Қазақ әдебиеті і-нұсқа



бет5/5
Дата27.07.2020
өлшемі398,5 Kb.
#75686
1   2   3   4   5
Байланысты:
Задачи по кинематике для контрольной (колледж, 1 курс), баст сын, 4кластарга арналган, 4кластарга арналган, 4кластарга арналган, МӘСК рәсімдеу, үлгерімі төмен оқушы, himiya-pnnen-arnalan-didaktikaly-tapsyrmalar-zhinay, «дене т рбиесі теориясы мен дістемесі» П ніне арнал ан тест с Р, 1329122842275
11 - нұсқа

  1. Төмендегі өлең жолдары қай кезде айтылатынын көрсетіңіз.

Қаз-қаз балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.



    1. Үйлену тойында.

    2. Бесік жыры.

    3. Басқа жаққа көшкенде.

    4. * Тұсау кесу жыры.

    5. Мектепке барғанда.




  1. “Қамар сұлу” романындағы Қамар мен Қасеннің әкесін анықтаңыз.

    1. Оспан би.

    2. * Омар.

    3. Жорға Нұрым.

    4. Жүсіп.

    5. Қалтан қажы.




  1. “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым – отыз бесте”

Кімнің портреті екенін көрсетіңіз.

    1. Бекболат.

    2. Балташ.

    3. Ескендір.

    4. Мамырбай.

    5. * Мұқаш.




  1. Бәкен Б.Майлиннің қай шығармасының кейіпкері екенін белгілеңіз.

    1. “Бүркітші” әңгімесі.

    2. * “Раушан – коммунист” повесі.

    3. “Бақыт жолында” пьесасы.

    4. “Жетім” әңгімесі.

    5. “Жолдастар” романы.




  1. Махамбеттің “Мұнар күн” өлеңі кімге арналғанын табыңыз.

    1. Жәңгір ханға.

    2. Зұлхарнайынға.

    3. Бекмахамбетке.

    4. * Исатайға.

    5. Баймағамбет сұлтанға.




  1. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

    1. ²Сырдария².

    2. ²Өмір жыры².

    3. ²Сарыарқа².

    4. * ²Өзен².

    5. ²Ертіс².




  1. Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды екенін белгілеңіз.

    1. Мадақтау өлең.

    2. Арнау өлең.

    3. Эпиграмма.

    4. * Жоқтау өлең.

    5. Әзіл өлең.




  1. Ақан серінің өлеңін көрсетіңіз.

    1. “Жанбота”.

    2. “Ақ сиса”.

    3. “Қорлан”.

    4. “Тау ішінде”.

    5. * “Сырымбет”.




  1. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

    1. ²Орда².

    2. * ²Еңбекші қазақ².

    3. ²Кедей сөзі².

    4. ²Әдебиет майданы².

    5. ²Тіршілік².




  1. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

    1. А.Бақтыгереева.

    2. * Т.Айбергенов.

    3. Т.Молдағалиев.

    4. Қ.Мырзалиев.

    5. М.Шаханов.




  1. Ақын Қадыр Мырзалиевтің “Қызыл кітап” поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз.

    1. * Табиғаттың байлығын қорғау.

    2. Ауылды көтеру.

    3. Соғыс.

    4. Достық.

    5. Махаббат.




  1. “Қой шетінде... ұйықтап жатса,

Оның нұры мың қойды қылар жарық”, – деп, ай мен күндей көрікті етіп суреттелетін “Қозы Көрпеш–Баян сұлу” жырындағы кейіпкерді белгілеңіз.

    1. Айбас.

    2. Көсемсары.

    3. Ай мен Таңсық.

    4. Баян сұлу.

    5. * Қозы Көрпеш.




  1. Асан қайғының Еділ бол да Жайық бол деген образды тіркесінің мәнін көрсетіңіз.

    1. * Кең пейілді бол деген мағынада қолданылған.

    2. Адамның жақсы мінезін өзендерге теңеген.

    3. Туған жерді қорғауға шақырады.

    4. Сол жерлерге көшіп баруды насихаттайды.

    5. Елге - қорек, жерге - тыныс болған өзендерді ардақтайды.




  1. Шалкиіз қай бидің көмекшісі болғанын белгілеңіз.

    1. Досай.

    2. * Темір.

    3. Жүсіп.

    4. Ысмайыл.

    5. Мұса.




  1. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

    1. 1706-1778 жж.

    2. 1675-1769 жж.

    3. * 1817-1881 жж.

    4. 1465-1560 жж.

    5. 1670-1730 жж.




  1. “Зар заман ақындары” деген ақындарды анықтаңыз.

    1. * Дулат, Шортанбай, Мұрат.

    2. Асан қайғы, Бұқар жырау.

    3. Махамбет, Шернияз, Алмажан.

    4. Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз.

    5. Сәкен, Ілияс, Мағжан.




  1. Қиын тағдырдың бір бұрылысында қасқыр қамауына түскен әр түрлі шығармадағы қос кейіпкер қызды белгілеңіз.

    1. Гүләйім мен Күнікей.

    2. Күлпәш пен Қамар.

    3. * Ақбілек пен Айша.

    4. Шолпан мен Рабиға.

    5. Ғайни мен Жамал.




  1. С.Мұқановтың “Сұлушаш”поэмасының кейіпкерлерін табыңыз.

    1. * Алтай, Тілеуберді.

    2. Ботагөз, Асқар.

    3. Қарагөз, Сырым.

    4. Салтанат, Қадиша.

    5. Бүркіт, Бәтес.




  1. Есен қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.

    1. “Ұлпан”.

    2. “Қазақ солдаты”.

    3. * “Талпақ танау”.

    4. “Қос Шалқар”.

    5. “Шұғыла”.




  1. Өгей ұлың болдым ғой мен, өз елім,

Өлім күтіп шетте өртенді-ау өзегім.

Өлсем, қызыл гүлдер өссін қаныма,



Көз жасымды қабылдасын өзенің, – үзінді қай ақынның өлеңінен аударылғанын атаңыз.

    1. Қайсын Құлиев.

    2. Мұса Айбек.

    3. Расул Ғамзатов.

    4. * Мұса Жәлел.

    5. Александр Блок.




  1. ХV ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

    1. Бұқар.

    2. * Асан қайғы.

    3. Ақтамберді.

    4. Дулат.

    5. Жиембет.




  1. Сайф Сараидың “Гүлстан бит-туркі” неше тараудан тұратынын белгілеңіз.

    1. Он екі.

    2. Алты.

    3. Он.

    4. Жиырма.

    5. * Сегіз.




  1. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші кім екенін анықтаңыз.

    1. Ә.Тәжібаев.

    2. Қ.Жұмалиев.

    3. С.Сейфуллин.

    4. М.Әуезов.

    5. * М.Мағауин.




  1. “Зар заман”, “Бала зары”, “Насихат” шығармаларының авторын табыңыз.

    1. Әбубәкір Шоқанұлы.

    2. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

    3. * Шортанбай Қанайұлы.

    4. Мағауия Абайұлы.

    5. Мұрат Мөңкеұлы.




  1. Ш.Айтматовтың “Ерте келген тырналар” хикаятындағы балалардан құрылған десанттың командирін табыңыз.

    1. * Сұлтанмұрат.

    2. Құбатқұл.

    3. Анатай.

    4. Шекіш.

    5. Еркінбек.


12 - нұсқа

  1. Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңін белгілеңіз.

    1. Беташар.

    2. Жар - жар.

    3. * Қоштасу.

    4. Сыңсу.

    5. Жоқтау.




  1. Төмендегі шешендік сөздің кімдікі екендігін белгілеңіз.

“Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз…”

    1. Аяз би.

    2. Әйтеке би.

    3. * Қазыбек би.

    4. Жиренше шешен.

    5. Төле би.




  1. “Қамар сұлу” романындағы Жорға Нұрымның жақтастарын белгілеңіз.

    1. Сәрсенбай мен Байжан.

    2. * Қалтан қажы, Оспан би.

    3. Әнуар мен Күлтай.

    4. Ахмет, Омар.

    5. Байбол, Омар.




  1. Романның басында Ақбілекке ғашық болып, сөз салып жүрген жігіт есімін белгілеңіз.

    1. Балташ.

    2. * Бекболат.

    3. Мұқаш

    4. Жорғабек.

    5. Доға.




  1. Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!

Бай, бай, бай, бай! – өлең тармақтарының авторын белгілеңіз.

    1. Ахмет Байтұрсынов.

    2. Жамбыл Жабаев.

    3. * Бейімбет Майлин.

    4. Ілияс Жансүгіров.

    5. Сәкен Сейфуллин.




  1. “Алдар көсе” аңызында бай кімнің атын өлтіргенін анықтаңыз.

    1. Қарашаштың.

    2. Алдар көсенің.

    3. * Өзінің.

    4. Жиреншенің.

    5. Қожанасырдың.




  1. Ш.Уәлихановтың шығармасын атаңыз.

    1. “Қазақ салты”.

    2. “Оян, қазақ”.

    3. “23 жоқтау”.

    4. “Кім жазықты”.

    5. * “Жоңғария очерктері”.




  1. “Өнер -білім бар жұрттар” өлеңінің негізгі идеясын табыңыз.

    1. Әділетсіздікті сынау.

    2. * Қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету.

    3. Ел билеушілерінің мінез-құлқын сынау.

    4. Үстем тапқа деген кекті білдіру.

    5. Табиғат көрінісін суреттеу.




  1. Ш.Айтматовтың “Боранды бекет” романында Найман-Ананы атқан адамды атаңыз.

    1. Жуан-жуандар.

    2. * Мәңгүрт.

    3. Дөненбай.

    4. Қайын сіңлісі.

    5. Жолаушы.




  1. Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” романындағы “қызыл жебе” деген сөздің мағынасын табыңыз:

    1. * Ерен жүйрік жылқы.

    2. Ала сиыр.

    3. Қыран бүркіт.

    4. Жүйрік тазы.

    5. Көк өгіз.




  1. Ж.Молдағалиевтің “Мен-қазақпын” шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз.

    1. Сыншы ақыл.

    2. Романтик ақын.

    3. Реалист ақын.

    4. * Патриот ақын.

    5. Лирик ақын.




  1. Қобыланды батырдың тұлпарын табыңыз.

    1. Тарлан.

    2. Керқұла.

    3. Байшұбар.

    4. * Тайбурыл.

    5. Қарақасқа.




  1. Асан қайғы:

“Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!”- деп кімге айтқанын анықтаңыз.

    1. * Ханға.

    2. Мұңсыздарға.

    3. Батырға.

    4. Жастарға.

    5. Халыққа.




  1. Мына өлең жолдары қай жыраудан алынғанын табыңыз.

Айналасын жер тұтқан,

Айды батпас демеңіз.

Айнала ішсе таусылмас,

Көл суалмас демеңіз.



    1. Шалкиіз.

    2. Ақтамберді.

    3. Доспамбет.

    4. * Бұқар.

    5. Жиембет.




  1. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

    1. Мұрат.

    2. Бекболат.

    3. Алмажан.

    4. * Шернияз.

    5. Шәңгерей.




  1. С.Сейфуллиннің қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысын табыңыз.

    1. * “Альбатрос”.

    2. “Асығып тез аттандық”.

    3. “Қызыл ат”.

    4. “Бұлшық ет”.

    5. “Көкшетау”.




  1. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз.

    1. А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов.

    2. * Н.Байғанин, К.Әзірбаев, Н.Бекежанов.

    3. Х.Досмұхамедов, Ғ.Сланов, Қ.Кемеңгеров.

    4. С.Дөнентаев, С.Көбеев.

    5. Ш.Иманбаева, И.Байзақов.




  1. Жүзтайлақтың (М.Әуезов) қандай бейне екенін көрсетіңіз.

    1. Зерек, байсалды,ойлы кейіпкер.

    2. Халық қамын жеуші ақылды әйел бейнесі.

    3. Батыл, ержүрек әрі инабатты адам.

    4. Досқа адал, дұшпанға қатал бірбеткей әйел.

    5. * Өзіне ұқсас жүз әйелден құрылған жиынтық образ: сұлу да сиқыр, ақылды да жауыз.




  1. “Шұғыла” әңгімесінің авторын табыңыз.

    1. С.Мұқанов.

    2. * Ғ.Мүсірепов.

    3. Ғ.Мұстафин.

    4. Ә.Тәжібаев.

    5. Б.Майлин.




  1. 1920-1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қызды табыңыз.

    1. * Шолпан Иманбаева.

    2. Сара Тастанбекқызы.

    3. Мариям Хәкімжанова.

    4. Алма Оразбаева.

    5. Сара Есова.




  1. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.

    1. “Мұхаббат-наме”.

    2. “Жамиғат тауарих”.

    3. * “Күлтегін”, “Тоныкөк”.

    4. “Қисса-сул әнбия”.

    5. “Қорқыт ата” кітабы.




  1. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз.

    1. “Анама хат”.

    2. “Мұң”.

    3. “Әттең, бір қапы дүние-ай”.



    1. * “Заманның опасыз халіне айтқаны”.

    2. “Алдаушы жалған”.




  1. Ақан серінің “Сырымбет”, “Үш тоты”, “Балқадиша” тағы басқа ән өлеңдерінің тақырыбын белгілеңіз.

    1. * Әйел бостандығы.

    2. Туған жер.

    3. Достық сезім.

    4. Ерлік.

    5. Кек.




  1. Баубек Бұлқышевтың “Өмір сүргім келеді” әңгіме-хатында келтірілген: “Адам деген-айбарлы үн” деген сөзді қай жазушы айтқанын дәлелдеңіз.

    1. М.Әуезов.

    2. М.Шолохов.

    3. * М.Горький.

    4. Ғ.Мүсірепов.

    5. Ш.Айтматов.




  1. Сыртым - құрыш, жүзім - болат,

Тасқа салсаң, майрылман”.

Ақтамбердіден алынған бұл өлең жолдарындағы асты сызылған тіркестер көркем бейнелеу құралдарының қайсысына жататынын табыңыз.



    1. * Метафора.

    2. Метонимия.

    3. Теңеу.

    4. Синекдоха.

    5. Эпитет.



15-нұсқа

  1. Әдеби ертегіні табыңыз.

A) «Алтын сақа»

B) «Құлатай батыр»

C) «Ақбай»

D) *«Толағай»

E) «Хан қызы»


  1. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1863 ж. Ырғызда.

B) *1864 ж. Торғайда.

C) 1865 ж. Қостанайда.

D) 1865 ж. Орынборда.

E) 1866 ж. Омбыда.


  1. Абайдың поэмасын табыңыз.

A) «Ләйлі-Мәжнүн».

B) «Еңлік-Кебек».

C) «Жүсіп-Зылиха.»

D) *«Масғұт».

E) «Медғат-Қасым».


  1. А. Байтұрсынұлының мақаласын көрсетіңіз.

A) *«Қазақша оқу жайында».

B) «Туысыма».

C) «Балықшы мен балық».

D) «Алтын әтеш».

E) «Қаздар».


  1. «Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігін анықтаңыз.

A) *Көктұйғын.

B) Құлагер.

C) Көктопай.

D) Сүрсеркесі.

E) Ақбақай.


  1. Қ. Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты, кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасын белгілеңіз.

A) *«Өзім туралы».

B) «Қарыздар болмай өлейік».

C) «Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа».

D) «Туған жер».

E) «Көкшетау».


  1. «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай», - деп кім айтқанын анықтаңыз.

A) Б.Матиф.

B) *Н.Погодин.

C) Ш.Айтматов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) М.Горький.


  1. «Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан

Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар» деген өлең тармақтарында ақынның нені танытатындығын анықтаңыз.

A) Сезімталдықты.

B) *Қайсарлықты.

C) Ұяңдылықты.

D) Жігерсіздікті.

E) Білімділікті.




  1. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қаһар».

B) «Қатерлі өткел».

C) *«Жанталас».

D) «Ғашықтар».

E) «Алмас қылыш».


  1. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.

A) *У береді.

B) Қызын бергісі келмей, бақа айғырға мініп қашады.

C) Ел шетіне кіргізбейді.

D) Елден қуып жібереді.

E) Қой бақтырып қояды.


  1. «Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін» деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.

A) Мұса биге.

B) Ханға.

C) *Би Темірге.

D) Жолдасына.

E) Батырға.


  1. Абай өз шығармаларында ел бұзар тентекті қалай атайтынын табыңыз.

A) Өтірікші.

B) Жауыз.

C) *Пысық.

D) Өсекші.

E) Ұры.


  1. Ақан серінің лирика-психологиялық жоқтау әнін табыңыз.

A) *«Құлагер».

B) «Ұрқияжан».

C) «Заман туралы».

D) «Жүсіп төреге».

E) «Балқадиша».


  1. Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны» драмасы басылып шыққан қала аты мен жылын табыңыз.

A) Қызылорда, 1926ж.

B) *Ташкент, 1925ж.

C) Шымкент, 1923ж.

D) Семей, 1916ж.

E) Алматы, 1930 ж.


  1. Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін атаңыз.

A) «Алынбас қамал».

B) «Шағым».

C) *«Мәңке туралы».

D) «Замана ағымы».

E) «Майданға хат».


  1. «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетіңіз.

A) Орта шаруалы адам.

B) Абайдың шәкірті.

C) Бай, болыс.

D) *Кедей жатақ.

E) Ел қорғаны – батыр.


  1. Ғ.Мұстафиннің өзі жақсы білетін ауыл өмірін баяндаған тұңғыш кітабын табыңыз.

A) «Керуен».

B) «Көз көрген».

C) *«Ер шойын».

D) «Тұтқыш».

E) «Дауылдан кейін».


  1. Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөздің атауын табыңыз.

A) Эпитет.

B) Гипербола.

C) Метафора.

D) *Аллегория.

E) Теңеу.


  1. Қабдеш Жұмаділовтің романын анықтаңыз.

A) «Сарышымшық».

B) «Сарыжайлау».

C) *«Соңғы көш».

D) «Қозыкүрең».

E) «Сәгүліктер».


  1. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларын жазған кім екенін белгілеңіз.

A) *Иоллығ тегін.

B) Тоныкөк.

C) Яссауи.

D) Қорқыт.

E) Білге қаған.


  1. «Жуандар», «Қулар» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.

A) Спандияр Көбеев.

B) Ыбырай Алтынсарин.

C) *Шәкәрім Құдайбердіұлы.

D) Сәбит Дөнентаев.

E) Ахмет Байтұрсынов.


  1. Адақ кімнің кеіпкері екенін белгілеңіз.

A) *С.Сейфуллин.

B) С.Дөнентаев.

C) М.Әуезов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) М.Жұмабаев.


  1. «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазған кезде М.Әуезовтің неше жаста екенін табыңыз.

A) Он беске енді толған.

B) Он сегіз жаста.

C) Жиырма төртке келген.

D) *Жиырмадан енді асқан.

E) Отыз бес шамасында.


  1. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз.

A) *Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған.

B) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын.

C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем.

D) Сезім тілімен сөйлеген.

E) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар.


  1. Ызалы жүрек, долы қол,

«Улы сия, ащы тіл».

Абай өлеңінің осы жолдарында қандай көркемдегіш құрал жасағанын табыңыз.

A) Теңеу.

B) Метонимия.

C) *Эпитет.

D) Метафора.

E) Аллегория.

16-нұсқа

1. Болған адам болдым демес,

Болдым десе, болғаны емес ,-деген өлең шумағындағы тақырыпты

белгілеңіз

А) Еңбек.

В)*Ақылдылық.

С) Туған жер.

D) Достық.

Е) Сөз өнері.
2. Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыс түрін табыңыз.

А) Қыз бен жігіт айтысы.

В)*Бәдік айтысы.

С) Салт айтысы.

D) Ақындар айтысы.

Е) Жұмбақ айтысы.


3.XVII ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

А)*Жиембет.

В) Асан қайғы.

С) Шалкиіз.

D) Махамбет.

Е) Доспамбет.


4.Ш.Қанайұлының өлеңдері неше буынды екендігін табыңыз.

А) 14-15 буынды.

В) 9-10 буынды.

С) 11-12 буынды.

D) *7-8 буынды.

Е) 13-14 буынды.


5.Абайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.

А) Он бесінші.

В)*Отыз жетінші.

С) Он тоғызыншы.

D) Үшінші.

Е) Бесінші.


6. А.Байтұрсынұлының өлеңін көрсетіңіз.

А) *«Көк есектерге».

В) «Пайғамбар».

С) «Гималай».

D) «Сыр сандық».

Е) «Орал тауы».


7. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.

А) Тармақ .

В) *Шумақ.

С) Буын .

D) Бунақ.

Е) Ұйқас.


8. М.Мақатаевтың өлеңін көрсетіңіз.

А) «Қайта оралды тырналар».

В) «Өмірдің өзі-ақ қызық-ақ».

С) «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».

D) *«Ғашықпын».

Е) «Туысқан».


9. «Арғымақтар», «Қыз қуу» өлендерінің авторын табыңыз.

А) Ә.Тәжібаев.

В) С.Мәуленов.

С) М.Шаханов.

D) *О.Сүйлеменов.

Е) Т.Молдағалиев.


10. «Тіл-қылыш,тиімсіз жерде тый,

Тиімді жерде жи,»-деген қанатты сөздің білдіретін мағынасын табыңыз.

А)*Тіл-тәрбие құралы.

В) Тіл-қатынас құралы.

С) Тіл-тарихымыз.

D) Тіл-ғылым тілі.

Е) Тіл-өмір танытушысы.
11. Абайдың заман, дәуір, оның адамдары жайлы сөзін де, әнін де өзі

шығарған туындысын табың ыз.

А) *«Сегіз аяқ».

В) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».

С) «Қараңғы түнде тау қалғып».

D) «Айттым сәлем,Қаламқас».

Е) «Көзімнің қарасы».
12. Ақан серіні әкесі неше жасында діни оқуға бергендігін анықтаңыз.

А) 21 жаста.

В) *13 жаста.

С) 15 жаста.

D) 17 жаста.

Е) 19 жаста.


13. «Шықшы тауға,қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?» өлеңнің авторы кім екенін

анықтаңыз.

А) И.Байзақов.

В)*Қ.Аманжолов.

С) С.Мәуленов.

D) М.Мақатаев.

Е) Ә.Тәжібаев.


14. «Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан,

Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай»

Үзінді Жамбылдың қай айтысынан алынғанын анықтаңыз.

А) Бақтыбаймен айтысы.

В) *Құлмамбетпен айтысы.

С) Досмағамбетпен айтысы.

D) Шашубаймен айтысы.

Е) Сарбаспен айтысы.


15. М.Әуезовтың «Абай жолы»эпопеясының I кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын анықтаңыз.

А)*Азамат.

В) Ақын.

С) Ел қамқоры.

D) Азамат-ақын.

Е) Өнер адамы.


16. Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесінде әзілдеп отырып, 1932 жылдың сұмдығы

мен қулығын әшкерелегенін табыңыз.

А) «Қос шалқар».

В) «Алғашқы адым».

С) «Көк үйдегі көршілер».

D)* «Талпақ танау».

Е) «Адамның анасы».
17. «Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше ертеңгіні жаздым...» Бұл кімнің сөзі екенін анықтаңыз.

А) Ғабит Мүсірепов.

В)*Ғабиден Мұстафин.

С) Мұхтар Әуезов.

D) Сәбит Мұқанов.

Е) Мұқағали Мақатаев.


18.Желп-желп еткен ала ту,

Жиырып алар күн қайда

Орама мылтық тарс ұрып,

Жауға аттанар күн қайда! (Махамбет)

ұйқастың түрін анықтаңыз.

А) Шалыс ұйқас.

В) Егіс ұйқас.

С) Қара өлең ұйқасы.

D) *Кезекті ұйқас.

Е) Ерікті ұйқас.


19. Д.Исабековтің бауырларының болашағы үшін өз басының

бақытын ойламаған қазақ қызының биік адамгершілік сезімін ту еткен

туындысын табыңыз.

А) «Гауһар тас».

В) «Ескерткіш».

С) *«Әпке».

D) «Мұрагерлер».

Е) «Дермене».


20. Шәкәрімнің анасының атын табыңыз.

А) Күңке.

В)*Дәметкен.

С) Ұлжан.

D) Айғыз.

Е)Сары апа.


21. «Менің алғаш білімге көзімді ашқан осы кісі»,-дейді Мұқан Тоқтабайұлына арнаған сөзінде... Айтып отырған кім екенін анықтаңыз.

А) С.Сейфуллин.

В) *А.Байтұрсынов.

С) М.Дулатов.

D) М.Әуезов.

Е) Д.Исабеков.


22. С.Сейфуллиннің соңғы шығармасын табыңыз.

А) *«Жемістер».

В) «Батырлар».

С) «Айша».

D) «Қызыл ат».

Е) «Социалистан».


23. Раушан тағдырындағы ең басты қиындықты табыңыз.

А) Демесіннің қылмысы.

В) *Бәкеннің надандығы.

С) Әбіштің алаяқтығы.

D) Дәметкеннің бақытсыздығы.

Е) Мәриямның қолдауы.


24. М.Әуезов он бір жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болғанын табыңыз.

А) *Немере ағасы Қасымбектің.

В) Әкесі Омарханнның.

С) Нағашыларының.

D) Оқу орындарының тәрбиесі.

Е) Атасы Әуездің.


25.С.Мұқановтың «роман»деп аталатын поэмасын табыңыз.

А) «Ботагөз».

В) «Октябрь өткелдері».

С) *«Сұлушаш».

D) «Ақ аю».

Е) «Өмір мектебі».



17-нұсқа

1. Малайсары би Сырыммен қоштасарында : «Есіңе салар үш сөзім бар: «обал, сауап, борыш». Осы үш сөз есіңде болса, елің жаныңнан кетпес, елің барда басқа дұшпан басыңа теппес»,- деген екен. Үзіндідегі шешендік сөз түрін табыңыз.

А) *Шешендік өсиет

В) Шешендік сын.

С) Шешендік нақыл.

D) Шешендік жұмбақ.

Е) Шешендік дау.
2. Шоқанның шын атын табыңыз.

А) Жақып


В) Ибраһим

С) *Мұхамедханафия

D) Сәдуақас

Е) Ақжігіт


3. А.Құнанбаевтың «Аттың сыны» өлеңінен байқалатын ерекшелікті табыңыз.

А) *Шебер ақындығының үстіне, білгір саятшы, сыншылығы көзге түседі.

В) Суретшілігі көзге түседі.

С) Қазақ тіршілігін терең білетіні көрінеді.

D) Шыншыл, реалистігі сезіледі.

Е) Шебер ақындығы байқалады.


4. Шәкәрімнің сөзін де, әнін де өзі шығарған туындысын көрсетіңіз.

А) *«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек»

В) «Жастық туралы»

С) «Кәрілік туралы»

D) «Атадан қалған ақсауыт»

Е) Жолама, қулар, маңайға»


5. С.Сейфуллиннің «Жұбату» әңгімесінің тақырыбын анықтаңыз.

А) Білім.

В) Жер,ел.

С) Табиғат.

D)*Әйел азаттығы.

Е) Өнер.
6.»Қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» - деген пікірдің авторы.

А) М.Дулатов

В) М.Жұмабаев.

С) *М.Әуезов.

D) Ғ.Мүсірепов.

Е) А.Байтұрсынов.
7.Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.

...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күткенін анықтаңыз.

А) Алғыс күтті

В) Сый дәметті.

С) Рұқсат күтті.

D) *Бата тілетті.

Е) Көрімдік сұратты.
8. Қадыр Мырзалиевтің өлеңін табыңыз.

А) «Туған жер».

В) «Аққулар ұйықтағанда».

С) *«Қызыл кітап».

D) «Ана».

Е) «Апаларым».


9. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз.

А) Лирик ақын.

В) Романтик ақын.

С) Сыншы ақын.

D) *Патриот ақын.

Е) Реалист ақын.


10. «Аппақ керік маңдайлы қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз» - кімнің бейнесі суреттелгенін белгілеңіз. ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)

А) *Баян.

В) Ай.


С) Таңсық.

D) Қыз Жібек.

Е) Айман.
11. Жиембет жырау Бортоғашұлының атқарған қызметін табыңыз.

А) Әнші.


В) Хан.

С) Уәзір.

D) *Қолбасшы, әскер басы.

Е) Данагөй.


12. Абайдың жас ұрпақты достыққа, махаббатқа үгіттеген өлеңін көрсетіңіз.

А) «Интернатта оқып жүр».

В)* «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп».

С) «Сабырсыз, арсыз, еріншек».

D) «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да».

Е) «Б»реудің кісісі өлсе, қаралы ол»


13. Ақан дүниеге келген Қоскөл қай аймақта екенін табыңыз.

А) Жетісу.

В) *Көкшетау.

С) Сарыарқа.

D) Алтай.

Е) Атырау.


14. А.Байтұрсыновтың 1926 жылы басылған құнды шығармасын табыңыз.

А) «Маса»

В) *«Әдебиет танытқыш».

С) «23 жоқтау».

D) «Тіл-құрал».

Е) «Қырық мысал»


15 . «Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер»,- деген жолдардың авторын табыңыз.

А) Ж.Молдағалиев.

В) Т.Айбергенов.

С) *Қ.Аманжолов.

D) Т.Молдағалиев.

Е) М.Шаханов.
16. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз.

А) «Алынбас қамал».

В) *«Зілді бұйрық».

С) «Майданға хат».

D) «Өтеген батыр»

Е) «Сұраншы батыр».


17. «Бұл жігіттің жасы отыз шамасында... Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұр». Қай кейіпкер екенін табыңыз.

А) *Ақан болыс.

В) Сәлмен.

С) Оспан.

D) Жақып болыс.

Е) Бақтығұл.


18. Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесінде мал шаруашылықты аудандарды коллективтендіру және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру көрініс тапқанын анықтаңыз.

А) «Италия сапарынан».

В) *«Талпақ танау».

С) «Қос шалқар».

D) «Ер ана».

Е) «Ұлпан».


19. «Ескерткіш» әңгімесінің авторын табыңыз.

А) *Д.Исабеков.


В) Ш.Мұртаза.

С) Ә.Нұрпейісов.

D) Ә.Кекілбаев.

Е) І.Есенберлин.


20. Қожа Ахмет Йассаудің кім болғанын анықтаңыз.

А) Зерттеуші.

В) Суретші.

С) Заңгер.

D) *Діни ағартушы.

Е) Сазгер.


21. Батыр әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен-Бәтіш махаббат хикаясы Ж.Аймауытовтың қай шығармасында суреттелетінін табыңыз.

А) «Ақбілек».

В) «Шернияз».

С) *«Қартқожа».

D) «Мансапқорлар».

Е) «Күнікейдің жазығы».


22. «Раушан – ел ішіндегі күң әйелдердің арасынан шыққан көсем» деген пікірдің иесін табыңыз.

А) *Мәриям.

В) Демесін.

С) Әбдіш.

D) Ермақ.

Е) Бәкен.


23. «Сұлушаш» поэмасында тереңірек суреттелген негізгі мәселені табыңыз.

А) Өмір мәні.

В) Әлдінің озбырлығы.

С) Тылсым табиғат ерекшелігі.

D) *Адамдардың бас бостандығының жоқтығы.

Е) Табиғат пен адамның байланысы.


24. Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп.

Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)

А) Инверсия.

В) Теңеу.

С) *Эпитет.

D) Егіздеу.

Е)Метафора.
25. Шығарманың мазмұны немен сипатталатындығын анықтаңыз.

А) Сюжет, композициямен.

В) Көркем шығарманың тілімен.

С) Суретті сөзбен.

D) *Тақырып, идеямен.

Е) Шығарманың басталуымен.




19-нұсқа

1. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде екенін анықтаңыз.

А) Ықшамдылығында.

B) Өткірлігінде.

C) *Аз сөзбен көп мағына беруінде.

D) Ырғақтылығында.

E) Дәлелділігінде.
2. Ш.Уәлихановтың неге аға сұлтан болғысы келгенін белгілеңіз.

А) *Халқын әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғағысы келді.

B) Ел басқарып, қызмет істегісі келді.

C) Баюды ойлады.

D) Туыстарының арасында өмір сүргісі келді.

E) Денсаулығы нашарлағандықтан елде болғысы келді.


3. «23 жоқтау», «Тіл жұмсар», «Оқу құрал» еңбектерінің авторын табыңыз.

А) М.Дулатов.

B) Ж.Аймауытов.

C) М.Жұмабайұлы.

D) *А.Байтұрсынұлы.

E) Ш.Құдайбердіұлы.


4. «Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» - деген жолдар Қ.Аманжоловтың қай

шығармасынан алынғанын атаңыз.

А) «Сырласым».

B) «Біз кім?».

C) «Дариға, сол қыз».

D) * «Өзім туралы».

E) «Елге хат».


5. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты

қамтығанын табыңыз.

А) Екі ғасырды.

B) Бір ғасырды.

C) Бір ғасырдан ұзақ.

D) *Жарты ғасыр.

E) Отыз жылдың оқиғасы.
6. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.

А) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.

C) Ж.Жабаев.

D) *С.Мұқанов.

E) Б.Майлин.


7. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

А) Бір адамның ұзақ сөзі.

B) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсеті.

C) Оқиғалар арасындағы байланыс.

D) *Оқиға не оқиғалар жиынтығы.

E) Адамның сырт бітімін суреттеу.


8. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды

табыңыз.


А) Т.Молдағалиев.

B) Қ.Баянбаев.

C) *М.Мақатаев.

D) Қ.Бұғыбаева.

E) Т.Айбергенов.
9. «Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін» деп жырлаған ақынды табыңыз.

А) *Ж.Молдағалиев.

B) Қ.Аманжолов.

C) С.Дөнентаев.

D) Т.Айбергенов.

E) Қ.Мырзалиев.


10. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы қай жердегі

кітапханада сақталғандығын анықтаңыз.

А) Қазақстандағы.

B) Ресейдегі.

C) Қырғызстандағы.

D) *Париждегі.

E) Австралиядағы.
11. Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан келетіндігін дәлелдеген жырды

белгілеңіз.

А) «Ер Тарғын».

B) *«Айман-Шолпан».

C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

D) «Көроғлы».

E) «Қыз Жібек».
12. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

А) Шалкиіз.

B) Қазтуған.

C) *Ақтамберді.

D) Шернияз.

E) Жиембет.


13. Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен алған

поэмасын анықтаңыз.

А) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».

B) «Ескендір» поэмасы.

C)* «Әзім әңгімесі».

D) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».

E) «Масғұт» ертегісі.
14. «Қазағым, таянды ғой қылта мойын,

Жер, мал кетіп бос қалды біздің қойын».

Бұл үзінді Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

А) «Сорлы қазақ».

B) «Менің тілегім».

C) *«Қазағым».

D) «Тез барам».

E) «Өткен күн».


15. І.Жансүгіровтің романын белгілеңіз.

А) «Азамат Азаматыч».

B) «Тар жол, тайғақ кешу».

C) * «Жолдастар».

D) «Үркер».

E) «Құрдастар».


16. Жамбылдың 15-16 жасында жазған өлеңін көрсетіңіз.

А) «Алынбас қамал».

B) «Замана ағымы».

C) «Майданға хат».

D) * «Шағым».

E) «Мәңке туралы».


17. Л.Соболевпен бірлесіп, ұлы ақын Абайдың сахналық бейнесін тұңғыш

жасаған қаламгерді табыңыз.

А) *М.Әуезов.

B) Ғ.Мүсірепов.

C) Ә.Әбішев.

D) С.Мұқанов.

E) Ғ.Мұстафин.
18. Мәрзия, Науан, Дәмелі қай шығарманың кейіпкерлері екенін белгілеңіз.

А) «Амангелді».

B) «Қыз Жібек».

C) «Еңлік-Кебек».

D) * «Ақан сері - Ақтоқты».

E) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».


19. «Салықсалған» географиялық атауының қай шығармада кездесетіндігін

анықтаңыз.

А) «Бір атаның балалары».

B) «Шыңырау».

C) *«Тортай мінген ақ боз ат».

D) «Жусан исі».

E) «Қылау».
20. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген тармақ кімнің өлеңінен

алынғанын анықтаңыз.

А) Бұқар.

B) *Абай.

C) Қазтуған.

D) Дулат.

E) Шортанбай.
21. Ақын Әсет Найманбаевтың халық ауыз әдебиетіндегі салт өлеңдері

тақырыбындағы өлеңдерін анықтаңыз.

А) «Маманға», «Күшік болысқа».

B) «Гауһар қыз», «Мақпал».

C) «Қызыр төреге», «Елшібай болысқа».

D) *«Аужар», «Беташар».

E) «Үш жетім қыз», «Ағаш ат».
22. Шәкәрімнің 1912 жылы Семейде басылған өлеңдер жинағын табыңыз.

А) *«Қазақ айнасы».

B) «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі».

C) «Шын сырым».

D) «Жастарға».

E) «Мұсылмандық шарты».


23. «Майдан» пьесасы туралы «...колхоздастыру дәуіріндегі күрестің,

таластың барлық жықпылы күнделікті сағат сайын, минут сайын

соғуы, әрбір ентіккен демі анық көрсетілген» деген пікірді айтқан

адамды табыңыз.

А) Ғ.Мұстафин.

B) С.Қирабаев.

C) *С.Ерубаев.

D) М.Әуезов.

E) Ғ.Мүсірепов.
24. Ғ.Мұстафиннің тың тақырыптарға баратын батылдығын,

жаңашылдығын баса айтқан сыңшы – ғалымды көрсетіңіз.

А) М.Рыльский.

B) *З.Кедрина.

C) Е.Ысмайылов.

D) С.Мұқанов.

E) С.Қирабаев.
25. Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. (М.Мақатаев)

Троптың түрін белгілеңіз.

А) Гипербола.

B) Метонимия.

C) Метафора.

D) *Кейіптеу.

E) Ирония.




20-нұсқа

1. Шешендік сөздердің мазмұнына қарай нешеге бөлінетіндігін көрсетіңіз.

А) 1.

B) 2.


C) *3.

D) 4.


E) 5.
2. Қобыланды батырдың жан серігі, тұлпарын белгілеңіз.

А) Байшұбар.

B) Құлагер.

C) *Тайбурыл.

D) Ақтабан.

E) Тарлан.


3. «Би Темірге бірінші толғауының »авторын көрсеіңіз.

А) Доспамбет жырау.

B) *Шалкиіз жырау.

C) Шал ақын.

D) Ақтамберді жырау.

E) Қазтуған жырау.


4. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

А) Еспенбет.

B) Жиембет.

C) Шортанбай.

D) *Бабатай.

E) Сағынай.


5. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

А) «Өзен».

B)* «Жазғытұры».

C) «Өнер-білім бар жұрттар».

D) «Әкеме».

E) «Арғымаққа оқ тиді».


6. Абайдың поэмасын табыңыз.

А) «Еңлік-Кебек».

B) «Қалқаман-Мамыр».

C) «Кім жазықты».

D) *«Ескендір».

E) «Медғат-Қасым».


7. М.Дулатовтың туған жерін белгілеңіз.

А) *Торғай атырабы.

B) Қарағанды облысы.

C) Жамбыл облысы.

D) Алматы облысы.

E) Ақмола жері.


8. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидің қай

өлеңінен екенін белгілеңіз.

А) «Поэзия».

B) «Анау- аспан, мынау-бақ».

C) «Мен таулықпын».

D) *«Қара өлең».

E) «Фантазия».


9. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың

неге шекара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.

А) Жаулардан қашып келеді.

B) *Туған жеріне келеді.

C) Түрмеден қашып келеді.

D) Мал ұрлау үшін келеді.

E) Адасып келеді.
10. Ж.Баласағұн кітабының атын табыңыз.

А) * «Құдатғу білік».

B) «Диуани хикмет».

C) «Хибатл-хақайық».

D) «Диуани лұғат ат-түрік».

E) «Оғыз-наме».


11. Ақан сері өлеңге қосқан құс атын табыңыз.

А) *Қараторғай.

B) Қызылбалық.

C) Қарлығаш.

D) Көкжендет.

E) Базаралы.


12. С.Сейфуллиннің тән, дене сұлулығын, әсемдігін суреттейтін өлеңін

көрсетіңіз.

А) * «Бұлшық ет».

B) «Жас қазақ».

C) «Біздің жақта».

D) «Кімде-кімнің тасқын судай қайраты».

E) «Біздің ұлан».
13. «Ақын өлімі туралы аңыз» кімге арналған, дұрысын табыңыз.

А) Т.Бигелдинов.

B) Т.Әубәкіров.

C) А.Иманов.

D) *А.Жұмағалиев.

E) Б.Момышұлы.


14. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткенін

табыңыз.


А) 1887ж.

B) 1890ж.

C) *1881ж.

D) 1884ж.

E) 1885ж.
15. Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтың қай шығармасының кейіпкерлері

екенін анықтаңыз.

А) * «Қараш-қараш оқиғасы».

B) «Қорғансыздың күні».

C) «Қарагөз».

D) «Еңлік-Кебек».

E) «Көксерек».
16. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына тән (лайықты) қатарды

көрсетіңіз.

А) Үздік әскери роман

B) *Тұңғыш әскери роман.

C) Тарихи роман.

D) Психологиялық роман.

E) Әлеуметтік роман.
17. Мейрам, Ардақ, Жанәбіл – Ғ.Мұстафиннің қай шығармасының

кейіпкерлері екенін белгілеңіз.

А) «Дауылдан кейін».

B)* «Қарағанды».

C) «Көз көрген».

D) «Шығанақ».

E) «Миллонер».
18. Шығарманың экспозициясы дегеніміз не екенін табыңыз.

А) Шығарманың дамуы.

B) Шығарманың баяндалуы.

C) Шығарманың шарықтау шегі.

D) *Шығарманың кіріспесі.

E) Шығарманың шешуі.


19. Әбіш Кекілбаевтың шығармасын анықтаңыз.

А) *«Шыңырау».

B) «Қазақ солдаты».

C) «Ақ Жайық».

D) «Шығанақ».

E) «Ақан сері».


20. Шәкәрім ақынның мына өлең жолдары қай шығармасынан алынғанын

белгілеңіз.

«Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?

Аларсың, көп ғибрат, байқағаның»

А)* «Еңлік-Кебек» поэмасы.

B) «Бостандық таңы атты».

C) «Мұтылғанның өмірі».

D) «Ләйлі-Мәжнүн».

E) «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.
21. Ж. Аймауытовтың 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде бірінші орын

алған шығармасын табыңыз.

А) «Шәрбану-Қанапия».

B) «Маңсапқорлар».

C) *«Шернияз».

D) «Рабиға».

E) «Ел қорғаны».
22. «Мен Ілиясты бұрын да білуші едім. Бірақ оның шын мағынасында

дарынды ақын екенін мойындағаным «Жетісу суреттері» өлеңін

оқығаннан кейін», - деген пікірдің авторын белгілеңіз.

А) С.Сейфуллин.

B) М.Жұмабаев.

C) *М.Әуезов.

D) С.Мұқанов.

E) Ғ.Мүсірепов.


23. «Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.

А) *Бөжей.

B) Байдалы.

C) Қодар.

D) Дәркембай.

E) Қаратай.


24. Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,

Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын! – деген үзінді С.Мұқановтың

қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.

А) «Майға сәлем!».

B) «Конвеер».

C) «Қазақстан».

D)* «Кедей баласы».

E) «Жолы жоқтар біздің жолға қосылсын».


25.Алмастыруды (метонимияны) табыңыз.

А) Сұр бұлт.

B) Таймас батыр ұйықтап жатыр.

C) *Ауыл қалың ұйқыда.

D) Мен-арыстан.

E) Желсең аттай.



23-нұсқа

1. Қазақ аңыздарындағы кейіпкерді көрсетіңіз.

А) Ерназар

В) Ер Тарғын

С)* Қорқыт

D) Шойынқұлақ

Е) Ер Төстік
2. Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысын көрсетіңіз.

А) Жұмбақ айтысы.

В)* Қыз бен жігіт айтысы.

С) Өлі мен тірінің айтысы.

D) Жануарлар мен адмдар айтысы.

Е) Бәдік айтысы.


3. Өзін «сөйлесе қызыл тілдің шешені», «буыршынның бұта шайқар азуы» деп таныстырған жырауды табыңыз.

А)* Қазтуған.

В) Ақтамберді.

С) Үмбетай.

D) Доспамбет.

Е) Шалкиіз.

4. Спандияр Көбеевтің романын табыңыз.

А) «Жолдастар»

В) «Кім жазықты»

С) «Қыз көрелік».

D)* «Қалың мал».

Е) «Қамар сұлу».


5. Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз.

А)* Ақан сері.

В) Үкілі Ыбырай.

С) Жаяу Мұса.

D) С. Сейфуллин.

Е) Балуан Шолақ.


6. Уфа қаласында 1909 жылы Міржақып Дулатовтың шығармасы жарық көргенін белгілеңіз.

А) «Бақытсыз Жамал».

В) «Терме».

С) «Қазақ халқына діни бір уағыз».

D)* «Оян, қазақ!».

Е) «Азамат».


7. Қасым Аманжоловтың туған елдің өсу жолын, жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңін белгілеңіз.

А)* «Жиырма бес».

В) «Балдақты жігіт».

С) «Дариға».

D) «Өзім туралы».

Е) «Нұрлы дүние».


8. Ғ. Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз.

А) Ақын.


В) Лирик ақын.

С)* Жазушы.

D) Ғалым.

Е) Сыншы.


9. М. Мақатаевтың 1973 жылы «Жалын альманахында» жарияланған шығармасын табыңыз.

А) «Райымбек, Райымбек».

В) «Моцарт».

С)* «Аққулар ұйықтағанда».

D) «Поэзия».

Е) «Жан азасы».


10. «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.

А) ХІ – ХІІІ ғ. ғ.

В) ІХ – ХІІ ғ. ғ.

С)* VІ – VІІІ ғ.ғ.

D) ІV – V ғ. ғ.

Е) ІІІ – ІV ғ. ғ.


11. Абай оқыған философтарды табыңыз.

А) Демокрит, Гераклит.

В) Ницше, Хайдегтер.

С)* Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер.

D) Әл-Фараби, Геродот.

Е) Конфуций, Пирменид.


12. Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға. (Абай)

А) Кейіптеу.

В) Эпитет.

С) Метафора.

D)* Метонимия.

Е) Теңеу.


13. «Жұрт біздің Екей руын мазақтап, «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген ат аз ба? Сексен бірінші боп қайтесің?» - деген сөздерді Жамбылға кім айтқанын белгілеңіз.

А)* Әкесі.

В) Сүйінбай.

С) Анасы.

D) Құдияр.

Е) Ауыл ақсақалдары.


14. М. Әуезов қазақ ертегілерін неше топқа бөлгенін анықтаңыз.

А) Екі.


В)* Үш.

С) Төрт.


D) Бес.

Е) Алты.
15. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайдың беделін биіктеткен ас беру рәсімі кімдікі екенін белгілеңіз.

А) Құнанбай.

В)* Бөжей.

С) Кәмшат.

D) Зере.


Е) Қодар.
16. «Ботагөз» романының «Тұңғиықта» тарауында не туралы айтылатынын белгілеңіз.

А) 1905 ж. Оқиға.

В)* ХХ ғ. басындағы қазақ қауымы суреттелінеді.

С) Кеңес дәуірі.

D) Қазан төңкерісі.

Е) Кеңес кезеңінен кейінгі дәуір.


17. Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз.

А) Піскен алма секілді тәтті қызды.

В) Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл.

С)* Дәулет – қызық, бала – бал.

D) Жер күлімдер өзіне беріп шырай.

Е) Асау жүрек аяғын шалыс басқан.


18.Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз.

А) Адамдар арасындағы қарым-қатынастар біртіндеп өрілетін, жазушы бақылағанын тек өрнектеп беруші ғана болатын түр.

В) Эпикалық та, лирикалық та түр қатынасқан жанр.

С) Кейіпкерлері түрлі аң-құс болып келетін шығарма.

D)* Өмір құбылысын автор өзінің түсінуіне қарай өріп, күйініш, сүйінішін өрнектейтін көлемі шағын өлең.

Е) Кейіпкерлерді сөйлестіретін, адамды тікелей қимыл-әрекет үстінде көрсететін жанр.


19. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының жекелеген аттарын көрсетіңіз.

А) «Алтын Орда», «Елім-ай», «Жаушы».

В) «Аласапыран», «Үркер», «Ақ Жайық».

С)* «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар».

D) «Жан пида», «Отырардан жеткен жай», «аққан жұлдыз».

Е) «Қызыл жебе», «Жаушы», «қан мен тер».


20. А. Байтұрсыновтың өлеңдеріндегі басты сарынды көрсетіңіз.

А) Табиғат құбылысы.

В)* Бостандық арманы.

С) Өркениет.

D) Сөз өнері.

Е) Білім жайы.


21. ... Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды? Еркін қызық өмірді, жан тыныштықты кім жақсы көрмейді? – деген Ж. Аймауытовтың қай кейіпкерінің сөзі екенін анықтаңыз.

А) Қартқожа.

В) Ақбілек.

С)* Офицер.

D) Бекболат.

Е) Мұқаш.


22. С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы тұтқын қыздың еліне қайтқанда мінген атын көрсетіңіз.

А) Қара қасқа ат.

В)* Керкөжек.

С) Құлагер.

D) Тотытөбел.

Е) Тайбурыл.


23. І. Жансүгіровтің «Дала» поэмасындағы оқиғалар кімнің көзімен берілетіндігін көрсетіңіз.

А) Автор.

В) Лирикалық кейіпкер.

С) Халық.

D)* Тарихшы шал.

Е) Дала.


24. Ғ. Мүсірепов «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиға көрсетіңіз.

А) Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғасы.

В) Төңкеріске дейінгі байлар тұрмысы.

С)* 1916 ж. дүрбелең кезіндегі ауыл тірлігі.

D) Қорқынышты шытырман оқиғалар.

Е) Ашаршылық кезіндегі жағдайлар.


25. «Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын

Қазақпын деп жауға айтам қасақана,.

Біліп қойсын болса ойы жұғысатын», - деген үзінді Жұбан Молдағалиевтің қай шығармасынан алынғанын табыңыз.

А) «Тек қана туған жерден айырмағай».

В) «Туған елге».

С) «Алтын Арқа».

D)* «Мен – қазақпын».

Е) «Сағындым, Жайық».



24-нұсқа

1. «Оғыз Қаған» жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.

А) Қорқыт.

В) Тоныкөк.

С)* Ұлық Түрік.

D) Күлтегін.

Е) Білге.
2. Мына үзінді қай ертегіден алынғанын табыңыз.

Тақсыр! Сол көптен менің жаным ардақты ма? Айта алмасам, өз обалым өзіме, рұқсат етіңіз! – дейді.

А) «Алтын сақа».

В) «Дүмше молда».

С) «Башпай батыр».

D)* «Қырық өтірік».

Е) «Қотыр торғай».
3. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында ханымға Сарыбайдың өлімін естіртетін қаралы хабар айтушыны белгілеңіз.

А) Сақау қатын.

В) Қарабай.

С) Ер Танаш.

D)* Тазша.

Е) Қодар.


4. Асан қайғының «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деген толғауының кімге арналғандығын анықтаңыз.

А)* Жәнібекке.

В) Есім ханға.

С) Еспембетке.

D) Би Темірге.

Е) Абылайға.


5. Ы. Алтынсариннің өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жанның қандай болатынын көрсеткен әңгімесін белгілеңіз.

А) «Әке мен бала».

В) «Қыпшақ Сейітқұл».

С)* «Бай баласы мен жарлы баласы».

D) «Лұқпан хакім».

Е) «Алтын айдар».


6. «Сен ғылымға» өлеңінің авторын белгілеңіз.

А) Мұхтар Шаханов.

В) Мұқағали Мақатаев.

С) Олжас Сүлейменов.

D)* Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Е) Міржақып Дулатов.


7. Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарманы көрсетіңіз.

А)* М. Әуезов «Бәйбіше-тоқал».

В) Б. Майлин «Майдан».

С) Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоты».

D) Ж. Аймауытов «Қанапия-Шәрбану».

Е) С. Сейфуллин «Бақыт жолында».


8. Ғ. Мүсіреповтің драмасын табыңыз.

А) «Еңлік-Кебек».

В) «Майдан».

С) «Түнгі сарын».

D)* «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

Е) «Түркістан».


9. Ә. Нұрпейісовтің романын табыңыз.

А)* «Қан мен тер».

В) «Қарағанды».

С) «Дауылдан кейін».

D) «Сырдария».

Е) «Жолдастар».


10. Абайдың «Боярин Орша», «Демон», «Жалғыз жалау» деген аудармалары қай ақыннан алынғанын анықтаңыз.

А) Крылов.

В)* Лермонтов.

С) Некрасов.

D) Жуковский.

Е) Пушкин.


11. Абайдың «шоқпардай», «бүркіттей» деген екі теңдеуден басқа түгел эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңін табыңыз.

А) «Қансонарда бүркітші шығады аңға».

В)* «Аттың сыны».

С) «Көзімнің қарасы».

D) «Жаз».

Е) «Қыс».


12. Балуан Шолақтың артына қалдырған әндерін анықтаңыз.

А) «Қаракөз».

В) «Адай көк».

С)* «Ғалия».

D) «Арай».

Е) «Қаралдым».


13. «Бұл күнге лайық алыпсың!

Ол күнге қайтіп сыйғансың!

Бұл өзің бүкіл халықсың,

Қалдырмай бәрін жиғансың,»-деп Қасым қай алыпты айтып отырғанын анықтаңыз.

А) Сәкен.

В) Мұхтар.

С) Шәкәрім.

D)* Абай.

Е) Сәбит.
14. 1881 жылы Жамбыл қай ақынмен айтысып, жеңіске жеткенін белгілеңіз.

А)* Құлмамбет.

В) Орынбай.

С) Досмағанбет.

D) Сарбас.

Е) Шашубай.


15.М. Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, Сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз.

А) «Қилы заман».

В) «Қаралы сұлу».

С)* «Қараш-қараш оқиғасы».

D) «Ескілік көлеңкесінде».

Е) «Оқыған азамат».


16. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз.

А)* Кәмшат.

В) Айгүл.

С) Мағыш.

D) Салиха.

Е) Пәкизат.


17. «Қолыма от сиялы қалам алдым»,-дегенде көркемдеу тәсілінің қай түрі бар екенін анықтаңыз.

А) Кейіптеу.

В) Монолог.

С) Литота.

D)* Эпитет.

Е) Элипсис.


18. «Ирония» терминінің қандай ұғымды білдіретіндігін көрсетіңіз.

А) Масқаралау.

В) Алмастыру.

С) Ұлғайту.

D)* Келемеждеу.

Е) Кішірейту.


19. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмалық шығармасында Ескендір кімнің баласы екенін есіңізге түсіріңіз.

А) Иманның.

В)* Тұрардың.

С) Жүкшінің.

D) Түйметайдың.

Е) Нұрбеделдің.


20. «Серке» газетіне «Арғын» деген бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» атты мақала жазған жазушыны анықтаңыз.

А) Ж. Аймауытов.

В)* М. Дулатов.

С) А. Байтұрсынов.

D) М. Жұмабаев.

Е) С. Торайғыров.


21. Мағжанның ұстазы, «Қазақ қызы» романының авторын анықтаңыз.

А) Б. Серкебаев.

В) С. Жантурин.

С)* Ғ. Ибрагимов.

D) С. Құдаш.

Е) Б. Майлин.


22. С. Сейфуллиннің Омбы лагерінен қашып шыққан кездегі бүркеншік атын көрсетіңіз.

А) Сәрсенбі.

В)* Дүйсенбі.

С) Еркебұлан.

D) Терлікбай.

Е) Хасен.


23. «Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,

Көк-қоқыр, былапыттан жеріп жүрген».

Бұл І. Жансүгіровтің қай поэмасының кейіпкеріне берілген сипаттама екенін белгілеңіз.

А)* «Құлагер».

В) «Күйші».

С) «Дала».

D) «Жаңа туған».

Е) «Күй».
24. «Ш. Уәлиханов» пьесасы (С. Мұқанов) қай жылы сахнаға қойылғанын табыңыз.

А) 1947 ж.

В) 1949 ж.

С) 1952 ж.

D)* 1954 ж.

Е) 1956 ж.


25. «Ақанның өмірді зерттегені – алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті – өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде» деген түйінді айтқан адамды табыңыз.

А) М. Шахановв.

В)* М. Мақатаев.

С) Ғ. Қайырбеков.

D) С. Мәуленов.

Е) Ф. Оңғарсынова.



Тестовый материал взят из книжки-вопросника пробного тестирования Национального Центра тестирования МОН РК

Вариант 0106
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

1. Ынтымақ,бірлік тақырыбына жазылған мақалды анықтаңыз.

A) Өз үйім-өлең төсегім

B) Ұлық болсаң-кішік бол.

C) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені.

D) Оқу түбі-тоқу.

E) *Кеңеспен пішкен тон келте болмас.
2. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам, мейірімді әкені белгілеңіз.

A) Сәрсенбай.

B) *Омар.

C) Қалтан қажы.

D) Әжібай.

E) Оспан би.


3. Абай Семейдегі «Приходская школада» қанша уақыт оқығанын белгілеңіз.

A)* Үш ай.

B) Бір жыл.

C) Оқыған жоқ.

D) Алты ай.

E) Бес ай.


4. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.

A) «Құлагер».

B) «Заман адамы».

C) *«Ақ көйлек».

D) «Асық пен жасық».

E) «Жақсы мен жаман»

5. « Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A)* Кедейлердің аянышты халі.

B) Білім мен өнер.

C) Достық.

D) Адамгершілік қасиет.

E) Табиғат, жер.


6. Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім» романы қай жылы жарық көргенін анықтаңыз.

A)* 1940 ж.

B) 1937 ж.

C) 1973 ж.

D) 1961 ж.

E) 1935 ж.


7. М.Мақатаевтың 1973 жылы «Жалын альманахында» жарияланған шығармасын табыңыз.

A) «Райымбек,Райымбек».

B) *«Аққулар ұйықтағанда».

C) «Жан азасы».

D) «Поэзия».

E) «Моцарт».


8. « Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді.» Тахауи ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған үзінді кімге арнап айтылғанын табыңыз.

A) Қасымбекке.

B)* Бойға біткен балаға.

C) Дариғаға.

D) Назираға.

E) Светаға.


9. Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.

A) Жаулардан қашып келеді.

B) Адасып келеді.

C) *Туған жеріне келеді.

D) Мал ұрлау үшін келеді.

E) Түрмеден қашып келеді.

10. «Кімде –кім хикмет (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс әдепті, қайырымды адам болу керек»,-деген пікірдің иесін табыңыз.

A) *Әл-Фараби.

B) Жүсіп Баласағұни.

C) ӘбуӘли ибн Сина.

D) Махмұд Қашқари.

E) Қожа Ахмет Яссауи.


11. «Ер Тарғын» жырында баса көрсетілетін жағдайды анықтаңыз.

A) Махаббат мәселесі.

B) Аңқаулық.

C) Туған елге сағыныш.

D) *Хандардың опасыздығы .

E) Салт-дәстүр.


12. «Сен алтынсың, мен пұлмын,Сен жібексің, мен жүнмін» деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.

A) Мұса биге.

B) Ханға.

C) Батырға.

D) * Би Темірге.

E) Жолдасына.


13. Үзінді қай поэмадан алынғанын анықтаңыз.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

A) *«Масғұт»

B) «Қойлыбайдың қобызы».

C) «Құралай сұлу».

D) «Күйші».

E) «Нартайлақ-Айсұлу».
14. «Мал жинамақ», «Адамдық борышың» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.

A) Оспанхан Әубәкіров.

B) Әбу Сәрсенбаев.

C) *Шәкәрім Құдайбердіұлы.

D) Бұхар жырау Қалқаманұлы.

E) Сәбит Мұқанов .


15. «Бөл-бөл бөбек, бөл бөбек» деген жолы бар І.Жансүгіров өлеңін табыңыз.

A) «Ана әлдиі».

B) «Атаның әлдиі».

C) Бесік жыры.

D) « Әлди бөпем».

E) *«Бөбек бөлеу».


16. Баубек Бұлқышевтың қаза тапқан жылын көрсетіңіз.

A) 1945 ж.

B) 1941 ж

C) 1944* ж.

D) 1942 ж.

E) 1943 ж


17. Абай жолы» романындағы Абайды әншілік өнерге тәнті еткен Арқаның саңлақ әншісінің есімін көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Жаяу Мұса.

C) Ақын Сара.

D) *Біржан сал.

E) Балуан Шолақ.


18. С.Мұқановтың «Сырдария» романының кейіпкерлерін табыңыз.

A) Темірбек, Бүркітбай,Асан.

B) Еркін,Ораз,Шоқпыт.

C) Алтай, Балтабек .

D) * Байжан ,Айбарша,Дәулет.

E) ’Бүркіт,Бәтес,Мүсәпір.


19. Адам мен оның өмір сүру жағдайларын шын күйінде көрсетуін қалай аталатынын табыңыз.

A) Романтизм.

B) Сыншылдық.

C) Өткенді сынау.

D) Постмодернизм.

E)* Реализм.


20. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Ғали мен Жамал «Қырыққұдық» деген жерде, кімді паналағанын табыңыз.

A) Жездесін.

B)* Нағашысын.

C) Қайын атасын.

D) Ағасын.

E) Қайын ағасын.

21. Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,

Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жанбыз».

Үзінді М.Жұмабаевтың қай шығармасынан алынған?

A) «Мен сорлы»

B) «Қазағым»

C) «Тілегім»

D) *«Осы күнгі күй»

E) «Бір күй»


22. Бейімбет Майлиннің әйел басының азаттығына арнаған өлеңін белгілеңіз.

A) «Құдық басында».

B) «Көңіл айту».

C) «Жайлыбайда жалғыз қатын».

D) «Майдан».

E) *«Азат әйел».


23. М.Әуезовтің тұңғыш шығармасын белгілеңіз.

A) «Ескілік көлеңкесінде».

B) *«Адамдық негізі-әйел».

C) «Қорғансыздың күні.

D) «Еңлік -Кебек».

E) «Жетім».


24. Ғ.Мүсіреповтың ана тақырыбына жазған әңгімесін белгілеңіз.

A) * «Адамның анасы».

B) «Өмір мен ана».

C) «Анаға құрмет».

D) «Отан мен ана».

E) «Ананың әлдиі».


25. Қылшанымды сары жүн оққа толтырып

Жанға сақтау болған жұрт,-...деген үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз. (Қазтуған)

A) *Эпитет.

B) Метафора.

C) Инверсия.

D) Метанимия



E) Теңеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет