Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет3/16
Дата06.02.2022
өлшемі32,62 Kb.
#81519
түріАнкета
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-тапсырма(1)
Басқару психологиясы 1-тапсырма(1), Документ (1) (1), срсп-12апта. Педагогика
Математикалық-статистика –белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі.

1.Психика- психологияның зерттеу обьектісі. Психология -- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. "Психология" грек тілінен аударғанда: "псюхе" (жан), "логос"(сөз, ілім). Яғни "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.
Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің объективтік сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда Адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келді. Бұл әдіс Адам «Жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. АҚШ психологі Э.Титченер Адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортада болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл - әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды. Генетикалық принцип – қазіргі ғылыми психологиядағы талап. Бұл принцип бойынша психикалық фактілер мен құбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілу тұрғысынан қарастырылады. Даму сатыларының бір-бірін қалай алмастыратындығы, адамның өсуі мен даму кезеңдері белгілі сатылар бойынша зерттеліп, әр кезеңдегі баланың дамуы жас ерекшеліктерімен өзара салыстыра отырып қарастырылады.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384--322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832--1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460--370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше "жан мәңгі, өлмейді, өшпейді", - деп тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет