Қазақ ұлттық ойындарының дене тәрбиесі



Дата15.04.2018
өлшемі127,19 Kb.
#40137
Қазақ ұлттық ойындарының дене тәрбиесі


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Аға өқытушы - Измаханова Мейрамгуль Ахметовна

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.

Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.

Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.

Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гемнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік денгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойндарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттвғуға керек псхикалық күйге түсіреді. Көңіл-күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.

Қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт орйндарының бірі – қазақша күрес. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын қазақша күрес «күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағанда, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Күреске түскенден үлкен-кішіліге қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіск жеткен. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар, т.б осындай алып балуандар болды.

Қыз ұзату, ас беру, күзем алу, наурыз сияқты жиын тойларда белдесу күресі өтетін жерге арнаулы текемет төселіп, балуандар күресуге шыққанда аяқтарына мәсі киіп немесе жалаңаяқ шыққан. Үстеріне тізеден төмен түсетін шапан киіп, беліне екі-үш қабат белбеу байлаған.

Төреші күресуге шыққан балуандарды қолдарын айқастыра ұстатып белдестіреді. Бұл белдесуді қазақтар «қоян қолтық ұстасу» деп атайды. Белдесу барысында ереже бойынша қолды белбеуден босатуға болмайды.

Белдесу барысында жеңіске жеткен баоуан орнында қалады. Егер ол өзімен белдесуге шыққан жаңа балуанмен күресуден бас тартып, басқамен күресемін десе, онда оған рұқсат етіледі. Бірақ соңында жеңімпаз аталатын балуан біреу ғана. Оның барлық кездесуде де жауырыны жерге тимеу керек.

Жалпы белдесу барасында қарсыластардың біреуі жығылып, жауырыны жерге тисе және қарсыласы оның басынан аттап кетсе, ол жеңілген болып есептеледі. Егер де қарсыластың біреуі әдіс қолданғанда, екіншісі оған қарсы әрекет жасап, екеуі бірдей құлап түссе, онда бұл белдесу «итжығыс» (ешқайсысы да жықпаған) деп атайды. Мұндайда төреші оларды қайта күрестіреді.



Тартыс — қарусыз айқас өнерi. Қарусыз айқас шығыс халқына тән және танымал өнер. Қазақ қарусыз айқаса бiлген. Қарусыз айқасу элементтерi ат үстiнде отырудан, асауды бұғалық лақтырып ұстаудан, қойды қуалап ұстаудан, малды пышақсыз реп союдан, бұқаны мүйiзiнен ұстап ұрып құлатудан, шалғы тартудан, қол диiрмен тартудан, малдас құрып отырудан құрылады, солар арқылы ширатылады

Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде. Денешынықтыру — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi.

Қозғалмалы ойындар:

Арқан тартыс – бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойыншылардың саны 10 баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі үшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байлайды. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген бұйрығы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендерді (тақ) бір жаққа, «екі» дегендерді екінші жаққа бөледі.

Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егер де бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен оқушысы ойыннан шығып қалады. Қарсылас команданың ойыншыларын қай команда түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісушілері бойынша ойынды қайталап ойнауға болады.



Жаяу тартыста – ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі ұшы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, төрт тағанға тұрып екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты екі ойыншы бірін-бірі белгіленген межеге деін тартып алып бару. Қайсысы бұрын межеге жетсе сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылайша, ойнаушылардың барлығы тартысып болғаннан кейін ғана ұпай жинап жеңіске жеткен ойыншыны анықтап, жариялайды.

Жаяу аударыспақ – мұны балалар «батырлар жекпе-жегі» деп атайды, ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы атқып мінеді де, ат үстінде отқандар өзара тартысады. Астындағы балалар қозғалмай тұруы тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есептеледі.

Белбеу тастауда ойыншылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 м қашықтықтағы екі сызықтың бойына қарама-карсы қатарға отырады. Ойын жүргізуші топтың бір ойыншысына қолындағы орамалды беріп, өзі ойынның барысын бақылайды. Ал орамалды алған ойыншы жүгіріп екінші топқа барып, бір қыздың немесе баланың артына ормалды білдірмей тастайды да, өз тобына қарай жүгіреді. Артына тасталған ормалды байқап қалған ойыншы орамал тастаған ойыншыны қуып жетіп, орамалмен ұрса, онда әлгі ойыншыны өз тобына әкеп қосады. Ал егер қуып жете алмаса, өзі қарсы топқа барып қосылады. Келесі ойын кезегі екінші топтың ойыншысына беріледі. Осылайша, барлық ойыншы орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша ойын жалғаса береді. Соңында қай топтың саны көп болып шықса, сол топ жеңіске жетеді.

Сиқырлы таяқ ойынында ойнаушылар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына шығады да, ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Сонан соң ойынның ережесін түсіндіреді. Оцынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын щеңбердің ортасынада тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты жібере салады. Ал аталған нөмірлі бала таяқты құлатпай ұстап қалуы керек. Ойынды одан әрі жалғастыру немесе жалғастырмау ойыншылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса ойын қызықты өтеді.

Жігіт қуу ойыны көгалда, аланда, үлкен бөлмелерде немесе залда 10-12 адамның қатысуымен өтеді, ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, бір-бірінен бес адым қашық жерде бір бағытқа қарап сапқа тұрады. Қарама-қарсы жақтағы 15-20 қашықтыққа екі жалауша тігіледі де, дәл ортасына белбеу тасталады. Ойын жүргізушінің берген белгісімен әр топтан бір-бір ойыншы жүгіре шығып, қайсысы белбеуді бұрын алып үлгерсе, ол екінші ойыншыны өз тобына жеткенше қуа ұрып барып, сол топтың алдына белбеуді тастап, келген ізімен өз тобына қайтады.

Белбеуді жаңағы қашқан ойыншы ала салып, өз тобына қайтқан ойыншыны жалаушаға жеткенше қып барады да, бастапқы орнына тастап, кері қайтады. Ойын қорытындысында қай команда белбеумен ұру арқылы көп ұпай жинаса, сол команда ұтқан болвп есептеледі.



Әуе таяқ ойынының тәртібі бойынша ойыншылар бірнеше топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші екі ойыншыны өзіне шақырып, қолдарына бір-бір таяқ береді. Олардың біреуі таяғын әуелете лақтырып, екіншісі оны өз таяғымен көздеп тигізуі керек. Таяқты лақтырушы мен көздеуші жеребе бойынша анықталады. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, таяқтарын коп тигізген топ жеңген болып есептеледі.

Жаяу көкпар ойыны күні бұрын белгіленген орында өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушісінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан кокпарды (түйілген орамалды) 200, 400 м әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі көмбеге кім бұрын жеткізсе, сол ұтқан болып есептеледі.

Егер де бір ойыншы көкпарды алып бара жатқан баланы жолда қуып жетіп, басып озатындай шамасы болса, көкпар оған ешбір қарсылықсыз беріледі. Қуып жеткен бала ілгері оза береді. Көкпарды кім мәреге жеткізсе, сол жеңімпаз атанады.

Түйілген орамал ойыны баскетбол ойынына ұқсас. Көпшілік жағдайда ойынды жаздыгүні жазық алаңда, басқа кезде кең бөлмеде ойнауға болады.

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алып «бір, екі, үш» деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар ойыншыны ғана қуады. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Осылайша, ойын жүргізуші түйілген ормалды колына алғанша жалғаса береді. Ойын белгіленген шеңбердің ішінде ғана өтеді, сыртқа шығаруға болмайды.

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.

Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді.

Ойын-сауық - ұрпақтардың өмiр-салтымен, әдет-ғұрпымен ұштасты. Мысалы, бесiк жырларының өзi ойнақы, ұйқасты тiркестерiмен есте қалады. Ойын - өмiрдi және ойнаушының өзiн танудың құралы, ол баланың өмiрге деген құмарлығын оятып, тiл мен жылдамдыққа деген ықыласын арттырады. Ойын - өзгенiң көңiл-күйiн дер кезiнде және дәл ұға бiлуге, өз көңiлiн дұрыс жеткiзе алуға ұйытқы болады.

Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады. Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа, бiрлiкке тартады.

Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет -өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен әуреленген. Ойын-сауық жасөспiрiмдердiң ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшiн ойын — баланың жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы. Жарысқа қатысатындардың сезiмi сергек, ойы өткiр, кеудесi мен бiлегi мықты, қимыл-әрекетке ептi болуы шарт. Көшпелi қазақтардың өмiр салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа мiну өнерi жас баланың сезiмi мен денесiн жаттықтырудың басты және ортақ дәстүрiне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейiмделдi, соған тырысты.

Әдебиеттер:




  1. Б.Төтенай «Дене тәрбиесі», Астана-2008ж.

  2. С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына», Алматы-2000ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет