Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы


Қазақстан жастарының отаншылдығын



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Қазақстан жастарының отаншылдығын
білім беру жүйесінің призмасы
арқылы дамыту және нығайту
 
 
 
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты
К. Бұрханов 
Отаншылдық идеясы барлық замандарда тек қоғамның рухани өмірінде 
ғана емес, сонымен бірге оның қызметінің барлық маңызды – мәдениет, 
идеология, саясат және т.б. салаларында ерекше орын алды. Қазір қазақстандық 
отаншылдық тәрбиесі туралы, осы ұғымның мағынасы қандай, оның негізгі 
принциптері қандай деген пікірлер жиі айтылады. Бірақ отаншылдық 
ұғымының өзі - өте терең, бағалануы қиын. Отаншылдық сезім – бұл қасиетті 
сезім. Кеңестік отаншылдық тәрбиесінде өсіп, қалыптасқан біздің ұрпақ 
посткеңестік мемлекеттердің барлығына тән дәуірлік өзгерістерді бастан 
кешіріп жатыр. Мемлекет құру және мемлекеттіктің өз тұжырымдамалары бар 
жаңа мемлекеттер пайда болды. Олардың ішінде біздің еліміз – Қазақстан да 
бар. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Біз өзіміз де өзгердік, біздің ойымыз 
да, көзқарасымыз да өзгерді. Біз ерекше тұспалсыз-ақ жақсы тұрмыстың негізі 
меншікті еңбек қана бола алатынын түсіндік, ал мемлекет осы үшін қажетті 
жағдайлар жасауы тиіс» - деген орынды сөзі бар. Бүгінгі күні қазақстандықтар 
өз тағдырының иелері. 
Көптеген адамдардың түсінігінде өсіп келе жатқан ұрпаққа отаншылдық 
тәрбие беру әскери парызын өтеумен ғана шектеледі, ал бұл отаншылдық 
тәрбие беру ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады. Қазіргі кезде жастарға 
отаншылдық тәрбие беру ісі отаншылдық сананы қалыптастырудың 
талаптарына толық жауап бере алмайды, соның ішінде мемлекетшілік сананы 
қалыптастыру, өз Отанына шын берілгендік пен адалдық сезімін тәрбиелеу, 
азаматтық парыздары мен негізгі конституциялық міндеттерін орындауға 
дайын болу тәрбиесі де артта қалып келеді. Қазақстандық отаншылдық – бұл 
өзгеше сана-сезім, себебі бұл жағдайда сөз Қазақстанның көп ұлтты халқының 
ортақ Отанына айналған Қазақстанға деген қарым-қатынасы туралы болмақ.
Қазақстандық отаншылдық – бұл өзінің шамдандыратын, ауқымды 
өзгерістерімен шетел саясатшылары мен көсемдерін ғана емес, сондай-ақ өз 
отандастарын да таң қалдырған, посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі 
болып алға шығып, жаңа мемлекет құрған, өз Отаныңмен мақтанудың орынды 
негізі. Сондықтан біз әрбір азаматты, оның жасына қарамай, өз Отанына деген 
отаншылдық сезімде тәрбиелеп, отаршылдық және кеңес кезінде жойылған 
мемлекеттік сана-сезімді қалпына келтіріп, осы философия мен идеологияны 
барлық жерде енгізуіміз тиіс. Мемлекеттік сана-сезімі бар адам өз мемлекетінің 
заңдарын құрметтейді, өз мемлекетін сүйіп, қорғайтыны баршаға аян. Бұл үшін 



Қазақстан азаматтарының мемлекеттік санасын және мемлекеттік идеологияны 
қалыптастыру бойынша бағдарлама әзірленуі тиіс.
Мемлекеттік 
идеология 
саяси 
өмірге 
қатысты 
қалыптасқан 
көзқарастардың, түсініктердің, идеялардың тұжырымдамалы жүйесі ретінде 
мемлекет пен қоғамның мүддесін, дүниетанымын және идеалдарын аңғартып, 
елдің дамуында бағыт таңдайтын маңызды рөлді атқарады. Ол мемлекет 
құрудың әрбір кезеңінде қажет, өйткені мемлекеттік идеология қоғам 
интеграциясы, тұлғаның әлеуметтенуі және әлемдік қауымдастықтағы 
мемлекеттің өзін ерекшелеуіндегі ауқымды әлеуетін қамтиды. Әрбір азамат 
сана-сезімінің арқасында қоғамға қажет мемлекеттік идеологияны іске асыруға 
септігін тигізуі мүмкін. Бірақ, мемлекеттік сана-сезімді қалыптастыру 
проблемасы тек өсіп келе жатқан ұрпақта ғана емес, Қазақстан 
Республикасының азаматтарында да бар екенін атап өту қажет. Мемлекеттік 
сана-сезім, ең алдымен, ұлт пен халықтың тарихи санасының негізінде 
қалыптасатыны барлығына аян.
Мемлекеттік сана-сезім және мемлекеттік дүниетаным халықтың тарихи 
сана-сезіміне, тарихи біліміне сүйенеді. Алайда отаршылдық және 
тоталитарлық жүйе өктемдік құрған жылдары Қазақстан халқының тарихи 
сана-сезімі барлық құралдармен өшірілді. Халықтардың тарихи жадысынан ұлы 
мемлекеттер, атақты қолбасшылар, өз Отанына және мемлекетіне қызмет еткен 
және туған жерін қорғаған халық батырлары өшіріліп тасталды. Халықтың 
тарихи жадысын біртіндеп жоя отырып, қазақ этносын «мал бағатын халыққа» 
айналдыруға тырысты, ал бұл өз кезегінде халықтың көзқарастар жүйесінде 
мемлекеттік, мемлекеттік сана-сезімді жоюға қызмет етті. Қазіргі жағдайда 
біздің жастарымыздың санасында мемлекеттік сана-сезім, мемлекеттік 
дүниетаным, мемлекеттік қалыптастыру үшін халықтың тарихи жадысын 
қалпына келтіру, қазақстандық отаншылдық негізінде жататын, тарихи сана-
сезімін қалыптастыру қажет.
Өзінің ұлы ата-бабаларының даңқты тарихына ортақтасу, заманалар 
арасындағы байланыс, мыңдаған жылдар бойы тіршілік еткен мемлекет 
алдындағы жауапкершілік әрбір азаматтың және қазақстандық отаншылдың 
көзқарасындағы мемлекеттіліктің берік базасы болып табылады. Яғни тарихи 
сана-сезім өз мемлекетінің тарихи жадын сақтау, өз елін сүйе білуге тәрбиелеу 
қажеттігін сезінуге мүмкіндік береді.
Біздің көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаев: «Көп ұлтты жастарды өздерін 
Қазақстан тарихымен, алдыңғы ұрпақтың маңызды өмірлік құндылықтарымен 
байланыстыруға үйрету керек. Жастарға нақты өмірлік бағдарлар беріп, күмән 
тудыратын түрлі идеялардан сақтау керек» - деп атап өтті.
Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың маңызды бөлігін 
құрайды, сондықтан оны зерттеу қазақстандық отаншылдық пен жастардың 
тарихи сана-сезімін қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақстан тарихын 
зерттеу негізінде келесі тұжырымдамалар болуы тиіс: бұл Қазақстанның 
мемлекет құраушы этносының көп ғасырлық тарихы бар екенін; қазіргі заманғы 
қазақтардың бұрынғы ата-бабалары сақтар, сарматтар, ғұндар, аварлар екенін 
және қазақ этносының қалыптасуында және дамуында маңызды рөл атқарған, 



ұлттық мемлекет негізін қалағанын мемлекеттерге Үйсін мемлекеті, Қаңлылар 
мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Оғыз және Қарлық мемлекеттері, монғол 
ұлыстары, Алтын Орда, Көк орда, Ақ орда және Қазақ хандығы және т.б. 
жататынын түсіну. 
Бұл проблеманың шешімі білім беру және мәдениет жүйесімен өзара 
тығыз байланысты, өйткені білім жүйесінің алдында жастардың тарихи-мәдени 
мұраға деген құрметін тәрбиелеу міндеті тұр, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік
және тарихи сана-сезімнің өсуіне, жастардың бойында қоғамның барлық 
буынын біріктіретін, жалпыға қажет құндылықтарын қалыптастыруға әкеледі. 
Елдің бейнесі және Отанымен ажырамас байланысын сезінуі мемлекет, қоғам 
тарапынан механизмдер мен институттар арқылы, бәрінен бұрын, білім арқылы 
ерекше ынтамен қалыптасады. Осыған оқушыларды қазақстандық отаншылдық 
рухында тәрбиелейтін білім беру мекемелерін белсенді түрде қатыстыру қажет. 
Білім беру ұйымдарында барлық хронологиялық тізбек, тарихтың бүкіл 
философиясы мемлекеттік идеяға және Қазақстан Республикасының аумағында 
әр түрлі тарихи кезеңдер мен мерзімдерде құрылған мемлекеттер тарихына 
негізделген отандық тарихтың (Қазақстан тарихы) оқытылуына ерекше көңіл 
бөлуі керек.

Қазақстан тарихын зерттеу негізінде келесі тұжырымдамалар болуы тиіс: 
бұл Қазақстанның мемлекет құраушы этносының көп ғасырлық тарихы бар 
екенін; қазіргі заманғы қазақтардың бұрынғы ата-бабалары сақтар, сарматтар, 
ғұндар, аварлар екенін және қазақ этносының қалыптасуында және дамуында 
маңызды рөл атқарған, ұлттық мемлекет негізін қалағанын мемлекеттерге 
Үйсін мемлекеті, Қаңлылар мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Оғыз және 
Қарлық мемлекеттері, монғол ұлыстары, Алтын Орда, Көк орда, Ақ орда және 
Қазақ хандығы және т.б. жататынын түсіну. Біздің алдымызда көптеген 
аналитикалық материалдар және жаңа ақпарат көздерінің негізінде 
Қазақстанның қазіргі тарихын жан-жақты және мұқият зерттеу міндеті тұр. 
Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазіргі жастарымыз 
келешекте қоғамның саяси, экономикалық және ғылыми элитасының негізін 
қалыптастыратынын ұмытпауымыз керек. Олар әлеуметтік-саяси және мәдени 
өзгерістер процесінде басты қызметті атқаратын болады. Қазақстандық 
қоғамның дамуы жастардың тұлға ретінде қай бағытты таңдайтынына, білім 
жүйесінің оларға қандай әлеуметтену түрін ұсынатынына, жастардың 
азаматтық санасында қазақстандық мәдениеттің, тарихтың, менталитеттің 
қандай құндылықтары нығаятынына байланысты.
22.04.
2009 ж. Мәжілістің дөңгелек үстелінде
сөйлеген сөзінен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет