Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысы әкімі жанындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты


оқытудың материалдық базасының төмендігі



бет4/9
Дата08.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#157187
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аханова Б. Кызыкты математика
12, Əczaçılıq kimyası III mühazirə 5 rus, форма поурочного плана
оқытудың материалдық базасының төмендігі;

  • оқу құралдарының жетіспеушілігі;

  • ғылыми‑тәжірибелік әдебиеттердің аздығы;

  • мектепішілік кітапхана қорындағы дидактикалық материалдардың аздығы;

  • әлеуметтік жағдайдың төмендігі;

  • ата‑аналардың толығымен газет‑журналдарға жазыла алмауы және т.б.

    Бұл проблемаларды шешу жолында пәнаралық үйірме, клуб жұмыстарында оқушылардың шығармашылық, ғылыми жұмыстармен айналысуына, сабақтан тыс уақытта бірлескен тәрбиелік іс‑шаралар арқылы оқушылар әрекетін ұйымдастыру көп қиындықтарды жеңе білді.
    Курсты меңгеру процесінде оқушыларға берілетін тапсырмалардың қызықтылығы, мазмұнының жүйелілігі, бір‑бірімен байланыстылығы, танымдық ұстанымдардың сақталуына көңіл бөлініп, тапсырмалардың орындалу жолдарының тартымды, қызықты болуы үшін көрнекті құралдар, әдістемелік әдіс‑тәсілдер көптеп қолданылды. Оқушылардың тапсырманы дұрыс, жылдам орындап, жұмыс дәптерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
    Ұсынылған бағдарлама негізінде оқу‑әдістемелік кешені құрастырылып, жасалынды. Оқу‑әдістемелік кешені оқу материалының мазмұнын, тараулардың көлемін, оқушылардың теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық, дербестік жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалары бар жұмыс дәптерінен, логикалық және дидактикалық ойындары оқу хрестоматиясынан, тест жиынтығынан тұрады.
    «Қызықты математика» бағдарламасын меңгеру барысында, оқушы белсенділігін арттыру мақсатында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы, ойын элементтері» сынды әдебиеттерді пайдаландым. Тірек сызба, топтық жұмыстар, эксперименттік‑тәжірибе жұмыстары арқылы жобалау әдістері қолданылды. Ұсынылып отырған бағдарлама бойынша тұлғаның даму деңгейі дағдаларының қалыптасуы үнемі бақыланып, мектеп психологы тарапынан тест, сауалнама жұмыстары алынып, басқа сыныптармен салыстырмалы түрде бақыланылып отырды. Бұл бағдарламаны эксперименттен өткізу барысында «Қазіргі заманға сай оқу процесінің пәнге деген танымдық қызығушылықты эксперттік бағалау проблемасы» атты Г.И.Щукинаның еңбегі бойынша бағалау өлшеуіштері пайдаланылды.
    І және ІІ жарты жылдықта бақылау жұмысы, тест жүргізу, математикалық диктанттар алынып, бақылау сыныбымен салыстыру жүргізілді. Мұнда әр оқушының өзіндік шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру, оларды дамыту мақсатында арнайы портфолиолар дайындалып, жинақталынды. Пән арқылы әр баланың қабілеті, эстетикалық талғамы, сауаттылығы, шығармашылық, дербестік қабілеттерінің дамуы бақыланып, сараланды. «Қызықты математика» бағдарламасын эксперименттен өткізу барысында бағдарламаның мазмұнына сәйкес әдебиеттерді меңгеруде сауалнама, синтез, сұрыптау сияқты зерттеу әдістері кеңінен қолданылды. Бұлар көздеген нәтижемізге қаншалықты деңгейде жеткенімізді анықтауға мүмкіндік берді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет