Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет7/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi
Дүниежүзі тарихы 5- сынып ниш, 7. практика ДОШКОЛЬНОЕ ОБР. Д-19-2 ОБР. КВ.НЯНЯ., Аралық бақылау, философия2
міндеттермен
анықталған:
-
студенттерді мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту
аясында кәсіби әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті практикалық
дағдылармен қаруландыру;
-
баланың тілдік дамуының ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін
меңгеру;
-
мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту бойынша
практикалық дағдылар мен жұмыс түрі, мазмұны, түрлері, әдістері,
тәсілдері туралы түсініктер қалыптастыру. 
Оқу құралында баяндалған теориялық материал және өзіндік
жұмыстың әртүрлі нысанды кешенін қолдану арқылы әдістемені меңгеруден
балалардың тілдік дамуының жалпы мәселесінің кең көрінісіне ауысуға 
мүмкіндік береді.
Бұл оқу құралы болашақ педагогтарға мектеп жасына дейінгі
балалардың тілдік дамуын, оларды оқыту ерекшеліктерін, ақыл
-
ой тәрбиесін 
ескере отыра, мектеп жасына дейінгі ұйымдарда білім беру әрекетінің
мазмұнын және оның ұйымдастырылуын таңдау үшін тіректер мен
принциптік бағдарлар береді.
I ТАРАУ. ӘРТҮРЛІ ЖАСТЫҚ ТОПТАРЫНДА СӨЙЛЕУДІ 
ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
 
1.1.
 
Бала өмірінің алғашқы жылындағы сөйлеудің дамуы 
Баланың сөйлеуінің дамуы шекті заңдылықпен негізделген. Баланың 
өмір сүру жағдайы мен тәрбиесі оның дамуына септігін тигізуі мүмкін, 
сондай
-
ақ, керісінше кедергі жасауы мүмкін. Бала дайын сөйлеу 
аппаратымен дүниеге келеді, бірақ сөйлемейді. Бұл тек барлық жүйке 
жүйесінің және сөйлеу орталығының дамымағандығымен ғана негізделмей, 
сонымен қатар, басқа да бірқатар себептермен түсіндіріледі:
1)
Сәби өзінің сөйлеу аппаратымен қолдану дағдысын меңгере
алмайды, оған бұл дағдыны үйрену қажет; 
2)
Сөйлеу үшін оның сөздік қоры мүлдем жоқ, оған бұл қорды жинау
қажет; 
3)
Оған сөйлеудің сөздік нысаны таныс емес, олармен танысуы қажет;
4)
Ойлау сөйлеумен тікелей байланысты;
5)
Тіл адамдардың; сәби мен оны қоршаған адамдардың бір
-
бірімен
әлеуметтік қарым
-
қатынас жағдайында дамиды 
[9]. 
Балалардың сөйлеуін дамытудың жетекшілігі осы бағыттарда 
жүргізілуі қажет.
Бала өмірінің алғашқы жылы оның тілін одан әрі дамыту үшін шешуші 
маңызға ие. Бұл дамудың бөгелісін негіздейтін көптеген себептер және 
үлкендеу жастағы балалардың сөйлеу кемістігі жиі олардың өмірінің осы 
ерте кезеңінде жасырылады. Бала туғаннан бастап қоршаған адамдарымен 
араласа отыра, өзінің бар күші мен қабілеттерін дамытады. Баланың даму 
көрінісі тіл жағынан ерекше анық байқалады. Баланың қолайлы 
педагогикалық жағдайда сөйлеуді жеңіл және тез меңгеруі шынында 
таңғаларлық. Бала дайын сөйлеу аппаратымен дүниеге келеді, алайда оны 
қолдану дағдысын меңгере алмайды. Оған бұл дағдыны үйрену керек. 
Сәбидің дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы аптасында шығаратын алғашқы 
дыбыстары көмей және ерін
дыбыстарынан құралған сараланбаған тіркестер 
болып табылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   163




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет