Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет1/10
Дата04.11.2022
өлшемі40,5 Kb.
#156637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СИЛЛАБУС 2
Болат Бауржан НИС-практика, Документ Microsoft Word, өмірбаян, өмірбаян, өмірбаян, өмірбаян, № 2 – дәріс бойынша СӨЖ тапсырмасы, ЦБЖЛН Нұрбек Ә.Е РГР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пән атауы: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
Кредиттер саны - 5
Курс, семестр: 2к 3ж 5семестр
Мамандықтың шифры мен атауы: 6В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті
Институт, кафедра: Филология институты,
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы: Бораш Рыскүл Байділдақызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail): 87074047435, borash62@mail.
2. Бақылау түрі (тест түріндегі емтихан) Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУакадемиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады. СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды. Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Пән бағдарламасы тақырыптық үрдісті сақтап құрастырылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтып, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында орындатылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу курсының типі: МК Пәннің мақсаты: болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының кәсіби дайындығы аясында мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихы жөнінде мағлұмат беру; әдебиетті оқыту әдістемесінің пәндік ерекшеліктерімен таныстыру; жаңартылған білім мазмұнын іске асыру теориясымен қаруландыру, әдістемесін меңгерту. Пәнді оқыту міндеттері: Қазақ әдебиетін білім мен тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту; студенттердің шығармашылық, әдістемелік қабілетін, педагогикалық ойлау, этикалық әдеп дағдыларын қалыптастыру; Жаңартылған білім мазмұнының методологиялық негіздері туралы біліммен қаруландыру; «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда пән мұғаліміне қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерту. Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру мен өткізу жолдарын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет