскен жағдайда жөндеу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, 2014-2016 жылдары 40 көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына барлық сомасы 240 000,0 мың теңгені құрайтын бюджеттік өтінім жасалып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне басқа да қажетті құжаттамалармен бірге тапсырылып, қорғалды.

Каталог: content -> files
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
files -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
files -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
files -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
files -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
files -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет