Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус



бет1/4
Дата01.03.2023
өлшемі25,81 Kb.
#170585
  1   2   3   4
Байланысты:
Тіл тарихын дәуірлеу СИЛЛАБУСЫ
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов, Үстеу тақырыбына деңгейлік тапсырмалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС



  1. Пән туралы ақпарат

Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Кредиттер саны -5
1 курс 2 семестр 2022-2023
Мамандықтың шифры: 7M017
Мамандықтың атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қосымова Гүлбану фил.ғыл.докторы, профессор
Ұялы телефон: 7015773509. Email: qkosym@inbox.ru
2. Бақылау түрі ( жазбаша емтихан)*
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.


МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4


3.Курстың академиялық презентациясы:
"Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" пәні тілдердің ежелде бір тілден (праязыктен) тарағандығы жайлы ностратикалық теорияны басшылыққа алады. "Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" пәнінде әрі тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, шумерология және түркітаным мәселелері қарастырылады. Шумерлер мен көне түркілерге ортақ тілдік қор, тарихи лексика және олардың семантикалық жүйесі, өзгеру жолдарындағы заңдылықтар, жазу түрлері, тайпалық одақтардың атрибуттары, ежелгі дәуірден сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ойлау жүйесі, түркілердің дүниетанымы, олардың тілдегі көрінісі орта ғасырдағы халық тіліне, кейінгі дәуірдегі ұлт тіліне тигізген әсері ашылады.
"Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері" курсы: бірінші, қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінде алатын орны, көне түркі тілінің шумерлік сипаты, қазақ тіліндегі көне түркілік элементтер, орта ғасырдағы халық тілі болып қалыптасуы жайындағы зерттеу еңбектерін теориялық негіз етіп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет