«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет3/8
Дата16.10.2019
өлшемі0,51 Mb.
#49973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык и литература 9 класс каз
24.01, 11 қмжз, 29.01, 6 Сынып математика Жулдыз, 1111111111

«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі





Оқу мақсаты

9.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,

ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау



Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәтіннің негізгі ойын түсініп, ақпараттардың шынайылығы мен нақтылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.




    1. Стюардесса қызметіне әуе команиялары қандай талаптар қояды? Кем дегенде 5 талапты көрсетіңіз.

    2. Стюардесса мамандығының қандай мүмкіндіктері бар? Кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.

    3. Стюардесса мамадығы бойынша мансапта өсу үшін қызметкер қандай сынақтардан өтеді? 1-2 мысал келтіріңіз.

«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдік пен романтикалық тартымдылығы көптеген қыздарды стюардесса болуды армандауға жетелейді.

Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды.

2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін.

Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.


  1. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.


ақпараттар «+»/«-»

Стюардессалардың өзіне және жанұясына түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.



Стюардесса қызметіне қабылдауда жас ерекшелігі маңызды емес.




3000 сағат әуеде болған стюардессаға екінші дәрежелі куәлік

табысталады.






Стюардессаның міндеті – ұшақтағы жолаушыларға қызмет ету.




Стюардессаның біліктілігі өскен сайын еңбекақысы да

жоғарылайды.






Төзім мен шыдамдылық, өз-өзіңді басқара алу, қарым-қатынас

орнату стюардесса мамандығы үшін маңызды емес қасиеттер.






Көздің көруі -2,5-тен төмен болған жағдайда стюардесса мамандығына жұмысқа қабылдану туралы ойламай-ақ қоюға

болады.






Дескриптор Білім алушы:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтайды.

Оқу мақсаты




9.2.4.1. Шығарманың идеясы мен мазмұнына

байланысты «автордың ойын» бағалау



Бағалау критерийі




Білім алушы:

  • Шығарманың идеясы мен мазмұнына қарай автор ойына баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Өлеңді оқып, идеясын анықтаңыз. М.Мақатаев. «Ертең біз жол жүреміз» Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,

Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар. Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз.

Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда.

He бетімізді айтамыз Болашаққа? Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар, Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,

Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!

...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады, Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
Идеясы


  1. Өлең шумақтары негізінде қарапайым жоспар құрыңыз. 1)

2)

3)


  1. Идея мен жоспар бойынша автор ойына қатысты өз пікіріңізді «ПТМС формуласы» негізінде түсіндіріңіз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»;

Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: …»;

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын:…»; Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: ...».

Дескриптор

Білім алушы:




  • мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді;

  • - жоспар құрады;

  • ақпараттарды негізге ала отырып, өз пікірін білдіреді.




Оқу мақсаты




9.2.2.1. Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты

сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу



Бағалау критерийі




Білім алушы:

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу этикеті формаларын қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Жағдаятқа байланысты жұбыңызбен диалог құрыңыз. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз, сөйлеу этикетін ескеріңіз.



Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: қош келдіңіз, өтінемін, жолыңыз болсын, көмектесіп жіберіңіз, көмегіңізге рақмет, алғысым шексіз, оқасы жоқ, т.б.
Жағдаят: Сіз отбасыңызбен Түркияға жолға аттандыңыз. Ұшақта жаныңызда отырған шетелдік жолаушының өзге тілде айтқан сөзін түсінбедіңіз. Сіз стюардессаны шақырып, көмек сұрадыңыз.

Дескриптор

Білім алушы:




  • жағдаят негізінде диалог құрастырады;

  • сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

  • сөйлеу этикеті формаларын ескереді.

Оқу мақсаты




9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, нұсқаулық жазу



Бағалау критерийі




Білім алушы:

  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай нұсқаулық жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Жанрлық ерекшелігін сақтап, стюардессаның лауазымдық қызметі туралы нұсқаулық жазыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз.


Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды.

2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін.

Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу. Стюардесса мамандығы сізден өз-өзіңізді басқара алу, қарым-қатынас орнату шеберлігіңізді, төзім мен шексіз шыдамдылықты талап етеді. Есесіне жоғары жалақы, ел-жер көру мүмкіндігі және өзіңіз бен отбасыңызға әлеуметтік жеңілдік сияқты көптеген жағымды жақтары бар.



Дескриптор


Білім алушы:




  • стильдік ерекшелікті сақтайды;

  • нұсқаулық жазу талабын ескереді;

  • мәтіндегі ақпараттарды қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет