Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет15/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

Әдебиеттер:

1.Шукюров А.Д. О категории наречия в тюркских языках //История, культура, языки Востока. – Москва:Наука,1970.- 243-245с.

2.Гочияева С.А. Наречия в карачаево-балкарском языке.-Черкеск: Ставроп.книж. Изд-во, 1973.-119с.

3. Дмитриев Н.К. Строй турецкого языка.- Москва: Изд-во АН СССР,1939 -125с.

4.Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1939.-102б.

5.Сауранбаев Н.Қазақ тілі. Лексика, фонетика, морфология, синтаксис. –Алматы:ОПБ,1953,-220б.

6. Боровков А.К. О частях речи в языках тюркской системы// Революция и письменность.-1936.-?2-с.90-97

7. Фузайлов С.О. Наречия в современном узбекском языке //Труды Ташкентского государственного университета. Новая серия. ХХІХ, филолог.науки. Ташкент, 1952. –С.5-26.

8.Хабичев М.А. Карачаево-балкарское именное формообразование и словоизменение: опыт сравнительно-исторического изучение. –Черкеск:Ставроп.книж.Изд-во, 1977.-110с.

9.Ганиев Ф.А. Суффиксальные словообразования в современном татарском языке. –Казань: Татарс.кн.изд-во, 1974.-231с.

10.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі,1991.-384б.

11.Жұбанов Қ.Тіл білімі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966.-362б.

12. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. –Алматы: Мектеп,1973.-100б.

13.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998.-304б



Резюме

В этой статье рассматривается история субстантивация наречий и использования их в предложении и изменение смысла при добавление окончания.



Résumé

In this article history is examined substantiations of adverbs, uses of them in sentences and changes of sense at addition completion.


Түркологиялық кеңістіктегі сөзжасам ғылымының

қалыптасуы мен даму барысы

Қ.Дүрімбетова,

ҚазМемҚызПУ магистранты.

Алматы, Қазақстан

Орыс тіл білімінің ықпалында болып келген түркология ғылымында сөзжасам проблемалары тілдің фонетика, лексикология және грамматика салалары тәрізді жеке, дербес сала ретінде қарастыру жайы 1960-1970 жылдары айтыла басталды. Бұл орайда, әрине, сөзжасам мәселесіне байланысты әлемдік және орыс лингвистикасында көптеп жарияланған зерттеулердің әсер еткені сөзсіз.

Жалпы, түркологияда сөзжасам проблемасы, сөзжасамның жеке сала болып қалыптасу тарихы жайында әңгіме болғанда, Ж.Т.Сарбалаев екі кезеңге бөліп қарастырады. «Бірінші кезең орта түркілік дәуірден, яғни ХІ ғасырдың ұлы филологы Махмуд Қашқари заманынан бастау алып, ХХ ғасырдың орта шеніне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде сөзжасам мәселелері, негізінен, тілдің грамматика және лексикология салаларының аясында ғана, онда да сөзжасамдық тәсілдер тұрғысынан қарастырылды. Зерттеушілер сөзжасамды сөз таптарының пайда болу, жасалу жолы деп санап, оны грамматиканың негізгі мәселелерінің бірі деп таныды. Сөзжасамның сөз тудыру тәсілдері ішінен, әсіресе, синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдеріне ерекше назар аударды. Ал сөзжасамның тілдік табиғатына, оның тілдік құбылыстар жүйесінде алатын орнына, қоғамдық-әлеуметтік мәніне, теориялық және практикалық жағына айрықша көңіл бөле бермеді. Осының салдарынан сөзжасам түркологияда көп уақытқа дейін тілдің жеке саласы деңгейіне жете алмай, «жабулы қазан жабулы» күйінде қала берді.

Түркологияда сөзжасамның тілдің жеке саласы болып қалыптасуының екінші кезеңі 1960-1970 жылдардан бергі уақыттарға тиесілі. Бұл уақытта әлемдік лингвистикада болсын, орыс тілінде болсын сөзжасам проблемаларының тілдің жеке саласы ретіндегі статусы әбден мойындалған болатын. Жалпы тіл білімінде сөзжасамға байланысты жарық көрген көптеген зерттеу еңбектерінің әсерімен түрколог ғалымдар да түркі тілдерінде сөзжасам мәселелерін тіл білімінің жеке саласы ретінде қарастыра бастады. Оларда сөзжасамның зерттеу объектісі, оған не нәрселердің жататын-жатпайтындығы, оның тілдік құбылыстар жүйесіндегі алатын орны, тілдің өзге қабаттарымен байланысы, қоғамдық-әлеуметтік мәні сияқты күрделі мәселелердің басы ашылып анықталды. Түркі тіл білімінде де сөзжасамның тілдің өз алдына бөлек, жеке саласы болып орнығуына теориялық негіз жасалды» [1. 9-10].

Жалпы, түркітануда сөзжасамның зерттелу тарихы тереңнен бастау алады. ХІ ғасырда өмір кешкен атақты филолог-ғалым Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-турк» атты еңбегінде түркі тілдеріндегі сөзжасамдық тәсілдер туралы, тілдегі жаңа сөздердің қалай пайда болатындығы, оған сөзжасамның қандай амал-тәсілдерінің қатысатындығы жайында алғашқы ой-тұжырымдар айтылғандығы белгілі. Махмуд Қашқари түркі тілдерінде жаңа сөздердің негізінен сөз тудырудың морфологиялық және синтаксистік тәсілдің бір түрі - қосарлану жолы арқылы қалыптасатындығын айта келіп, дәлел ретінде сол замандағы әртүрлі түркі тайпаларының тілдерінен мол мысалдар келтіреді. Ғалым мысалы, -лығ қосымшасының үш түрлі өзіндік мағынада: а) иелік (саманлығ ер - сабаны бар адам сияқты); ә) істелген іс (сарығлығ ер - сары ауруына ұшыраған адам); б) мекен (тарығлығ ер - егіндік) жұмсалатынын айта келіп, осы қосымша арқылы жасалған туынды сөздердің 5 түрлі сипатта ұшырайтынын атап өтеді: 1. Нәрсенің өскен, өнген жері мағынасында: сөкутлук - тал өсетін жер; 2. Айтылған нәрсені істеуге арналған нәрсенің аты орнына қолданылады: төшәклік барчын - төсектік баршын; 3. Кісінің құлқын, табиғатын білдіретін масдар мағынасында қолданылады: кувәзлік-тәкаппарлық, йігітлік-жігіттік; 4. Айтылған нәрсенің иесі мағынасында келеді: біләклік ер-білекті, күшті адам; 5. Істелген, орындалған істі білдіреді: білік кіші ара улуклук ол-білімді адамдар арасында ерекше ол [2, 105-106]. Махмуд Қашқари, сондай-ақ, етістіктерге жалғанып, есімдер тудыратын бірсыпыра аффикстердің де тізімін береді. Мысалы, -інді қосымшасы етістікке жалғанып, одан есім сөз жасайтынын айта келіп, оған көмінді (көмілген деген мағынада) сөзін айғақ ретінде келтіреді [2, 105]. Ал, сөз тудырудың қосарлану тәсілі жайында былай дейді: «Қосарланып қолданылған етістіктер мен есімдердің біреуі негізгі сөз болады да, екіншісі көмек сөз болып келеді. Мысалы, бір нәрсе бір нәрсеге араласып кетсе, түріктер қатты-қарды-араласып кетті (аралас-құралас сияқты). Бұл жерде қатты сөзі негізгі сөз болады да, қарды сөзі көмекші сөз болып саналады. Осы сияқты түріктер жақсы мағынасын аңлату үшін әзгу-йавлак деген қос сөзді қолданады»

Сөз болып отырған еңбектің ең басты құндылығы сонда, автор Махмуд Қашғари түркологияда тұңғыш рет түркі сөздерінің лексикалық-грамматикалық, дыбыстық табиғатын дәл танытып қана қоймай, сөзжасам мәселелеріне де ең бірінші болып «түрен салуында». Түркі сөздерінің басым көпшілігінің негізінен екі түрлі тәсілімен, атап айтқанда, морфологиялық және синтаксистік жолымен жасалады деуінде.

Түркі тілдерін кең ауқымда зерттеу ісі, әлбетте, ХІХ ғасырда ерекше қарқын алғаны белгілі. Оған, әрине, Ресей империясының Шығыс пен Орта Азияны мекендеген түркі тілдес халықтарды жаулап алып, отарлау саясатын ашық та белсенді жүргізуі себеп болды. Патша үкіметі отарлық бұғауға түскен елдердің халқын құлдықта ұстап тұру мақсатында әрі империялық саясатты терең жүргізу үшін басып алынған жерлердегі халықтың тілін, әдебиеті мен мәдениетін, психологиясын, әдет-ғұрпын, жалпы ұлттық менталитетін зерттеу жұмысына айрықша мән берді. Осыған байланысты ХІХ ғасырда жекелеген түркі тілдерінің грамматикасы туралы орыстың миссионер ғалымдары жазған еңбектер көбейді. Ол еңбектерде түркі тілдерінің дыбыстық және грамматикалық құрылысына қатысты елеулі ой-пікірлер айтылып қана қоймай, сөзжасам мәселесіне байланысты да дәстүрлі грамматика үлгісінде азды-көпті тұжырымдар беріліп отырды. Мысалы, И.Гиганов «Грамматика татарского языка» [3] атты еңбегінде:

-шы, -лы, -лық, -аш, -шық т.б. қосымшалардың сөз тудырушылық қасиеттерін атап өтсе, М.Казембектің «Общая грамматика турецко-татарского языка» [4] атты кітабында есім сөздердің бес түрлі сөзжасамдық тұлғасы аталады. Сондай-ақ, 1859 жылы Қазанда басылып шыққан авторы белгісіз «Грамматика алтайского языка» деген басылымда есімдер тобындағы сөз тудыратын аффикстер ретінде -лу, -ду, -ту, -гу, -гіл, -сыман, -су тәрізді қосымшалар беріледі. Түркі тілдерінің тілдік жүйесі мен тілдік заңдылықтарын жете білмегендіктен әрі славян тілдері грамматикасының құрылымын басшылыққа ала отырып, сол ізбен зерттегендіктен аталған ғалымдар еңбектерінде жаңсақ тұстар өте көп. Авторлар, көбінесе, сөзжасамдық тұлғалар мен форма жасайтын қосымшалардың ара-жігін толық ажырата алмай, оларды бір-бірімен араластырып қарастыра береді. Осыған байланысты кейде олардың қайсысы сөзжасамдық тұлға, қайсысы форма жасайтын тұлға екенін ажырату қиынға соғады.

Түркі тілдері (қазақ тілі) сөзжасамы да өзге де жекелеген тіл білімдеріндегі сияқты тілдің басқа салаларына қарағанда анағұрлым кеш қалыптасқан тілдің арналарының бірі болып табылады. Рас, сөзжасамның сөз тудыру тәсілдері сықылды жеке мәселелері тіл ғылымында бұрыннан, сөз болып келе жатқанымен, оның тіл білімінің лексика, фонетика, грамматика тәрізді лингвистиканың өз алдына бөлек, дербес саласы ретінде таныла бастауы соңғы 40-50 жылдың жемісі. Бұл орайда, қазақ тілінің зерттеушілеріне жалпы тіл білімінде сөзжасамға байланысты орныққан ғылыми тұжырымдардың, ең алдымен, орыс тіл білімінде оны жеке сала ретінде қарастырған көптеген байсалды зерттеулердің жарыққа шығуы әсер еткені, ықпал жасағаны даусыз.

Ж.Т.Сарбалаев: «Осы ыңғайда қазақ тіл білімінде де сөзжасамның кейбір мәселелерінің бұрыннан сөз болып келе жатқанын ескере отырып, сөзжасамның зерттелу тарихын екі аспектіге яғни екі кезеңге бөліп қарауды жөн санаймыз: 1. Сөзжасамның қазақ тіл білімінің жеке саласы болып қалыптасқанға дейінгі дәуірі; 2. Сөзжасамның қазақ тілінің жеке дербес саласы болып орнығуы» - деген пікір айтады [1].

Қазақ тіл білімінің тарихында қазақ тілі туралы тұңғыш ғылыми еңбек жазған адам-ол белгілі миссионер ғалым Н.И.Ильминский. Оның 1860-1861 жылдары Қазан университетінің ғылыми жазбаларында «Материалы к изучению киргизского наречия» [5] деген атпен жарияланған зерттеуі қазақ тіл білімінің басы болып табылады. Бұл еңбегінде оның өзіне дейін жарық көрген түрік, әзербайжан, татар тілдерін дыбыстық, грамматикалық жағынан сипаттаған әкелі-балалы Ф.Халфиндердің, И.Гигановтың, М.Казембектің аталған грамматикаларды жазудағы тәжірибелерін жақсы пайдаланғандығы, үлгі тұтқандығы анық байқалады.

Хронологиялық тәртіп тұрғысынан алғанда, қазақ тіл білімінің тарихындағы екінші еңбек-орыс армиясының офицері М.Терентьевке тиесілі. Ол 1875 жылы Санкт-Петербургте «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» [6] атты кітабын жариялайды. Мұндағы автордың «қырғыз грамматикасы» деп отырғаны әрине, қазақ тілінің грамматикасы. Автор еңбегінің қырғыз (қазақ) тіліне қатысты тарауларын жоғарыда аталған Н.И.Ильминскийдің бізге белгілі зерттеуіне сүйене отырып жазғандығын және оның қолжазбасын Ш.Бөкеев пен Ибрагимовтердің қарап шыққандығын, олардың ескертпелерімен жұмыс жасағандығын айтады.

В.В.Радлов 1882 жылы Лейпцигте неміс тілінде басылып шыққан «Солтүстік түркі наречиелерінің фонетикасы» [7] атты еңбегінде, қазақ тіл білімінің қалыптасып даму тарихында Петербург университетінің профессоры, белгілі түрколог П.М.Мелиоранскийдің 1894 жылы жарық көрген «Краткая грамматика казак-киргизского языка» [8] және 1897 жылы осы кітаптың жалғасы ретінде шыққан синтаксис мәселелерін қарастырған еңбектерінің алатын орны айрықша. Қазақ тіл білімінің тарихын зерттеп жүрген кейбір ғалымдардың әділ атап көрсеткеніндей, «бұл еңбек шын мәнінде қазақ тіл білімінің жаңа беті» болды.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеу негізінен орыс ғалымдарының еншісіне тисе, енді өткен ғасырдың алғашқы ширегінен бастап қазақ тіліне қатысты барлық проблемаларды жүйелі әрі терең қарастыру міндетін қазақ ұлтының өз ішінен өсіп шыққан зерттеушілер өз мойындарына алды. Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов Қ.Жұбановтан бастап қазақ тілінің мәселелерімен айналысқан зерттеушілердің барлығы да қазақ тілінің өзге де проблемаларымен қатар сөзжасамның теориялық және практикалық мәселелеріне де назар аударып, соны ой-пікірлер, тың тұжырымдар білдірді.

Сөзжасамның негізгі мәселелері-туынды сөз туралы түсінік, оның жасалу жолдары мен тәсілдері, сөздің тұлғалық түрлері: қос сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз және осы салаға қатысты терминдер туралы алғашқы мәліметтер. А.Байтұрсыновтың 1914 жылы жарыққа шыққан «Тіл - құрал» атты еңбегінде кең түрде беріледі [9].

Профессор Қ.Жұбанов та грамматикаға байланысты зерттеулерінде сөзжасам мәселелеріне айрықша ден қойған. Оның 1936 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» [10] атты мектепке арналған оқулығының алғашқы бөлімінде морфологияға қатысты ғалымның пікірлері баяндалған. Онда сөздің жалпы морфологиялық құрылымы, оның қандай морфемалардан құралатындығы, сөз таптарының лексика-грамматикалық категория ретіндегі сипаттары анықталған.

Түркологиялық еңбектерде, әрине, сөзжасам жеке сала ретінде танылған жоқ. Дегенмен, өткен ғасырдағы түркологиялық еңбектер сөзжасам мәселелерін морфология деңгейінде қарастырып, сөзжасам қосымшалары, олардың мағыналары туралы ілімнің бастамасын жасады деуге болады.

ХХ ғасырдың І жартысында көптеген түркі тілдерінің грамматикалары жарық көрді. Ол кезеңдегі грамматикалардың көпшілігіне тән нәрсе – сөзжасам сөз таптарының құрамында, морфологияның бір элементі ретінде қарастырылады. Тағы бір ерекшелігі – сөзжасамның екі тәсілі ғана – аффикстік және сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған түркі тілдерін әр тарапта зерттеген А. Самойловичтің, В. Гордлевскийдің, С. Ястремскийдің, И. Батмановтың, В. Насиловтың, А.Н. Кононовтың, Н.А. Баскаковтың, Н.К. Дмитриевтің, Л.Н. Харитоновтың, Н.П. Дыренкованың, т.б. көптеген түрколог ғалымдардың әр жылдары шыққан еңбектері дәлел бола алады.

Қазақ тіл білімінде сөзжасам осындай зерттеу жолынан өтіп, ақырында оны тілдің жеке бір саласы ретінде бөлек қарастырып, пән ретінде оқыту қажеттігі туды. Бұған әр кездерде жарық көрген Ғ. Қалиевтің, Н. Оралбаеваның, Е. Жанпейісов пен С. Нұрхановтың, Ә. Ағманов пен Е. Ағмановтың, Қ. Есеновтің, Г. Жексенбаеваның, Р. Өрекенованың, К. Молдабековтің, З. Бейсембаеваның, т.б. мақалалары да себеп болды. Ақырында, осындай зерттеулердің нәтижесі іспетті 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты авторлар тобының еңбегі тілшілердің қолына тиіп, пән ретінде оқытыла бастады.

Сөзжасамды арнайы зерттеудің белгілі әдіс-тәсілдері қалыптасты десе де болады: сөзжасам синхронды және диахронды аспектіде зерттелуде. Синхронды зерттеу арқылы сөзжасам мәселелері қазіргі сөз тудыру сипаты тұрғысынан анықталса, диахронды зерттеуде сөзжасам тарихи дамудың жемісі ретінде қарастырылады. Сөзжасам жүйесіне қатысты зерттеулердің әр түрлілігіне қарамастан, сөзжасам мәселелері толық шешілді, ғылыми курс жасалды деу қиын, Өйткені көптеген проблемалар жеке зерттеушілердің ғылыми көзқарасы ретінде қалып қойған, бірізділік жоқ. Тіпті қайшылықты көзқарастар мен пікірлер де жетерлік. Сондықтан сөзжасам жүйесінің жалпы теориялық мәселелері де, жеке сөзжасамдық тәсілдері де жүйелі түрде қарастыруды әлі де болса қажет етеді.

Әдебиет:

1.Сарбалаев Ж.Т. Конверсия мәселелері. Дәрістер топтамасы. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 107 б.

2.Махмуд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. - Алматы: Ана тілі, 1993. -190 б.

3. Гиганов И. Грамматика татарского языка. - СПб. 1801.

4.Казамбек М.А. Общая грамматика турецко-татарского языка. - Казанъ, 1846.

5.Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия, 1860.

6.Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. СПб, 1878.

7. Хусаинов К. В.В.Радлов и казахский язык. А., 1987.

8.Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. СПб, 1894.

9. Байтұрсынов А. Тіл - құрал. Алматы, 1993.

10.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 2011.
ЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМДЕР ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІК АКТ

Г.А. Ескермесова,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің оқытушысы.

Алматы. Қазақстан

Тілдің қызметі туралы қазіргі зерттеулер коммуникация теориясындағы базалық түсінік ретінде коммуникативтік акт құрылымына мән береді. Коммуникативтік актінің нақты сызбасын АҚШ ғалымы Клод Шеннон «Байланыстың математикалық теориясы» деген еңбегінде баяндаса, Р.О. Якобсон «Лингвистика және поэтика» еңбегінде коммуникативтік актінің негізгі компоненттері ретінде төмендегілерді көрсетеді:

референция
Адресант хабар адресат

контакт


код [1, с.15]
Яғни коммуникативтік акт кезінде адресант хабарды адресатқа кодпен жеткізеді. Референция (лат. referre – хабарлау, баяндау, атау, қатыстыру) - бұл хабардың мазмұны. Хабарлауды, яғни референцияны жүзеге асыру барысында тілдің коммуникативтік қызметі жүзеге асады. Бұл – тілдің басты функциясы және коммуникативтік актінің басым көпшілігінің басты функциясы. Тілдің екінші маңызды бір қызметі танымдық қызмет те осы референцияға тікелей қатысты. Адресант пен адресатқа тілдің реттеуіштік немесе үндеу-бұйыру қызметі де байланысты. Дәлірек айтсақ, хабарды жеткізуші тарапынан адресаттың күйін реттеу функциясы. Сол сияқты экспрессивті немесе эмотивті қызметі сөйлеушінің субъективті-психологиялық күйімен тікелей байланысты. Коммуникативтік сөйлеу актісі кезінде сондай-ақ тілдің фатикалық, эмоционалдық, эмотивті-волюнтативті немесе әсер ету және әлеуметтік функциясы да жүзеге асады. Хабарланған пікір тек бір ғана қызмет атқармауы мүмкін, сонымен бірге оның бойында осы аталған функциялардың біреуі (не бірнешеуі қатар) басымдық сипатқа ие болуы мүмкін.

Коммуникативтік синтаксисті зерттеушілердің қай-қайсысын да пікір білдірудегі форма мен мазмұн арақатынасы бейтарап қалдырған емес. Бұл жөнінде Г. Байтоғаева былай дейді: «Выбор формы выражения мыслей, т.е. организация сложной мысли в одном сложном или в нескольких простых предложениях зависит от воли говорящего или пишущего, который ищет для своей мыслей более подходящую и более доходчивую действенную форму. Выбор формы выражения мыслей зависит от того, о чем важнее сказать и какую связь сильнее нужно подчеркнуть» [2, с. 182].

Бірақ сөйлеу тек сөздердің тіркесі ғана емес, оның басты сипаты ретінде төмендегілер көрсетіледі:

сөйлеудің грамматикалық құрылымы;

паралингвистикалық сипаттамасы (сөйлеу қарқыны, екпіні, интонациясы, әуені, тон биіктігі; ым, мимика, жест, дене қимылы т.т.);

коммуникативті жағдаятты бақылау/қабылдау (нысандар мен адамдардың қатысы);

айтылып жатқан хабар туралы сөйлеуші мен тыңдаушының білімі, ойы;

әрекет туралы жалпы білім;

жалпылама сипаттағы дүние туралы басқа да нәрселер [3, 15 б.].

Белгілі бір пікірді білдіруге сөйлем мүшелерінің қатысы жөнінде тіл білімінде орын алған қайшылықтарды Т. Ермекова көрсетеді: «Сөйлемнің грамматикалық және семантикалық белгілерін ажыратып, ұстанымдарды нақтылаудың сан түрлі әдістері ұсынылғанымен, олар, негізінен, сандық сипатта болды. Осылайша сөйлем мүшелері теориясын жетілдіру жолдарын іздестіру мақсатында синтаксистік конференциялардың бірінде тұрлаусыз мүшелердің классификациясын төмендегі категориялармен толықтыру ұсынылған болатын: предикаттық анықтама, пысықтауыштық анықтама, толықтауыштық-анықтауыштық сөйлем мүшесі, толықтауыштық-пысықтауыштық сөйлем мүшесі, жайылма сөйлем мүшелері, объектілік-предикаттық сөйлем мүшесі, кейіннен дифференциялануға ұшыраған анықтауыштық сөйлем мүшелері.

Кейіннен мұны біршама синтаксистер өз еңбектерінде кең қолданды. Екінші бір ұстаным бойынша, тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен бас тартып, оларды сөйлем мүшелерінің құрылымдық сызбасын таратушы ұғымдарымен алмастырған еді. Бірінші және екінші жағдайда да сөйлем мүшелері жүйесі тек жаңаланады да, маңызын зерттеушілер мәнбірлерді бұрынғыша сол категорияларды жіктеу арқылы түсіндіреді. Грамматикада детерминант деп аталатын бұл біріккен таратушылар мазмұны бойынша объектілік, субъектілік, пысықтауыштық деп дифференцияланады. Сөйлем мүшелері туралы ілімнен қалған семантикалық және позициялық ұстанымдардың араласып кетуі олардың синтаксистік мүмкіндіктері мен байланыс сипатын анықтайтын сөз тұлғасының сипатын анықтауға кедергі болады» [4, 185 б.].

Баяндауыш және бастауыш деп аталатын сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін айқындау мен айыруға байланысты қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды пікірталас нысанасы еткен Д.П. Шмелевтің “Қазіргі орыс тіліндегі сөйлеудің синтаксистік бөлінуі” атты кітабында бұл мәселе терең талданады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің түрлі анықтамаларын және түрлі құрылымдардағы бұл мүшелердің берілу жолдарын салыстыра отырып, Д. Шмелев түрлі типті сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты оқшаулауды негіздейтін ұстанымдардың белгілі бір жүйеге негізделмегендігін көрсетеді. “Предикаттық қатынасқа өзгермейтін сөз тұлғалары енгенде, олардың арасындағы арақатынас сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасындағы қатынас ретінде анықталатын қатынасқа әкеліп тіреледі” [5, 31 б.]. Зерттеушілер мұның шешімін семантикалық талдаудан, логикалық ұстанымдардан, парадигматикалық сәйкестіктерден іздейді. Сондықтан бұл жағдайда сол бір сөйлемнің синтаксистік сипаттамасы әр зерттеушіде әр түрлі болуы таң қалдырмаса керек.

Д.Н. Шмелев: “Біз үшін, даусыз, Бала ойнады сөйлемі баяндауыш пен бастауыштан тұрады деп біз оның мүшелері толық бастауыш пен баяндауыштың анықтамаларына сәйкес келгені арқылы ғана танымаймыз. Анықтаманың өзі осындай сөйлем түріне сай келіп, оның құрылымы бастауышта логикалық субъектінің берілуін, ал баяндауышта логикалық предикаттың берілуін негіздегенінен туындамайды ма?”деген сұрақ қояды [5, 34 б.]. Қарама-қайшылық негізін Д.Н. Шмелев “бастауыш пен баяндауыш терминінің өзі сәйкестенген морфологиялық белгілердің синтаксистік бет пердесі болуынан” көреді. Д.Н. Шмелевтің пікірінше, синтаксистер алдында дилемма тұр: “не бастауыш пен баяндауышты беру амалдарын қарастыруды кеңейту, не орыс тілі сияқты тілдерде бастауыштық-баяндауыштық сөйлемдерден басқа өзгеше белгілеуді талап ететін компоненттері бар екі негізді сөйлем түрлері бар екенін мойындау”.

Қазіргі кезде тілдік қолданыста етістікті баяндауышсыз, атау септігінде тұратын бастауышсыз сөйлемдер жиі кездеседі. Олар коммуникация бірлігі ретінде танылып жүр.

Осы уақытқа дейін тілдік мазмұнға қатысты қандай теориялық ілімдер жасалды десек, оның бастылары ретінде мыналарды атауға болар еді:

“Тұлғадан мазмұнға” және “мазмұннан тұлғаға” өту жолдарының түрлілігі анықталды (И.А. Бодуэн де Куртенэ, А.А. Шахматов, А.М. Пешковский, А.В. Щерба, В.В. Виноградов). “Тұлғадан мазмұнға” деген бағытта тұлғаның мазмұны мен байланыс жүйесінің басты заңдылықтары анықталды (А.А. Потебня, Н.Н. Фортунатов, А.М. Пешковский). “Мазмұннан тұлғаға” бағытында жалпы теориялық құрылымдар, дәлірек айтқанда: И.А. Бодуэн де Куртенэде – “жасырын категориялар” туралы, А.А. Шахматовта – морфологиялық белгілері бар жақ категориялары, олардың коммуникация мен сөйлемге қатысы туралы, А.В. Щербада – актив синтаксис туралы, И.И. Мещаниновта ұғымдық категория туралы, В.В. Виноградовта предикативтілік туралы, Г.А. Золотовада коммуникативті синтаксис туралы мәселе сөз болады. Тілдің функциясы, функционалды грамматика мәселелері таяу шетелдер мен отандық тілтанушылар еңбектерінде әр қырынан зерттелді (А.В. Бондарко, Е. Курилович, М. Шелякин, З.К. Ахметжанова, Л.К. Жаналина, С.Ж. Баяндина және т.б.)

Бұл аталғандардың бәрі орыс тіл білімінде нақтыланып, орыс грамматикасына теориялық ілім ретінде енгізілген болса, қазақ тіл білімі бұған енді қадам басып келеді. Әрине, тілдік мазмұн, ойлау мен сөйлеу мәселелеріне қатысты тұжырымдар қазақ тіл білімінің негізін қалаушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев еңбектерінде орын алғанын атап өту керек. Ал оның жаңаша мазмұнда өрбуі соңғы жылдардың үлесінде екендігі жасырын емес.

Мұндай үрдіс бүгінгі күні де үлкен маңызға ие болып отыр, әсіресе семантикалық мазмұны бар тілдік аспектілер не жоққа шығарылып, не логикалық аспектілерімен араласып жүр. Жалпы айтқанда, тілтану дәстүрінде семантикалық мазмұнға логикалық аспектіде көңіл болу тән болып келеді, ал олардың тілдік грамматикаға қатысты көзқарасы да аталған мәселеге кіреді (мысалы, А.А. Потебняда грамматика және логика туралы мәселені қозғау туралы айтылған).

Сөйлем құрылысы екі мәселенің бірігуінен туындайды, солардың ішіндегі біреуінде сөйлем байланысы объективті байланыс алса, екіншісінде ойлау процесімен байланысты болады. Сөйлеммен берілген ойлау актісі үнемі екі мүшелі: біруге әлдене туралы айтылады, әлдебір субъектіге предикаттық қатынас беріледі.

Субъект пен предикатқа сөйлем құрылысында, әдетте, оларды құраушы екі негіз немесе екі “тұрлаулы мүше” сәйкес келіп, предикаттық белгіні тасушы дегенді білдіреді. Сөйлемнің екі негізді, екі құрылымдық болуы оның басты белгісі, себебі сөйлем ойлау актісін беру қызметін атқарады. Бұл белгі барлық сөйлемге жалпы болып келеді. Әр сөйлемді сипаттайтын субъект және предикат ойлаудың құрылымдық негізін құрайтын предикаттық қатынасты білдіреді, ал ол қатынас уақыттың тілдік категорияларында (шақ), модальділік пен жақ формаларында белгіленеді.

Сөйлем құрылымын зерттеуде оның тілдік құрылымына тоқталуымыз қажет. Әсіресе, сөйлемнің әр үлгісіндегі субъект және предикат мазмұны, нақты тілдік тұлғалар маңызды болып табылады. Тұлға мен субъект және предикат мазмұнымен сөйлемнің түрлі типтерге жататындығы айқындалады. Осы айырмашылықтарда сөйлемнің тілден тыс әлеммен байланысы байқалады.

Қай тілдің грамматикасында болмасын, баяндауышты морфологиялық сипатына қарай топтастырады. Бұл эксплицитті түрде берілмесе де, бақыланып, әрқайсысы “өз” бастауышына ие болып, өзінің құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлем үлгілерін жасайды. Осының негізінде баяндауыштың берілу тәсілдерінің жіктелуі өз кезегінде морфологиялық, синтаксистік, семантикалық белгілерді жинақтайды.

Предикатты беру тәсілі бойынша топталған сөйлем түрлері мен сол предикаттар арқылы берілген сөз таптары мазмұнының негізін салыстырсақ, предикативтік белгіні тілде іске асыру әдісі мен амалы шынайы болмыстағы белгінің сипаты мен бұл белгілердің категориялануы және ұлттық тілдің санадағы орнына байланысты болып табылады.

Коммуникативтік сөйлеу актісі ауызекі сөйлеуде, негізінен, диалог арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу тілі өзінің табиғатына сай қысқалықты қажет етеді. Мұнда коммуникацияға түсуші тараптар бірі-біріне белгілі жайттарды толық баяндамай, мейлінше аз сөзбен береді.

Мысалы:

1.

Ұн бар ма?



Бар.

Шай бар ма?

Бар.

Бар. Бәрі де бар, шырақтарым. (Ә. Нұршайықов).



- Қашан келер екен?

Екілерде.

Күндізгі ме?

Түнгі.


Диалогтағы пікірді ұйымдастырушы сөйлем мүшелеріне назар аударар болсақ, алғашқыда тұрлаулы мүшелер, соңғысында тұрлаусыз мүшелер қатысып тұр. Бұл жерде референт (ақиқат болмыс ситуациясы) туралы ақпарат қана емес, сонымен бірге сөйлем мүшелеріне тікелей қатысы болмаса да, коммуникацияға қатысушылардың арақатынастары, әлеуметтік ортасы, реципиент білімінің сөйлеуші біліміне сәйкестігі, яғни қарым-қатынас ситуациясы туралы ақпарат болады. Сондықтан да мұндай құрылымды пікірде сөйлем мүшелерінің қайсысы маңызды деген мәселе екінші кезекте қаралуы тиіс.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет