Сабақ № мерзімі Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар



Дата13.08.2017
өлшемі30,24 Kb.
#23404
түріСабақ
Пән технология ____ сынып сабақ №____ мерзімі___________

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар
Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

V. Сарамандақ жұмыс

VІ. Бекіту инструктажы

VІІ. Жұмыс орнын жинақтау

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Сабақтың барысы:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқушылар білуі тиіс:

- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін;

- өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын;

- органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын;

- құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін.



Оқушылар игерген болуы тиіс:

- құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды;

- күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді;

- топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді;

- сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.

Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.



Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:

- біржылдық; ,- екіжылдық; ,- көпжылдық;



Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- жемісті ,- тамыр жемісті ,- сабақ жемісті ,- жапырақты ,- гүлді,- пиязшықты

- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;

- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;

- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;

- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;

- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау.

Практикалық жұмыс. №1 Компост дайындау

Қорытынды:

- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;



- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты.

Үй тапсырмасы. §1, 11 бет. § 2, 15, 17 бет

Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу
Каталог: uploads -> doc -> 0374
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0374 -> Сабақ: Алкиндердің қасиеттері. Жеке өкілдері. Қолданылуы
0374 -> Бекітемін: Келісемін: Қаралды. Мектеп директоры Оқу ісінің менгерушісі бірлестік отырысында
0374 -> Сабақ 3- сынып Әдебиет Сабақ өтілетін уақыт: 8 50 -9 35 Орны: №46 Барлық оқушы саны: 23 Қатысқаны: 23 Сабақ тақырыбы Ы. Алтынсарин
0374 -> Қостанай облысы рудный қаласы «№5 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет