Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Орман шаруашылығының атауы мен орналасқан орны: орман қорының сипатамасы; учаскелерге бөлу, аралау; учаске, аралау, орам алаңы



бет6/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,07 Mb.
#26567
1   2   3   4   5   6
Орман шаруашылығының атауы мен орналасқан орны: орман қорының сипатамасы; учаскелерге бөлу, аралау; учаске, аралау, орам алаңы.
Орман шаруашылығының жұмыстары: қабылдау актісін әзірлей отырып іскерлік және отындық сүріктерді қабылдау; куәландыру актісін рәсімдеу арқылы кесу орнын куәландыру.
Күтіп кесулер: дайындау жұмыстарын жүргізу - бөлу учаскесінің орналасу орнын және оған баратын маршрут бағытын анықтау; аспаптарды дайындау, болмыста жұмыс істеу: учаскені қарау және оның учаскесін белгілеу, визир учаскілерін шектеу және далалық абристі жүргізу, учаскіні өз болмысында бекіту, уақытша байқау алаңын төсеу және онда жұмыс істеу; ағаштарды іріктеу және таңбалау.
Орман өсіру жұмстары: түрлі жолдармен құрылған тұрақты және уақытша орман дақылды учаскелердің болмысын қарау; орман дақылдарын дайындау және қабылдау бойынша жұмыстарға қатысу; бүршік кептіргіштің құрылмалық ерекшеліктерімен танысу үшін қарау; орман дақылдарын сақтауға арналған қоймаларды қарау; екпе материалдарын түгендеу.

Оқу нәтижесі: 1) Орманшы біліктілігін алу

Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіпорнының орман қорын орман шаруашылығы, шеберханалар учаскелері, аралауға бөлу туралы түсінігінің болуы.

  2. Картографиялық материалдармен жұмыс істей алу және ағаш кесетін орынды болмысында таба алу.

  3. Өлшегін аралармен және биіктік өлшегішті меңгеру.

  4. Уақытша сынама алаңды төсеуге қатысады.

  5. Қайта санау ведомосын жүргізеді.

  6. Дайындалған орман өнімін ескереді.

  7. Тұқымдарды жинау және қайта өндеу.

  8. Қазып алу, сұрыптау және отырғызу материалын көму бойынша жұмыстарды орындайды.

  9. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігін сақтайды.

  10. Қоршаған ортаны қорғау бойынша үгіт насихат құралдарын қолдану.



Технологиялық практика Орман шебері
Кәсіпорынның сипаттамасы. Кәсіпорынның атауы, оның тұрғылықты орны мен мекенжайы. Жаратылыстану-тарихи шарттары: орман өсімдіктерінің аймағ, климаты (орташа жылдық температура, максимум және минимум температура, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, жел режимі, ормандылығы). Жер бедері, топырақ, гидрологиялық желі. Кәсіпорынды басқару құрылымы. Жоспардың негізгі көрсеткішері. Техникалық жабдықталуы.
Орман шаруашылығының жұмыстары. Басты мақсатта пайдалану үшін кесу: басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кес рындары бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу; ағаш кесетін орындарды болмысында бөлу, ағаштарды қайта санау, қалыңдық сатыларын анықтау үшін биіктігін өлшеу, орман аясында табиғи жаңаруын есепке алу; ағаш кесетін орындарды материалдық-ақшалай бағалау; ағаш кесетін орындарға бөлінген құжаттарды дайындау, ехнологиялық картаны құрастыру; орман кесу билетін жазып беру. Орманның қалпына келуін бағалау. Қабылдау актісін әзірлей отырып іскерлік және отындық сүріктерді қабылдау. Куәландыру актісін рәсімдеу арқылы кесу орнын куәландыру.

Күтіп кесулер: дайындау жұмыстарын жүргізу - бөлу учаскесінің орналасу орнын және оған баратын маршрут бағытын анықтау, аспаптарды дайындау, орындалатынжұмыс техникасы мен қауіпсіздік техникасы бойынша бригада нұсқаулығы. Қауіпсіздік техникасы бойынша журналды жүргізу. Актілерді рәсімдеу.

Оқу нәтижесі: 1) Орман шаруашылықы жұмыстарын орындау және жанама қолдану.

Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіпорында басқару құрылымын, кәсіпорынның техникалық жабдықталуын, орман шаруашылығындағы өндірістік қызметтің сипаттамасын біледі.

  2. Ағаш кесу орындарын күтіп кесу үшін бөле біледі.

  3. Қайта есептеу жүргізеді және биіктігін өлшейді.

  4. Картографиялық материалдармен жұмыс істейді.

  5. Дайындалған орман өнімдерін қабылдауды жүзеге асырады және құжаттарды рәсімдейді.

  6. Алаңдарды куәландыру актілерін құрастырады.

  7. Күтіп кесуге ағаштардың дұрыс бөлінуін тексеруді жүзеге асырады.

  8. Ағаш кесу орындарын санитарлық кесуге бөледі, тағаштарды кесуге іріктейді.

  9. Материадық-ақшалай бағалауды жүргізеді.

  10. Орманды жанама қолдану есебін жүргізеді.

Оқу нәтижесі: 2) Орманды қорғау жұмыстарын орындау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Орман зиянкесірі мен ауруларына алдын ала тексеру жүргізеді.

  2. Орманды пайдалану тәртібін бұзу актісін құру.

  3. Орман өрттерін сөндіру әдістемесін мңгерген.

Оқу нәтижесі: 3) Орманды өсіру жұмыстарын жүргізу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Орман тұқымдарын дайындауды және қабылдауды жүзеге асырады.

  2. Тұқымның егу сапасын тексеру үшін ормаша үлгілерді іріктейді.

  3. Тәлімбақтағы және ормандағы дақылдарға түгенеу жүргізу.

  4. Орман дақылдарына түгендеу жүргізу.

  5. Орман дақылдарын орманмен жабылған алаңдарға ауыстыру әдістемесін біледі.




ДП 05. Диплом алды практика

сы


Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру. Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйесін. Бригадалар мен буындарды жинақтау, наряд-тапсырманы беру, жұмыс орындарын дайындау, жұмыс орындарын орналастыру, жұмыстың сапасын бақылау және оларды құжаттық рәсімдеу.

Есепке алу және іс қағаздарын жүргізу. Негізгі қаражаттарды, материалдарыды және өнімдердің, ақша қаражатының және орман шаруашылығындағы көлік жұмыстарын есепке алу. Орман шаруашылығындағы әскерлік қағаздарды рәсімдеу, қолдану және сақтау.

Еңбек ұжымын басқару негіздері. Ұжымды әлеуметтік дамыту жоспары және оны орындау. Нақты өндірістік тапсырмалар мен орын алған жағдайлар негізінде еңбек ұжымын басқару, орман шаруашылығы мен учаскедегі ұжымдағы қақтығыстық жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстарды басқару.


Оқу нәтижесі: 1) Орман шебері дублері ретінде жұмыс істеу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Орман шаруашылығы кәсіпорынның құрылымын біледі.

  2. Орман шаруашылығының сипаттамасын, орман шаруашылығын шеберлік учаскелерге бөлуді, аралауды, орманың орташы алаңын біледі.

  3. Орман шаруашылығының штаты туралы ақпаратты меңгерген.

  4. Негізгі және айналым құралдарын біледі.

  5. Ормае шаруашылығындағы іскерлік қағаздарды рәсімдеуді меңгерген.

  6. Еңбек ұжымын басқару негіздерін меңгерген.

  7. Ағаш кесу орындарына материалдық-ақшалай бағалауды жүргізеді, ағаш кесу орындарын игеру бойынша технологиялық карталарды құрастырады.

  8. Орманның қалыпан келуіне баға береді.

  9. Тұқым сақтау орындарының, тәлімбақ пен талдардың, өртке қарсы қондырғылардың санитарлық жағдайынының болмысын бағалау.

  10. Дайындалған ағаштардың есебін жүргізеді.

  11. Орманды жанама пайдаланудың есебін жүргізеді.

  12. Қолда бар машиналар мен механизімдерді пайдалану мен сақтау жағдайын біледі.

Ескерту:

БҚ - базалық құзырет;

КҚ - кәсіптік құзырет;

ЖГМ - жалпы гуманитарлық модульдер;

ӘЭМ - әлеуметтік-экономикалық модульдер;

ЖКМ - жалпы кәсіптік модульдер;

АМ - арнайы модульдер;

КП - кәсіптік практика.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет