Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет2/7
Дата21.10.2022
өлшемі65,76 Kb.
#154263
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Функц.саут.Силлабус.20.06.22-23
Қайырбек, Сабақ-6
Пәннің міндеттері:

  • білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды саралап талдай алу;

  • функционалдық сауаттылыққа қатысты тірек ұғымдардың мәнін ашу;

  • Функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың факторларын айқындау;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы грамматикалық білімдердің мәнін ашу;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдістері мен технологияларын саралау.

Курс соңында күтілетін нәтиже:

  • білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттарды талдай алуы;

  • функционалдық сауаттылыққа қатысты тірек ұғымдардың мәнін түсінуі;

  • Функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдай алуы;

  • функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың факторларын айқындай алуы.

  • қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі "Қазақ тілі" пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың білім мазмұнын талдай алуы;

  • фукционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қазақ тілін оқытудың нәтижесімен бірлікте қарастыра алуы тиіс.

«5В012100 –қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
- Өз ойын қазақ тілінде түсінікті, жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім түрлерін (монологтік сөз, диалогтік сөз, полилогтік сөз) меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда орынды қолданады;
- Тіл үйретудің әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады; Oқытудың интегративтік тәсілдерін игереді;
- Қазақ әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдауда қолданады;
- Тәрбие мен білім берудің жаңа философиясын түсінеді, педагогикалық қызметінде басшылыққа алады; Ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың ұстанымдарын, ғылыми білімдерді құрастыру мен оған қол жеткізудің тәсілдерін түсінеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет