Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Әдебиеттер тізімі:
 
1. 
Назарбаев Н. А. В потоке истории. Алматы, 1999. 
2. 
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. 
Алматы, 1992.
3. 
История искусств Казахстана: очерки. Т. 1. /Отв. ред. Г. А. Бегалинова. 
Алматы, 2003. 
4. 
Акишев К. А. Курган Иссык. М., 1978. 
5. 
Агатов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алма-Ата, 1979. 
6. 
Байпаков К.М., Подушкин А.М. Археологические памятники 
древнеземледельческой культуры Казахстана. Алма-Ата, 1988. 


15 
Қазақстан тарихында түрік кезеңінің рухани мәдениеті. 
Қазақстан аумағына әлемдік діннің енуі
 
 
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасының
аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Нұғман Б.Г.
 
 
 
Адам ең алдымен рухани тіршілік иесі бола отырып, айналасында болып 
жатқан табиғи және әлеуметтік процестерді әрқашан ұғынуға тырысты. Оларды 
бақылау, адамның өзінің осы процестерге тікелей қатысуы белгілі бір 
адамгершілік, эстетикалық және басқа да әлеуметтік құндылықтар тұрғысынан 
бағалау әлемнің тұтас бейнесін тудыруға алып келеді.
Мифологияда, ең бастысы, ежелгі адамдар тұрмысының дүниетанымдық 
негіздері бейнеленген, ол негізгі дүниетаным мәселесін, «Ол» және «Біз» өзара 
қарым-қатынастар туралы мәселені тудырды. Ол адам мен ғарыш, адам мен 
табиғат, адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасын түсінумен 
нақтылануы мүмкін. Бірақ мифологиялық сана шеңберінде, оған сәйкес ойлау 
тәсілі негізінде жаратылыстан тыс тұрмыс туралы ұғым туады. Осылай дүние 
мен адам жаратылысы туралы дүниетанымдық мифтер туады. Олар ғарыштың 
хаостан жаралғаны, ақыр заман туралы, алғашқы адамның және халықтың арғы 
тегінің жаралуы туралы, адамның мәдениеттің түрлі жолдарын сыйлайтын 
мәдениет қаһармандары туралы, табиғи және ғарыш циклдарының жаралуы 
және т.б. туралы әңгімелейді. Осы себептер сол немесе басқа дәрежеде әрбір 
халықтың мифологиясында болады. Жалпы әлемдік мифологиялық сюжеттер 
көбінесе ертегіде, эпоста, аңыздар мен хикаяларда көрініс түрінде сақталған. 
Осындай кең эмпириялық материалдарды жалпылау дүниетаным қызметінің 
жалпы даму бағыттары мен заңдылықтарын, сонымен қатар түрік көшпенділер 
әлемі өкілдері санасының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берген болар 
еді.
Л.Н. Гумилев ежелгі түріктерде Қытай, Иран, Византия және Индия 
мәдениетіне қарсы қойылған «айқын қалыптасқан дүниетанымның» болуын 
ерекше атап өтті. Орхон мәтіндерінің куәландыруынша, оның себебі 
көршілерінің белсенді мәдени экспансияға, түріктерге өз рухани 
құндылықтарын жапсыруға талпынуында болды: «табғаш халқының.... тілдері 

тәтті, ал асыл бұйымдары жұмсақ (яғни бай, үлбірететін) болды; тәтті тілмен 
және бай асыл бұйымдарымен қызықтырып, олар өздеріне алыс (тұратын) 
халықтарды соншалық еліктірді. (Солай) тығыз қоныстана отырып, онда жаман 
данасынуды орнатты» [1, с. 336-337]. Осы шағын көріністен, түріктер саналы 
түрде қытай мәдениетін теріске шығарды, себебі оның әсерінің теріс 
нәтижелерін айқын түсінді.


16 
Түріктер-номадтар рухани шығармалық процесінде дүниенің өзіндік 
моделін құрды. Бұл әлем картинасына Кеңістік пен Уақыт бейнелері, 
моральдық-адамгершілік құндылықтар, экологиялық өзара әрекеттесу 
принциптері, басқа халықтармен қарым-қатынас және әлемді рухани игеру 
тәсілдері енеді.
Л.Г. Сатаева, «рухани мәдениетті өзінің тұтастығы мен өзін-өзі 
анықтағыштығында санамен зерттеу, жекеше түрде мәдениет философиясы 
болып табылады, алайда мәдениет маңызының абстракты ұғымы өзіне Шығыс 
пен Батыс таңбасын түсірген нақты философиялық тұжырымдамаларда сөзсіз 
ұйғарылады» деп, атап өтеді. Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухы сөзсіз 
орталық Азия мәдениетінің рухымен толығады, себебі адамның өз тұрмысын 
мәдени мойындаудың барлық алғашқы үш негізі өзін-өзі рухани анықтауда 
тұтастыққа, өзін-өзі толықтыруға ие. Олар барабар емес, алайда әлемді түсіну 
тереңдігінде олардың жолдары мәселенің берілгендігімен тоғысады – өз 
«меніне» талпынуда жеке тұлғалық сана рухани-мәдени интерпретацияның әр 
түрінде басқаша түсініледі [2, 372-б.]. Сонымен, номадтар санасының басты 
принципі – жолдар идеясының динамикалығы, өзгерістерге генетикалық 
төзімділік.
Дүниетанымын қалыптастыру түрлі факторлардың әсерінен жүреді – бұл 
мекен ету ортасы, шаруашылық типі, басқа халықтармен мәдени ауызекі 
сөйлесу. Селенга өзеніндегі Тоныкөк жазбаларында: «... түріктер, шөп мен 
судың соңында жүргендіктен, тұрақты мекен ететін жерлері жоқ және тек 
әскери әдістермен жаттығады» делінген. Көшпенді өмір бейнесі ежелгі түрік 
дүниетанымының ерекшеліктерін анықтады. Егер егіншінің әлемі ауылдық 
қауым аумағымен шектелсе, онда көшпенді алдында шексіз дала жатты. Бірақ 
осы кең байтақ кеңістік жақсы игерілген және оған қорқыныш ұялатпайтын еді. 
Онда көшу, жайылым, діни рәсімдерді өткізетін, бұрынғы шайқас орындары 
белгіленген, кеңістік әр тектіленген және оның әрбір бөлігінің ерекше 
маңыздылығы бар, эмоциялық бояудағы түйсіктермен байланысты. 
Зерттеушілер атап өткендей, «бұл байланыс кеңістігі, жеке байланыс 
оқиғалары, Евклидтің сызған кеңістігіне қарама-қайшы кеңістік көзбен көруден 
гөрі алдымен дене арқылы сезіледі... Түріктердің психологиялық типі оларға 
тән өмір салты мен кеңістікті сезіну әсерінен қалыптасқан деген ой келеді». 
Еуразиялық идеологтардың бірі Н.С.Трубецкой өз кезінде «... әдеттегі түрік... 
негізгі, айқын қабылданатын бейнелермен операция жасауды және осы 
бейнелерді айқын және қарапайым сұлбаларға топтастыруды артық санайды» 
деп, атап көрсетті [3]. Номадтың рухани әлемінің картинасы негізгі реңктерде, 
жалпақ жағындылармен жазылады. Ол үшін нақтылау мен жартылай реңк жат, 
ол кеңінен және ұзын бойына дамиды.
Зерттеушілер 
буддизмнің, 
митраизмнің, 
манихействоның,
несторианствоның ену фактілерін атайды. Алайда жоғары дәрежеде осы діни 
ойлардың бір де біреуі жан-жақты қамтитын өркениетті доминант ролін 
ойнаған жоқ. Сонымен, мысалы, Иран таулы өлкесінің патшалары мен 
батырларының жауы, Тұран қожасы Афрасиаб түрік болып шықты. Осылай 
түріктердің «ирандық» генеалогиясын құрудың және бір мезгілде түрік 


17 
элементінің ирандық мәдени дәстүр жүйесіне тереңдеп енуінің алғашқы қадамы 
жасалды.
Түрік-номадтар уақытты ұрпақтардың біртіндеп алмасуы ретінде 
қабылдады. Әрбір адам үшін өз генеалогиясын білу маңызды болды. Көбінесе 
белгілі бір мәдени батырды, тарихи тұлғаны, жануарды (қасқыр) арғы ата-
аналары ретінде санады. Рудың көнелігі оның өкілдерінің әлеуметтік 
маңыздылығын анықтады. Мысалы, Күлтегін өзінің шыққан тегін әлемнің 
жаратылған күнінен бастайды. Номад өзін мына әлемге кездейсоқ тасталған деп 
сезбейді, ол өз тегіндегі ата-бабаларының ұзақ кезегінің жалғасы болды және өз 
ұрпағының жалғасы болды.
Сол немесе басқа оқиғаның анағұрлым дәл күнін қою үшін аңдар циклі 
пайдаланылды, онда әрбір жыл қандай да бір жануарға сәйкес келді. Номадтар 
өмірінде жануарлардың өмірлік циклі таңбалық мәнге ие болды. Уақытты 
ұғыну ұрпақтар сабақтастығымен және ежелгі түріктердің шаруашылық 
нысанымен – жануарлармен тығыз байланысты болды, олардың қысқа өмірлік 
циклі олардың көз алдында бұлтарып кетті. Егер Көк тәңірі шексіздікті 
кейіптесе, онда Умай туу, некеге тұру және өмірден қайту актілерінен тұратын 
соңғы жер уақытын кейіптеді. Адам өміріндегі әрбір кезең ерекше салттарды 
орындаумен жүрді. Бірақ уақыт адам үшін жер үстіндегі өмірден кетумен 
аяқталған жоқ, ол о дүниедегі өмірде жалғасты. Номадтарда өлімнің келгенін 
белгілеу үшін «өткен» деген сөзді пайдаланады, яғни тірілер әлемі мен өлілер 
әлемінен бөлетін шектен өтті. О дүниеде жақсы өмір болу үшін өлген адамның 
жанына шаруашылыққа қажетті пайдалы заттарды салды. Ежелгі түрік салты 
қайтыс болған адамның тас мүсінін табытына қою және оның алдына 
құрбандыққа шалу, адам қайтыс болғанмен тірілер өмірінен кетпегенін 
куәландырады, ол олардың арасында көрінбестен тіршілік етті, Тәңірі алдында 
олардың қорғаушысы болды [4, 211-б.].
Осының бәрі түрік-номадтарға уақытты оқиғалардың қарапайым 
кезектесуі ретінде механистік қабылдау жат болғандығы туралы айтады.
Бабалары туралы естелік арқылы, ұлы батырлар мен әскери жорықтар туралы 
аңыздар арқылы тарих адам өміріне органикалық түрде енді. Ол үшін уақыттың
киелі мағынасы болды, кеңістік адам мен қоғамның табиғатқа кіретіндігін 
мойындаумен рухтанады. Дәстүр номадқа табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, 
бабаларын құрметтеуге, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға ұйғарым берді. 
«Дәстүр» түрінде ұжымдық естелік «хаосқа» қарсы тұру және «ғарышты» 
ұйымдастырылған бастау ретінде құтқару тәсілдері сақталды.
Қазақ менталитетінде қазіргі кезге дейін, ежелгі және жаңа заманғы 
батырлар психологиясы туралы ұғымдар беретін келесі түсініктер кездесіп, 
сақталып келді. Осы ұғымдардың біріншісі «ар», Ар – намыс, қасиет, Адамның 
жоғары санаты. Екінші ұғым - «ру». «Ру» - отбасы, тегі, қауым. Адамның ең 
маңызды мінедті – «ар - ру» еске сақтап, жоғалтпау. Үшінші ұғым «ар – ру – 
ақ» - бұл намыс, тек және киелі. Жер бетіндегі ұрпақ аруақ атына кір келтірмеуі 
керек. Келесі ұғым – «ел». Ел – бұл отан, өзінің тіршілік ету мақсатын 
мойындау. «Елді» сезінбестен адам мәңгілік мәңгүртке айналады. Ел қорғаны - 
ер. Еркектің намысын оның руы асқақтатады, ел: «Ер намысы – Ел намысы». 


18 
Бұл ақпарат ауыз әдебиет шығармашылығында, сондай-ақ әдебиетте көркемдік 
түрінде белгіленген.
Тұтастай, номадтардың рухани мәдениетін екі үлкен кезеңге бөле 
отырып, қарастыруға болады.
Бірінші кезең – Тәңірлік дәуірі, оның келесі ескерткіштердің пайда 
болуына байланысты төрт бөліктен тұрады:
1. Қасиетті кітап «Авеста» және поэма «Гильгамеш туралы аңыз» 
ариялары. 
2. Сақтардың батырлық эпостары: «Алып Ер Тоңға» (Афрасиаб) және 
«Шу». 
3. 
Ғұндардың эпостық поэмалары: «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» 
және «Ергенекөн». 
4. 
Түрік қағанаты дәуірінің эпостық шығармалары: «Күлтегін», 
«Тоныкөк» және «Білге қаған».
Екінші кезең – Ислам дәуірі, үш шектен тұрады:
1. 
Ислам немесе көшпенді рухани мәдениеттің шарықтау дәуірі, оған Әл-
Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыба Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, 
Қожа Ахмета Йассауи, Сүлеймен Бақырғани, Қорқыт, «Кодекс куманикус» 
және басқалардың еңбектері мен іс-әрекеттері жатады.
2. 
Алтын Орда дәуірі, оған: Хорезмидің «Махаббат наме», Құттубаның 
«Хусрау Шырын», Сайф Сараидың «Түрік Гүлістаны», Дүрбектің «Жүсіп пен 
Зылиха» және басқалары жатады.
3. 
Қазақ Хандығы дәуіріне қазақ жазба әдебиеті жатады: Әбілғазы 
Бақадүрхан «Түрік шежіресі», Қадырғали Жалаири «Шежірелер жинағы», 
Бабур «Бабур наме», Хайдар Дулати «Рашида тарихы»; казахская поэзия ХІV-
ХVІ ғғ. қазақ поэзиясы немесе «Жерұйық»; «зар заман» дәуірі. 
Біздің заманымыздың алғашқы мың жылдығы ортасында түрік-номадтар 
руна жазуы деп аталатын жеке жазу жүйесін пайдаланды. Соңғы зерттеулерге 
сәйкес руна жазуы біздің заманымызға дейін туған, сақ заманында болуы 
мүмкін. Б.з.д. ΙΙΙ-V ғғ. руна жазуының Жетісу мен Моғолия аумағында 
кездесетін екі нұсқасы – ғұн және шығыс болды. VΙ-VΙΙ ғғ. соңғысы негізінде 
орхон-енесей деп аталатын ежелгі түрік жазуы дамиды. Ғұн руна жазуы бұлғар 
және хазар жазуының, сондай-ақ қыпшақтар жазуының дамуына негіз болды.
Жазуды қолдану мәселесіне қарай кейбір қорытындылар мынадай. Номадтар 
немесе Қазақстанды қоныстаушылар арамей, соғды, тұрфан және түрік 
жазуларын пайдаланды: 
арамей жазулары арамейлер ортасында біздің заманымызға дейін 
алғашқы мың жылдық басында финики жазуы негізінде туды. Ол дауыссыз 
дыбыстардан тұрады. Оңнан бастап солға қарай жазылады;
соғды жазуы, арамей жазуының бір түрі болып табылады деуге болады. 
Ол Соғдыианда немесе Соғды мемлекетінде қолданылды. Соғдыианның 
алғашқы тұрғындары сақтардың тұрғылықты және көшпенді тайпалары болды;
турфан жазуы (ұйғыр жазуы) б.з.д. бірінші ғасырдан бастап біздің 
заманымыздың тоғызыншы ғасырына дейін пайдаланылды. Жоғарыдан төмен 


19 
қарай жазылды. Әріптер сөздің басында, ортасында және аяғында әр түрлі 
сызуға ие болды;
түрік жазуы (руна жазуы) – әріппен жазу, 35 әріптен тұрады. Оңнан солға 
қарай жазылады. Бұл жазуда 8 дауысты фонема қолданылады. Ол төрт 
полифониялық әріптермен белгіленеді. 16 дауыссыз фонема 31 әріппен 
белгіленеді [5, с. 12].
Алматы түбіндегі Ыстық қорғаннан табылған - Ыстық тостағанындағы 
жазбаны Египетте Тутанхамон мазарынан табылғанмен салыстырады. Қорғанда 
«Алтын Адам» көмілген жер мен «күміс тосаған» табылған, онда 26 белгіден 
тұратын екі жол жазба бар. Тостаған сақтарда жазу болғанын куәландырады.
Ғалымдардың пікірінше, жазба ежелгі «алтай» тілінде руна алфавитімен 
орындалған.
Түрік жазуының ескерткіштері – бұл шіркеулердің қабырғаларындағы, 
стелалардағы, кірпіштердегі, алтын және күміс ыдыстардағы, ақшалардағы, 
қола айналардағы, терідегі, қағаздағы мәтіндер. Олар жанры бойынша әр түрлі: 
жазба-эпитафиялар, тарихи-көркемдік, шаруашылық-тұрмыстық, сиқырлы, діни 
және заң мәтіндері.
Көптеген орта ғасырлық және жаңа заманғы авторлар түркі тілдес 
халықтарда өзіндік монотеистік дін – тәңірге сыйынушылық белгілі болғанын 
атап өтеді. Бұл діни жүйе еуразияның көшпенді қоғамының қойнауларында 
біздің заманымызға дейін пайда болды және бүгінгі күні қазақтардың 
санасында, соңғыларының исламға сырттай үйренісіп кеткеніне қарамастан, 
өзінің ұстанымдарын сақтап келеді.
V
Ι –VΙΙΙ ғғ. Қазақстанның тіркі тілдес халықтарының арасында, әлі де 
біршама ерте дәуірге көтерілетін ауызша-поэтикалық дәстүр болды. 
Түріктердің ежелгі поэтикалық дәстүр элементтері қытай тарихи әдебиетінде 
белгіленген. Қытай шежірелері аңыздар мен халықтық тарихи хикаяларды 
сақтаған, олардың сюжеттері тайпалардың ежелгі тотемдік ұғымдарын және 
олардың географиялық қоныстануын бейнелейді. Аңызға айналған жерлерді 
поэтикалау, орхон ескерткіштерінде және Әл Бируни, Марвази, Махмұд 
Қашқари еңбектерінде бірнеше рет ескерілетін қасиетті жер туралы «Өтеген» 
тарихи хикаясы кеңінен танылған.
Ергенековтың ертегілік тау аңғары туралы поэтикалық аңыз 
қызығушылық тудырады. Аңғар жаудың қолы жетпейтін тайпалардың 
бейбітшілік мекендейтін жері болып бейнеленеді. Ол жан-жағынан өткізбейтін 
таулармен қоршалған және аңғарды мекендеушілер өмірі қауіпсіз. Бұл аңыз 
халықтың бейбір өмір туралы арманын бейнеледі. Ежелгі тарихи аңыздар 
негізінде VΙ – VΙΙΙ ғғ. халықтың ерлігін, оның еркіндікке талпынысын, бөтен 
жердің шапқыншыларына деген жек көрушілігін бейнелейтін ауызша 
шығармашылық.
Сонымен қатар VΙ – VΙΙΙ ғғ. ауызша халық шығармашылығында ежелгі 
поэмалар мен орхон ескерткіштерінде белгіленген эпостық поэзия дәстүрлері 
туған. Оның элементтері V – VΙΙ ғғ. оқиғаларынан хабар беретін Күлтегін мен 
Білге қағанның қабірі үстінде стелалардағы мәтіндерден көрінеді. Күлтегін 


20 
жазбалары эпитеттермен, метафоралармен қаныққан, олар соңында дәстүрлі 
болып кетті және ұрпақтан ұрпаққа жетті. Күлтегіннің әскери аттарының 
атаулары, мысалы «Ақ - өксіз», «Ақ - адман», «Башғы - Боз», Ежелгі 
поэтикалық дәстүрмен байланысты, «көк», «ақ», «құдіретті» эпитеттері орхон 
мәтіндеріне тән.
Күлтегін жазбасында кейінірек эпосқа айналған әдет-ғұрып поэзиясының 
әуендері сақталған. Батырлар түрлі эпостық аттармен аталады: Мойыншор 
Көнтері (сауыт терілі), Арслан – арыстан жүректі, Елтуған – тұтық (ел 
қорғаны). Батырлардың жалпы синонимдері – Алып, Ер (батыр). 
Сол кездегі халық шығармашылығының дамуы туралы, данышпан, 
поэтикалық халықтың мәдени және өмірлік тәжірибесі бейнеленген көптеген 
мақалдар мен мәтелдер түсінік береді. Тұжырымды нақыл сөздерде ғибраттар 
мен кеңестер берілген, адамдық кемістіктер әжуаланады. Ауызша 
шығармашылық мысалдарын келтірейік. Еңбек туралы мақалдар: «Еңбек еш 
кетпейді», «Тас басты жарады, еңбек тасты жарады», «Соқаға бекітілген одақ, 
орақ кезінде жоғалмайды», «Күздің келетіні көктемнен белгілі». Тұрмыстық 
мәтелдер: «Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпайды», «Киізді адам су 
болмайды», «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің», «Атқан оқ кері қайтпайды», 
«Түйеге мінген қой отарына жасырына алмас» және басқалары.
Қазақстан аумағында анағұрлым танымал ежелгі эпостар – «Қорқыт ата» 
және «Оғыз наме» тікелей құрастырылды. Осы дәуір шығармашылығының ең 
ірі шығармасы - «Құтты Білік». Оны Баласағұннан шыққан қажы - Жүсіп Хас
Қарахан мемлекеті билеушілерінің бірі - Сатық Богра ханға арнап жазған.
Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақты өлең. Поэма сөйлесу, нақыл 
сөздер мен ғибрат сөздер түрінде құрылған. Терең мазмұны мен жарқын 
поэтикалық тіл оны анағұрлым әйгілі етті. Ол барлық сауатты адамдардың 
үстел үсті кітабына айналды. Поэманың негізгі идеялық мазмұны, білім – 
билеушілердің де, сондай-ақ халықтың да жағдайын жақсартудың жалғыз ғана 
көзі екендігімен шектеледі. Мемлекетті білімді, нұрлы біліммен қаруланған
билеуші басқаруы керек деп бекітеді Жүсіп.
Халықтың мәдени өмірінде ислам діні ақындарының, уағызшыларының 
суфиттік мағынадағы шығармалары айтарлықтай орын алды. Осы 
жазушылардың арасында ірісі XΙ – XΙΙ ғғ. ислам уағызшысы Қожа Ахмет 
Яссауи болды. Ол «Диуани Хикмет» (Даналық туралы кітап) – ең алдымен 
діни-мистикалық мазмұндағы жинағын жазды. Сонымен қатар онда мәдени-
тарихи, этнографиялық және әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы дәлелдерді 
табуға болады. Жинақ сол кездегі тайпалардың тілін, этнографиясын үйренуге 
маңызды ежелгі әдеби ескерткіш ретінде қызығушылық тудырады.
Яссауидің кіші замандасы, оқушысы және пікірлесі, Хәкім Ата ретінде 
танымал Сүлеймен Батырғани болды. Сүлеймен Бакырғанидың «Диуани 
Хикмет» әсерінен жазылған кітабы «Заму назир китабы» (Ақыр заман туралы 
кітап) деп аталады. Шығарманың негізгі ойы: жер бетіндегі жақсы да жаман да 
– 
бәрі алланың еркімен жасалған. Ақыр заман болғанда, күнәлілер де, 
күнәсіздер де, періштелер де, шайтандар да, барлық Жаратылыс өледі, тек 
Құдай ғана қалады, ол қайтадан әлемді жасайды, бәрі өмірге қайтып келеді. Екі 


21 
жинақ та жүз жыл бойы Орта Азия мен Қазақстанның барлық медресесінде оқу 
құралы ретінде қызмет етті.
Қазақ әдебиеті түріктердің әдеби дәстүрлерін мұра еткен, немесе түрік 
ескерткіштері барлық қазіргі түркі тілдес халықтардың жалпы мұрасы болып 
табылады. ХІV-ХVІІІ ғғ. қазақ поэзиясында ежелгі түрік әдебиетінің дәстүрін 
жалғастырушылар жыраулар болды. Олар суырып салу арқылы өздерінің 
поэтикалық шығармаларын шығарды. «Жырау» деген сөздің өзі «жыр» - жаса 
немесе жасаушы деген сөзден шығады. Жыраудың негізгі жанры - толғау. 
Толғаудың екі түрі болды: философиялық және лирикалық. Келесі жанр – бұл 
арнаулар, мадақтаулар, үндеулер мен жоқтаулар. Жырау шығармалары ғибрат 
беру сипатын алады, олардың тіліне афористік (қысқаша нақыл, сығымдалған, 
нақты түрдегі аяқталған ой) тән. Көптеген жолдары уақыт өте мақалдар мен 
мәтелдерге айналды.
Ақын-жыраулар өз шығармашылықтары арқылы қоғам өмірінің негізіне 
«ізгі сөз», «игі іс» және «игі ой» принциптерін қоюды ұсынды. Осылайша, 
Орталық Азия мен Қазақстанның мәдениеті мен көзқарастарын қалыптастыруға 
көбінесе философ-ақын жыраулар поэзиясында бейнеленген адамгершілік 
қарым-қатынастарды зерттеу ықпал етті. Олар номадтық ойлау типі түріндегі 
жалпы бастауы бар қазіргі ұлттық мәдениеттің қалыптасуына көмектесті.
ХІV-ХVІІІ ғғ. шешендік өнер негіздері жалғасын тауып, даму алды.
Шешендік сөздер – қазақ ауызша шығармашылығының ерекшелігі байқалатын 
жанр. Шешендік сөздерде ақиқат тақырыбы бар және негізгі үш түрге бөлінеді: 
арнау, толғау, пікірталас.
Осылайша, түріктер мәдениеті – сол кездегі әлемнің ғылыми 
орталықтарының бірі болғанын көресіз. Баласағұн және Отырар сияқты 
орталықтар ғылыми білімнің дамуында өте үлкен роль атқарды. Өкінішке орай,
аз ғана сақталып қалды. Атақты Отырар кітапханасы жойылды, онда 
қазақстандық ғалымдардың еңбектерді сақталған, бірақ бізге жеткендері 
Қазақстанның түркі тілдес халықтарының арасында ғылымның шынайы 
кемелденгені туралы куәландырады.
Қорыта келе, Қазақстанда VІ – XΙІΙ ғғ. мекендеген халықтар мәдениеті 
сақ-ғұн кезеңі мәдениетінің табиғи жалғасы болғанын және өз кезегінде, қазақ 
халқының көшпенді өркениетпен байланысқан мәдениеті дамуының іргетасы 
ретінде қызмет еткенін атап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет