«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет4/8
Дата16.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#49973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз
24.01, 11 қмжз, 29.01, 6 Сынып математика Жулдыз, 1111111111

«Көшпенділер мәдениеті» бөлімі



Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында

айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну



Бағалау критерийлері Білім алушы:

    • Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптардағы сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді

Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма


  1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз.

Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.

Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған.

Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді.

Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.


Сөз

Сәйкестендіру бағаны

Мағынасы

Камзол –




ұзатылатын қыздарға арнап тігілетін биіктеу

бас киім


Тақия –




балалы болған әйел киетін бас киім

Үкі –




егде жастағы әйелдердің киетін аяқ киімі

Сәукеле –




гауһар тастармен көмкерілген, түрлі-түсті

маталардан тігілетін бас киім



Кимешек –




сәндік үшін қыздардың бас киімінің төбесіне

қадайтын қауырсын



Кебіс –




көйлектің сыртынан киюге арналған жеңі жоқ

киім





  1. Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді мағынасы жақын балама сөздермен аусытырып жазыңыз.

Үлгі: Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.

Әйелдердің көнеден келе жатқан сырт киімі – ұзын жеңді шапан.



  1. Қыздардың бас киімі кестемен тігілген.




  1. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі.




  1. Қыздардың тақиясы түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.




  1. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген.



Қажетті сөздер: бағалы, айрықша, өрнектермен,ересек

Дескриптор

Білім алушы:




Оқу мақсаты

9.1.5.1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың

негізгі ойы мен көзқарасын анықтау



Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтінді екі рет тыңдап, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген. Олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған. Әйелдердің ежелгі сырт киімі – ұзын жеңді шапан.

Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі – кестемен тігілген, төбесіне бір шоқ үкі тағылатын тақия. Үкілі тақия – қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт сияқты маталармен тігіледі. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендірілген.Үкінің қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Бұл қазақ көне діни ұғымға байланысты үкі құсын «қасиетті құс» деп санағанынан пайда болған.

Тұрмысқа шығатын кезде киетін сәукеле – орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіледі. Сондай-ақ кестемен, маржанмен әшекейленеді.

Кимешек – тұрмыстағы әйелдің бірінші баланы босанғаннан кейін киетін бас киімі. Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелі киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан кебіс кигенді тәуір көрген.

Қазақтың ұлттық киімдері – халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Ал осы ұлттық құндылығымызды тек қазақтың жыл басы Наурыз мерекесі қарсаңында іздейтініміз жасырын емес. Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды. Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін жастарды мәжбүрлеу оң нәтиже бермейді. Мұның басқа жолын іздестірген абзал. Мысалы – қазақша киімді сәнге айналдыру. Еліктегіш жастардың бір-екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе, бұл үрдіс сәнге айналып кетуі әбден мүмкін. Халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерін заманауи үлгіде тігу, кеңсе киімдерін қазақы ою өрнекпен безендіру – бүгінгі таңдағы біздің негізгі мақсатымыз.


Мәтіннің көзделген аудиториясы


  1. Автордың ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.




Дескриптор

Білім алушы:




  • мәтіннің көзделген аудиторияларын (кем дегенде 3) анықтайды;

  • автордың ойын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

Оқу мақсаты




9.2.6.1. Кесте мен сызбаларда берілген ақпараттарды

өзара салыстырып бағалау



Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Кесте мен сызбалардағы ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдыларыу

Тапсырма

Кеста-сызбадағы ақпараттармен танысыңыз. Ондағы ақпраттарды бір-бірімен салыстыра отырып, жағдайға баға беріңіз.








Дескриптор


Білім алушы:




Оқу мақсаты




9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, шағын мақала жазу



Бағалау критерийі




Білім алушы:

  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай шағын мақала жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Еліміздің киноиндустрия саласында көшпелілер тарихы туралы сапалы фильмдер аз екені белгілі. Осы мәселеге қатысты ойыңызды жергілікті газет бетіне шағын мақала түрінде жариялаңыз. Мақалада берілген тіркестерді қолданыңыз.


Көрерменнің жүрегіне жол табу, ерекше әсер, сынға ұшырау, «көш жүре түзеледі», мәдени мұра, рухани жаңғыру,көрерменге жол тарту, жауһар эпостарымыз


Дескриптор


Білім алушы:




  • стильдік ерекшеліктерді сақтайды;

  • мақала талаптарын сақтайды;

  • тақырыпты ашады;

  • ұсынылған сөз тіркестерін қолданады;

  • құрылымды сақтайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет