Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін Шеберлік сынып «Шал ақын ауданының Қаратал орта мектебі»



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,3 Kb.
#93486
1   2   3   4
Байланысты:
шеберлік сынып

Шеберлік сыныптың барысы:



  1. Сәлемдесу. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын! Сіздерге жадыраңқы көңіл, шығармашылық және көңілді күн тілеймін. (видео «Көңілді күн») 2 мин




  1. Топқа бөлу (1 топ-«Қызғалдақтар», 2 топ-«Түймедақтар», 3 топ- «Раушангүл», 4 топ- «Қалампыр») 2 мин



Кіріспе сөз: Қазақстан мектептерінде орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған жалпы білім беру бағдарламалары енгізілуде.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.


Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесін енгізу жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының түйінді идеяларының бірі болып табылады. Ендеше бүгінгі шеберлік сыныптың тақырыбы «Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет