Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет12/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47

Әдебиеттер:

1.Хасанұлы Б. Язык – средство общения или коммуникации? //Жизнь языка и язык в жизни: сб. статьей \ под общ. ред. Н.Ж.Шаймерденовой. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 480 с.

2.Ипполитова Н.А. Князева О.Ю. Савова М.Р. Руский язык и культура речи: учебник /под.ред. Н.А.Ипполитовой. - М.: ТК Велби Изд. Проспект, 2004.

3.Р.Әмір., Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Оқулық. Алматы. Санат. 1998.- 192 б



Резюме

В статье рассмотрены природа предложении в коммуникативном аспекте и по новому решены вопросы функционирования синтаксических единиц. В связи с этим определены коммуникативно-прагматические особенности и виды предложения.



Resumes

In the article are considered nature suggestion in a communicative aspect and on new the questions of functioning of syntactic units are decided. Communicative-pragmatic features and types of suggestion are in this connection certain.



Сыпайылық концептісінің құрылымы

И.Т.Абдурахманова,

ҚазМемҚызПУ докторанты
«Концепт» термини орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қошаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеуін зерттеумен байланысты пайда болған. С.А.Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылғы «Русская реч» жинағында жарық көрген «Концепт и слова» деген еңбегінде концептілерді танымдық (познавательные) және көркемдік (художественные) түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық шегінің өзгеріп, кейде бір-бірімен астасып отыратынын да жоққа шығармайды.

«Концепт» терминиінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д. Арутюнова, Е.С.Кубрякова А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич, А. Вежбицкаяның еңбектерңнде әр түрлі қырынан қарастырылады. Концепт сөздерінің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтық тіл өрісінің , дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып, олардың мән-мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Концепт ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері» (А. Вежбицкая), концепт біздің сол нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы. (В.Н.Телия) (Рол.чел.факт), «құдайлық ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухани, ұлттық мәдени менталдығын танудың кіліті» (В.Гумбольдт) тәрізді анықтамалармен беріп жүр.

Тіл мен мәдениеттегі құндылық концепт арқылы көрінеді. Концепт бола алатын лексикалық бірліктер шектеулі. Концепт болу үшін белгілі бір мәдениетте өзекті, бағалы, өте ауқымды тілдік бірліктерді қамтитын, мақал-мәтелге, поэтикалық, прозалық мәтінге тақырып бола алатын ақиқат құбылыстар болу керек. Олар халықтың мәдени ескерткіштерінің жеткізушісі, тасмалдаушысы.

Д.С.Лихачевтің анықтауы бойынша концептілер адамның санасында белгілі бір мағынаға сілтеме ретінде және адамзаттың жалпы тілдік тәжірибесіне поэтикалық, прозалық, ғылыми, әлеуметтік, тарихи т.б. нұсқаушы ретінде туындайды. А.Я.Гуревич концептілерді мәдени және философиялық деп жіктесе, В.А.Маслова, оған «ұлттық мәдени категорияларды» қосады. М.Г.Күштаеваның зерттеу жұмысында көрсетілгендей мәдени концептілерді жасауға деректі, дерексіз зат атаулары қатыса алады. Мәдени сөздерді әлеумет жасайды, міндетті түрдегі кейбір түсініктерді, ұғымдары сол әлеуметте бар концептілерді орнықтыру, олар рухани сананы, түсінікті қамтиды. Концепт «қатпарлы құрылымнан» тұрады, әрбір қатпары түрлі дәуірдегі мәдениеттің жемісі, «қалдығы» болып табылады. Концепт қабаттары шамамен негізгі, қосымша, ішкі формадан тұратын белгілермен сипатталады. Негізгі, белсенді қабатқа жалпы ұлттық белгілер енеді, қосымша, пассив қабат жеке субмәдениет өкілдеріне қатысты белгілерді қамтиды, концептінің ішкі формасы (күнделікті тұрмыста таныла бермейтін, тек мамандарға ғана белгілі, бірақ концептінің берілуінің ішкі таңбалық белгісінен саналады) [1. 53]

Жоғарыда атап өткендей концепт қабаттары шамамен негізгі қосымша, ішкі формадан тұратын белгілермен сипатталады. Негізгі, белсенді қабатқа жалпы ұлттық белгілер енеді, соның бірі - «сыпайылақ» концептсі.

Сыпайылық анықтамасы жақсы әдеттердің көрінісі ретінде осы құбылыстың мінез-құлықтық (сыртқы) жағын қарастырады. Алайда жақсы әдеттер төмен деңгейдегі мақсаттар мен адамға деген құрметінің жоқтығымен қатар жүруі мүмкін. Мұндай қарама-қайшылық мәнін «polite» және «courteous» секілді ағылшын ұғымдарынан түсінуге болады. Бірінші ұғым көбіне мінез құлықтың сыртқы аспектісіне қатысты, ал екіншісі сыртқы көрініспен адамға деген ішкі жақсы қарым-қатынастың үйлесуін білдіреді. Сыпайылық қоғамның әлеуметтік-мәдени ұйымымен анықталатын, сөз болып жатқан сөйлеуші, тыңдаушы және адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты білдіретін күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылады.

Сыпайылық категориясы жөніндегі мәселесі мәдениетаралық аспектіде қарастыру кезінде ең алдымен сыпайылық, сыйластық, ықылас, құрмет секілді әмбебеп ұғымдар әртүрлі тілдер мен мәдениетте түрлі мағынаға ие екенін білу керек. [2. 49]

Қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты, оның ішінде, қызмет не болмаса отбасындағы қарым-қатынасты орнатушы – тіл. Адамның табиғи болмысын яғни ішкі-сыртқы қасиеттерін, рухын, сезімін жеткізетін де тіл. Адам бойында қалыптасатын асыл қасиеттер – адамгершілікті, сыпайылықты танытатын да тіл. Тіл адамның танымдық қасиеті мен тәрбиелік нышанының айнасы. Бұл жөнінде сонау көне дәуірлердегі грек ойшылдары мен ұлттық мәдениетіміздің маңдай алды Абай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов сияқты ғұламаларымыз өсиет-қағидаларында айқын әрі нақты пікірлермен дәлелденгені белгілі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс таба отырып, сөйлеуші жақтың тыңдаушы жаққа деген құрмет қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз арқылы беріледі. «язык называл все, что есть человеке с его внешностью и в духовном мире, с его чувствами эмоциями, аффектами с его отношениями и оценками. Язык отразил и вежливость»

Адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынас, оның ішінде жеке адамның әдеп-мәдениеті, сыпайылығы тілде көрініс табады. Мұндай жағдай әрбір ұлттық тілде өз ерекшелігімен көрінеді. Сыпайылық жұртшылыққа құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға негізделген әрі күнделікті өмірде тәлім-тәрбие дағдыға енген адам мәдениетінің озық үлгісі. Сыпайылық тілде сөз мағыналары мен формалары беріледі. Ғылыми тілде сыпайылықты зерттеуші ғалымдар «сыпайылық категориясы» – деген терминді де енгізді.

Сыпайылық және сый-құрмет концептісі дегеніміз не? Сыпайылық айналадағы адамдарға құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту. Сыпайылық субъект тарапынан тыңдаушы жаққа бағытталған құрмет. Сыпайылық адамның ішкі сезімімен, ой-санасымен қалыптасқан мәдени қасиет. Осы ішкі қасиеті сыртқа көбіне сөз арқылы беріледі. Қазақ арасында сыпайылықтың жолы, орны бар. Сыпайылықтың тілдегі көрінісі сөйлеуші жақтың сөз мәнеріндегі ізеттілік, кішіпейілділік қасиетімен бірге өріліп берілуінде жатыр. Жасы кішінің жасы үлкенге, жас шамасы бірыңғай құрбылардың арасындағы, ұл мен қыздың, ер мен әйел адамдардың арасындағы тіл қатынасындағы сыпайылық көбіне осындай қарым-қатынас орны арқылы танылады.

Қазақ рәсімінде жасы кішінің жасы үлкенге сыпайылығы ол үлкенге құрмет етуге негізделген. Ол жынысқа, қызмет дәрежесіне ғана байланысты емес. Сондықтан жасы кішінің жасы үлкенге құрметі, жасы кіші жасы үлкенді көргені көп, тоқығаны мол деп қадірлесе, екіншіден, жасы үлкеннің абырой еңбегіне орай құрметке лайықтылығын есепке алады. Жасы кіші жасы үлкеннен әрдайым адамгершілкке негізделген қасиетті, істі күтеді.

Ал егер жасы кіші жасы үлкеннің абырой дәрежесіне, адамның қасиетіне лайық емес жағдайды көрсе, онда жасы кішінің жасы үлкенге деген құрметі кеми түседі де, тек өзара қатынаста жасы кішінің қадір-қасиетінен туындайтын жасы үлкенге деген сыпайылығы ғана сақталады. Сыпайылық адамның жас ерекшелігіне қызмет шені мен қоғамда атқарар міндетін есепке ала отырып, екіншіден белгілі бір ұлттың дәстүрлі мәдениетіне орайластыра іске асады. Қазақ ұлтындағы бұл жай сырт көз тарапынан бірден көзге шалынар еді. Өйткені, шығыс халықтарының ер-азаматты немесе әйелді сыйлаудың өз алдына дәстүрлі жолы бар. Және мұндай дәстүрлі жол әбден қалыптасқан. Дәстүрлі мәдениетке негізделген сыпайылық пен сый-құрметтің жолы ерекше. Дәстүрлі мәдениетке негізделген сыпайылық пен сый құрметті айшықтайтын мазмұнға лайықталған сөз мағынасы қазақ тілінде көптеп саналады. Сыпайылық адамның, оның ішінде тіл қатынасына түскен сөйлеуші жақтың өз тарапынан орындалатын мәдениеттіліліктің, саналылықтың, тәрбиеліктің, жоғары адамгершілік қасиетінің көрінісі.

Құрмет сол сөйлеуші жақтың сыпайылығымен жалғасын табатын тыңдаушы жақтың адамгершілік қадір-қасиетін дәріптеу, құрметтілік дәрежені сөз арқылы мәнін көтеру. Құрмет мағынасы свпайылық мағынадан ажырамай өте тығыз байланыста жүреді. Құрметке лайықталған жанның қадір-қасиетіне, дәріптелу мазмұнына тиесілі құрметі сөйлеші жақ тарапынан тілге тиек етілмесе, онда сөйлеші жақтың сыпайылығы кемшін болғаны. Сол себепті құрмет көрсетудің басы адамның (сөйлеуші жақтың) сыпайылығынан басталады. Құрммет пен сыпайылық мағанасының тілде берілуіне бірдей реңкті ала бермейді. Кейде сыпайылықтың реңкі қалыңдау көрініп тұратыны бар. Мұндай жағдайда құрметтеу мәні мүлде жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені сөйлеуші жақтың хабары тыңдаушы жақты құрметтегендіктен, сөйлеуші жақ солай сөйлеуге тиесілі. Сыпайылық адамның ішкі сезім-түйсігімен түрлі қоғамдық орталарда әр түрлі мазмұнға сай орындалатын әдеп. Ал құрмет міндетті түрде екінші жаққа яғни құрмет нысанына іліккен жаққа бағытталады.

Сыпайылықтың тілдегі орындалуын көптеген тілші ғалымдар сөйлеуші жақ пен тыңдаушы жақ қарым-қатынасының мазмұнына тәуелді ете қарастырылады. Мысалы, құрметті ұсынушы жақ, екінші құрметті қабылдаушы жақ (орыс тілінде адрессив, адресат) қатынасы негіздері деп қарайды.

Тілде сөйлеу мәденниеті бар және сыпайылық бар. Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты – дұрыс әрі дәл сөзбен беру, ойға қатысты тілдік бірліктер мен тұлғаларды тілдік ішкі заңдылықтарға сай келтіріп,сөйлеу тәртібінің қалпын сақтау болып табылады. Сөйлеу мәдениеті жалпы әдеп ұғымның қомақты бөлшегі. Әдеп сыпайылық, сыпайыгершілік мәдениетінен туындайды. Адамның о бастағы жаратылысымен біте қайнасқан адамгершілік қасиетінің көрінісі – сыпайылық. Сыпайлығы жеткен, әбден жеткен адамның сөзі ғана екінші бір тыңдаушы жақтың назарын өзіне аударуға әсер етеді.

Сыпайлық адам өміріне ана сүтімен, бесік тәрбиесімен беріліп, адамның мінез-құлық әрекеті мен дағдысына әбден машықталынып қалуына тәрбиенің жүгі мен мазмұнына байланысты.

Сыпайлық мағына дегеніміз не? Сыпайылық мағынасын беру үшін сөзді тұтыну қажет. Сөздегі сыпайылық мағынаны тану үшін де сөздің сыпайылық қуаттылығы қажет болады. Сөздегі сыпайылық мағына айтушы жақ тарапынан кішіпейілділік, биязылық, қадір тұтушылық ұғымдары арқылы беріледі. Сөйлеуші жақтың сөзі адамды қадірлеуге, құрметттеуге адамгершілікке негізделсе ғана ол сыпайылық мағынаның жүгін арқалай алады. Қазақ арасында әрекет ету шарттылығы үшін қолданылатын сөздеер мен сөз тіркестері көп. Олардың көпшілігі әрекет етуші жақтың яғни сөйлеуші жақтың биязылығы мен тәрбиелілігін білдіреді. Мысалы, ғафу етіңіз, елші мырза. Сіз әлі біздің елімізбен сыралға бола қойған жоқсыз (Ә. Кекілбаев). Әбілқайыр хан тарапынан орыс елі елшісінің алдындағы сыпайы әрі ханға тән тәрбиелілік. Ізет мағынасы бар. Мысалы: - Ә, елші мырза, хош келіпсіз, төрге шығыңыз! Соңғы мысалда сыпайылық мағынасы мен құрмет мағынасы қатар беріліп тұр. Хош келіпсіз – тіркесі сырттан келген адамның келгеніне ризалық білдіру. «Төрге озыңыз» – дегенде айтушы тарапынан құрмет, орын ұсыну мағынасы деп берілген. Қазақ дәстүрінде сырттан келген адамды сыйлау, құрметтеу мағынасында қалыптасқан әрекет сырттан келген адамды төрге оздыру, төрден орын беру – нағыз сый құрмет мазмұнын көрсетеді. Берілген мысалда алдымен сөйлеуші жақ тарапынан сыпайлық, одан соң тыңдаушы жаққа құрмет берілгенін жоғарыдағы сөз тіркестерінен- ақ байқауға болады. Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер тек сөйлеуші жақтың сыпайылығын білдіреді. Олар: рақым етіңіз; хош келдіңіз; кешірім етсеңіз; ғафу етіңіз т.б. Сөз болған жерде мағына болуы табиғи нәрсе. Сөзсіз мағына жоқ, сөз мағынамен тығыз байланысты.

Тілімізде сыпайылық мағынасында тура арнай мазмұнды яғни арнайы сый-құрмет мағынасын беретін жеке сөздер бар. Олардың саны өте көп болса да, қарым-қатынаста алатын орны маңызды екені рас. «Сөз сөйлеу кезінде» жасалмайтынын дәлелдеген ғалымдар оның даяр единица ретінде де қалыптасуында нақты мағынаға иеленуінің тарихи процесі бар болғаны аян. Мысалы: – Ғазиз құрбым, сізді мен ұмытқаным жоқ. Берілген мысалдағы «ғазиз» сөзі жағымды эмоциялық бояумен қатар сөйлеуші жақтың құрбысына деген ризалық көңілмен «жаны таза құрбым» деген құрметі, әрі бұрыннан таныс біліс, үзеңгілес құрбысын менің құрбым едің деп меншіктеуі де сыйлауға негізделген. [3. 5]

Әдебиеттер:

1 Б.И.Нұрдәулетова. Когнитивтік лингвистика. Алматы 2011

2 Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. Волгоград: Перемена 1992

3 Б. Тамаева. // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде Сыпайылық және сый-құрмет, оның мағыналық сипаты Алматы 2007 ж.



Резюме

В данной статье рассматривается структура концепта вежливость



Summary

In this article considered structures of concepts politnes


ДИАЛЕКТИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Алиасқарова,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің І курс магистранты
Диалект (грек тіліндегі dialektosа – әңгіме, сөз дегенді білдіреді)- жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген – сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар

Ақын жазушылардың қай-қайсысының шығармасынан (мүмкін біреуінде аз, екіншісінде одан көбірек болар) диалектілік ерекшелік кездеспей отырмайды. Өйткені әр адам, әсіресе сөз шебері – таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қоса белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ. [1,  62].

Жазушылардың көркем шығармаларында диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді  көркем әдебиет стилінде қолданғанда екі түрлі бағытта қолданады. Бірі – авторлық ремаркада, екіншісі диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тілімен салыстырғанда диалектизмдер аз қолданылады. Диалектизмдер көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.

Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Экспрессивті қызметі автордың жеке өзі таратып отырған хабардағы көріністермен байланысты, ендеше сөз өз тұлғасын білдіре алудың құралы ретінде қызмет етеді. Импрессивті қызмет сөйлеушінің жеткізгелі отырған хабарына қаратыла айтылады десек, ол сөйлеушінің әсеріне байланысты адресат хабардың қандай  тілмен жеткізілгені туралы ақпаратты алумен қатар, автордың осы хабарға деген эмоционалдық жай-күйін біле алады. Бұл қызмет белгілі бір әрекеттерге байланысты адресаттың көңіл-күйіне, сезіміне, талап-тілегіне ықпал жасай алады.

Жазушы әдетте айтпақ ойын оқырманға әсерлі, дәл жеткізу үшін әр алуан стильдік құралдарды іздейді. Мұндайда эмоциялық әсері үлкен, экспрессиялық бояуы қалың сөздерді таңдайды. Халықтың сөйлеу тіліндегі кейбір сөздердің, оның ішінде диалектизмдердің осындай қасиеті күшті болады. Сондықтан автор кейіпкерлерінің тілінде де, өз тілінде де (баяндауында да) мұндай сөздерді әдейі қолданады [2,  241-242].

Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз. Бұл жерде жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған.

Лексикалық ерекшеліктер өз ішінен бірнеше топтарға жіктеледі. Атап айтқанда:

нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;

семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;

этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары.

Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;

фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.

Кейіпкер образын жандандыра түсу тәсілдерінің бірі – оның тілінде сол өңірдің жергілікті ерекшеліктерін беру. Әрбір субъектінің жасына, қызметіне, өмір сүрген ортасына, күнделікті тіршілігіне қарай сөз қолданысы да басқалардан ерекшеленетіні белгілі. Олай болса, жазушы образ сомдауда осы ерекшеліктерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырысып, экстралингвистикалық факторларды ескеріледі.

Жазушы тілін, сөз қолдану ерекшеліктерін сөз еткенде, ең алдымен, екі факті:

а) белгілі бір сөздерді қолдануда автордың өзіндік позициясын, мақсатын түсіндіру;

ә) автор  бейнесінің ерекшеліктеріне мән беру.

Ақын-жазушылардың шығармаларында кейіпкер тілінде (кейде лирикалық кейіпкер автормен астасып, орайласып жатады) жергілікті тіл ерекшеліктерінің кеңінен қолданылуы – шығарманың құндылығын  арттырады. [3. 241-242].

Дегенмен қаламгер тілінде жергілікті ерекшеліктерді қолдануында екі түрлі басты кемшілік байқалады:

а) жергілікті ерекшеліктерді автордың өз  баяндауында (автор мен лирикалық кейіпкер сәйкес келмеген жағдайда) қолдануы;

ә) сол өңірге жат, таныс емес, басқа аймақта қолданылатын  сөздерді қолдануы, яғни, автор жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанмен, оның қай аймаққа тән екендігінен туындайтын фактор, себебі лексикалық ерекшеліктер  зерттеушілер  назарын ертеден-ақ өздеріне аударған, бір тілде сөйлейтін екі адам өз ара түсініскенмен, жекелеген сөздерді білмеуі немесе қолданбауы,  екінші жағынан, сол сөзге тілдік жағынан назар аудартады.    Фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер сөйлеуші тіліндегі кейбір ерекшеліктерді байқауға мүмкіндік береді, бірақ өзара түсінуге елеулі-ықпал ете алмайды. Ал лексикалық ерекшеліктерді жекелеген дыбыс,  фонема, қос морфема көлемінде емес, тұтас лексикалық  бірлік болғандықтан, адресанттың ойын түсінуде олар маңызды қызмет атқарады.

Д.Исабековтың шығармасында оның  Тәшкенде көшеге шықсаң болды, алдыңнан жаюлы дастарқан пайда бола кететінін, бір сомға

жетер-жетпес ақшаға меймілдеп тоятыныңды ерекше ықыласпен айтты (198-б). Келіншек топ кісінің арасындағы қағажу қалған Бағилаға бұрылды (204-б). Мұндай кезде шектен тыс шікәмшіл, тырысқақ, тіпті, аурушаң болып алады. Күн кешке айналған соң ба, әуе суытып, әрәдік-әрәдік бұршақ түсе бастады (184-б.) Жоқ, жолыңнан қалма, қарағым, әне Қабылсайға да кеп қалдым. «Азарлығы қона жатып, ертеңгісін жетер едім дә» деуін десе де Қиясбек қоярда-қоймай оны кабинаға отырғызды(187-б.). Бүгін азанда  осы хабарды естіп, солай қарай өкпені ала жүгіріп келе жатқан бетім осы еді, шырағым. Шал болса дімкәс қой, ауырып үйде жатыр (188-б.), там, шелек т.б. түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде жиі қолданылатын сөздің бірі – там. Жалпы қазақ сөйленістерінде там сөзі – көп мағыналы: қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған үй; мола, зират, бейіт; қабырға, дуал. Там сөзінің Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мағынасы туралы Ә.Нұрмағамбетов оның үй, мола, бейіт мағынасы оңтүстік говорлар тобына тән де, екінші мағынасы солтүстік-батыс говорлар тобына тән.  Алматы, Жамбыл, Шымкент тұрғындары тіліндегі там сөзі «үй»мағынасында қолданылып келеді де, Қызылордадан асып, Аралға жақындай бергенде, бұл мағынасынан айырылып, «мола», «бейіт»мағынасына ауысып кетеді», –  дейді [4,  14-15.].

 Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бұл сөз көршіндеп те аталады.  Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!… Ал диалектологиялық сөздіктерде бұл сөздің бес түрлі мағынасы беріледі. Cөздің архисемасы М.А.Хабичевтің бақыр сөзінің түсімен, металмен байланыстыратын тұжырымы арқылы анықталады, кур, гур түркі тілдеріндегі «қызыл» сөзінің түбірі де, бой – бояу – бұлардың бәрі жез ұғымынан тарайтын атауларға негіз болады. Бақыраш – жезден жасалған ыдыстың бір түрі [4, 38-39 .].

Сөздің семантикалық реңктерін таңдауда диалектизмдердің мәні зор. Әсіресе заттың, іс-әрекеттің сипатын құбылтып атауда сол сынның (сын есім немесе үстеудің), сол қимылдың (етістіктің) бір ғана атауы аздық етеді. Сондықтан жазушы не суреттеме (аналитикалық) тәсілге жүгінеді немесе өзгеше бір атаулар: жеке, дербес, сөздер іздейді. Ол сөздер диалектизмдердің ішінен көбірек табылады. Сондықтан көркем әдеби тіліміздің лексикалық қазынасын байытудың бір тәсілі ретінде диалектизмдерді орнымен қолданудың жөн екенін, сондай-ақ жазушы шеберлігіне тікелей қатыстылығы терең зерттеулерді қажет ететіндігі даусыз ақиқат.



Әдебиеттер:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Дәуір, 2005

2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005

3.Ә.Нұрмағамбетов. Тіл ерекшеліктерінің сипатына қарай қазақ тілі сөйленісінің батыс тобы// . – Алматы: 2007.

4.Төлегенова С. Көркем шығарма тіліндегі диалектизмдер. Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның қолжазбасы. – Ақтөбе, 2010.

Резюме

В данной статье рассматриваются стилистические функции диалектизмов в произведениях Д.Исабекова.

Resume

Thiz arficle considers the stilistik functions of dialectisms in Dulat Isabekov's.


ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАСАЛЫМЫ

Қ.Ақбажакова, Г.Қайдарова,

ҚазМемҚызПУ ф.ғ.к., доцент,

ҚазМемҚызПУ 1 курс магистранты
Н.И. Ильминский «үндесім (үндестік) заңы» деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: «Закон созвучия по которому и известном слове, сколько бы они длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий» 1, 14. Бұл жерде сингармонизмнің түркі тілдерін топтаудың белгісі ретінде қабылданғанын көреміз. Үндесім құбылысын тілдік белгі ретінде алған ғалым қазақ тілін осы белгісіне сүйеніп түркі тілдерінің қатарына жатқызып отыр.

Қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтай келіп, дауыстыларды екі топқа жұптап берген, өйткені олардың айтылымы жоғарыда көрсетілген үндесім заңына сәйкес екіге жіктелетінін көрсетуге тырысқан: «Гласные – а, ә, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Согласные - п, б, м, уw, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң. Гласные расположены нами по-парно. Первую в каждой паре назовем толстою, вторую (и ә) тонкою. Толстые, в отношении степени толстоты, сходны с русскими, тонкие же все равномерно чужды остроты русских гласных, напр. те киргизское - русскому тэ» 1, 6. Автор қолданған «жуан жіңішке» атауларының да сол кезде қалыптаса бастағанын көреміз. Ең бастысы орыс тілінің ықпалымен «твердый/мягкий» атауларының тікелей аудармасын іздемей, «толыстый/тонкий» атауларын алғанын байқаймыз. Бұл атаулар қазақ тілінде орнығып, тұрақты және үйреншікті зерттеу құралына айналып отыр.

Ғалым еңбегінің аса бір құнды тұсы деп оның дауыссыздарға қатысты айтқан пікірін алуға болады. Н.И.Илминский қазақ тілінде дауыссыздардың да жуан-жіңішке болып айтылатынын аңғарған: «Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие. Гортанные различаются в этом отношении так резко, что нельзя было бы не дать им особого начертания; прочие же согласные все и каждая могут быть толстою и тонкою смотря по гласной, напр. ат, ет. И так как это определяется системою звуков (ерекшелеген біз), то мы и не отличили этой двоякости согласных никаким значком» 1, 8. Бұл жерде ғалым пікірінің екі жағын атауға болады. Бірінші, дауыссыздардың жуан/жіңішкелігін дауысты дыбыстарға таңып отыр. Өйткені ол кезде сингармонизм құбылысын «гармония гласных» деп ұғынған. Сондықтан дауыстылардың ықпалын зерттеушілер басым деп бағалаған. Екіншіден, дауыссыздардың жуан/жіңішке белгісін тілдің ішкі жүйесінен тауып отыр. Бұл сол кездегі фонетикалық теория деңгейі үшін өте жоғары нәтиже деп қарау керек. Шындығында да, қазіргі зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ, онда дауыссыздардың жуан/жіңішкелік белгілері қазақ тілінің құрылымдық ерекшелігін көрсететін бірліктер болып табылады.

Белгілі ғалым В.В.Радлов өзінің неміс тілінде жарық көрген атақты еңбегінде сингармонизмнің фонетикалық сипатын «произносятся при одинаковом положении губ и языка» 2, 2 деп берген болса, оның тілдегі қызметін «...причина возникновения гармонии гласных лежит в морфологии и теснейшим образом связана с внутренней формой урало-алтайских языков» 3, 50-51 деп түсіндіреді. Ғалымның фонетикалық қорытындысы түркі тілдеріндегі сөз тіл мен еріннің тұрақты бір қалпымен айтылады дегенді көрсетсе, ал сингармонизмді морфологиямен байланыстыруын оның құрылымдық қызмет атқаратынын көрсеткені деп түсінеміз.

Ал В.В.Радлов қалдырған оның негізгі мұрасына келетін болсақ, ол туралы оның атақты «Опыты...» сөздігін қайта бастырып шығарушылар былай деп бағалаған еді: «Опыт словаря тюркских наречий» - итог полувековой работы выдающегося ученого, основателя отечественной школы тюркологии академика Василия Васильевича Радлова (1837-1918) – пользуется всеобщим признанием как единственное в своем роде богатейшее собрание лексики и фразеологии многочисленных живых и древних тюркских языков… материал по многим тюркским языкам и диалектам подчас можно найти только в этом словаре» от издательства 3. Сол ғасырдағы үндесім құбылысынан жан-жақты мәлімет беретін мол мысалды осы сөздіктен таптық. Жоғарыда айтылғандай, сингармонизмнің бұзылмаған үлгісін сол күйінде қағазға түсірген зерттеушілердің ең беделдісі В.ВРадлов болғанын көреміз. Сондықтан да ғалым мұрасын өзіміздің зерттеу нысанымыз ретінде молынан пайдаланғанымызды айта кетуіміз керек. Оның атақты «Сөздігінен» қазақ тіліне қатысты аса бай материал табылып отыр. Ол табылған материалдың құндылығы сол кездегі қазақ сөзінің айтылым үлгісі таза ауызекі сөйлеу тілінен алынғандығында деп есептейміз.

Академик В.В.Радловтың теориялық тұжырымдарын проф. К.Ш.Хұсайыновтың еңбегіне 4 сүйеніп талдадық, өйткені В.В.Радлов еңбегінің түпнұсқасын қолға түсіру аса қиын екені зерттеушілерге мәлім. Проф.К.Хұсайынов өзінің алдына қойған мақсаты туралы былай дейді: «Цель данной работы - рассмотреть теоретические положения В.В.Радлова, которые имеют непосредственное отношение к истории изучения казахского языка, а также для выявления особенностей развития казахской лексики в советскую эпоху, сопоставить лексические материалы по казахскому языку, собранные В.В.Радловым в начале второй половины прошлого столетия, с фактами современного казахского языка» 4,4. Біз үшін, бір жағынан, В.В.Радлов еңбегіндегі лексикалық материалдың айтылым үлгісінің маңызы зор болса, екінші жағынан түркі тілдерінің дыбыс құрамын талдаған зерттеу нәтжелері маңызды болып табылады. Ендеше ғалым еңбегінің лексикалық және теориялық талдауларының нәтижелеріне бірдей назар аударуға тырыстық.

В.В.Радлов түркі тілдеріндегі сингармонизмнің артикуляциясын талдай келіп, оның негізгі артикуляциялық көрінісі ретінде өзіндік белгілерді ұсынады, олар: ауыз қуысының толық қалпы, яғни еріннен көмейге дейін; ауыз қуысының ықшамдалған қалпы, яғни тістен көмейге дейін; ауыз қуысының жартылай қалпы, яни еріннен тіл алдына дейін; ауыз қуысының жартылай ықшамдалған қалпы, яғни тістен тілдің алдына дейін. Ол туралы «В.В.Радлов, разделяя классическую для тюркских языков восьмерку гласных на две группы – лабиализованные и нелабиализованные, последние , на наш взгляд, вполне обоснованно назвал зубными гласными, так как по его описаниям при воспроизведении нелабиальных гласных именно зубы выступают в качестве передней границы рто-глоточного резонатора» 4, 73 деп жазады проф. К.Хұсайынов.

Жалпы түркологияда әбден қалыптасып қалған теория бойынша сингармонизмді «гармония гласных» деп қарастыру осы еңбекте де толық орын алған. Мысалы, монография авторлары «Сингармонизм – организующее средство тюркского слова, средство его цельнооформленности, установления границы слова в тюркском речевом потоке. Определящим элементом в сингармоническом комплексе является гармония гласных, ибо слово состоит из слогов, а основную слогообразовательную функцию несут гласные, которые в сочетании с согласными образуют различные типы слогов в тюркских языках» деп жазады.

Проф. М.Жүсіпұлы «Тілдің дыбыс қорын сингармонизм фонологиясының бағытында зерттеу үшін, біріншіден, ізденушінің алдында тұрған мәселелерге функционалдық (динамикалық) көзқарасты қалыптастыру керек; екіншіден, қазақша сөйлеу процесінде дыбысталу дағдысының және қазақ артикуляциялық базасының (дыбыстау мүшелерінің) сингармонизм заңына нық бейімделгенін анықтау керек еді. Ал, бұлардың ұйтқысы – сингармонизм заңы екендігі, сондықтан ол сингармониялық және бейсингармониялық (акцентті-фонемалық) дыбыстау дағдылары мен артикуляциялық базаларды салыстырып зерттегенде айқын байқалады» 5,7 деп, болашақ зерттеушілердің алдына күрделі мәселе қояды. Егер сингармонизм мәселесін толық шешу керек болса, онда оны жеке бөліп қарамай, басқа тілдердегі өзі тектес тілдік бірліктермен жарыстыра қарастыру керек екенін ұсынады. Сонымен қатар сингармонизмді оның тілдік қызметі тұрғысынан байыптағанда ғана оның табиғатын дұрыс түсінетін боламыз. Басқаша айтқанда «Сингармонизм – сөздің фонетикалық және фонологиялық бейнесінің просодиялық таңбасы, сөз құрамындағы барлық дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жарты дауысты) қамтиды; сөзді акустикалық және мағыналық жағынан тура қабылдаудың кепілі... Сингармонизмнің тағы бір коммуникативтік қызметі сөздің құрамындағы дыбыстарды біріктіру. Сөз, сөздің құрамындағы буындардың барлығы бір сингармониялық тембрмен сипатталады» . Сөйтіп сингармонизм қазақ тіліндегі күрделі құбылыс ретінде сөздің просодикалық белгісі екен, ол сөздің құрамындағы дыбыстардың бәрін қамтиды, соның нәтижесінде дыбыстардың басы бірігіп, бүтін бір сөзге айналады. Ендеше қазақ сөзі тек сингармонизм арқылы ғана дұрыс айтылады, сингармонизм арқылы ғана дұрыс танылады.

Кез-келген тілдің фонема құрамы тұрақты болғанымен, олардың тілдегі көрінісі «шексіз» болады.Фонема көрінісінің шексіз болуына әртүрлі фонетикалық жағдаяттар

себеп болады. Қазақ тілі дыбыстарының сөйлеу үстіндегі түрленімінің құрамы да осындай фонетикалық жағдаяттарға байланысты. Егер фонетикалық жағдаят белгілі болса, онда сол фонетикалық жағдаяттан туындайтын дыбыс түрленімінің мән-мағанасын ашып, оны сипаттап беруге болады. Ол үшін фонетикалық жағдаяттан туындайтын ұғымды анықтап алу керек, сонан соң сол ұғымға лайық атау табу керек. Сөйтіп барып қазақ тілі дыбыстарының түрленім үлгілерінің құрамын табамыз, әрі қарай олардың фонетикалық (артикуляциялық-жасалым, акустикалық-айтылым, перцепциялық-естілім) сипаттамасының негізінде жүйесін анықтаймыз. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің басын біріктіріп тұрған заңдылықты ашамыз.

Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің әрқайсысының өзіне тән ұғымдары мен атаулары болады. Қазіргі фонетикалық зерттеулердің басты мақсаты - әр түрленімге тән ұғым-атаулардың шегарасын ажыратып, жіктеп беру. Кез-келген дыбыс түрленімі оның жасалымы, айтылымы, естілімін түгел немесе ішінара қамтып кетуі мүмкін, сол өзгерістердің ішінде бір белгісі басым көрінетін болады. Түрленім үлгісінің басты белгісі ретінде сол басым түрленім белгісін аламыз.

Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімінің басты-басты үлгілерін сараптап көрейік.

Бірінші, қазақ тілінің іргелі заңдылықтарының бірі - үндесім құбылысы (үндестік немесе сингармонизм заңы). Буын немесе сөз құрамындағы кез-келген дыбыс үндестік заңына лайық түрленіп отырады. «Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс болады... Қазақ тіліне тән мұндай құбылыс - үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы)» деп аталады, басқаша айтқанда буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейміз. Егер: дыбыс жуан әуезбен айтылса, онда сол буын құрамындағы көрші дыбыс та жуан әуезбен айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін жуан әуезді түрленім дейміз; дыбыс жіңішке әуезбен айтылса, онда сол буын құрамындағы көрші дыбыс та жіңішке әуезбен айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін жіңішке әуезді түрленім дейміз; дыбыс ерін әуезбен айтылса, онда сол буын құрамындағы көрші дыбыс та ерін әуезбен айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін ерін әуезді түрленім дейміз; дыбыс езу әуезбен айтылса, онда сол буын құрамындағы көрші дыбыс та езу әуезбен айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін езу әуезді түрленім дейміз.

Олай болса, дыбыс үндесім әуезіне байланысты түрленеді екен. Дыбыстың бұл түрленімін жинақтай келіп үндесім түрленім дейміз. Үндесім түрленім тек буын деңгейінде көрінеді.



Екінші, бір буынның құрамындағы дыбыс өзімен көрші екінші буынның құрамындағы дыбыстың әсерінен түрленуі мүмкін. Көрші буындағы дыбыстың көрші буындағы дыбысқа әсері жасалу орнына, жасалу тәсіліне және дауыс қатысына тікелей байланысты болады. Көрші дыбыстар ілгерінді/кейінді бір-біріне әсер ете береді. Егер: көрші дыбыстың жасалу орны еріндік болса, онда көрші дыбыс өзінің жасалу орнын жоғалтып, жасалу орнына қарай еріндік болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін орын түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек жасалу орны ғана түрленеді; көрші дыбыстың жасалу тәсілі жуысыңқы болса, онда көрші дыбыс та жуысыңқы болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін тәсіл түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек жасалу тәсілі ғана түрленеді; көрші дыбыс дауыс қатысына қарай ұяң болса, онда көрші дыбыс та ұяң болып айтылады. Дыбыстың бұл түрленімін дауыс түрленім дейміз, өйткені дыбыстың тек дауыс қатысы ғана түрленеді.

Олай болса, дыбыс артикуляциялық белгісіне байланысты түрленеді екен. Дыбыстың бұл түрленімін үйлесім түрленім дейміз. Үйлесім түрленім морфемалар жігінде ғана кездеседі.

Үшінші, дыбыс өзімен іргелес дыбыстың әсерінен түрленуі мүмкін. Іргелес дыбыстың іргелес дыбысқа әсері тілдің тік қалпына, көлденең қалпына және ерін қатысына байланысты болады. Іргелес түрленім тек дауыссыз бен дауыстының тіркесінде кездеседі және іргелес дыбыстардың дауысты сыңары басым болады. Іргелес түрленімге тілдің тік және көлденең қалпы мен ерін қалпы бір мезгілде қатысады. Түрленім осы үш белгінің араласымынан құралады.

Олай болса, іргелес түрленімге үстеме артикуляциялық белгілер қатысады. Дыбыстың бұл түрленімін іргелес түрленім дейміз. Іргелес түрленім буынның дауыссыздан басталған бас шенінде немесе дауыссызға аяқталған аяқ шенінде кездеседі.

Төртінші, дыбыс өзінің сөздегі орнына қарай түрленуі мүмкін. Дыбыстың сөздегі орны оның айтылымына тікелей әсер етеді. Дыбыстың артикуляциялық белгілері түгел (жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы, қарқыны, созылыңқылығы т.б.) қатысуы немесе ішінара қатысуы мүмкін. Сондықтан дыбыс сөздің қай шенінде тұр, соған байланысты оның айтылымы құбылып отырады. Егер: сөздің басында тұрса, онда жартылай созылыңқы және босаң айтылуы мүмкін; сөздің ортасында тұрса, онда қысқа және бос айтылуы мүмкін; сөздің соңында тұрса, онда созылыңқы және нық айтылуы мүмкін. Олай болса, дыбыс айтуға кететін уақыты мен айтылым күшіне байланысты түрленді екен.

Олай болса, дыбыстың барлық белгілері маңызды. Дыбыстың бұл түрленімін шеп түрленім дейміз. Шеп түрленім сөз деңгейінде көрінеді.



Бесінші, дыбыс екі сөздің шегарасында тұруына байланысты түрленуі мүмкін. Сөз тіркесінің құрамындағы оның сыңарларының өзара фонетикалық байланысы дыбыстың жасалымына әсер етеді. Дыбыстың бұл түрленіміне де артикуляциялық белгілердің бәрі бірдей немесе ішінара қатысуы мүмкін. Егер: сөз тіркесінің сыңарлары өзара тығыз байланыста (тұрақты тіркес) болса, онда дыбыс түрленімі көрнекі және тұрақты болады. Дыбыс түрленімі көрнекі (айқын) және тұрақты болатындықтан, дыбыстың бұл түрленімін көрнекі түрленім дейміз; сөз тіркесінің сыңарлары өзара босаң байланысты (еркін тіркес) болса, онда дыбыс түрленімі көмескі және тұрақсыз болады. Дыбыстың түрленімі көмескі және тұрақсыз болатындықтан, дыбыстың бұл түрленімін көмескі түрленім дейміз; сөз тіркесінің сыңарлары өзара бос байланысты болса (көрші тіркес), онда дыбыс түрленбей, өз жасалымын сақтап қалады. Дыбыс түрленбей, өз айтылым үлгісін сақтап қалатын болғандықтан, дыбыстың бұл түрленімін бейтүрленім дейміз.

Олай болса, дыбыс өзінің айтылым айқындығына қарай түрленеді екен. Дыбыстың бұл түрленімін тіркес түрленім дейміз. Тіркес түрленім сөзаралық деңгейде көрінеді.

Алтыншы, дыбыс сөздің айтылым әуеніне байланысты түрленуі мүмкін. Дыбыс өзі құрамында тұрған сөздің қандай сөйлемнің құрамында тұруына байланысты түрленеді. Әдетте сөйлем мағыналық қызметіне қарай белгілі бір әуенмен айтылады, ендеше оның құрамындағы сөздер сол мағыналық әуенмен айтылады, сөз құрамындағы дыбыс та сол мағыналық әуенмен айтылады. Егер: сөйлем хабарлы әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де хабарлы әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс хабарлы әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін хабарлы түрленім дейміз. Өйткені түрленім дыбыстың бірқалыпты айтылуына тікелей байланысты; сөйлем сұраулы әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де сұраулы әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс та үдемелі әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін сұраулы түрленім дейміз. Өйткені түрленім дыбыстың айтылу әуеніне тікелей байланысты; сөйлем бұйрық (лепті) әуенмен айтылса, оның құрамындағы сөз де бұйрық (лепті) әуенмен айтылады, сөздің құрамындағы дыбыс та бұйрық (лепті) әуен ықпалымен түрленеді. Дыбыстың бұл түрленімін бұйрықты түрленім дейміз. Өйткені түрленім дыбыстың айтылу қарқынына тікелей байланысты.

Әдебиеттер:

1 Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1860. -123 с.

2.Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. - Лейпциг, 1882 (неміс тілінде). - 212 с.

3. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. В 4-х томах (8-и книгах). Санкт-Петербург, 1888-1911.

4.Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык. -Алма-Ата: Наука, 1981.


-171 стр.

5.Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингармонизма. – Ташкент: ФАН, 1995. - с.



Резюме

Данная статья посвящена артикуляции звуков казахского языка .

Resume

This article is sanctified to the articulation of sounds of Kazakh .
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет