Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауабы: 1.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан



бет6/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy
0008cbfd-1691e756

Жауабы:

1.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті.

Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.

Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті.

Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды.

Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін.

Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.

2.Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.

Екеуіне де ортақ белгілер:

Екеуі де әскери жүйе бойынша 3 әкімшілік аймаққа бөлінген. Олар: Оң қанат, Сол қанат және Орталық қанат.Әскерлері түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді.Екеуіде соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған.Екеуінің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды.Екеуі де көшпелі халық. Екеуі де басқыншылық бағытты ұстаған далалық күшті атты әскерлі империяға айналды. Олардың жақсы ұйымдастырылған, қатаң әскери тәртіпке бағынған тұрақты әскері болған. Мемлекеттің ішкі- сыртқы күрделі мәселелерін шешуде олар осы әскер күшіне сүйенеді. Мемлекетте әскери шен жүйесінің құрылуы (бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы), азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулардың жүргізіліп тұруы – бәрі бұл екі мемлекетке ортақ.

Сонымен қатар бұл мемлекеттерде беделді және халыққа аса танымал батырлардың болғаны рас. Әйтпесе, қаншама соғыстар мен қорғаныстарда батырлардың арқасында жеңіп шығатыны белгілі.


3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және

орта ғасырлық қалаларды белгілеңіз.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады.

Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.

1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.

2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.

3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады.Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.

Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.

1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.

2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.

Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған.Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен қарай – Жент қаласына жеткен.

Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері:



Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі(ІХ-ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда-саттық басты рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.


7-Билет

  1. XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі

  2. Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.

  3. Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.




Жауабы:

1.XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі

XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады.

Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.

Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене қатысты.

1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді.

Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару-жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді.

1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы -5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.
2.Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.

Геродот- грек тарихшысы. Б.з.б.484-425жж. өмір сүрген. Геродоттың «Тарих» еңбегі б.з.б.Vғ. 40-30жж. жазылған.

Страбон-грек тарихшысы және географ. Б.з.б.64- б.з.24жж. өмір сүрген. Еңбегі- «География».

Ұқсастықтары:

Екі автор да ежелгі грек тарихшылары, сондықтан олардың еңбектеріндегі ұқсастық та заңды.

1.Скиф атауы туралы: Геродот сақтарды – азиялық скифтер деп атайды, Страбон- «дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді» деп жазады.

2.Екі автордың да еңбектерінде – сақ, массагет тайпалары жайлы және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі. Геродот, массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракс) арғы жағына орналастырады.Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне –«дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар» деп көрсетеді.

3.Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот: «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі» деп сипаттаса, Страбон: «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.

4. Екі автордың еңбектеріндегі массагеттердің өмір салты, тұрмысы, наным-сенімі жөніндегі ақпараттар өте ұқсас деуге болады.

Геродот: «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.

Олар егін екпейді, үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.» деп жазса, Страбон: «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер.Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.

5.Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша: «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді десе, Страбон: «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер; садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.

6. Массагеттердің сауыт-сайманы, қару-жарағы туралы деректер:

Геродот: «Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған, баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен әшекейленген.Сонымен қатар, олар аттардың сауытын да мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп» деп жазса, Страбон: «Шайқас кезінде алтын белдік тағады,аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Күміс олардың елінде болмайды, темір аз, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» дейді.

7.Массагеттердің наным-сенімі туралы ақпараттар:

Геродот: «Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы»- дегенге саяды» деп жазады.

Страбон: «Құдай деп олар күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады» деп көрсетеді.
3.Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жошы ұлысы. Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы. Оның ұлысына шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінде қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір дректергеқарағанда, Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді. Шамасы, соңғы дерек шындыққа жақын. Өйткені, Жошының күмбезі осы өзендердің бойында тұр.



8-Билет

  1. Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.

  2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.

  3. Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет