Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)


Фонетика саласына байланысты ойындар



бет5/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806
2 5467615701361498903, әдебиет тес, Titul 22222, жадвал стажи
Фонетика саласына байланысты ойындар
Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы:
к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
«Кім көп және тез?» ойыны.
Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты айтады, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.
«Кім жылдам?»
Балаларды 2-3 топқа бөліп ойнату. 
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық.
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық. (тапсырманы бірінші болып орындаған топ жеңіске жетеді)
«Сөз табу» ойыны
Сөздің бастапқы әрпі – а, соңғы әрпі – р болатын сөздер жазу керек. Әріп саны әр түрлі болуы мүмкін немесе төрт әріптен тұру керек деп айтуға болады. 
Мысалы: анар, Ажар, асар Аңсар, т.б.
Осы сияқты сөздің бас әрпі мен соңғы әрпін беріп, сөздер жаздыруға болады. Ең көп сөз жазған оқушы жеңеді.
Морфология саласына байланысты ойындар
Бірнеше бала орындығының артында жалғау мен жұрнақтар бар қағаздар ілініп тұрады. Бала сол жұрнақ немесе жалғауы бар қағазды алады да, тақтада берілген сөздердің ішінен сол жұрнақ немесе жалғау қай сөзге байланысты екенін тауып, сол сөзге жалғап қоюы керек.
Мысалы: алма+лар, Арман+ға, бір+інші, алты+ншы.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады? Болды Анар мен Асқар сыныпта бүгін кезекші.
Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет