Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет12/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130
Байланысты:
6. leksia
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Жауабы: 0,62510 = 0,1012


Екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне ауыстыру жолы да қарапайым. Мұндағы бар құпия екілік сандарды оңнан солға қарай үш екілік сандардан топтап аламыз. Мысалы, 011 екілік саны сегіздік санау жүйесіндегі 3 санына тең. Екілік санау жүйесіндегі сандардың барлығын да топтастырған күйінде сегіздік санау жүйесіндегі сандарға ауыстырамыз (1-кесте).

1-кесте


Екілік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесі

000

0

001

1

010

2

011

3

100

4

101

5

110

6

111

7

1-кесте. Екілік санау жүйесінен сегіздік санау
жүйесіне ауыстыру кестесі.

Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін ауыстырылатын сандарды оңнан солға қарай төрт екілік сандардан топтастырып аламыз (2-кесте).


2-кесте


Ондық санау жүйесі

Екілік санау жүйесі

Он алтылық санау жүйесі.

0

0000

0

1

0001

1

2

0010

2

3

0011

3

4

0100

4

5

0101

5

6

0110

6

7

0111

7

8

1000

8

9

1001

9

10

1010

A

11

1011

B

12

1100

C

13

1101

D

14

1110

E

15

1111

F

2-кесте. Екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне ауыстыру кестесі.




2. Буль алгебрасы туралы түсінік.
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық санау жүйесіндегідей жүргізіледі, мұндағы айырмашылық санау жүйесінің негізі екі және бар жоғы екі ғана санды қолданады.


Қосу амалы.

Екі екілік санау жүйесінің сандарын қосу барысында төмендегі төрт шарт қолданылады:




0 + 0 = 0
1 + 0 = 1
0 + 1 = 1
1 + 1 = 10 бұл кезде бірлік бір дәрежеге өседі.


Мысалы, 101 + 11 екілік сандарын қосуды орындайық. Қосуды баған түрінде орындайық (сан жетпеген орынға нолдермен толтырамыз).



Қосу ережесі келесі тәртіппен орындалады:

1.Қосу тәртібі төменгі дәрежеден басталады, яғни 1 + 1 = 10. Қосынды нәтижесінен кейін 0 саны жазылады, ал 1 саны жоғары дәрежеге өтеді.


2.Сол жақ разрядтағы сандармен бірге жоғары дәрежеге өткен 1 саны да қосылады, яғни 0 + 1 + 1 = 10. Қосынды нәтижесінен кейін 0 саны жазылады, ал 1 саны және бір дәрежеге жоғарылайды.
3. Сол жақ разрядтағы сандармен бірге жоғары дәрежеге өткен 1 саны да қосылады, яғни 1 + 0 + 1 = 10. Бұл қосынды нәтижесі де 0-ге тең, ал 1 саны және жоғары дәрежеге өтеді.
4.Сонымен қосынды нәтижесі 10002 – ға тең. Ал бұл сан ондық санау жүйесінде 8- ге тең, яғни 10002 = 810

Айырма амалының негізгі төрт шарты:




0 - 0 = 0
1 - 0 = 1
0 - 1 = 1 бұл кезде бірлікті жоғарғы дәрежеден қарызға аламыз.
1 - 1 = 0.

Мысалы: 1010 – 101


Шешуді баған түрінде орындаймыз, яғни

1.Төменгі дәрежеде 0-1 болғандықтан, жоғарғы разрядтан бірлікті қарызға аламыз, яғни 10 – 1 = 1


2. Келесі разрядта 0 – 0 = 0
3. Сол жақ разрядта 0 – 1 болғандықтан жоғарғы разрядтан бірлікті қарызға аламыз: 10 – 1 = 1
4.Келесі разрядта 0 саны қалды.
5. Сонымен, айырма нәтижесі 1012 – ге тең. Ал бұл сан ондық санау жүйесінде 5- ке тең, яғни 1012 = 510.


Бақылау сұрақтары:

  1. Санау жүйелері, әр түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер.

  2. Ондық санау жүйесіндегі 46 санын он алтылық санау жүйесіне түрлендір.

  3. Екілік санау жүйесіндегі 10001010 санын сегіздік санау жүйесіне түрлендір.

  4. Ондық санау жүйесіндегі 60 санын сегіздік санау жүйесіне түрлендір.

  5. Екілік санау жүйесіндегі 11101001 санын сегіздік санау жүйесіне түрлендір.

  6. Ондық санау жүйесіндегі 73 санын он алтылық санау жүйесіне түрлендір.

  7. Екілік санау жүйесіндегі 11101010 санын он алтылық санау жүйесіне түрлендір.

  8. Ондық санау жүйесіндегі 43 санын екілік санау жүйесіне түрлендір.

  9. Екілік санау жүйесіндегі 10010110 санын он алтылық санау жүйесіне түрлендір.

  10. Ондық санау жүйесіндегі 45 санын екілік санау жүйесіне түрлендір.

  11. Екілік санау жүйесіндегі 11101011 санын сегіздік санау жүйесіне түрлендір.

  12. Ондық санау жүйесіндегі 40 санын екілік санау жүйесіне түрлендір

  13. Екілік санау жүйесіндегі 10001101 санын ондық санау жүйесіне түрлендір



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет