Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Кіріспе 
«Мәдени мұра» ұғымы ХХ ғасырда тұжырымдалып, терең мағынаға ие 
болды. Осы ұғым нені білдіреді? Мәдени мұра – бұл халықтың, қоғамның
мемлекеттің баға жетпес құндылықтарының рухани, мәдени, экономикалық 
және әлеуметтік капиталы. Табиғат байлықтарымен қатар, бұл - ұлттық өзін-өзі 
сыйлау және әлемдік қауымдастықты мойындату үшін басты негіз. 
Тарихи-мәдени мұра қазіргі қоғамда айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл, 
бәрінен бұрын, экономиканы, саясатты ғана емес, сонымен бірге рухани саланы 
да қамтыған жаһандану процесімен байланысты.
Әрине, адамзат қоғамы дамуының табиғи процесі ретінде жаһандану тек 
келеңсіз жақтарды ғана емес, сонымен бірге позитивті жақтарын да қамтиды. 
Алайда, оның рухани саладағы сөзсіз зардабы - жеке тұлғалардың ғана емес, 
сонымен бірге тұтас халықтардың өзіндік жеке қасиеттерінің жойылуы, өз 
бірегейлігі мен өзгешелігін жоғалтуы, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени 
дәстүрлердің, соның ішінде әдептік, адамгершілік қағидалардың ұмытылуы. 
Бұқаралық ақпараттың электрондық құралдары, бір жағынан, кез келген 
ақпаратты неғұрлым қол жетерліктей жасаса, ал екінші жағынан, құндылықтар 
жүйесін, өмір қалпын бір стандартқа әкелетін, жаңа көпшілікке тән 
дүниетанымды әлемге таратады. 
Осылайша, қазіргі қоғамдағы мәдени мұра ұлттық және мемлекеттік сана-
сезімнің интеграциялық компоненті болып қалыптасады. Ол халықтың тарихи 
жадысын сақтап, қалпына келтіре отырып, жалпы оның адамзат мәдениетіндегі 
орнын объективті түрде қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайда азаматтық қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру мен 
дамытуға бағытталған отаншылдық тәрбие берудің рөлі артады.
Азаматтық – бұл адамның мемлекеттікке қарым-қатынасын шамалайтын, 
яғни өзін мемлекетке жақындататын, өзін мемлекетпен рухани 
байланыстыратын сана-сезім түрі. Бұл сезім ұлы адамдарды зерттеу арқылы 
немесе өз елінің көп ғасырлық тарихы мен мәдениетінің қасіретті беттерін 
оқудан, оның әлемдік тарих пен мәдениеттегі рөлін пайымдаудан және осы 
елдің өткені, қазіргісі және келешегі туралы ойлардан туындаған рухани 
байланысты сезінуден қалыптасады. 
Ұсынылып отырған жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық 
университетінің оқытушыларымен дайындалған Қазақстанның тарихи-мәдени 
дамуының көне дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі негізгі кезеңдерін, Қазақстан 
Республикасының қазіргі жаһандану кезеңіндегі мәдени саясатының негізгі 
бағыттарын сипаттайтын материалдар берілген. Материалдар «Қазақстанның 
тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау 
және өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет