«Қазақ халқының діни ұстанымы және салт-дәстүрі»



бет15/18
Дата06.02.2022
өлшемі75,34 Kb.
#48718
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Жүргізуші - Бақдәулет: Дұрысты бұрыстан айырып, адамзатты қараңғылық түнегінен шығарып, адам баласының миы ойлап жетпейтін жоғары мінез-құлыққа тәрбиелеуді имандылық деп атаймыз. Иманды адам «Құран Кәрімді», Мұхаммед пайғамбарды, оның хадистерін мойындап, оны күнделікті іс-әрекетіндежүзеге асырады.
Жүргізуші -Әсема: Хадис – Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
Жүргізуші - Бақдәулет: Батыс жазушысы Бернард Шоудан «Сіздің ойыңызша дүниедегі ең таңданарлық оқиға қайсы?» деп сұрағанда , ол: «Жер бетінде бітіспес ұрыстар мен соғыстар, пікір таластар болып жатса да, 1400 жылдан бері Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың Хадистерінің сол күйінде өзгермей қалуы мені қатты таң қалдырды» деген екен.
Жүргізуші – Әсема: Хадистер сөйлейді.
Айгерім Т:Адамның рухын, жан дүниесін біліммен нұрландырып тәрбиелеуде Ислам дінінің орны айрықша. Атап айтқанда Мұхаммед Пайғамбардың 197-Хадисінде: «Алла сіздің сырт келбетіңіз бен нақты ісіңізге қарайды» делінген.
Мейірхан: Қысылғанда пендеге қорған болған бұл хадис,
Адасқанды әр уақыт ,тура жолға шақырған,
Іші толған насихат, мағынасын білгенге,
Құмарланып білуге,әрекет ет жасыңнан.
Бауыржан: Кімде-кім жүрегін иман үшін, тілін шындық үшін ұстаса, өзін салихалы тұтса, көп тыңдап, аз сөйлейтін болса, ол иманды адам, бақытты адам.
Адель: Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
Сәуле: Аш адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер.
Алтынай: Мұсылмандардың өзара алты хұқы бар: сәлем беру мен алу, шақырса бару, ақыл-кеңес сұраса айту, ауырса көңіл сұрау, өлсе жаназасына қатысу.
Нұрзия: Апатқа апаратын 7 түрлі күнадан аулақ болыңдар:Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімнің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.
Аяулым: Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын:садақа бергеннен ырысың ортаймайды; ақ, адал малың қолды болса, сабыр сақта; тіленшілікпен мал табуға кіріссең, тәңірдің сыйы бейшаралық болмақ.
Гауһар: Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы – сабырлы және кеңпейілді болу.
Ұлбала: Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел – анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
Елнұр:Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
 
Көрініс: «Ақылды адам Алласын таниды»
Әкесі мен баласы отырады. Әкесі баласына өнегелі әңгіме айтуда:

  • Балам,мені кәрілік жеңді.Саған бір ақыл айтайын. Әрқашан 5 атың мен 30 атыңа берік бол. Осы екі нәрсені ұмытпа! Есіңнен шығарма!бұл екеуі адам баласын жақсылыққа жетелейді, иманды да бақытты адам етеді.адамгершілікке бастайтын тура жол осы .

  • Баласы:

  • Әке,мен бұл айтқан сөзіңізді ешқашан есімнен шығармаймын.

Мұғалім сөзі:
Әңгіме барысында айтылып отырған 5 атты дегеніміз - 5 уақыт намаз, 30 атты -30 күн оразамыз. Айналып келгенде, Ұлы Жаратушы Алла Тағаланы, оның күллі мұсылманға парыз қылған 5 уақыт намаз бен 30 күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз дегім келеді. Демек, Алланы естен шығармау, ата-ананы құрметтеу – күллі мұсылманның міндеті.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет