Азаматтарға медицина қашан қолжетімді болады?


Махаббат Еспенова, модератор



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,51 Mb.
#6934
1   2   3

Махаббат Еспенова, модератор: Ал салауатты өмір салты орталығы ше?

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Салауатты өмір салты орталықтары қазір қолға алып жатыр, емханаларда штаттық кестеде жауапты тұлғалар бар. Олар емханаларда іс-шаралар өткізеді. Ал тұрғындармен, тек дәрігерлер ғана айналысуы тиіс емес, бұған бәрі де, барлық жүйелер ат салысуы тиіс. 

Махаббат Еспенова, модератор: Ал оны қалай жасау керек? Білім беру жүйесі қосылу керек, солай ма?

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Мысалы, әкімдік белгілі бір жағдай жасау керек. Мысалы, қант диабетінің алдын алу, жүрек-тамыр ауруларының алдын алу, артериалды гипертензияның алдын алу. Бұл тек дәрігерлердің қолында тұрған нәрсе емес. Өткен жылы біз Финляндияда болдық. Аталмыш аурулар пайда болмас үшін олар тұрғындармен көп жұмыс жүргізеді. Тұрғындармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар, нұсқаушылар, арнайы топтар бар. Оларды әдейі оқытады. Адамдардың санасы бұл ауруларға жол бермеу керек.  

Махаббат Еспенова, модератор: Тұрғындар өз денсаулығына қарау үшін дәл қазір бірдеңе істеуге бола ма? Тұрғындарды бұған қалай көндіруге, қалай итермелеуге болады?

Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Мемлекеттік секторда бүгін ғана талқылағанбыз. Жалпы, мемлекеттік қызметте жаңа реформа болады, жаңа заң қабылданады. Біз қызметкерлерді басқару бойынша үздік әдістері бар алдыңғы қатарлы елдер – Жапония, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Сингапурдың тәжірибелерін пайдаланып отырмыз. Жапониядағы мемлекеттік секторда қолданылатын ерекше әдістердің бірі – егер мемлекеттік қызметкер, жыл бойы ауырмай, денсаулығына байланысты демалысқа шықпаса, оған жылдың соңында үш есе бонус береді. Мұндағы мақсат – оны өз денсаулығына қарауға, спортпен айналысуға, дұрыс тамақтануға итермелеу. Егер біз осындай ұстанымды қолданатын болсақ…

Махаббат Еспенова, модератор: Бұл мемлекеттік шенеуніктер үшін ғой, ал жеке меншік немесе коммерциялық емес секторда қалай болмақ? Не істеу керек?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Менің айтқым келетіні, сіз білесіз бе, біздің адамдар өз денсаулығына салғырт қарайды, себебі бізде медицина үнемі тегін болып келді. Батыста адамдар өз денсаулығына неге қатты мән береді деп ойлайсыз? Себебі емделу өте қымбат. Егер сен ауырып қалсаң, Америкада сен тақырға отырасың. Медициналық қызметтің мен айтқан тұсы құнсызданып кеткен. Мен келдім, мені дәрігер қабылдауы керек деп, біз барлығымыз сервистік қырларын айтып жатырмыз. Бұл қызмет көрсету сияқты. Денсаулық – ол біздің жеке құндылығымыз. Адамдар емделу үшін ақы төлей бастамай, олар денсаулығына қарап, ауырмаудың қамын жасамайды.

Махаббат Еспенова, модератор: Жаңа ғана мен бірнеше дүниелерді естідім. Біріншісі, бізде қалыптасқан түсінік бойынша қызметті алып, бірақ оған ештеңе төлемеуге дағдыланғанбыз, өйткені денсаулық сақтау жүйесі міндетті. Тұрғындардың осы менталитетін өзгертіп, өз денсаулығы үшін әркім өзі жауап беретіндей ету үшін бірдеңе жасау керек. Екіншісі, қазір біздегі денсаулық сақтау жүйесінде қаржы жетіспей отыр. Осыған орай, тұрғындарға жақсы болу үшін кейбір жағдайларды өзгертетін жаңа заң қабылданбақшы. Әзірше естігенім осы екеуі. Осы жерде сөз алғысы келіп отырған тағы бір сарапшымыз бар, мәрхаба.

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Алдын алу жөнінде айтайын дегенмін. Айтқым келетіні, қазіргі таңда, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі, жалпы барша медицина аурудың алдын алуға бағыттылған. Бұл үрдіс, ең алдымен, соңғы 10-15 жыл шамасында соңғы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жақсы байқалады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында да алдын алу шараларына көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңдағы алдын алу деген не? Бұл, сіз айтқандай, ең бірінші орында тұрған – салауатты өмір салты. Бұның бастапқысы: әрбір аймақта, әрбір емханада, әрбір ауруханада жастар денсаулық орталығы бар. Салауатты өмір салты кабинеттері бар. Сол жерге емделушілер келіп, әңгімелеседі, орта медициналық қызметкер, дәрігер түсіндіреді, сөйлеседі. Қайда барсам да, тіпті, аймақтардағы емханаларда да буклеттер ілініп тұрады. Бұл дегеніміз осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Айтқым келген екінші бір нәрсе, 10 жылдан астам уақыт болды, бізде ұлттық скрининг бағдарламасы іске асырылып келеді. Жылма-жыл скринингтер ұлғайып келеді. Егер одан арғы жылы бізде жеті скрининг бағдарламасы болса, биылғы жылы осы скринингтер бойынша нормативтік-құқықтық акт әзірлеп, онкологиялық аурулар бойынша тағы да төртеуін қостық. Алдыңғысында, өздеріңіз білесіздер, мынадай мақсатты топтар болған еді: жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бойынша скрининг, қант диабеті, глаукома, онкологиялық аурулар бойынша скринингтер. Бұл өте ауқымды жұмыс. Сонымен қатар, басты негізгі мәселелердің бірі - демография. Біздегі медициналық мекемелер отбасын жоспарлау кабинеттерін көбейтті. Естеріңізге түсіріңіздерші, жиырма жыл бұрын мұндай кабинеттер бізде өте аз болатын. Дәрігер кабинетінде отырып алып, әйелмен әңгіме жүргізе беретін. Қазір біздің әйелдеріміз қырық жастан кейін де бала туып жатыр. Бүгінгі таңда, бізде экстракорпоралді ұрықтандыру бағдарламасы жандана түсті, бұған мемлекет өте көп қаржы құюда. Сондай-ақ ауруларды оқытады. Бұл жерде, ең бастысы, бұлар – созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына сәйкес, отбасын, оның мүшелерін ұстамды болуға, өзіне және өзара көмек көрсетуге үйрететін мектептер. Сондықтан, қазіргі таңда үлкен жұмыстар жасалуда деп айта аламын. Бүгінгі күні, басымдық тек дәрігер мен учаскелік дәрігерге ғана емес, сондай-ақ орта медицина қызметкерлеріне де беріліп отыр. Қазір бір учаскелік дәрігердің қарамағында 2-3 орта медқызметкер бар. Біреуі дәрігермен қабылдауда отырады, ал енді біреуі үйлерді аралайды, яғни әйелдерді, балаларды үйіне барып тексереді. Бұл да өзінше алдын алу болып табылады. Ал үшінші орта қызметкер диспансерлеумен, сауықтырумен айналысады, диабет мектептерінде, салауатты өмір салты мектептерінде әңгіме жүргізіп, сабақ береді. Үлкен жұмыс жүріп жатыр деп тағы да айта аламын. Әрине, біз жетілдіріп жатырмыз, қазір біз басқа 2020 жылға дейінгі «Денсаулық» бағдарламасына дайындық үстіндеміз.

Махаббат Еспенова, модератор: Менің көкейімде бірден бірнеше сұрақ туындады. Иә, скринингтік бағдарламалар бар. Осы мақсатта қанша қаржы жұмсалып жатқанын, әсіресе, онкологиялық ауруларды анықтағанда қалай көп жұмсалатынын елестете аламын. Есімде болса, скринингтік бағдарламаларды осыдан алыт жыл бұрын бастаған болатын. Содан бері алты жыл өтті. Осы скринингтік бағдарламалардың тиімділігі қаншалықты екенін қазір бағалай аламыз ба? Яғни асқынған онкологиялық аурулардың деңгейі төмендеді ме әлде сүт безі ісігін бастапқы кезінен анықтау деңгейі артты ма? Мұндай көрсеткіштер бар ма әлде жоқ па? Бұл бір. Екінші. Скринингтер болып жатыр, өз таныстарымнан білетінім, олар да жұмыс уақытында жүргізіледі, ал жұмыстан сені осы скрининг үшін ешкім жібермейді. Емханаларда мамандар сенбі күндері де сол уақытта отырады, сол скрининг, ал бірақ сенбі күні де ешкім келмейді. Ал ол дәрігер болса, бір шақыртуларға бармайды, өйткені скрининг болып жатыр, керемет. Мүмкін осы скринингтерді тұрғындардың көп бөлігіне қолайлы уақытта өткізген жөн болмас па еді? Мен кез келген уақытта келе алатын үйде отырған әйелдер туралы айтып отырған жоқпын, жұмысбасты тұрғындар, әсіресе, ауру пайда болу қаупі шынымен жоғары өндірістегі жұмыскерлер туралы айтып отырмын. Бұл бір сұрағым. Үшінші. СӨС 15 жыл жұмыс істеп келеді. 15 жылдан бері СӨС осыншама қаражат жұмсады, нәтижесі мынау деген қандай-да бір есеп бар ма? Бағалау маманы ретінде, маған қызық. Егер біз инвесторлар ретінде бір нәрсеге ақша құйсақ, 5 жылдан соң денсаулық парақтарының саны, дәрілерді сатып алу азайғанын көргім келеді. Қандай-да бір есеп, қорытындылар бар ма? Егер бізде скринингтік бағдарламалар жүргізіліп жатса, басқа да көптеген шаралар өткізіліп, оқулар ұйымдастырылып жатса, онда неге дәрігерлердің дайындығының нашарлығына, білім беруге байланысты шағымдар толастамай тұр? Бұл немен байланысты? Не істеуге болады? Осындай жағдайларда тұрғындар қайда барып, қандай іс-әрекет жасау қажет? Мен сұрақтарды түйдектетіп жібердім. Барлығын жеке-жеке қарастырайық. СӨС, скринингтік бағдарламалар не істеді дегенге қатысты зерттеулер бар ма? Нәтиже бар ма?

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Өткен жылдың қорытындысы бойынша анықтау деңгейі артты, ол анық.

Махаббат Еспенова, модератор: Сіз онкологиялық ауруларды айтып отырсыз ба?

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Тек қана оны емес, басқа да ауруларды айтамын. Үлкен талдау жасалды. Осы ауруларды анықтау, емдеу барысы, диспансерлеу бойынша жасаймыз, мұны бір жылға немесе екі жылға қарап жасай алмаймыз, талдауды 5 жылға жасаймыз. Ол жерде аздап азайғанын байқап отырмыз. Әрине, оқытып жатырмыз, ғылыми-зерттеу жобалары жасап, мемлекеттік тапсырысты орындаудамыз, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізудеміз. Сондықтан бұл бойынша да үлкен жұмыс жасалуда. Талдау жасалып жатыр. Алайда уақыт керек. 

Махаббат Еспенова, модератор: Міне уақыт өтті. Скринингті алайық. 6 жыл өтті. 6 жыл ішінде кез келген маман кез келген әсерді бағалай алады.

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Анықтау көрсеткіші жақсарды. Жалпы Республика бойынша анықтау артты, бұл анық. Дәрігерлер қабылдау мен скринингті бір мезгілде жүргізеді дейсіз. Бізде скрининг кабинетінде отыратын орта медицина қызметкері бар. Міне, олар да адамдарды шақырып, іріктеумен айналысады. Әлбетте, бізде арнайы мақсатты топтар бар. Глаукоманы немесе қант диабетін анықтау үшін арнайы жастағылар көзделген, мысалы 44, 46, 47 жастағылар. Ол өзіне қарасты аймақытың тұрғындарын жақсы біледі, сосын оларды іріктейді де, қабылдауға шақырып, скрининг өткізеді. Яғни әйтеуір, Астанада бұл механизм тәжірибеден өткен. Әрине, төмендеу болады. Біз биыл скрининг бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгіздік. Біз бұрын мақсатты топ ретінде 25 жастағыларды алғанбыз, бірақ талдау жүргізгенде, олар өте аз екені белгілі болып, біз жасын ұлғайттық. Яғни біз талдау жүргіземіз, соған қарап нормативтік-құқықтық базаны өзгертеміз.

Махаббат Еспенова, модератор: Тағы да сұрағым, салауатты өмір салты орталығы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді, үкіметтік емес ұйымдар бар, мемлекеттік тапсырыспен бөлінеді, флешмобтар өткізіледі. Міне осының бәрі халықты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Денсаулыққа жауапкершілік осыншама артты деп қазір есептеп айтуға бол ма?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Мен тағы да таяқ жермін, бірақ айтайын. Біз ерікті медициналық сақтандыруда болғандықтан, бізде корпоративтік клиенттер, біздің бағдарламаларда тұрғындарды дәрігерлік тексерістен өткізу қарастырылған. Міне, мен сіздерге айтайын, нарықта жұмыс істеп, дәрігерлік тексерістер өткізген осы 7 жылдың ішінде өкпе құрты ауруына шалдыққандар саны артып отыр, әлеуметтік сипаттағы аурулар анықталғандар саны көбейген. Дәрігерлік тексерістен өткізген кезде соңғы уақытта өкпе құрты ауруына шалдыққандар өте көп анықталып отыр. Бұл үлкен мәселе. Бұрын кеңестік кезеңде бізде туберкулез деген болған жоқ. Гепатитпен ауырғандар көп. Жеке меншік сектор тарапынан байқап отырғанымыз, халықтың денсаулығы нашарлап барады. 

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Сіз, кешіріңіз, бұрын туберкулез болмады дегеніңізбен келіспеймін. Туберкулез – бұл әлеуметтік мәні жоғары ауру. Бұрын туберкулезді анықтамайтын. Туберкулез болған. Ал қазір анықтап, емдей бастады. Аталмыш скринингтер не үшін өткізіледі? Бағдарлама ерте бастан анықтауды көздейді. Туберкулез ол үнемі болған.  

Махаббат Еспенова, модератор: Ана ретінде туберкулезға қатысты бір сұрағым бар. Балаларға манту сынамасын жасайды, мен өзім дәрігер болғасын қалай салу керектігін білемін, көбінесе, бала 15 минуттан соң келеді, дұрыс салмағанын, яғни терінің ішіне жібермегенін мен бірден бақылаймын. Сәйкесінше, әсері өте жоғары болады. Мен мектепке барғанда, тубдиспансерге бару керек дейді. Бұл тағы туындайтын мәселе – гипердиагностика немесе теріс диагностика. Естуімше, балаларда туберкулезді ерте кезінен анықтайтын манту сынамасынан басқа, тағы басқа әдістері бар екен. Солай ма әлде жоқ па? Егер бар болса, ол әдіс халық арасында қолданылатын бола ма әлде жоқ па? Өйткені егер мені аналар тыңдап отырса, көбі менімен келісер еді, өйткені бұл мәселе мектептегілердің барлығын ойландырады. 1-4 сыныптар – бұл жерде өте қиын, оның ішінде Астана қаласында да. 

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Манту салғанда кейбіреулеріне әсері өте қатты болады немесе аллергиялық әсері болады. Кез келген дәрінің әсері болады. Мұның бәрі туберкулез бар дегенді білдірмейді. Сондықтан қазір екінші мәрте диаскинтест жасалады. Егер осыдан кейін туберкулездің дамып жатқаны анықталса, онда сол жағдайда ғана балаларды тексеруден өткізеді. Бұрын қалай болатын, әсері өте қатты болғандардың бәрін фтизиатрға тексеруден өтуге жіберетін.

Махаббат Еспенова, модератор: Кейде балаларға суық тиіп ауырып, енді жазылып келген кезде салып жатады. Міне, осыдан кейін балаға изониазид ішкізеді.

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Манту жасамас бұрын медициналық ауытқуларын қарау керек. Егер медициналық ауытқу болса, салмауы тиіс.

Махаббат Еспенова, модератор: Мен нақты болып жатқан жағдайды өзгеріссіз айтып отырмын. Міне, қазір ойланып отырмын, сарапшылар туберкулезге шалдыққандар саны артып келеді, дәрігерлердің жүктемесі көбейіп жатыр, мемлекеттік қызмет көрсетулер тексеріледі, сондай-ақ біз сол мекеме деңгейінде арыздана аламыз дегенді айтып отыр. Алайда халықтың жағдайы жақсаратын түрі жоқ, себебі медициналық қызмет көрсету сапасын әлі де жақсарту қажет.  

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Міне, мысалы, скринингтар бойынша айтсақ, барлық нозология бойынша жақсы анықтап отыр деп айта алмаймын. Бізде 11 скрининг бар, өте көп скринингтер. Кейбір скрининг түрлері бойынша анықтау көрсеткіші өте төмен.

Махаббат Еспенова, модератор: Ал бұл немен байланысты? Онда мүмкін скрининг форматын емес, басқа бір форматты қолдану керек шығар?

Айша Бестаева, «Демеу» орталығы: Анықтау сапасы олардың бірдеңені білмеуінен немесе бір нәрсе дұрыс болмауынан төмен емес. Меніңше, скринингтер шектен тыс көп сияқты.

Махаббат Еспенова, модератор: Мен дұрыс түсінсем, сіз қазір айтып отырған скринингтер бойынша барлық нозологияға қатысты талдау жасалған жоқ, солай ма? Яғни белгілі бір нозологиялар бойынша жасап, басқа жас мөлшерін анықтадыңыздар, ал кейбір нозологиялар бойынша жүргізілген скринингке талдау жасаған жоқсыздар. Егер ол нәтиже бермесе, мүмкін, оны алып тастау қажет шығар.  

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Сіздер білесіздер ме, соңғы 4 скринингті биыл ғана қостық. Ал жалпы бізде жетеу болған. Бұл 4 скрининг олар тек онкологиялық аурулар бойынша ғана, өйткені бізде онкопатология артып келеді. Сондықтан ол биыл қосымша енгізілді. Сонда осы жылдан бастап 11 скрининг бар.  

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Скринингтер бойынша қосарым бар. Тұрғындар бізде белсенді емес, скринингтерге бармайды. Дәрігерлер хабарлап, шақыруды үзбейді. Тіпті, үйлеріне дейін барады. Әріптесім айтқандай, біреу тегін қамқорлық жасағанға, арттарынан жүгіргенге үйреніп алған. Ең басты жауапкершілік емделушінің мойнында.  

Махаббат Еспенова, модератор: Онда не істеу керек?

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Жұмыс уақытында жіберу үшін теледидар арқылы жақсы үгіт-насихат жүргізіп, марапаттау қажет. Бәрі бірдей сенбі-жексенбі күндері келе алмайды. Сондықтан емделушінің жауапкершілігі жұмыс берушінің де жауапкершілігі. Сонда біздің дәрігерлер бәрінен таяқ жейді, дәрігерлерді жамандайды, дәрігер кінәлі, медбике кінәлі деп шыға келеді. Солай емес пе?

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Білесіздер ме, мен әріптесіммен келісемін, өйткені өз жұмыскерлерін алдын алу дәрігерлік тексерістен өтуге жібермеуі себептердің бірі болып табылады. Осыны ескере отыра, өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі құқықтық-нормативтік акт әзірледі. Бұл ағымдағы жылдың 22 сәуірінде бекітілді, нөмірі 280. «Мемлекеттік медициналық көмектің кепілді көлемі аясында алдын ала дәрігерлік тексерістен өтуге тиіс тұлғаларды аталмыш тексеруден өту үшін жұмыс берушінің жағдай тудыру ережелерін бекіту туралы» деп аталады. Бұл тармақ денсаулықты қорғау және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің бабында қарастырылған. Бұл актіде жұмыс беруші қашан, қалай жағдай туғызуы тиіс, қандай жағдай, жұмыскерді қалай жіберуі керектігі жазылған, бірақ әр жұмыскер өз денсаулығы үшін өзі жауапты болу қажет. Қысқаша айтсам, барлық тұстары осында көрсетілген. Нормативтік акт біздегі кәсіподақ ұйымдарына жіберілді. Қазір барлық аймақтарда осы мәселе бойынша үйлестіру кеңесін өткізу жоспарланып отыр. Яғни бұл мәселенің ауқымы кеңейіп, жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді. Қазір бұл мәселе бақылауда тұр.

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Ал жұмыс беруші жауапты болып табыла ма?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Жұмыс беруші, әсіресе өндіріс саласындағы жұмыс берушілер дәрігерлік тексерістен өткізуге жауапты.  

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Жауапкершілікке қатысты мен сөзімді аяқтаған жоқпын, өйткені сұрақ қойдыңыз. Кодекстің 155 бабына сәйкес жұмыс беруші мемлекеттік медициналық көмектің кепілді көлемі аясында алдын ала дәрігерлік тексерістен өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді. 

Махаббат Еспенова, модератор: Ал егер жұмыс беруші босатпаса, онда жұмыс берушіге бір шара қолданыла ма?

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Қандай-да бір әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма?

Күлайым Біржанова, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департаменті: Бұл тұсы, әрине, нақты реттелмеген, бірақ кодексте жазылған, ендеше сол бойынша жұмыс істеу керек, ал басқаша бірдеңе деу мүмкін емес.  

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Бұл жай жазылып қойған дүние, ал шын мәнінде, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Мысалы, өз жұмыскерлерін бізде сақтандырып отырған жұмыс берушілер жыл сайын осы жұмыскерлерін ұйымдасқан түрде дәрігерлік тексерістен өтуге жіберіп тұрады және жұмыс уақытында жібереді. 

Махаббат Еспенова, модератор: Ләззат, қателессем түзетерсіз, сіздерде негізінен ақшалы компаниялар ғана сақтандырады. Ал Астанада белгілі шағын және орта бизнес, базардан бастап, сауда орталықтарына дейін, олар сіздерде сақтандырмайды ғой. Сіздерде әлеуметтік-жауапты бизнес. Ал осы тапсырманы орындамаған Астанадағы бизнеспен не істейміз? Ешқандай жаза, ешқандай әкімшілік жауапкершілік болмай ма?

Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Жоқ. Бұл тұста еңбек заңнамасында жұмыс берушінің жауапкершілігін нақты ашып көрсету қажет. Қазір әлеуметтік-белсенді немесе саналы жұмыс берушілер ғана өзінің жұмыскері ешкімге зиянын тигізбей нәтижелі жұмыс істеуі үшін, осындай алдын ала дәрігерлік тексерулерден өткізеді. Мысалы, мемлекеттік секторда арнайы емхана бар, сондай-ақ мұндай тексеру жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұған міндетті түрде қол қойылады, тіпті, белгілі бір игіліктерден айыруға дейін барады. Ал егер бір саты төмен түсетін болсақ, мысалы, жергілікті атқарушы органдарда, мұнда аталмыш мәселеге тиісті деңгейде мән бермейтінін көреміз. Бұл жерде біз құзыретті емеспіз, біз жергілікті деңгейдегі жұмыс берушіні міндеттей алмаймыз, ал бірақ Денсаулық сақтау министрлігі осындай норманы енгізуге бастама білдіре алады. Қол астында қызметкері бар кез келген заңды немесе жеке тұлға әлеуметтік міндетті болуы тиіс. 

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Мен енді жұмыс беруші ретінде айтсам бола ма. Егер менің жұмыскерім ана тексеру, мына тексеру деп үнемі сұрана берсе, маған ондай қызметкердің керегі қанша? Бізде емханалар сенбі күндері де жұмыс істейді. Өз денсаулығымызды сақтау міндетін неге жұмыс берушінің мойнына артып қоюға тиіспіз.

Көрермендерден: Ал сіздер жағдай жасайсыздар ма?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Біз жағдай жасаймыз.

Көрермендерден: Сонда қандай жағдай жасап отырсыз?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Менде жылына бір рет дәрігерлік тексеруден өтеді, ал ол жұмыс уақытында өтеді. Айнаға түсіретін машина келеді, менің өз емханам бар.

Махаббат Еспенова, модератор: Яғни жай ғана қарапайым жұмыс беруші ретінде біз сізді қарастыра алмаймыз. Алайда, үнемі жұмыстан босатып бір жаққа жіберуге қатысты жұмыс берушінің пікірін басқалар сияқты сіз де қолдайсыз ғой?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Әлбетте. Себебі адам бизнес-процесске жұмылдырылған. Егер ол үнемі сұрана беретін болса.

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Бұл жағдайда мәселе қарапайым халыққа қатысты болып отыр. Жарайды, бір рет алдын ала тексеру жасайсыздар. Әрине, үнемі сұрана беру дұрыс емес. Бір рет жарты күн, екі сағат беріңіздер, болды.  

Бауыржан Жаубасов, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Туберкулез ауруын анықтау статистикасын өзіңіз айтып отырсыз. Ал егер алдын ала тексеруден өтпесе, туберкулез ауруына шалдыққан адам әрі қарай бар ұжымға жұқтырады, сөйтіп, бар жұмыс тоқтайды.  

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Қазір әйтеуір, жұмысқа қабылдағанда анықтама талап етеді.  

Махаббат Еспенова, модератор: Бірақ бұл анықтамаларды қалай алатынын біз бәріміз білеміз ғой. Міне, тағы бір тақырып.  

Айбол Қозыбағаров, МҚІ және СЖҚІА-нің Астана қ. бойынша департаменті: Сіз барлық жақсы жақтарын айтып жатырсыз, бірақ медальдің екінші жақ беті бар. Бұл болашақта жай ғана ресмилік болып қалуы мүмкін. Жұмысқа қабылданған кезде алатын анықтаманы кез келген жеке меншік емханаға барып, көзбояушылық жасап, қағаз жүзінде ғана өтіп, ала алады, ал сол сәтте ол әлеуметтік маңызды аурумен ауыратын шығар. Бірақ соған қарамастан жұмысқа барып жүр. Бұлар белгілі бір қауіптер. 

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Егер мекеме сізге мұндай анықтаманы бергенмен, оған қоса қан талдамасы мен флюорография тіркелмесе, ертеңгі күні бұл мекемеге жазалау шараларын қолданады немесе лицензиясын алып қояды.

Махаббат Еспенова, модератор: Анықтамамен бірге не болу керектігі туралы талаптар бар ма?

Ләззат Боранбаева, «Архимедес Қазақстан» АҚ: Талаптар бар. Бізде әйтеуір осылай.  

Ералы Нұрғазин, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі: Анықтамалар, денсаулық парақтары туралы сұрақтар туындап жатады. Жақында әкімдікте әкім орынбасарының қатысуымен жиналыс өтті. Оған құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар қатысты. Мен де сөз сөйледім. Осы органдардың қызметкерлері денсаулық парақтарын рәсімдегенде олар бізде тексереді, сонда олардың 80%-ын медициналық мекемелер бермеген болып шығады, жалған, қолдан жасалған, сканерленген денсаулық парақтары. Иә, мұндай құжаттарды пара алып беретін, ақшаға сататын 20% жауапсыз дәрігерлер бар. 

Махаббат Еспенова, модератор: Қазір менде «біздің халық мүлдем жауапсыз, анықтамаларды қолдан жасайды, мемлекет өткізіп отырған тексерулерден өтпейді, мүлде ештеңе істемейді» деген ой қалыптасып отыр.

Каталог: documents -> page -> projekt -> 2014
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
2014 -> Азаматтық сектор қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алады?
2014 -> Қазақстандық полиция: жазалаушы орган ба әлде
2014 -> Есеп беруші мемлекет: алынған сабақтар мен алдағы міндеттер
2014 -> Дағдарыс тұсындағы тұрғын-үй нарығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет