«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата03.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#183556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОШ СОР Казахский язык ЕМН 10 класс каз
Тесты по Хирургии на ГАК 5 курса, 2012 physics 8-10classes 1tour solutions
бойынша жиынтық бағалау 
Оқу мақсаты 
10.1.3.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) 
талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық 
мәселелермен байланыстыру 
10.4.2.1 Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас 
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу 
мәнеріне сай қолдану 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын 
ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады 

Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті 
сөйлеу мәнеріне сай қолданады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
Орындау уақыты 
15-20 минут
 
 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. 
 
Елбасы: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» 
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық 
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен 
айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет 
басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» 
атты мақаласында жазды.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның 
екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық 
болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат 
құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды 
әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда 
болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс 
жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда», - деді 
ол.
Кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам жең ұшынан 
жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейтіндігіне тоқталып өткен елбасы, жершілдік 
мәселесіне де назар аударып өтті:
«Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да 
маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте 
болмайды. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы 
жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан 
бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, 
ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін 
ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». 



1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет