«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пайдаланылатын әдебиеттер



бет4/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,1 Mb.
#1847
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  4. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  5. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  6. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.


3- дәріс

Тақырып: Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.

Дәріс мазмұны: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны мен рөлі.

Өтірік әңгімелермен қатар қазақта өтірік өлеңдер де бар. Оның туп нұсқасы әзіл - оспаққа, өтірік сынға құрылған. Өгірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өгірік өлеңдер өте шеберлікпен, тілдің орамдьтығымен өзгеше өңделген сөз. Өтірік өлеңде өмір бар, салыстыру бар, сықақ бар, өмірге тікелей байланысты болып келеді. Мақал - мәтел мағынасы терең, сөзі ықшам, көркем, еске сақтауға жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше роль атқаратындықтан балалар әдебиетінде орны ерекше. Мақал - мәтел балаларға терең ой салады, оларды көркем де образды сөйлеуге жаттықтырады. Сөз байлығын, сөздік қорын дамытады. Мақал - мәтелдердің тақырыбы кең: еңбек, оқу, білім, жолдастық, адамдық қасиет, табиғат т.б. Мысалы: Ата балаға сыншы, Бала адамның бауыр еті, Білім - өмір шырағы, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа

көнер, байқамай сөйлесең көп ішінде өлер. .

Балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр - жұмбақтар.

Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп атайды.

Пайдаланылатын әдебиеттер :


  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  5. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  6. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.


4- дәріс

Тақырып: Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.

Дәріс мазмұны: 1.Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.

2.Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.

Айтыс өлеңдер, олардың тәрбиелік мәні.

1. Айтыс және оның түрлері.

Айтыс - халық өмірін бейнелейтін ауыз әдебиетінің бір саласы. ХІХ ғ. айтысын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихтан белгілі. Мысалы: Орынбай, Шортанбай, Шөже, Сүйінбай, Біржан, Ақан сері, Жамбьіл, Сара, Т.б. қазақ әдебиетінің тарихына көз салсақ ақындар айтысы іштей бірнеше түрге бөлінеді: Жар - жар - айтыстың көне түрі. Ол қызды ұзатар алдында болатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар ұзатылар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір ауыз өлеңіне үзатылатын қыз жауап береді. Олардың қоштасу өлеңі (жар - жар) былай келеді:

Бозбала: қыз:

қара насар замандас, Есік алды қара су,

қара насар жар - жар - ау! Майдан болсын жар - жар - ау!

қара мақпал сәукеле, Ақ жүзімді көргендей,

Шашың басар жар - жар- ау! Айнrolболсын жар - жар - ау!

Мұнда әкем қалды деһ;: қайын атасы бар дейді,

қам жемеңіз жар - жар- ау! Бозбалалар жар - жар - ау!

Жақсы болса қайын атаң, Айналайын әкемдей ,

Орнын басар жар - жар - ау! қайдан болсын ~ap - жар - ау!



Қайымдасу. Айтыстың бұл түрі - қыз бен бозбаланың өлеңмен әзілдесуі. Бұл түрлі айтыста көбіне бұрын ел аузында айтылып жүрген өлеңдерден құралып, айтыс үстінде тақырыбына қарай кейбір шумақтары, не жолдары жаңадан шығарылып, өзгеріп отырады. Қайымдасу айтысының басы қыз - бозбаланың әзілінен басталғанмен аяғы әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналып кететін кезі жиі кездеседі. Мысалы: Омарқұл ақын мен Тәбия қыздың айтысы. Бұл айтыстың басы әзілден басталғанмен біраздан кейін қалынмал бар замандағы әйел теңдігі, әйелдің ауыр тіршілігі, әйел үйдің күңі екендігі айтылады.

Жұмбақ айтыс. Айтыстардың ішіндегі қиын түрінің бірі. Мұнда жалғыз ақындық қана емес, білгірлікті, тапқырлықты талап етеді. Сондықтан да екі ақын айтысып отырып, өзге сөзден бірін - бірі жеңе алмағанда, жұмбақ айтысына көшіп, ақылдылығын, тапқырлығын сынасады. Мәселен, Әсет ақын мен Рысжан қыздың айтысында, Рысжан Әсетке төрт түрлі жұмбақ айтады. Оның бәрін де Әсет шешеді. Жұмбақ айтысын дамытуда айрықша еңбек еткендер - Нұржан Наушабаев пен Сапарғали болды. Бұлардың жұм­бақтарындағы бір өзгешелік - мұнда айтыс жұмбақпен басталып, жұмбақпен аяқталады. Өзге айтыстардай мұнда жұмбақтан басқа айтыстың саласы араласпайды. Бұл айтыста жұмбақтың стилі түгел сақталады.

Дін айтысы. Шаман дінінің әсері қазақ әдебиетіне ерекше әсер етті.

Мәселен бақсының сарыны, тістің ауруын (құртын) өлеңмен шақыру, жылан шаққанда өлеңмен емдеу, бәдік айтысу, өлікпен сөйлесу т.б. Осы негізде діни ұғымдарды үгіттейтін айтыстар туды, соның бірі - бәдік. Бәдік шаман дінін қолданып жүрген адамдар малға, адамға тиетін індет ауруының иесі, құдайы



Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  4. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  6. Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық.-А., 1958.


5- дәріс

Тақырып: Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.

Дәріс мазмұны: 1. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

2.«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысы.

Балаларға арналған эпостық жырлар және оның тәрбиелік мәні.

Ертегілер, өлеңдер, мақал-мәтелдерден басқа ауыз әдебиетінде ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жыры бар. Халықтық шығармалардың ішінде мазмұны мол, ұзақ жырланатыны осы- батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды, батырлықты, ерлікті жыр етеді. Ал батырлар образы патриоттықтың үлгісін көрсетеді. Ондағы кейіпкерлер қайтпас ер, жауына қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды,өнегелі ісі бар адамдар ретінде суреттеледі. Сондықтан батырлар жырын балалар да сүйсініп оқиды. Іріктеліп алынып балалардың оқуына лайықталған эпостық жырлар ерлік істерге, табандылыққа, өділеттілікке, парасаггьиықка тәрбиелейді.

«Қобыланды батыр" жырындағы Тайбурылдың шабысы.

ЪІ.Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған .Киргизская

хрестоматия" еңбегіне Тайбурылдың шабысын ёнгізген. Бұл ұлы ағартушының көшпелі қазақ ауылы балаларының ұғымына жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына байланысты алғандығы еді. Батырлар жырындағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп, олардың жігер-қайратын шыңдап отырады. М: "Қобыланды батыр" жырында қобыланды қазан шаhарына аттанғанда Тайбурылдьщ шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы аттың шабысын көз алдыңа келтіреді, өзің шауып келе жатқандай сезім пайда болады.

Шырағым бурыл шу деді,

Тер шыққан соң өрледі

құбылып бурыл гуледі

Асқарды көзі көрмеді

Табаны жерге тимеді

Көлденең жатқан көк тасты

Тау мен тасты өрледі

Тіктеп түйген тұяғы

Төрт аяқты сермеді

Саз балшықтай иледі.

құлақтың түбі терледі

Міне, "Ер қанаты- ат" дегендей қобыландының серігі, Құртканын мәпелеп, баптаған Тайбурылы осылай суреттеледі.

,,Алпамыс батыр" жыры. қазақ эпосының інжу - маржаны саналытын жырпардың ішіндегі ең көнесі - Алпамыс батыр. Зерттеушілер оны УІІ - УІІІ ғ. пайда болып, тараған жыр деп есептейді. Жырдың нұсқасы қазақ, өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтарында осы уақытқа дейін сақталған. Олардың ішінде қазақ нұсқасының композициялық түзілісі мынадай: Алдымен Байбөрі бай мен Аналық бәйбішенің баласыздық зарынан әулие кезіп, азап шегуі. Ақырында тілегі қабыл болып, Алпамыстъщ, сосын қарлығаштың дүниеге келуі айтылады. Осыдан кейін Алпамыстың қалыңдығы Гүлбаршынды іздеп барып, қалмақтың ханы қараманмен шайқасы, оны жеңіп, қайын атасы Сарыбайды сол елге хан көтеріп, Гүлбаршынды алып қайтуы сөз болады ... Жырдағы кейіпкерлерді қарама - қарсы екі топқа бөлуге болады. Бірі - адалдықты, әділдікті, тыныштықты жақтайтын ұнамды кейіпкерлер, екіншісі - ел тонаушы, зорлықшыл жауыздар тобы. Жырдағы басты тұлға Алпамыс. Ол ­елдің тыныштығын, бірлігін сақтау, жаудың шапқыншылығына, зорлық ­зомбылығына жол бермеу идеясынан туған образ.

Ер Тарғын. Мұнда басқа жырлардағыдай ата - ананың бала зарын тартуы, қартайғанда перзент көруі, болашақ батырдың тез ер жетіп өсуі, қалыңдық іздеп жолға шығуы баяндалып жатпайды. Жыр Тарғынның торғауыттардың қамалын алуда ерен ерлік көрсетіп, көзге түсуінен басталады. Бір ерекшелігі ­Тарғын мұнда өз елінің емес, туыстас Ақшахан елінің намысын қорғайды. Кейіннен ханның қызы Ақжүністі алып қашып, Еділ бойындағы ноғайлыға барады. Сөйтіп, бұл елдің де жауына (қалмақтарға) қарсы аттанып, кегін қайтарады. Бұдан ел қорғау идеясымен қатар, халықтар достығының да нышаны байқалады. Халық "Ел ушін туған батыр, ерегісте мыңға татыр" деп Тарғындай ерді айтса керек. Тарғын бейнесі осындай 'халықтық ұғымның көрінісі. Жырдағы жағымды образдың бірі - Ақжүніс. Ол ханның қызы болса да қарадан шыққан жігітті сүйеді. Онъщ ерлігін, адамгершілігін өзгеден бұрын бағалайды. Ата - анасының еркінен тыс Ер Тарғынға ілесіп, елінен қашып шығады. Кейін оған адал жар, ақылшы дос, сенімді серік болады. Жазатайым қартқожақтың қолына түскенде де ақылымен айла тауып, одан құтылады. Батыр қайда жүрсе де оның қасында болып, намысын қорғап, абыройын көтеруге күш салады.

Тарғынның Тарлан аты өзге жырлардағы сияқты батырдың сүйген жары баққан тұлпар' емес, оны өсірген Тарғынның өзі. Ол батырдың қолғанаты, серігі, қамқоршысы, сырлас досы. Тарланның ғажайып тұрпаты Тарғынның "От орнындай тұяқтым" деп басталатын арнау сөзімен келісті суретгеледі.

Қамбар батыр" жырының халықтық сипаты. Қамбардың ерлік істері, еңбегі балаларды өжет іске бастайды, олардың патриоттық рухын көтереді. қамбар - тоқсан үйлі тобырды, алпыс үйлі арғынды жалғыз бағады, қайырымды істер істейді, өзінің батырлығын мақтан етпейді, сатылмайды. Жырдағы барлық оқиға тілге жеңіл тиіп отырады. қамбар жарлы - жақыбайларды аң аулап асырайды. Ол қыз Назымның көркіне де, байлығына да қызықпайды. Артында халқы барын ұмытпайды. Өз намысын қорғай білетін азамат.



Пайдаланылатын әдебиеттер :

1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.



  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Батырлар жырлары. Алматы, 1986.

  3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  4. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  6. Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық.-А., 1958.

  7. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.-А., 1977.

6- дәріс

Тақырып: Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.

Дәріс мазмұны: 1. Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты, тәрбиелік мәні. Асан қайғы жырау. ХУ ғасырдағы қазақ ақын - жырауларының көрнекті көш басшысы Асан қайғы Сөбитұлы. Оның өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы болғандығы байқалады. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уалиханов "Көшпелілер философы" атаған Асан өз заманының үлкен ойшылы болған. Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау жырларында не жақсы, не жаман, не ғаріп деген мәселелер төңірегінде ой толғап, замана жайында философиялық пікірлерін сарапқа салады. Жырау халық мақалында айтылатын Тындаушысыз сөз ғаріп", Замандассыз қария ғаріп", "қаз, үйрексіз көл ғаріп" деген ой пікірлерді термелей келеді де:

Муритін тауып алмаса

Өз қолында болмаса

Азғын болса пір ғаріп...

қанша жақсы болса да

Ата жұрты бұқара қайратты туған ер ғаріп, -

деп ел басқарар көсемнің азғын болмай, әділ болуын, қол бастаған батырдың соңынан ертер сарбазы - қалың қолы - халқы болуын қалайды. Олардың халықтан қол үзбеуін, көпке арқа сүйеуі керектігін айта келе:

Арғымаққа міндім деп, Fылымым жұрттан асты деп,

Артқы топтпн адаспа. Кеңессіз сөз бастама.

Күнінде өзім болдым деп, Жеңемін деп біреуді

Кең пейілге таласпа. Өтірік сөзбен қостама, -

деп "Ұлық болсаң, кішік бол", .Көптен қол үзбе, асып, таспа, көпке топырақ шашпа, қандай іс қылсаң да көппен кеңес" деген пікірді уағыздайды. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкім менен ұрыспа, Алдына келіп қалған соң,

Жолдасыңа жау тисе, қол қусырып барған соң,

Жаныңды аяп тұрыспа. Аса кеш те, қоя бер

Ердің құны болса да, Бұрынғыны қуыспа, -

деп көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген угіт, насихат айтады. Жатса - тұрса халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке,

достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан қайғы жырау:

Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз

Ой түбінде жатады... Шер толқытса шығады, -

деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен, көңіл - күймен байланысты туатынына философиялық топшылау жасайды. Халық қамын жеуді, әзәзілдің сөзіне ермеуді, құлқынның құлы болмауды адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:

... Адам әзіз айтар деп Нәпсі алдаушы дұшпанның

Көңіліңді салмағыл. Насихатын алмағыл, -

деп Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол" деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. "Ел қамын жеуші ақылды азаматты қарадан шықса да қадірле". "Кісіге қарап сөзін алма, сөзіне қарап өзін ал" деп ақыл айтады.

ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, философиялық -­дидактикалық толғауларымен ерекше көзге түскен Бұқар жырау Қалқаманұлы (1688-1781) Ол арабша өте сауатты адам болған. Ел билеу ісіне белсене араласқан. Абылай ханның ақылшысы, қабырғалы билерінің бірі. Заманның аумалы- 'төкпелі болып келуін Бұқар заңды құбылыс деп санаған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Сондықтан Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, хандық үкіметтің берік болуы 'жолында бар ақыл кеңесін аямайды. Ол Абылай ханның халқы алдындағы рөлін дұрыс бағалайды.

Жан біткен еріп соңынан Жусатып тағы өргізіп,

Он сан алаш баласын, Жұмсап бір тұрсаң қолыннан-

Аузыңа құдай қаратып,

деп, жетім мен жесірге ешбір жамандық қылмадьщ, елдің келешегі бірлікте, бейбіт өмір сүруде, көрші елдермен достық қарым- қатынас жасауда да көрегендік көрсеттің дейді.

Жыраудың өлеңдерінде ел берекесі, халық мүддесі көп сөз болады. М:

"Тілек" атты өлеңінде шапқыншылыққа ұшырап, қыздың күң, ұлдың құл болуынан, алған жардың жесір қалуынан құдай сақтасын деген тілек білдіреді.

Хан мен халықтың арасын жалғастырып, кейде асып-тасып кететін

Абылайға ақыл айтып, кеңес берген Бұқар:

Ханның жақсы болмағы Алтыннан болар белдігі.

қарашының елдігі, Жақсы жігіт ұл туса

Қарашы халық сыйласа Патшадан болмас кемдігі,-

деп ханның ісі халықпен, жақсы туса елдің ырысы, ақылды басшы халықтан

қол үзбеуі керек дегенді жетесіне жеткізе айтады. .

Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Ол адам өмірінің әр кезеңін суреттей келе, ақыл мен қажыр тасыған жастық шаққа ерекше тоқталады:

Күлдір- күлдір кісінетіп, Сұлуды құшқан жиырма бес

Күреңді мінген жиырма бес Іздесең де табылмас,-

Күрек тісін қасқайтып,

Пайдаланылатын әдебиеттер :


  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.

  5. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  6. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  8. Айтыс І том, А., 1965.

  9. Айтыс ІІ том, А.,1966.

  10. Айтыс ІІІ том, А., 1956.

  11. Бес ғасыр жырлайды. –А.,1991.



7- дәріс

Тақырып: ХІХ ғасырдың І-ІІ жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

Дәріс мазмұны: М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері

Қазақтың ардагер ақыны Махамбеттің өмір жолы халық тарихынын елеулі кезеңдерімен тығыз байланысты.

Қазақстанның батыс аймағында он төрт жылға созылған (1783-1797) С.Датұлы бастаған көтерілістен кейін ел ішінде феодалдық езгі үлгая түсті. Сұлтандар мен патша үкіметінің әскерлері елді тонауды көбейтті. Мұндай қанау мен езгі және 1795-1796 жылдардағы жұт әсерінен мал саны күрт азайып, бұқара куйзеле бастады.Шаруалар мал жаюға қолайлы жсрлерді көкседі. қанауға ұшыраған халық азаттық үшін күреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет болды.

Ақын:

Жауды көріп қуанған

Мен- Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын,- деп өзін таныстыра келеді де,

Хан ұлына қас болу,

қара ұлына бас болу .

Мендей ерге жөн екен!- дейді. Күндіз-түні жорықта жүру, аштыққа, шөлге, ұйқыға мойымау, ел-жүртың, туған халқың ушін қандай қиыншылыққа болса' да төзе білсең ғана шын мәніндегі ер-азаматсың,- деп жастарды патриоттық сезімге 'баулиды. Өзінің "Желден де желгір ақ бөкен' атты өлеңінде құралайына қарайлап өзін оққа байлайтын ақ бөкепді, қыран бүркіттің де шөжеге керек жем үшін жанын пида етіп торға түсетінін айта келе, "туып-өскен жері ушін, жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып, елі үшін құрбан болған ердің арманы жоқ" деген ой-пікірді былайша

жырлайды:

Толарсақтан саз кешіп, қабырғасын қаусатып.

Тоқтамай тартып шығуға Бір-біріндеп сөксе де

қас үлектен туған кәтепті қабағын шытпас ер керек

қара нар керек біздің бұл іске. Біздің бүйткен бұл іске.

Махамбет күрес барысында халқы ушін қалтқысыз қимылдайтын ер жүрек, батыр адамдармен қатар тек өз басының қамын ойлап, жолдастарына опасыздық ететін адамдардың психологиясын алдыңғысына қарама-қарсы қойып, біріншісін жұртқа үлгі етсе, екіншісінен халықты жнрендіреді.

Жақсыменен дос болсаң, Айрылмас күні қос болсаң,

Айрылмас күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түссе

Басыңа қиын іс туссе Басқа кетер бөлек леп

Алдыңнан шығар елеңдеп, қолдан берер есептеп

Жаныңа не керек деп... Сыртынан жүрер өсектен.

Жаманменен дос болсаң,

Жақсы дос сенің намысыңды қорғайды, қолынан келген жердемін аямайды, қиын cәтrepдe қол ұшын беріп, сен ушін жанын беруге де өзір тұрады, жақсы дос-жанашыр, қамқоршы.Ақын осылайша нағыз достыктын белгісі қандай екенін ашып көрсетіп, жас жеткіншектерге жолдастық пен достықты ерекше қастерлейтін адамдардан улгі алу қажетrігін айтады. АТа жаумен кескілескен сұрапыл соғыста журегі тітіркеніп, қорқу дегсилі білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдьщ бейнесіп жастарға улгі етеді.Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дәріптейді.

Жастарды тәрбиелеудің келесі бір жолы- оларды жаман адамнан жирендіру. Осы айтылғанға орай Махамбет былай дейді:

Жаманды байқап қарасаң Күндердің күні болғанда

Өз басына өзі жау.

Жаман адамның өз басына жау болатын себебі ол істі ойланбай істейді де, мұнысын өзімен қатар өзгелерге де опық жегізеді. Біреудін еңбегін пайдалануды, даяр асқа ие бола кетуді әдетке айналдырады.

Жас жеткіншекгерді патриотrық рухта тәрбиелеуде, оларды халқына адал қызмет етуге баулуда Махамбет өлеңдерінің маңызы ерекше. Бала психологиясына тән басты ерекшелік- олардың ерлікті дәріптейтін шығармаларға өте әуес кеяетіндігі. Өйткені мұндай шығармаларда адамға ерік-жігер, күш- қайрат беретін өнегелі сөздер көп болады. Бала мұндағы жігерлі адамдарды өздеріне идеал етіп алады. Ел мүддесін ерекше кастерлейтін адамға туған халқын, ақ сүтін беріп әлпештеген ­жұртын қорғаудан артық зор бақыт жоқ. Махамбет ақын осы мөселсге жастардың назарын ерекше аударады.

Арманы бар ма жігітrің, Жалаулы найза қолға алып,

Қапылыста тап берген, Қолақпандай қомданып,

Тайталасты жауымен Жау тоқтатып айкаста

Туып-өскен жері үшін құрбан болса ел үшін.

Жастарды патриоттыққа, елін-жұртын, туған халқын жан- тәнімен сүю

рухында тәрбиелеу- Махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы. Осы айт қанды паш ететін улгі-өнегеге негізделген өлең жолдары кейіннен афоризмге айналып кеткен. м: Асыл ердің баласы көзін салар қияға, Ажалдан бүрын өлмессің, жалаңаш бар да жауға ти! Ханнан қырық туғанша, қаралан бір-ақ тусайшы, Халық кегін қусайшы,- деп келетін, кейіннен халық аузында мәтелге айналған қысқа да болса нұсқа аталы сөздер жас буынға ерік-жігер, қажыр­қайрат, yытrы сезім беретін өнегелі өсиет боларлықтай құдіретті сөз тіркестері.

Ақын тұжырым- түйіндерінің бәрін негізінен жастарға бағыштап, оларды ерлікке, атамекенді қастерлеуге, намысты болуға шақырған.

Махамбетrің осынау айтқандарының қазіргі жастар тәрбиесі ушін де мацызы зор. Бізге ұлтжанды, халқының ар-намысын қызғыштай қорғайтын, ел-жұрты ушін жанын пида ететін жандар, егемендік пен тәуелсіздікке ие болып жатқаи тұста аса қажет екендігі хақ.



Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

  3. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  4. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.


8- дәріс

Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

Дәріс мазмұны: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) ғалым, тілші, әдебиетші, ақын, аудармашы, мемлекет қайраткері. Ол қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартубек деген жерде дүниеге келген. Әуелі көзі. қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-91 ж. Торғай қ. екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-95 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. Ауылдық жерде мұғалім бола жүріп, қолы бос кездерде өзі ізденіп сан- алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқулықтар жазады, аударма жасайды, өлең- жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды. Негізгі еңбектері- қырық мысал, Маса жинақтары, Әдебиет танытқыш (1926) теориялық еңбегі бар. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазды. .

М.Жұмабаев (1893-1938) қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік қазақстан облысы, Булаев ауданының "Молодежный" совхозында дүниеге келген. Алдымен қызылжарда медреседе дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып, медресе Fалияда татар халқының ұлы жазушысы F.Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақалды жырлар тудырды. "Шолпан" (1921 ж. қазан) кітабы шыққан асау жүре.t, жас ақын орысша білім алуға талаптанып, Омбы~аласына келіп, семинарияға түседі. "Педагогика", "Сауатты бол" кітаптары, аудармалары басылды.

Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу маржаны - сүйіспеншілік, махаббат, ,ғашықтық хақындағы дүниелері. қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, әсіресе европа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да, еркін енгізді. Эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды: "қойлыбайдың қобызы", .Қорқыт", "Түркістан", "Батыр Баян" - аңызға. тарихи белгілі оқиғаларға, .Жүсіпхан", "Өтірік ертек" - шығыс сюжетіне, мысал, тұспалға құрылған. Мағжан қазақ поэзиясына өлмес туындылар берген ұлттық ақын.

Ж.Аймауытов (1889 - 1931) драмашы, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Жүсіпбек өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, А.Пушкин, А.ТолстоЙ шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер тудырды, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды: .Қарткожа", .Күнікейдің жазығы", .Шернияз", "Ел қорғаны", ;,Мансапқорлар" пьесалары, .Комплскстіокыту жолдары", "Жан жүйесі", "Өнер таңдау" еңбектері қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.

М.Дулатов (1885 - 1935). Жазушы, ақын драматург, қоғам қайраткері.

Торғай болысының қызбел атырабында дүниеге келген. Ерте жетім қалған, екі жаста шешеден, он екі жаста әкеден айырылған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділтсіздікпен күресумен өтеді. Міржақыптың атын қазақ арасына кеңінен таратқан "Оян қазақ" еңбегі. Бұдан кейін "Терме" (1913), "Азамат" (1915) жинақтары жарық көрді. Прозадағы атышулы шығырмасы .Бакытсыз Жамал" романы 191 О жылы қазанда басылды. Мұның үстіне көптеген оқулықтар, аударма кітаптар жазды. А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Оның поэтикалық шығармалары мен қара сөздері философиялық, этикалық, эстетикалық ой- пікірлерге толы. Ол 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау деген жерінде дуниеге келген. Өз заманының асқан білімпазы Абай артына өшпес мұра қалдырды. Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп- шенеді. қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа

адал қызмет ету деп ұқты.

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге,-

деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап- арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

Ойында жоқ олардың Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой,-

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі- өнеге етіп, "білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен" деді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып,білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер- білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: .Барыңды салсаң да балаңа ғылымды үйрет" деп кеңес берді.

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай боп сөлдесі ... -

деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.

Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін уағыздады. Өзінің отыз үшінші қара

сөзінде "Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Шәкерімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкерім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкерімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

Оның қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, "Қалқаман­-Мамыр", .Енлік-Кебек", ,,Нартайлақ-Айсұлу" сияқты оқиғалы дастандар, "Әділ-Мәрия" және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты обьектісі- адам. "Сәнқойлар", .Еріншек", .Ескіден қалған сөз теріп" сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі- уақты кемшіліктер сыналады.Ол надандықтың негізін осылардан көреді. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. "Ату мен ынсап", "Дүние мен өмір", "Мақтау мен сөгіс" сияқты бірқатар өлеңдерінде Шәкерім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретін жасайды. Халық тағдыры ­Шәкерім жырындағы арналы тақырып. АбаЙ тәрізді Шәкерім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері касиетгердің тамырын жойып, халықтық ар- намысты оятуға күш салады.

Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның өшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына.

Шәкәрім- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған "қалқаман-Мамыр", "Еңлік- Кебек", .Нартайлак-Айсүлу" атты поэмалар туды.

Шәкәрім- көркем проза саласында да елеулі' мұра қалдырды."Әділ­ Мәрия" атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Ш.Қүдайбердіұлы қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, ойшыл философ, білікті аудармашы, сыршыл сазгер дөрежесіне көтерілді



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет