Қазақ мемлекет болып құрылмас бұрын, түрлі кезеңдерді бастан кешірді. Қазір соларды қарастыратын боламыз. Қазақ тарихи қандай тарихи мемлекеттік құрылымдардан қалыптасты? Хандық болып не себепті және қалай құрылдық



Дата02.02.2022
өлшемі66,46 Kb.
#130463
Байланысты:
Нургиса казыргы заман тарихы
1701-41Камал Ж. А психология 6апта, Бектембаева Салтанат бизнес план, жобалау әдісі Мадина, Жыраулар 30 сұрақ (копия)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Құқықтану»

Кафедрасы «Заң 101 топ»

СӨЖ

Тақырыбы: «Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»

Орындаған:Садуақас Нұрғиса

Тексерген:Телеуова. Э. Т

Алматы, 2022ж

«Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»

Қазақ мемлекет болып құрылмас бұрын, түрлі кезеңдерді бастан кешірді. Қазір соларды қарастыратын боламыз. Қазақ тарихи қандай тарихи мемлекеттік құрылымдардан қалыптасты? Хандық болып не себепті және қалай құрылдық? Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан деңгейіне қалай жеттік? Бұл жол бізге оңайға соқтыма? Осы сынды сұрақтар тақырыпты оқығанда, ең алғаш өзіме қойған сұрақтар легі болды. Және де осы сұрақтарға өз бетімше жауап беріп көрдім.

Ең алғаш біздің ұлт, мемлекет болып қалыптасуымызға ықпал еткен, тікелей әсер етен бұл – ата-бабамыз. Арғы ата-бабаларымыздың бізге деп қалдырған жері, өз тарихымыз бен салт-дәстүріміз, жеке дара ұлт пен мемлекет болып қалыптасқанымызға бірден-бір себеп.

Тарихқа зер салар болсақ, үш мың жылдан асатын тарихы бар Қазақ елінің тарихында жиырмадан аса мемлекет пен мемлекеттік құрылымдар болған. Айта кетсек: Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы секілді мемлекеттер болса, одан әрімен Түрік, Батыс түрік қағанаттары, Түргеш, Қарлұқ, Қидан, Қарахан мемлекеттері, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ хандықтары. Бұлардың барлығы дерлік біздің түп-тамырымыз болып есептеледі. Одан әрі XII ғасырда бастау алып XV ғасырдың ортасына дейінгі өмір сүрген : Алтын орда, Ақ ордан, Ноғай ордасы, Әбілқайыр хандығы. Оның жалғасы болып сол ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан, кезіндегі Дешті Қыпшақ, қазіргі Қазақстан аумағындағы Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы. Қазақ хандығы болып құрылудың өзі оңайға соқпады. Түрлі ауыртпашылықты өткердік. Бірден құрылып кетпедік, алдымызда түрлі өткелдер тұрды. Және біз соның бәрін жеңіп шығып Қазақ хандығын құрдық. Бұл хандық біздің тарихымыздан ойып тұрып орын алады. Хандық біріншіден, қазақ даласындағы өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастык ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден бір негіз.

Бұл мемлекеттік құрылымдардың аттары әр-түрлі болғанмнн, оларға ортақ нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру тайпалар мен бірлестіктердің тілі, діни рухани жағынан, мәдениеті, шаруашылығы жағынан ортақ болып келді. Ал, Қазақ хандығы алғаш барлық тайпаға бірдей ортақ ат қойған хандық. Ол біздің тарихымыздан айрықша орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктерә қазіргі қоғамменұштасып жатыр. XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының негізі деген мақсаттарының бірі – қазақ халқынынэң мүддесіне сай қызымет ететін ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру жоспары да қазақ хандығымен байланыса дамыған. Дегенмен, ол жүзеге аспады. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, содан кейінгі Қазақ КСР- да қағаз жүзінде ғана егеменді болып табылғанымен, іс жүзінде толығымен орталық бақылауында болды. Бұл бәрімізге айдан анық. Кеңестік кезіндегі Қазақстан ең ауыр кезеңді бастан кешірді. Бұны ашып жазу үшін дәптер парағы жетпес.

Біз толықтай егемендікті 1991ж 16 желтоқсанда Тәуелсіздікпен қосып алдық десем қателеспегенім. Және дәл осы кезеңде нарықтық экономикаға көшіп бастадық. Осыған байланысты нарықтық экономикаға көшудің алғашқы 3 кезеңі белгіленді және түрлі реформалар, заңдар жүзеге асты. Тәуелсізжік алғасында тез аяққа тұрып кете алмадық, нарықтық экономиканы 90 жылдары дұрыс бағалай алмадық. Себебі, ел басындағылар бұндай кезеңде жұмыс істеп білмегесін, оның қыр сырын біле алмады. Бұлда бір өзіндік соққы болды. Әрине, елді дағдарыстан шығаруға саясат жүргізілді, өкінішке орай нәтижесіз аяқталды.



Менің осы тақырыпта қарастырғандарым Қазақ елінің басынан өткерген қиындығының жартысының жартысы. Ашылмаған, айтылмаған біраз нәрсе қалды. Қазіргі сүріп жатқан бейбіт күнімізге жету үшін көрмеген қорлығымыз жоқ. Жазғанымның барлығы мен үшін мемлекет болып құрылу жолындағы маңызды-ау деген тақырыпшалар. Өткергеннің барлығын сыйғызу мүмкін емес. Әр кезеңнің өзін бірнеше томдық кітап қылып шығарсақта аздық етпес. Бұл бейбіт өмірге қан төгіспен, маңдайдың ьерімен жеттік осыны жоғалтапауға барынша ат салысуымыз керек. Қазірдің өзінде ұлан байтақ жерімізге көз тігіп, жойылуымызға түрлі амалдар жасалуда. Егемендік алдық, болды деген қате тұжырымнан аулақ болуымыз қажет. Бізде аталарымыз сияқты артымыздан ерген ұрпаққа бейбіт өмірді қамтамасыз етуге міндетпіз. Алайда, қазіргі таңдағы көп адам бүгінгімен өмір сүруде, тек өзім үшін деген бір адам. Осы идеологияны жою қажет. Келер ұрпаққа бейбіт өмір беру мына біздің өскелең жас ұрпақтың қолындағы, мойынындағы борыш. Әр мен қазақпын деген адам осыны ұғынып ұмытпағаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет