Қашықтан оқытудың мақсаты: Оқушыларға білім беру бағдарламаларының әр түрлі орталықтарында өзінің білімін толтырып, жетілдіруге мүмкіндік беру;
Мектептік және жоғарғы оқу орнының бағдарламаларының әр түрлі бағыттары бойынша сапалы білім беру.
Қашықтан оқытудың міндеттері: Үздіксіз білім беруді дамыту;
Оқушылардан әрекеттерінің қазіргі технологияларын сәйкес дағдыларды талап ету және қалыптасттыру;
Адамның барлық өмір жолында білімді алу және қолдану мүскіндігінің теңдігі.ъ
Қашықтан оқытудың дәстүрлі оқыту формаларынан айырмашылығы төмендегідей:
икемділік, өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ырғақпен айналысу мүмкіндігі, бұл кезде пәнді игеру үшін уақыт кезеңі белгіленбейді;
қарама-қайшылық, яғни өндірістен үзбей өзінің кәсіби әрекетіне қарама-қарсы оқыту;
қамту, барлық оқушылардың оқу ақпараттарының түрлеріне (электронды кітапханалар, білім базасына және т.б.) және байланыс тізбегі арқылы бір-бірімен және оқытушылармен тіл табысуды бір уақытта қамту;
оқу алаңдарын, техникалық құралдарды тиімді пайдалануда үнемділік;
технологиялық, яғни білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану;
әлеуметтілік тепе-теңділік, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, оқушының материалды қамтамасыздығына қарамастан білім алу үшін мүмкіндіктің тең болуы;
Оқытуды ақпараттытехникалық моделдеу оқытушы мен оқушы байланыстарында қазіргі технологияларды қолданып, жеке оқу материалдарын бетімен қайта жасаудың оқу сабақтарын өзгеотті. Дистанционды оқытудың әдістемесі дәстүрлі оқытудың жаңа формасын жүзеге асыруға міндетті емес. Міне, осы жағдай көптеген психолого-педагогикалық мәселелерге дистанционды білім берудің кең түрде енгізілуіне әкелді. Дистанционды білім беру де оқыту технологиясының және жаңа әдістердің дамуы педагогиканың теориясы мен практикасына төмендегідей жаңа ұйымдастыру формаларының енуіне үлесін тигізді:
байланыс тізбегі бойынша өздерінің оқу тапсырмаларын орындау процесінде бір-бірімен өзара әрекетті және бөлінген оқу процесін біріктіруде оқушылардың бірлігін анықтайтын виртуалды оқу топтары;
бірнеше практикалық міндеттерді шешумен байланысты, қойылған мақстақа жетуде дистанционды оқыту процесіне қатысушылардың біріккен әрекеті арқылы жалпы білім беру жобалары. Жобалар ұжымдық жұмыстың дағдысы мен іскерлігіне жағдай жасай отырып, оқыту процесінде интегративті әрекетті үдетеді;
білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатымен оқытушы мен оқушыларда өзара ақпараттық байланыстарын ұйымдастыруда, қашықтықтан оқытуды қолдау жүйесі;
оқыту процесінің ырғағы мен жылдамдығын түзетуге арналған кері байланысты телекоммуникациялық құралдар;
диалогты оқыту технологиялары, бұлар дәстүрлі телефон байланыстарымен қатар, телеконференция және электронды почта сияқты жаңа технологиялар.