Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысы әкімі жанындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты



бет1/9
Дата08.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#157187
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аханова Б. Кызыкты математика
12, Əczaçılıq kimyası III mühazirə 5 rus, форма поурочного плана

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысы әкімі жанындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Жаратылыстану‑математика


бағытындағы бейінді оқыту кафедрасы

Таңдау курсына арналған
Б А Ғ Д А Р Л А М А
«Қызықты математика»
(5-9 сыныптары үшін)

Жетекші: Жунусова М.Р.


МББҚБА және ҚДИ, ЖМББО
кафедра доценті

Дайындаған: Аханова Б.Б.


Шет ауданы, Ақсу‑Аюлы селосы,
М.Горький атындағы мектеп гимназиясы
Қарағанды 2009 жыл
МАЗМҰНЫ



  1. ТҮСІНІК ХАТ ............................................................................................... 2




  1. «ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» КУРСЫНЫҢ БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ............................................................................................... 4




  1. ОҚУ‑ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ............................................................... 6




  1. КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ .............................................................................. 9




  1. ТҮЙІН СӨЗДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕР ........................................................ 11




  1. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................. 12




  1. ҚОСЫМШАЛАР ......................................................................................... 13



ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» делінген. Яғни, жаңа заман иелері бәсекеге қабілетті жеке тұлға болуы тиіс. «Жеке тұлға» алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылатын, белгілі бір шешімге келе алатын, ойын жетік, түсінікті жеткізе білетін, маманданған адам.


Жаңа көзқарастағы азаматтарды тәрбиелеу қазіргі таңда үлкен мәселе болып отыр. Осы талапты қанағаттандыру үшін, оқушының психологиясына мына қасиеттерді сіңіре беру қажеттілігі туындайды.


Ол үшін әрбір шәкірт:

  • Мен не істеймін деу арқылы өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысады;

  • Мен үшін керек деп талаптану, іздену өзіндік жүйесін ояту;

  • Мен не істей аламын деп өзіне сеніммен қарау, қоғамда өзгені сыйлау, өзін‑өзі төзімділікке тәрбиелеу.

Ал, ұстаздың міндеті – осы тұлғаны дамыту. Ендеше жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда «Қызықты математика» курсы бойынша бағдаламаның маңызы зор.


Курс оқушылардың логикалық ойларын дамытады. Дамыған логикалық қабілеттерін жаратылыстану және гуманитарлық бағытында кең қолданылады. Теориялық білімдері кез‑келген ғылым теориясында пайдалы, әсіресе физика курсында. Геометриялық фигуралардың қасиеттері және белгілері, курс бойынша алынған білімдері сызу, информатика және технология курстарында қолданылады.

Бағдарламаны қолдану барысында оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:



  • есептеу, дәлелдеу және салуға теориялық білімдерін қолдану;

  • дәлелдеу тұжырымдамаларын білу;

  • математикалық мәндерге қасиеттер және формулаларды пайдалана отырып есептеу;

  • циркуль және сызғыш арқылы салу, қиын емес біріккен есептерді шығару;

  • иррационал сандар мен арифметикалық амалдарды орындау;

  • рационал және тепе‑теңдік түрлендірулерін орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет