Қазақ тілі сабағына инновациялық жаңа технологияларды енгізу к. С. Тулеутаева «№132 орта мектебі»



бет6/14
Дата08.09.2017
өлшемі2,31 Mb.
#30474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жиренше туралы қосымша мәлімет:

Жиренше шешен (XV ғ.) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз–Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шғармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді.Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.

Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар.Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Соңғы екі жолдың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын таратып айтқызу.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.


  • Балалар, қазақ тарихында Жиренше шешен секілді ұлы тұлғалар

көптеп кездеседі. Солардың бірі де бірегейі - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаев.

352-жаттығу.



КУБИЗМ стратегиясы бойынша талдау жасау.

Куб 3

Мәтінді оқыңыз.

Орыстар үшін Пушкин қандай болса, ағылшындар үшін Шекспир

қандай болса, грузиндер үшін Руставели қандай болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесі жоқ ғажайып құбылыс... Әр халықтың ұлы ақындарының туындылары әрқашан бүкіл адамзат мәдениетінің бөлінбес бір бөлшегіне айналады; ерте болсын, кеш болсын, ортақ игілікке жарап, барлық халықтың жүрегіне жол табады. Кемеңгер қазақ – Абай поэзиясының тағдыры да осындай.Ол жалғыз қазақтар ғана емес, бүкіл адам көретін және ұзақ уақыт көрет беретін Алатау секілді: ол қыста да, жазда да – барлық уақытта да мәңгі жасыл болып жайнап тұра береді. ...Абай – қазақ халқының және бүкіл адамзаттың ұлы. (Қ.Кулиев)




Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет