Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Орта тас ғасырының ерекшелігі



бет5/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy
0008cbfd-1691e756

Жауабы:

1.Орта тас ғасырының ерекшелігі.

Мезолиттің хронологиялық шеңбері-б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.Жалпы,Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған.Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды.Жер бетін басып қалған мұз еріді,қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер,яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды.Микролит деген сөздің мағынасы-ұсақ тас.Мезолит заманның тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді.Бұрыңғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды.Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды.Себебі мезолитте мамонт,мүйізтұмсық сийяқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кетті.Бұрын тобымен жүретін аңдарды ұраға жығып,қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді.Енді некен-саяқ,жеке жүретін бұғы,қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды.Оған уақыт та,күш-қайрат та көп кетті.Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді.Үнемі жайылымын ауыстырып,өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді.Қазақстан аумағындағы жиырмадан астам мезолиттік тұрақтар белгілі.Олар баспананы жеңіл қос сыйяқты ағаштан айқастырып құрып,оның үстін аң терісімен жапты.Осындай қабырғалары терең көмілген,көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарында табылған.


2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды.Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.



Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін.Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады.

Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады.Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады.Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады.

Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

3.Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Шағатай – Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы, Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде болған. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері де кірген.



5-Билет

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.

  2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.

  3. 1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.


Жауабы:

1.Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.

Энеолит сөзі - мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталықру үстемдігі калыптасты.Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін.Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар - садактың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты.Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де табылды. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.

2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар(Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы,«Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға.Әл-Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-Халиканның айтуына қарағанда,Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты.Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.Екіншіден –Аристотель өзінің жан-жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді.Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол –аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген.

Әл-Фараби мұралары: Әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол метафизика, тіл білімі, логика, география, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын 160-қа жуық трактаттар жазып қалдырған. Педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,«Бақытқа жету»,«Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған.Әл-Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған.Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген.Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың жағдайы басшысына байланысты деп, қоғамды қалай басқару керек деген мәселеге көңіл бөлген. Әл-Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия,философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.

1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты.

1920жылы 22 қыркүйекте БОАК жаңа декретпен Қазақ АКСР құрамына Орынбор губерниясын қосты. Декрет бойынша Қазақ АКСР құрамына- Семей, Ақмола,Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысындағы Красноводск уезіндегі 4,5 Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округының қазақтар қоныстанған аймақтары енгізілді.Қазақ АКСР-нің қарамағында 1920 жылғы дерек бойынша 1871239 шаршы версті(1,07км) құрады. Бірақ қазақ жерін аумақтық жинау Қазақ АКСР-нің құрылуымен аяқталмады. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР-і құрамында, Семей мен Ақмола облыстары Сібір ревкомының қарамағында болды.

1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді.Сондай-ақ Ертіс пен Жайық бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.



1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і құрамына 1млн 468 мың халқы бар Сырдария(Қазалы,Ақмешіт,Түркістан, Шымкент,уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал,Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылды. Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. 1925 жылы Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп өзгертілді.

6-Билет

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.

  2. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілерін анықтаңыз.

  3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және ортағасырлық қалаларды белгілеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет