Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Тақырыбы: Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым



бет21/50
Дата06.02.2022
өлшемі265,72 Kb.
#73960
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр
Эволюциялық ілім 2020 -4 курс семестр, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн, Жарылгапова С.Б. 4 күн
Тақырыбы: Популяция – эволюцияның элементарлы құрылым
Жоспары:
1.Популяция ұғымы және критерилері
2.Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық.).
3.Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық өзгерістердің алғы шарты
Лекция мәтіні:
1.Түр өз ареалының көлеміндегі территорияны тұтас иемденбейді, тек өзінің тіршілігіне қолайлы белгілі участоктарды ғана жайлайды. Мысалы, жануарлардың ағаш өсімдіктеріне байланысты түрлері өз ареалы көлеміндегі орман участкаларын ғана, ал шалғындық түрлер шалғындық ассоциацияларын ғана мекен етеді. Осыған байланысты түрдің особьтары өз аймағының көлемінде бытырап тарап кетеді. Жеке территориялық топтар — популяциялар пайда болады.
Популяция деген терминді 1903 жылы генетикаға бірінші рет В. Иогансен енгізді. Ол мұны генетика жөнінен әртекті особьтар тобын белгілеу үшін пайдаланды. Қейінірек бұл терминнің бастапқы мағынасы өзгертіліп, экологияда кең пайдаланылды. Қазіргі кезде популяция — нақтылы территорияға байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік о с о б ь т а р ы н ы ң тобы м а ғ ы н а с ы н д а ұғылады. Популяция әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бұған дейін қандай да бір жанжағы шектелген ықшам территорияда, мысалы, белгілі бір орманда мекендеуші ж е р г і л і к т і немесе ықшам популяция туралы сөзқылдық.. Бұдан басқа, экологиялық және географиялық популяциялар болады. Экологиялық популяция дегеніміз — экология жөнінен біркелкі жағдайлы участоктармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы. Мысалы, бір түрдің особьтары шыршалы ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы ормандарда да мекендейді. Мұнда біз екі экологиялық популяция — шыршалық және қарағайлык популяция бар деп айта аламыз.
Географиялық популяция белгілі географиялық шектерде кездесетін жергілікті ықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада қолданылады. Демек географиялық популяция экологиялық популяцияларға бөлінеді, ал бұлардың өзі ықшам (жергілікті) популяцияларға бөлінеді. Сөйтіп бір-біріне туынды әр түрлі дәрежедегі популяциялардың сатылары пайда болады.
2.Панмиксиялық популяцияларда ұрпақтың тұқым қуалаушылық құрылымын ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың саны ата-аналардың берілген гаметалардың түрлі типтердің жилігіне байланысты. Мұндай популяциялардың генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке гетерозиготалы өкілдердің таралу жилігін анықтау болып табылады.
Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы даралардың сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда аз ғана айырмашылықтар болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен аз ғана айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр деп аталады. Мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулы түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардың морфологиясы жағынан жақсы ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін түрлер п о л и т и п т і к түр деп аталады. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип 3) биологиялық раса.
Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілерімен ажыратылатын географиялық популяциялардың жиынт ы ғ ы.
Әрбір түр тармағына тән нақты морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары өзара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық окшаулық жоқ.
3. Популяциялардың биологиялық формаларын жасына, жынысына (аталығы, аналығы, гермафродит, партеногенездік даралар), функциялық, фазалық және маусымдық формалар түрінде көрсетуге болады. Популяцияда генетикалық топтардың болуы түрдің көбею сипатына байланысты. Жыныстық жолмен көбейетін түрлердің популяциялары биотиптерге бөлінеді.
Б и о т и п дегеніміз генотипі бірдей даралардың тобы. Популяциядағы биотиптер саны неғұрлым көп болса, онда полиморфизм айқын көріністі болады, себебі айқаспалы ұрықтанатын даралардың будандары гетерозиготалы болып келеді. Өзін-өзі ұрықтандыратын формалардағы популяцияда әр түрлі биотиптерден құралады, бірақ оның құрамындағы организмдер гомозиготалы болады. Сондықтан өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің популяциясында таза линиялар дамиды. Бұл терминді генетикаға енгізген В. Иогансен. Бір гомозиготалы даралардан дамыған, өздігінен тозаңданатын индивидумдардың жиынтығы таза линия деп аталады. Бұршақ, бидай, арпа, сұлы сияқты өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді зерттеу, бұл түрлердің көбі таза линиялардан тұратындығын көрсетті. Бұлардың сыртқы белгілері ұқсас болуы мүмкін, бірақ физиологиялық қасиеттерінде (ерте пісетін, суыққа төзімді, ауруға шалдықпаушылық т. с. с.) айырмашылықтар болады.
Сөйтіп әрбір популяцияның өзіне тән күрделі құрылымы болады, оны мына схема түрінде көрсетуге келеді:



Популяцияның құрылымы

Особьтардың бірлесіп тіршілік ететін түрлері

Биологиялық формалар

Генотиптік топтар

Жеке тіршілік қалпы Семьялар
Колониялар
Үйірлер (кулигалар) Топтар
Уақытша шоғырлар

Жасына қарай
Жыныстық
Функциялық
Фазалық
Маусымдық

Биотиптер
Таза линиялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет