Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы



бет13/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,72 Kb.
#48397
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Тест сұрақтары 
1. «Әдебиет» араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? 
а) көркем шығарма 
ә) асыл сөз 
б) бейнелі сөз 
2. «Әдебиет – халықтар жаны» – кімнің сөзі? 
а) Ш. Уәлиханов 
ә) М. Әуезов 
б) В. Белинский 
3. Жұмбақтың шешуін тап: 
Қолы жоқ – сурет салады, 
Аузы жоқ – тістеп алады. 
А) көлеңке 
ә) айна 
б) аяз 
4. Жұмбақтың шешуін тап: 
Алдына келсең , өзіңді көресің 
А) көлеңке 
ә) айна 
б) аяз 
5. Өте ерте заманда жазу болмаған кезде ауызша шығарылған қызықты және көркем әңгіме: 
а) жаңылтпаштар 
ә) мақал-мәтелдер 
б) ертегілер 
6. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? 
а) 2 
ә) 3 
б) 4 
7. «Алтын сақа» ертегісі ертегілердің қай тобына жатады? 
а) Қиял-ғажайып ертегісі 
ә) Хайуанаттар туралы ертегі 
б) тұрмыс-салт ертегісі 
8. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері: 
а) хайуанаттар 
ә) Жалмауыз кемпір 
б) Қожанасыр 
9. Әдеби ертегілерінің халық ертегілерінен айырмашылығы неде? 
а) айырмашылығы жоқ 
ә) халық ертегілерінің авторы бар, әдеби ертегілердің авторы жоқ 
б) әдеби ертегілердің авторы бар, халық ертегілерінің авторы жоқ 
10. «Толағай» ертегісінің авторы кім? 
а) авторы белгісіз 
ә) Әбділда Тәжібаев 
б) Ахмет Байтұрсынов 
11. Толағай кім? 
а) ақын бала 
ә) батыр бала 
б) саяхатшы бала 
12. Аңыз-әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы: 
а) Аңыз-әңгімелердің авторы бар 
ә) Аңыздар тарихта болған адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. 
б) Аңыз-әңгімелерде қиял-ғажайып оқиғалар болмайды. 
13. Қорқыт ата, әл-Фараби – нелердің кейіпкерлері? 
а) аңыз-әңгімелердің 
ә) әдеби ертегілердің 
б) халық ертегілерінің 
14. Қайсысы аңыз-әңгімеге жатады? 
а) «Бай баласы мен жарлы баласы» 
ә) «Жиренше мен хан» 
б) «Алтын сақа» 
15. Қорқыт деген кім? 
а) батыр 
ә) ақын 
б) жазушы 
16. Қорқыт қандай аспап жасады? 
а) домбыра 
ә) баян 
б) қобыз 
17. Әл-Фараби қай қалада туып-өскен? 
а) Тараз 
ә) Бағдат 
б) Отырар 
18. Әл-Фараби, аңыз бойынша, Бағдат қаласы әмірінің сарайында не істейді? 
а) домбырамен күй тартады 
ә) өлең оқиды 
б) ғаламдар, әкімдермен әңгімелеседі 
19. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады? 
а) 8 
ә) 12 
б) 20 
20. «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр? 
а) Түркістанда 
ә) Бағдатта 
б) Дрезденде 
21. Дерсеханұлы Бұқашжанның атын кім қойған? 
а) Қорқыт ата 
ә) әл-Фараби 
б) Жиренше 
22. «Шығыстың шоқ жұлдызы», - деп кімді атаған? 
а) Шоқан Уәлихановты 
ә) Ы. Алтынсаринді 
б) А. Құнанбаевты 
23. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық – «Қазақ хрестоматиясының» авторы кім? 
а) Шоқан Уәлиханов 
ә) Ы. Алтынсарин 
б) А. Байтұрсынов 
24. «Бай баласы мен жарлы баласының» авторы кім? 
а) Ш. Уәлиханов 
ә) Ы. Алтынсарин 
б) А. Байтұрсынов 
25. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Үсен сусыз жерде ненің мекен етпейтінін білді? 
а) қаздың 
ә) үйректің 
б) тауықтың 
26. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде балалар ненің етін пісіріп жеді? 
а) қаздың 
ә) үйректің 
б) тауықтың 
27. Шыңғыстау бөктерінде қазақтың қай ұлы ақыны дүниеге келген? 
а) Абай Құнанбаев 
ә) Ыбырай Алтынсарин 
б) Ахмет Байтұрсынов 
28. Абай «бес асыл іс» деп нені айтқан? 
а) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым 
ә) Ғылым, ақыл, білім, тіл, өнер 
б) өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ 
29. Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды көрсеңіз. 
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз. – деген өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен үзінді? 
а) «Әсемпаз болма әрнеге» 
ә) «Ғылым таппай мақтанба» 
б) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім. 
30. Абайдың шын аты кім? 
а) Мұхаммедханафия 
ә) Ибраһим 
б) Шәкәрім 

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет