Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Ҥшіншіден, 
тараулар соңында тапсырма берілуі. 
Тапсырмалардың ұсынылуында дәстүр жалғастығына 
байланысты заңдылық қатаң сақталады. Мысалы, Асан 
қайғы, Бұқар жырау жырларындағы ел тәуелсіздігі мен 
береке-бірлікті сақтау сияқты негізгі ой-түйіндерді 
батырлар 
жырымен 
ұқсастығына 
орай 
салыстыру, 
Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 
зерттеудегі еңбегін балалар фольклорымен байланыстыра 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



отырып әңгімелеу, қазақ балалар әдебиетінде Махамбет, 
Абай, Ыбырай орнықтырган арна-дәстүрлердің XX ғасыр 
ақын-жазушылары шығармашылығында жалғасуы, қазақ 
қаламгерлерінің балаларға арналған шығармаларындағы, 
қазақ балалар ақын-жазушыларының туындыларындағы 
ӛзара дара және ортақ стильдік белгілерді айқындау т.с.с. 
мәселелерге қатысты тапсырмалар. Тапсырмалар тарау 
тақырыбының сипатына қарай ұсынылғандықтан, кей жерде 
бірде-екілі сұрақпен шектелсе, кей тұста бірнешеуі қатар 
берілді. 
Жатталатын ӛлең-жырлардың таңдалуында да белгілі 
бір заңдылық бар. Балаларға арналған халық ӛлеңдері(бесік 
жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, мазақтама, тақпақ, 
сұрамақ, қызықтама т.б.) мен қазақ балалар ақындарының 
балалар фольклоры дәстүрінде туған ӛлең-жырларын 
жаттау студенттер бойында дәстүр жалғастығы мен 
сабақтастықты ұдайы есте тұтуды қалыптастырады, ата-
баба салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімдерін арттырады 
және оқу бітіргеннен кейін қай жерде қызмет етпесін, 
балабақшада, мектепте, тіпті жоғары оқу орнында болсын, 
бір сӛзбен айтқанда, бала оқуы мен тәрбиесіне қатысты 
мекемелерде - бұл ӛлеңдер болашақ маманның практикалык 
кажетін ӛтейді. Күнделікті тірлікке, отбасылық ӛмірге, 
туысқандық, дос-жарандық қарым-қатынастарға аталмыш 
кәусар жырлардың игі әсері мол. Бесік жырының, мейлі, 
халық бесік жырының, мейлі авторлық бесік жырының 
қадір-қасиеті ана сүтінен кем емес. Шәкірімнің Абай 
тақырыбындағы ӛлеңдерін жаттау - Абай шығармаларының 
биік нысанасын ұғыну, дәстүр жалғастығын түйсіну, 
сондай-ақ, аға мен іні арасындағы жарасымдылықты, 
сыйластықты сезіну, одан үлгі-ӛнеге алу деген сӛз. Елдікті, 
тәуелсіздікті, ынтымақ-бірлікті жырлап ӛткен Асан қайғы, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



Бұқар жырау толғауларын, ӛршіл рух сыйлайтын Махамбет 
ӛлең-жырларын жатқа білмеу - жас ұрпақ тәрбиесіне 
жауапты кез келген жан үшін мін. Жамбыл жырлары болса - 
халық поэзиясының мәйегі. 
Еңбегімізде балалар ақын-жазушыларының бүкіл 
шығармасын қарастыруды мақсат тұтпадық. Олай болған 
жағдайда ұсынылатын материалдарды оқулық кӛлемі 
кӛтермейтін еді. Екінші бір жағы, оқулықпен жұмыс 
істейтін оқушы, студент қауымына ӛз бетімен зерттеу, 
зерделеу жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелетіні тағы бар. 
Мұғалім, немесе оқытушы ӛз қалауына байланысты әр 
тақырыпқа тапсырма ойластыру мүмкіндігіне ие. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет