Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру



Pdf көрінісі
бет98/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

17. Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру
«Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Жүміле ғаламға күлкі етер» деп Шалкиіз жырау айтпақшы, мүмин ана дүниеде пұшайман
қылатын жаман ортадан бойын аулақ ұстап, жақындары мен туыстарын да барынша қорғай білуі
тиіс. Жаманмен дос болып, соның соңынан ергені үшін мұсылман қиямет күні бармағын
шайнап: 
«Нендей өкініш маған. Əттең, мұнымен дос болмағанымда ғой»
(«Фурқан» сүресі,
28-аят), – деп жер соғып күйінеді екен.
Пайғамбарымыздың да
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Кім-кім де досының дінінен алшақ кетпейді. Сол
себепті əркім кіммен дос болып жүргеніне қарасын», – деуі тегін емес. Адамды
қалыптастыратын оның ортасы. Хас мұсылманмен дос болғанның жаман əдетке үйір болуы тым
сирек болса, нəпсінің бодауында кеткендермен таң атырып, кеш батырғандардан да иманы кəміл
кісі шығуы қиын.
Дос таңдау да мүмин үшін бірден-бір сынақ. Жауапкершілігі тағы бар. 
«Көршісі аш кезде
тоқ жатқан бізден емес»
[210]
деп, мұсылманның аш қалмауын мықтап тапсырған
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
осы сөзі арқылы тек көмей мен қарынның қамын ғана емес,
рухани азықпен қамтамасыз етуді де меңзеген болар.
Біз дініміз бен елімізге қызмет етер отансүйгіш мұсылман ретінде жүрегінде иманның шоқ-
шаласы сөнуге шақ қалып тұрған адамды өзімізге тартып, оны рухани азықпен байытуымыз
керек. Бұл Аллаһ пен елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бізге жүктеген тікелей міндеті. Бұл міндеттен
қашуды бір жағынан жихадтан тартыну, бір жағынан өз-өзімізге қиянат жасау деп білген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет