Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)


Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойын түрлері



бет3/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806
2 5467615701361498903, әдебиет тес, Titul 22222, жадвал стажи
1.2. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойын түрлері
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі не одан да көп бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Сиқырлы қоржында ай аттары бар қағаздар жатады. Балалар сол қағаздарды алып шығады да, ай аттарын оқиды.
Мысалы: наурыз, сәуір, мамыр – деген ай аттарын алып шықса, тақтада ілініп тұрған төрт жыл мезгілінің қайсысына сәйкес екенін тауып, сол жыл мезгілінің қасына іліп қоюы керек.
«Апта күндері» ойыны.
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. 
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Мұғалім бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. 
«Апта күндері» ойыны.
7 бала тақтаға шығады да, апта күндерінің атаулары жазылған қағаздарды қолдарына алып, рет-ретімен сапқа тұрады. Сыныптағы балалар апта күндерін бір рет қайталап шығады. Содан кейін апта күндерінің атауларын ұстап тұрған балалар бір-бірімен араласып тұрады. Сыныптаға балалардың ішінен бір бала шығып, апта күндерін рет-ретімен тұрғызуы керек. Сондай-ақ балаларды екі топқа бөліп, бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.
«Сиқырлы қап» ойыны.
Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.
Ойын барысы: Мұғалім балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен? - дейді. Кәне, көрейік! Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды шешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет