Тарихи жадының сақталуы тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде. «Мәдени мұра»



бет1/3
Дата22.12.2021
өлшемі37,82 Kb.
#127458
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
тарих12


Тарихи жадының сақталуы - тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде.

1.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:



  1. ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;

  2. археологиялық зерттеулер;

  3. қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

  4. ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

Облыс кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:

  • «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;

  • Мәдени–әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;

  • Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;

  • Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;

  • Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;

  • Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;

  • Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу.

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.

Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.

Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай». Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады



2.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы.

Ислам діні мен мәдениетінің қазақ жеріне келуі мен орнығуы рухани өркендеуге жол ашты. Ислам діні мен руханиятын қабылдаған түркі халықтары ислам мәдениеті мен ғылымына өз үлестерін қосты. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтары арабтық ассимиляцияға ұшырамай, төлтума тілі мен әдебиетін өркендетіп, әлемге әйгілі болды. Түркі тілі мен әдебиетінің, түркі философиясы мен руханиятының дамыған кезеңі ислам діні мен мәдениетінің кең қанат жаюымен етене байланысты. Ежелгі түркілер ислам діні мен ілімін қабылдағаннан кейін түркі әлемінде өрлеу байқалып, ортағасырлық мұсылмандық ренессанс атауына ие болды.

Тарихы тереңде жатқан халқымыздың орта ғасырлық тарихы мен мәдениеті ислам діні мен мәдениеті негізінде дамыды. Орта ғасырлық қазақ жеріндегі Отырар, Кедер, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Жент, Баласағұн, Сайрам-Исфиджаб, Тараз, Меркі қалалары мәдениет пен ғылым ордалары болды. Орта ғасырлық ойшылдар өз шығармаларында ислам ілімі мен ғылымының мәселелерін көтерді.   

  Ислам өркениеті мен мәдениетінің ірі орталықтары болған Тараз, Отырар, Сығанақ, Түркістан, Сайрам қалаларында мешіттер мен медреселердің жанында ірі кітапхана қорлары болды. Бұл кітапханаларда  дін ғылымы, философия, әдебиет, жаратылыстану ғылымдарының көрнекті майталмандары қолжазбаларды шығарумен айналысты. Бұл қолжазбалар мен кітаптар ислам дінінің ілімдік негіздері, дін тарихы, пайғамбарлар өмірі, хадис ілімі және мұсылмандық шарттар, ислам ахлағы, діни аңыздар мен хикаялар туралы баяндайтын. Бұл жәдігерлер ел арасында қолдан қолға өтіп, таралып отырған. Мешіттер жанындағы медреселер білім мен ғылым ордасы ретінде қызмет етіп, халықтың рухани сұраныстарын өтеумен қатар, білім мен ғылымның дамуына да үлес қосты.

Орта ғасырда қазақ даласынан шыққан ғұламалар Әл-Фараби мұралары, Махмұт Қашқаридің «Диуани лүғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Құтты білік»), Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» («Хикметтер жинағы»), Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди», «Жаһан-наме» еңбектері, Ахмед Йүгінекидің «Хибат-ул Хақаиқ» («Ақиқат сыйы»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы», Хусам ад-Дин Сығанақи еңбектері ислам мәдениеті аясында жазылған жәдігерлер. Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. 960 жылы Қарахан мемлекетінің ресми діні ислам болып жарияланды. Қарахандықтар дәуірінде қала мәдениеті дамып, мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Әулие Ата, Айша Бибі кесенелері, мешіттер мен медреселер, кітапханалар Қарахан мемлекетіндегі рухани-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын дәлелдейді. 

Орта ғасырларда қазақ елі мұсылмандық мәдениеттің аясында дамып, есімдері әлемге белгілі ойшылдар мен ғалымдарды тарих сахнасына шығарды. Араб халифаты аясындағы сан түрлі тілде сөйлейтін және алуан түрлі мәдени ұстанымдағы халықтарды біріктерген ислам мәдениеті ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің үлгісіне айналды. Орта ғасырлық мұсылман мәдениеті мен философиясы, ғылымы мен өнері түркі, араб, парсы тілдес сан алуан халықтардың жасаған ортақ еңбегінің нәтижесінде әлем мәдениетінің алтын қорына айналды.

Ислам діни сенімі және ислам құндылықтарының қазақ даласына енуі қазақ мәдениеті мен әдебиетіне Құран Кәрім  қиссалары мен араб әдебиетінің үлгілері де ене бастады. Ортақ рухани құндылықтар негізінде мұсылмандық шығыс мәдениетінің жәдігерлері қазақ мәдениеті мен әдебиетіне ауызша аңыз-дастандар жолымен, яғни, жыраулар мен термешілердің қызметі арқасында, екіншіден, қолжазбалық түрде тарала бастады. 

Ислам діні түркі халықтарының тілі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының, дүниетанымдық ерекшеліктерінің сақталып, дамуына кедергі келтірмеді. Түркі ойшылдарының шығармашылық ізденістерінің негізгі арқауы бұл – ислам мәдениеті мен құндылықтары болып табылады. Өйткені түркі ойшылдарының өмірі мен шығармашылық қызметі ислам мәдениеті мен өркениетінің аясында өрбіді. 

Ислам дінінің негізгі ұстанымдары рухани құндылықтар жүйесі түркі ойшылдарының дүниетанымында нақтыланып, заманына сай бедерленеді. Түркі ойшылдары өз заманының перзенттері болғандықтан, өздері өмір сүрген қоғамның құндылықтарын шығармаларында айқындап отырды.

Қазақ даласындағы ғылым, мәдениет, руханият орталығының әйгілісі Отырар (Фараб) қаласы болды. «Отырардың еліміздің әдеби, мәдени, ғылыми, діни-руханият, тіпті сауда-экономика саласындағы да орны мен рөлі алабөтен еді».  

Отырар – ұлттық мәдениеттің, әріден тарқатсақ ислам өркениетінің рухани, мәдени, ғылыми орталығы. Отырар қаласынан табылған тарихи, мәдени жәдігерлер Арыс өзенінің Сырдарияға құятын тұсында сауда-саттық дамыған, бай кітапханасы бар, ғылым мен руханият орталығына айналған Отырар өркениеті қалыптасқанын байқаймыз. Отырар қаласының ұлт тарихы мен ұлт мәдениетіндегі орны ерекше. Отырар және оның маңындағы қалалары табылған археологиялық қазба байлықтары осы алқаптың сол заманның ғылыми мәдени жетістіктерін игерумен қатар, адамзат өркениеті үшін жетпес үлес қосқан ғылым мен руханияттың түрлі салаларында жемісті еңбек еткен ғылымдар шыққандығының айғағы. Ортағасырлық көне жазбаларда Отырар қаласы туралы деректер кездеседі. VIII ғасырдан бастап ежелгі Қазақ топырағына ислам діні мен ғылымы, рухани құндылықтары келуімен, далада ғылым мен руханият орталықтары Отырар, Оқсыз, Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз, Баласағұн т.б. шаһарлары қазақ жерінің ортағасырлық мұсылмандық мәдениет пен ғылымның дамуына қосқан өзіндік орны болғандығын дәлелдейді.

Әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және т.б. мұралары бүкіл ғалам мен адамды жаратушы Аллаһқа деген махаббат пен ғибадатты, рухани жетілуді насихаттаған туындылар. Аталған ойшылдар исламның діни-этикалық құндылықтарын түркі халықтарына түркілік дүниетаным мен ділдік ерекшеліктеріне сәйкес таратқан. Орта ғасырлық түркі ойшылдары дүниетанымдық ізденістерінде Құран құндылығы мен даналығын, білім мен ғылымды, әдептілік пен әділеттілікті, ізгілік пен мейірімділікті насихаттаған еңбектерінде үйлесімді түрде көрсеткен.

Орта ғасырлық мұсылман философтары ислам дінін білім мен ақыл-парасат негізінде, ғылыми тұрғыда түсініп, пайымдаған. Мұсылман ойшылдары мен ғалымдары ислами дүниетаным негізінде ғылыми ізденістер жүргізді. Ислам мұсылмандық философияның мәйегі. Араб тілінде берілген қасиетті Құран Кәрім ислам әлемі ойшылдары мен ғалымдарының шығармашылық және дүниетанымдық көзқарастарының түпкі қайнар бастауы болды.

Исламның монотеизмі мен гуманизмі, өміршең идеясы әлемдік мәдениеттің өркендеуіне зор ықпал етті. Орта ғасырлық араб тілді философияның сол дәуірдің және кейінгі замандардағы рухани және материалдық мәдениеттің, әсіресе ислами ой-сананың дамуында өзіндік орны бар.

Отырардан шыққан тоғызға жуық Фарабилердің ішіндегі жарық жұлдызы – Әбу Насыр әл-Фараби (толық аты - Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түрки, 870-950) – Отырар қаласының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы) жанындағы Оқсыз (Уасидж) қаласында туып өскен. Бүгінгі таңда Әл-Фарабидің мұрасы жүйелі зерттеліп, ана тілімізде жарық көруде. Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық, математикалық, ғылыми жаратылыстану, музыка саласындағы еңбектерін қазақстандық фарабтанушы ғалымдар зерттеуде. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы мұсылмандық философия ғана емес, Еуропадағы ортағасырлық және кейінгі философиялық ой-сананың өрлеуіне зор ықпал етті. Ислам өркениеті аясында араб, парсы, түркі жұртының өкілдері жемісті еңбек етіп, мұсылмандық философия мен мәдениеттің озық туындыларын дүниеге әкелді. Әл-Фарабидің мұрасы ислам өркениеті мен түркі дүниесіне ортақ рухани мұра.

Әл-Фарабидің туған жері – Отырар өркениеті ежелгі сақ-үйсін дәуірінен бастап әлеуметтік және мәдени дамудың аймағы болған. Отырар қаласы және оның аймақтары қалалық және көшпелі өркениеттердің өзара тоғысқан жері болды. Себебі, ислам діні қалалық мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. «Мәдениет» сөзінің түп-төркіні «қалалық» деген мағынаны береді.

Ислам діні түрлі халықтарды бір мәдениет аясына біріктірді. Ислам діні – аймақтарда араб тілі, дін, мәдениет және ғылым тілі ретінде. Қалалар мен елді мекендерде мешіттер мен медреселер салынып, қол жазба әдебиеті орнығып, поэзия мен ғылым, музыка, қолөнер, қолданбалы ислам ғылымы қанат жайды. Шығыс пен батыс арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынастың дамуына Жібек жолы елеулі рөл атқарды.

Отырарлық Әбу Насыр әл-Фараби діннің өмір мәнділік мағынасы туралы былайша сөз қозғайды. «Дін дегеніміз жаратушының ықыласынан туған пиғыл мен қимыл. Діннің жәрдемімен барлығымыз өзіміздің түпкілікті мақсатымызға жетеміз».

Отырарлық ойшылдың дүниетанымы исламдағы таухид концепциясын көрсетеді. «Ол – бір, жалғыз, мәні жағынан бөлінбейді», – деп, Аллаһтың бірлігі мен жалғыздығы туралы пайымдайды. 

Әл-Фараби алғашқы себеп туралы «Бастапқы мән – бұл адам еркі және таңдауынан тәуелсіз, пайда болатын болмыс» деп, Жаратушының алғашқы себеп екендігін ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес екендігін көрсетеді . Құранда: «Әй, адам баласы! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Аллаһ ешнәрсеге мұқтаж емес, өте мақтаулы» [Фатыр, 15]. Ойшыл Жаратушының болмысын барлық жаратылыстың болмысы арқылы дәлелдейді. Аллаһ дәлелді керек етпейтін бастапқы себепші. Жаратушы бүкіл тілектерден жоғары. Жаратушы барлық нәрсеге ие. «Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі». [Бұрхан, 252]. Отырарлық ұстаз жаратушының бірлігіне шек келтірмейді. Аллаһ болмыс пен алуан түрлі әлемнің алғашқы себебі.

Ислам ілімі бойынша, Жаратушының сипаттары еш нәрсені жаратпастан бұрын бар болған. Жаратушының сипаттары мәңгі-бақи. Жаратушының зати (Аллаһқа тән сипаттар) және субути (Аллаһтың ісіне қатысты сипаттар) сипаттары тән. Мұсылман ілімінде Жаратушыға иман еткен адам Жаратушының затына тән кәміл сипаттарына сеніп, оның пәктігін мойындау керек. Адам баласы Аллаһтың тек көркем есімдері мен сипаттары тұрғысынан танып біледі. Діни қағидада адамның шектеулі ақылы шексіз, құдіретті Аллаһты тани алмайды. Құранда Аллаһтың әу бастан барлығы туралы, яғни, Оның бастауы жоқ екендігі туралы айтылады. «Ол Аллаһ әуелгі әрі соңғы, Ол ашық (дәлелдермен білінеді), әрі ақыл жетпес құпия» [Хадид, 3]. Әл-Фараби діни «Діни ілім» еңбегінде былай дейді: «Ол – бірінші нәрсе, яғни, Ол – дүниенің бастауы».

Мұсылмандық Шығыс ойшылдарының философиялық және саяси әлеуметтік ойы, тәлім – тәрбиелік, дүниетанымдық бағдарларының бір бастауы Құран-Кәрім мен Хадис–Шәріптерде жатыр. Жаратушы мен адамның арақатынасын, Жаратушының болмысы мен сипаттары, адамның өмірі мен тағдыры, дін мен философия, сенім мен білім арақатынасы, мемлекеттік құрылым мен билік мәселелерін, көркем мінезділік пен әдеп мәселесін философиялық және діни-философиялық, әрі теологиялық тұрғыдан зерттеу ислам философтарының шығармашылықтарына ортақ.

Орта ғасырлық мұсылман философтары ислам философиясының негіздері мен ұстанымдарын өркениеттік тұрғыдан жүйелеп берді. Әбу Насыр әл-Фараби философия, логика, музыка, дін, саясат жайлы құнды еңбектер жазған. Отырарлық ғұлама ұстаз Мешһед, Исфахан, Бағдат, Шам, Каир сынды сол уақытта Ислам ғылымы мен мәдениетінің орталықтары болып саналатын қалаларда болып білімін жетілдірді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесінде дін мен оның құндылықтары өзіндік орын алады. Әл-Фараби дүниетанымында дін ойлаудың нақты әдісі және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегі және адамдардың ахлақтық, құқықтық қарым-қатынасын реттеуші жүйе ретінде қарастырылады.

Әл-Фарабидің пайымдауынша, «дін – бәрі үшін алғашқы басшы алдын-ала айқындалған көзқарас және іс-қимыл». Отырарлық ойшылдардың пайымдауынша, дін адамзат үшін басшылыққа алатын дүниекөзқарас және іс-әрекет жүйесі. Фараби діни құндылықтарда адамның рухани дүниесі мен әдептерін қалыптастыратын күш-қуат көзі бар екендігін және дін бақыт пен игілікке жетудің бір құралы болатындығын атап көрсетеді. Құранда: «Аллаһтың саған сыйлаған нәрселері арқылы ақырет жұртын құмарт. Сондай-ақ, дүниеден алар үлесіңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық қылғандай, сен де жақсылық қыл және жер бетінде бұзықтық тілеме. Өйткені, Аллаһ бұзақыларды жақсы көрмейді» делінген [Әл-Қасас, 77].

Әл-Фараби діннің негізінде ізгі мазмұн мен ибалы мән айшықталғандығы және дін мен бақыттың үйлесімділігі, бұл ізгі дін болатындығын болжайды.

Әл-Фараби философия мен дінді адамның дүниедегі болмыс тәсілдері ретінде анықтайды. Философия (фәлсәфа) деп әл-Фараби тек даналықты (хиқма), «Жалпы туралы» ғылымды ғана түсінбейді, оны өмір сүру тәсілі, адамды өзінің адами мәнін түсінуіне жеткізіп қана қоймай, осы тәсілдің арқасында сол нағыз мәнге айналдыратын тәсіл ретінде түсінеді. Дінді де ол дүниедегі болмыс тәсілі деп, ақиқат жолға бастайтын тәсіл деп түсінді. 

«Әбу Насыр өзінің «Философияның дінге қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Аллаһ үшін...» деген сөздермен бастауы да кездейсоқ емес. Көп жағдайда оның құран мәтіндеріне назар аударуы, бұл үзінділерді түсіндіруі өзінің тұлғалык позициясы мен өзінің түсінуі тұрғысынан және сонымен бірге құран сөздерін логикалық пайымдау тұрғысынан жүзеге асады. Сол арқылы философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс екендігін және дүниедегінің бәрін түсіндіруге болатынын көрсетеді. 

Нағыз ислам философы ретінде әл-Фараби Мұхамед пайғамбардың миссиясын, оның Алла жөніндегі танымын мойындайды. Аллаға, Періштелерге, Қасиетті кітаптарға, Пайғамбарларға, Ақыр заман күніне, тағдырға сену сияқты Ислам ілімінің барлық алты белгісі әл-Фараби трактаттарында тура болмаса да өзінше бір ерекше түрде түйінделген.

Әл-Фараби Қайырымды қалада періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен елестеуі туралы бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Исламның негізгі үшінші бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы бөліп алып қарастырмайды, дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік бар.

Пайғамбарларға сенім немесе исламның төртінші бөлімі әл-Фарабидің әділетті әкім туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Сенімнің төртінші тармағы бойынша мұсылман барлық пайғамбарлардың ақиқаттығына сену керек. Құранда Адам, Ыдырыс, Нух, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб, Шуэйб, Мұса, Харун, Зуль-Кифль, Дәуід, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса, Мұхаммед сияқты есімдер айтылады. Құранда дінге сенушілердің атасы Авраам және ол мұсылман деп көрсетіледі. 

Құран сүрелерінде көрсетілген пайғамбарлар жөніндегі ілім монотеистік діндердің сабақтастығын ғана айтып қоймайды, адамзаттың шығу тегінің бір екендігі идеясына алып келеді. Әбу Насыр ханиф, елші деген сөздерді қолданбайды, бірақ имам, пайғамбар түсініктерін жиі пайдаланады. Сонымен бірге Қайырымды қала, Бақытқа қол жеткізу еңбектерінде пайғамбарлық жөніндегі мәселелерді алға тартады.

Сенімнің бесінші тармағы Ақыр заман күніне илану Әбу Насыр философиясында өзінше бір келбетте көрінеді. Жалпы Ақыр заман жөніндегі ілім Құранда жазылған мінез-құлық нормаларымен байланысты. «Оның қашан болатыны жайлы білім тек қана Раббымның жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре алмайды» [«Ағраф» сүресі]. Бұл туралы ұғымын Әл-Фараби өзінің Қайырымды қаласында өлгеннен кейін қайырымды қала тұрғындарының жандары бір-бірімен қауышады, ал адасқан және надан қала тұрғындарының жаны өлген соң ыдырап, ажырап кетеді деген идеяны ұстанғанды айқындайды.

 Сенімнің бесінші бөліміне байланысты тәртіптің діни және мінез-құлықтық ережелері әл-Фарабидің барлық философиялық саяси трактаттарында дәлелденген. Сонымен бірге хадистердегі «мумин» түсінігіне Әбу Насырдың Қайырымды адам бейнесі өте жақын. Сенімнің алтыншы белгісі – Тағдырға немесе қайырымдылық пен қатігездіктің Алла бұйырған шарттылығына сену. 

Ол жөнінде «...араларыңда өлімді біз белгілеп, тағайындадық...» [«Уақиға» сүресі] деген Құран сүрелері бәрімізге мәлім. Ұлы ойшыл теологиялық пайымға тән дәлдіктен алшақтай отырып, даналық негіздерінде Қасиетті кітаптан алынған «Жайдан-жай бір тал жапырақ та ағаштан түспейді» деген мысал келтіреді. Айтылғандардың барлығы ислам ілімі мен Фараби мұраларының төркіндес болып келетінін айғақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет