Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


I бӛлім МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет6/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
I бӛлім
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
1 тарау. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТШЩ 
ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары зерттелуі. 
С.Ерубаев қазақ балалар әдебиеті жайында. 
Горькийдің 
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа 
шыққан «Тағы да сауаттылық туралы», «Балалар әдебиеті 
туралы», «Балаларға - әдебиет», «Тақырыптар туралы», 
«Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар» 
мақалаларында болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу 
мәселесі басты орынға қойылды. С.Ерубаевтың «Балалар 
әдебиетін жасайық» деген мақаласының (1930) нысанасы да 
осыған саяды: «... нақтылы міндеттемелер алыңыздар, 
балалар кӛркем әдебиетін жасауда ӛздеріңізді жауапты деп 
санаңыздар. Болайын деп отырған жазушылар съезінде 
мәселе кӛтеріңіздер. Ӛздерінің тілегендерінен қызғылықты, 
түсінікті кітап, әңгіме, ӛлеңдер жазып беріңдер, балалар 
ӛміріне жақын келіңдер. Балалар ӛмірінің ӛзгешелігімен 
танысыңыздар, балалардың ӛз тілімен ӛз ӛмірлерінен де 
жазып беріңдер»(17,375). Ендеше, қандай тақырыпта 
жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері 
баланың ӛзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты 
ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға «...балалардың ӛз 
тілімен ӛз ӛмірлерінен де жазып беріңдер» деу арқылы 
аңғартып ӛтеді. 
С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін 
ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға 
сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған 
мақсатын байқағандаймыз. Саттар хат иелері - кішкентай 
оқырмандар жӛнінде былай дейді: «Бұл оқушылар - кітапқа, 
қызғылықты ӛмірге, күреске құмар оқушылар. Бұлардың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


10 
бәрі де «қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз» дейді» 
(17,273). 
Бұл 
санамаланған 
қасиеттердің 
бала 
психологиясына тән екендігін және қызықты кітапқа деген 
зәруліктің қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге орын алып 
отырғандығын ескерсек, Саттар ой-пікірі, ескертуінің сол 
кезең үшін ғана елеулі болып қоймай, қазір де үлкен мәнге 
ие екендігін айрықша атап айтамыз. «Лениншіл жас» 
газетінің 1934 жылғы 29 майда шыққан санында бұрынғы 
Әулиеата қаласының бір мектебі оқушыларының «Бізге 
кӛркем жазылған жақсы, қызық балалар кітабы мен ойын, 
ӛлең, әңгімелер керек» деген ашық хаты басылады. 
Саттардың жоғарыдағы «Осы уақытқа дейін біздің қазақ 
жазушылары балалармен сӛйлесуді, ӛмірімен танысуды
балалардың пікірін білген емес. Бірақ қазақ пионерлері 
жазушылар бастамаса ӛздері бастады. Ендігі міндет - 
пионер қойған тілекті орындауда» деуі осы себепті. Балалар 
хатына Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев және тағы 
басқа ақын-жазушылар жауап береді. Мұхтар Жанғалин 
екеуі бірігіп жазған орта мектептің 10 сыныбына арналған 
оқу құралында «...жас жазушылардың қатарынан кӛрнекті 
жазушылардың қатарына еркін қосылған талантты жазушы» 
атанған Ғ.Мүсіреповке де және тағы басқа қазақтың 
кӛрнекті ақын-жазушыларына да ӛзінің «қоғамдық 
борышым» деп есептеген талап-тілегін інілік ізетпен 
жеткізе білуін ӛжет жастың ерлігі деп бағалауға болады. 
Қазақстан Жазушыларының кӛптен күткен бірінші 
съезі Алматыда 1934 жылы 12-18 маусым аралығында ӛтеді. 
Съезд жүріп жатқан кезде Саттардың «Не айтар еді» атты 
публицистикалық шығармасы «Лениншіл жас» газетіне 
«Оқушы» псевдонимімен шығады. Бұл достық әзіл де жас 
жеткіншектер үшін шығармалар жазу мәселесін кӛтереді: 
«Қызық кітап керек» деп қыңқылдаған тоғыз жасар Үмітке 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


11 
әкесінің берген жауабын тыңдайық: «-Қалқам, ондай кітап 
жазатын Асқар еді, соңғы кезде ол да балаларды ұмытып 
барады. Сәбит, Мұхтар, Ғабиттер балаларға арнап бір кітап 
жазған емес. «Бұлардан қалыспаймыз» деген кісіше Жақан, 
Ғалым, Мәжит, Ӛтебай, Саматтар да балалар туралы түк 
жазбай жүр. Тегі, осылар балаларды кісі деп есептеп, санға 
қосқысы келмей ме екен? Әлде ұсақ, ӛнімсіз дей ме екен?» 
(17,294). 
Саттар әзіліне объект болғандардың ішінен Ӛтебайдың 
балалар әдебиетіне қатысы жӛнінде айта кетелік. 
Ӛ.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап 
жаза бастаған. Балаларға арналған «Қарлығаш» атты 
кітапшасы 1930 жылы Алматыда басылып шығады. 1932 
жылы «Құрыш құс» кітабы жарық кӛреді. 
Жазушыларды балалар әдебиетін жасауға шақырған 
Саттардың ӛзі жас оқырмандарға арнап арнайы шығарма 
жазды ма деген сауал туады. «Ӛз сӛзіне лайық Саттар 
Ерубаев (1914-1937) «Терек пен гүл» дейтін әңгіме мен 
«Мәңгілік ӛмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын 
ӛлмейтін де ӛшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып 
берді» - делінген 1976 жьшы жарық кӛрген «Қазақ совет 
балалар әдебиеті» оқу құралында. 1972 жылы ӛз алдына 
жеке суретті кітапша болып шықса да, бұл жырды балаларға 
тікелей арналып жазылды дей аламыз ба? Әрине, жоқ. 
Себебі, ересектер үшін жазылған шығармаларды да балалар 
оқуына ұсынуға болатынын ӛмірдің ӛзі дәлелдеді. Мәселен, 
Горькийдің ӛзі кӛзі тірісінде «Дауылпаз туралы жыр», 
«Италия жайындагы ертегілер», «Изергиль кемпір», 
«Челкаш» және тағы басқа кӛптеген шығармаларын жас 
жеткіншектер назарына ұсынған болатын. 
Саттардың балаларға арнайы шығарма жазбауының бір 
кілтипаны - кішкентайлар үшін шығарма жазудың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


12 
қиындығын сезінуінде және бұл жауапты іске кірісуге ӛзінің 
даяр еместігін түйсінуінде деп топшылаймыз. «Ойлап, түпкі 
маңызына жете түсініп алмай, кешігіп қаламыз деп шалағай 
жазсақ, әрине, қарқын мен сапаны бір-біріне қарсы қойған 
боламыз. [...] Құрылыстан қалмау үшін, құр қалмады деген 
атақ алам деп жылдам қосылу (бұл бәрібір қалғандық) 
жақсылыққа жеткізбейді, қарқынмен қабат мәселені жете 
түсініп, ойланып, маңызды қылып жазу керек»(17,361). 
Міне, осындай ойлардың иесі жас Саттардың еш 
дайындықсыз сыншыл да сезімтал, талғампаз қауым - 
балаларға шығарма жазуға міндеттеме алуы мүмкін де емес 
еді. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан «кӛркем 
шығарма жазумен қатар, әлеумет тіршілігінің бәріне 
араласып, пікірін айтып отырған» Саттардың кӛрнекті 
ақын-жазушы ағаларына сыпайы тілмен «балалар әдебиетін 
жасайық!» деуі олардың даярлығына кәміл сенгендігі деп 
ұққанымыз жӛн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет