Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Топтық пікірталасты басқару тәсілдері



бет15/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика
Тесты БД для Платонуса
Топтық пікірталасты басқару тәсілдері. Сұрақтар топтық пікірталасты бағыттап отыруға, оны белсенді ұйымдастыруға, барлық қатысушыларды толық қамтуға, талқыланатын материалдың мәнді тұстарына басым назар аударып отыруға мүмкіндік береді. Кейде пікірталастың құрылымы түгелдей дерлік оқытушының сұрақтары төңірегінде өрбитін жайлар да кездеседі. Ашық немесе қосалқы (бекітуші сипаттағы) сұрақтардың өнімді қызмет атқаратыны белгілі. Жалпы жабық (иә/жоқ жауаптарды қажет ететін) және «Неге...?» деп басталатын сұрақтарды пайдаланбаған жөн. Өйткені жабық сұрақтың пікірталасқа ұласпайтын, қысқа да нұсқа, бір мағыналы жауапқа әкеледі, егер ондай сұрақтардың саны көп болса, қатысушылардырда сыртқы қысымға ұшырағандай әсер қалыптасуы мүмкін. «Неге...?» деп басталатын сұрақтың жауабы қысқа болумен қатар, оның ойлауды қажет етпейтіні әрі қатысушылардың көпшілігіне қысым жасалғандай қабылдануы мүмкін. «Неге...?» деген сұрақтардың жауабы бірден «Өйткені...?» деп басталады да, негізінен, психологиялық құндылығы төмен сыртқы себептерді ғана термелеумен шектеліп жатады.
Ережелерді ендіру. Топтық пікірталас кезінде барлық ережелер қатысушыларға алдын ала ескертіліп, ол пікірталас барысында қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе, студенттерді «біреу сөйлеп тұрғанда, басқалар тыңдауы тиіс» деген ережені ұстануға үйрету шарт. Егер бұл ереже сақталмаса, онда қосымша шарттар қарастырылуы керек:
Мысалы: қатысушыларға әлдеқандай зат - мысалы, кішігірім жұмсақ ойыншық беріледі. Сол ойыншық кімнің қолында болса, сол ғана сөйлейді де, қалғандары тыңдап отырады. Кей кезде мұндай ойыншықтың екеуін қатар қолдануға болады, ондайда оның біреуі тек жүргізушінің (яғни, жүргізуші екінші ойыншықтың қатысушылардың қайсысының қолында болғанына қарамастан, сөйлеу құқығын өзінде қалдыра алады) қолында болады да, ол қажет жерінде сөзге кірісіп отырады. Пікірталасқа қатысушы өзінің алдындағы сөйлеуші өзіндік ой қорытындысын жасағаннан кейін ғана пікірін білдіруіне болады.
Тікелей нұсқау беру. Құрылымы айқын пікірталастарда оны қалай жүргізу керектігі жөніндегі ережелер алдын ала нақтыланып, қатысушыларға дәлме-дәл түсіндіріледі. Мысалы, нақты қойылған мәселенің шешімін іздестіру кезінде бұл «миға шабуыл» ережесі болуы мүмкін (мәселені қою – бір-бірінің пікіріне ешқандай сын айтпай оны шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну–сыни тұрғыда баға беру - олардың ішінен ең тиімдісін таңдау).
Кей кездерде талқылау құрылымын әдейі басқаша құруға да болады:
а) қатысушының біреуі қарастырылатын мәселенің мәнін түсіндіріп, оған қатысты жауап алу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды, ә) әр қатысушы мәселені нақтылау үшін өз сұрақтарын қояды; б) әрбір қатысушы мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіреді әрі топқа қойылған сұрақтарға жауап береді; в) басында мәселені түсіндірген қатысушы айтылған пікірлерді қорытып, тұжырымдайды.
Пікірталаста қатардағы қатысушы ретінде сөйлейтін жүргізушінің өзіндік пікірі. Жүргізуші де өз пікірін білдіргенде өзіне дейін сөйлегендердің пікірлеріндегі ерекше айтылған ойларға назар аудара отырып, сол пікірлерден ортақ тұжырымдарды жинақтауына болады. Бір жағынан, жүргізуші сөзінің мазмұны басқалардыың сөзіне қарағанда қатысушыларға әсерлірек болады да, олар жүргізушінің әр сөзін ыждағаттылықпен тыңдайды. Екінші жағынан, жүргізушінің сөзі өзгелерге сөйлеудің үлгісін көрсететіндей, өте сауатты, жүйелі, мазмұнды болуы талап етіледі. Ол қатысушылардың эталоны қызметін атқарады. Пікірталасты тиімді ұйымдастыруда жүргізуші үшін келесі талаптар қойылады:

  • пікірталасты тек өзі дұрыс деп санаған ретпен ұйымдастырудан, өзге қатысушыларды мәжбүрлеуден аулақ болу;

  • пікірталастың барысын қатысушылардың диалог үстінде айтқан пікірлерінің даму бағытымен сәйкестендіріп отыру;

  • теориялық тұжырымдарды тәжірибелік жаттығулармен бекітіп отыруы;

  • қатысушылардың өзара тілдесуіне қолдау көрсетуі;

  • пікірталас барысында қатысушылардың өзі айтқан сөздерінің, ұсыныстарының, идеяларының, сұрақтарының мәнін түсінуіне көмектесуі;

  • айтылып жатқан сөздерді дұрыс тыңдай білуі, пікірталасқа қатысушылардың өзара тыңдау мәдениетін көтермелеп отыруы;

  • пікірталас үстінде өзіндік ой-пікірін, дәлелдемелерін ұтымды жеткізе білетін қатысушыларды көтермелеп отыруы;

  • қатысушылардың әр сөзі өзгелерді ойландыратындай болуын қадағалау;

  • өз пікірін айтуда, оны бекітуде абай болу, керісінше қатысушылардың ойлауына мол мүмкіндік беруге тырысуы;

  • Әңгімеге, диалогке, пікірталасқа өз билігін жүргізуге жол бермеуі;

  • Өз пікірін өтімді ету мақсатында пікірталасты бұрмалаудан бойды аулақ салуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет