Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)


Тақырыптың үйренілгендік дәрежесі



бет2/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806
2 5467615701361498903, әдебиет тес, Titul 22222, жадвал стажи
Тақырыптың үйренілгендік дәрежесі. Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г. Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойын әдістері проблемасын К.Д. Ушинский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, О.С. Газман сияқты ғалымдар арнайы зерттеген болатын. Сондай-ақ қазақ ғалымдарынан А.Бйтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. арнай ғылыми еңбектері бар.
Курс жұмысының мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдаланудың ерекшеліктерін анықтаудан тұрады.
Курс жұмысының міндеттері:
- ойын технологиясы туралы мәлімет топтау;
- ойын түрлері жайлы мәлімет беру;
- қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдаланудың әдістемесін істеп шығу.
Курс жұмысының нысаны. Ойын технологиясы негізінде қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттыру.
Курс жұмысының предметі. Ойын технологиясы негізінде қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттырудың мазмұны, әдіс-тәсілдері.
Курс жұмысының әдістері. Тақырыпқа тиісті ғылыми еңбектерді үйрену, зерттеу, талдау әдістері.
Курс жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


І тарау. Ойын технологиясының теориялық және практикалық негіздері
1.1. Ойын технологиясы туралы түсінік
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. Ойын технологиясы - оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындар түрлерін қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. 
Ойын технологиясының міндеттері: 
- ойын арқылы баланың сөздік қорын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
- ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке үйрету;
- ақыл-ой, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Ойын технологиясы арқылы оқушылар келесі қасиеттерді меңгереді. 
1. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып, қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 
2. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 
3. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 
4. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 
5. Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 
6. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 
7. Оқушылар үшін қауіпсіз. 
8. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 
9. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
10. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
11. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. 
Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеде қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік қазақ тілі сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады.
Әр оқушының ақыл-ой қабілеті әр түрлі, сол себепті олардың бағдарламадағы материалдарды қабылдауы да бірдей емес. Біреулері жақсы ұғынып, түсініп жатса, кейбіреулері үлгере алмай жатады. Бұл-оқушы құзыреттілігінің дамуы да әр түрлі екендігін білдіреді. Сондықтан оқушыларды білімге бірдей жетелеу үшін, сабақты меңгертіп, құзыреттілігін арттыру үшін сабақ үдірісін түрлендіретін бір әдіс-ойын түрлері Оқушы бойында құзыреттіліктерді қалыптастыруда ойын технологиясының алатын орны ерекше. Ойын технологиясы арқылы баланың психологиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттырып, ой-өрісін, ой еркіндігін жетілдіріп, логикалық ойлау дәрежесін кеңейтіп, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға болады. Ұлы педагогтардың бірі А.С. Макаренконың пікірінше: «Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігінің көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерінің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан сабақта ойын элементтерін пайдалану-үлкен нәтиже берері анық».1
Сонымен қатар ойын оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсер етеді,әрі ақыл-ой дамуына ықпал жасайды. Бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарының шарты болып табылады. Балалар ойнап жүріп бір-бірімен ынтымақтасады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады. Н.К.Крупская пікірінше бала жас болғандықтан ғана ойнамайтының, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілетінін айтқан болатын. Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынтаықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты –оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұның жетілдіру, оны танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Жоғарыда айтылғандардың бәрі оқыту процесінде ойын түрлерін қолдану қажеттігін көрсетеді. Өйткені ойын, ең алдымен, оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілеуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Оқытуда қолданылатын ойын әдістері- ойынның нақ өзі емес ойын түріндегі әдіс. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып, қызықтыру мақсатында қолданылады. Ойынның танымдық сипаты жөнінде А. М. Горький: « Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса соның бәрімен де ойнайды. Ол өзінің айналасындағы дүниені ойын үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік әсерлерін үйренеді»,- деген болатын.
Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан – жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін жатқызамыз: 
 сөздік ойындар. 
 дидактикалық ойындар. 
 үстел-үсті ойындары. 
 сюжетті –рөлді ойындар. 
 диалог-ойындар. 
 қимылды ойындар.т.б 
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принціптерін ескеру тиіс: 
- Ұжымды, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру. 
- Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу. 
- Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс. 
- Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек. 
- Ойын - ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі. 
- Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-әрекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек. 
- Ойын - ол диогностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды , жағымсыз қасиеттерін көрсете алады. 
Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту.
Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол - тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе...жүріп,.балалар...пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын.....ережесі. 
Ойын - бала үшін нағыз өмір. Олай болса мұғалім ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.
Сюжетті – рөлді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-рөлді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: 
«Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда балалар дәрігер мен науқастың әрекеттеріне келтіреді. 
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рөлді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. 
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. 
Сонымен балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Бірақ сабақ процесінде жиі пайдаланатын дидактикалық ойындары туралы айтқым келеді. Дидактикалық ойын - оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын ескеру қажет:
- сол ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі;
- өтіліп отырған материалға қызығушылығын туғызуы;
- ойын сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
- өтілген тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруге көмектеседі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен..ойын..құралдары. 
Үстел үсті ойындары - лото, домино, тапқырлық ойындар, пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады.
Қимыл ойындар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. 
«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
Қорыта келгенде, оқушылардың білімділік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойын көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет