Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Фурқат атындағы №37 жалпы орта мектебінің 5 «А» сыныбына арналған география пәнінен «Адам және табиғат»



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі35,01 Kb.
#78552
1   2   3
Байланысты:
Элективный курс- Адам және табиғат- 5 кл

Факультатив мақсаты:
Балалардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай экологиялық білім беру және тәрбиелеу. Балалардың бойына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам – қоғам – табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухына тәрбиелеу. Қ.Р. 2004 – 2015 жылдарына арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес жастардың арасындағы экологиялық ақпарат таратудың үлкен ағартушылық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
Факультатив міндеттері:

Табиғат жайында терең экологиялық білім беру, өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу, бағыт-бағдар беру.


Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету. Қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру. Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қала, көше, аулаларымызды көгалдандыруға акциялар, семинарлар, сенбіліктер ұйымдастыру. Мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбиені ұштастыру. Оқушылардың экологиялық сауатын ашу. Мемлекетіміздің табиғи қорларын тиімді пайдалану керектігін үйрету және тиімді пайдалануға дағдыландыру. Экологиялық есептерді шығара білуге үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет