Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ»



Pdf көрінісі
бет353/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf
Resume
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ»
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
3 сынып оқушысы Тебердиева Келимат Рамазанқызы.
Мұғалімі Аксутова Зауре Жанарбековна
Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы»
Бағыты: Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы
Секция: Адам ағзасына пайдалы ас
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның
арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың
орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас
екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады.
Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп
әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің
мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін
танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам
берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы
берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық,
дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде
ерте заманнан - ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де
254


білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік
сыйлай да білген. Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен
бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл
қағидаларды әйелдер ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды,
қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы
ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді
және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік
тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып
табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған
жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған.
Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір
сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі
кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар.
Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық
құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі
тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім
пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар
емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   361




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет