Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


Жауаптары: 1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы



бет7/15
Дата16.10.2019
өлшемі0,78 Mb.
#50047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
kazakstan-tarihy
0008cbfd-1691e756

Жауаптары:

1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.

Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген.Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді.Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған.Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді.Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.


2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.

Жаңа астана туралы бастаманы президент Н.Ә.Назарбаев көтерді.1995жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы бойынша, ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім қабылданды.1997 жылы 10 желтоқсан Президенттің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.1998 жылы маусымда салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық, демографиялық, саяси себептері болды.Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады.Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрылығының орталығы болып табылады.Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі де еске алынды.Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.Үшіншіден, Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ақмола еліміздің географиялық орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасуымен экономиканы басқаруға да, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді.Халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша бір жақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік пен орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады.Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Қазақстанның солтүстігінің экономикасын көтеріп,демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағытта өзгертуге қызмет етеді. Кеңестік дәуірдегі астаналар: Орынбор- 1920-1924жж, Қызылорда-1924-29жж., Алматы-1929-1997жж.


3.Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Үгедей ұлысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.




9-Билет

  1. Сібір қазақтары туралы Жарғы.

  2. Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.

  3. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, С.Датұлы, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)








































Жауабы:

1. Сібір қазақтары туралы Жарғы. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады.1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.

Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.

"Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтікприказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.

Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.
2.Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. Ол туралы өзіңнің жеке көзқарасың? Қай пікірді қолдайсың?

Бүгінде адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Көзқарастарды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі –діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Бұл ұғым бойынша, дүниені, соның ішінде адамды, құдай жаратты деу. Екіншісі – әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гумоноидтар жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы Жер бетіне басқа ғаламшардан келген. Үшінші пікір – адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты, ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып, қалыптасқан дегенге саяды.



Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, дамудың төменгі сатысынан жоғарыға қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгінде көп талқыланатын көзқарас саналады. Дегенмен қазіргі заманғы ғылымның дамуы, ғалымдардың зерттеулері бұл теорияға күмән туғызып отыр.Адамдар бұл мәселелерге өзіндік жеке көзқарас тұрғысынан баға береді.

3.Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес, С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)

С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі






Бөкей Ордасындағы көтеріліс






К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс






Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес






Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс


10- Билет

  1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.

  2. «Қозғалыс», «ұйым», «партия» үғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақытын, алдына қойған мақсатын, сипатын салыстырыңыз.

  3. ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.




Інжу



Вақфтық жерлер



Сойырғал, иқта



Шаруалардың мүліктік жерлері





Жауабы:

1.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Берекеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын Орда деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек ХVI ғасырдың аяғында пайдаболған. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған «Шыңғыснама» шежіресі сақталған. Осы шежіреде мынадай аңыз бар. Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый, Ежен, Шайбани деген үш немересіне алтын босағалы «Ақ орда», күміс босағалы «Көк Орда», болат босағалы «Боз Орда» тіккізген. Алтын босағалы ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайласа керек. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді. Сөйтіп Жошы ұлысының орнына алтын босағалы Ақ Ордаға кіріп, таққа отырған Батыйдың басқаруымен Алтын Орда мемлекеті құрылған.

Жазба деректерде басқа да түсініктер бар. Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда» деп аталса, ал екіншісі бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп аталған. Жалпы «Алтын Орда» болып аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған.

Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.

Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни-әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Соңдықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жунейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.


2.«Қозғалыс», «ұйым», «партия» ұғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақыты, алдына қойған мақсаты, сипатына салыстыру жасаңдар.

Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.

«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы)- Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Партияның мақсаты –қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттілік орнату.2012жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді.Сипаты –халықтық-коммунистік, коммунизм идеясына адалдық таныта отырып, нақты жағдайда әлеуметтік әділетті қоғам құруға қол жеткізуді мақсат етеді.

«Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы құрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы» мен «Қазақстанның аграрлық партиясы» және «Асар» партиясы кірді.Мақсаты- Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Партия қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың әсерін болдырмау,дағдарыстан кейін де дамуды қамтамасыз етуді көздейді. 2013ж. қазанда «Нұр-Отан» партиясының ХVсъезі болып өтті.Съезде- «Нұр-Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында»қабылданды. Сипаты- халықтық-демократиялық, халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.



3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.


Інжу

Шыңғыс ұрпақтарының жасау ретінде алған жерлері.


Вақфтық жерлер

Дін иелерінің жерлері


Сойырғал, иқта

Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер


Шаруалардың мүліктік жерлері

Отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер




11-Билет

  1. С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері.

  2. Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.

  3. Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:

1.С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері

XVIII ғасырдың 70 – 80-жылдары елдің экономикасына кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі, орыс помещиктерінің, Жайық казак әскерлерінің зорлық-зомбылығы, ішкі өзара тартыс халықтың жағдайына нұқсан келтірді.Шекаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқаулары жүзеге асуын қамтамасыз етуді бақылады. Казакәскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі, кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.Көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардапты салдарларының болғандығын атап өткен жөн.Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы үн қосты.Көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3 500 адам деп айтады.Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғандығы да анықталуда

С.Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және казактарға қарсы соққы беру болды.

2.Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.

Адам баласының биологиялық эволюциясы: австралопитек (б.з.б.2,6 млн жыл), питекантроп(б.з.б.1 млн жыл), синантроп(б.з.б.500-200мың жыл), неандерталь(б.з.б. 200-35мыңжыл), кроманьон(б.з.б. 40-30мың жыл).Адам баласының биологиялық эволюциясы ең соңғы деректер бойынша мынадай жолмен іске асқан.Біздің арғы тегіміз гоминидтер – адам тектес маймылдар. Солардың ең бір жақсы зерттелген өкілі –австралопитектер.

Олар тек Африкадан табылған, бұдан 6-1 млн жылдар бұрын өмір сүрген. Осы австралопитектердің кейініректегі (2,8- 2,4млн жыл бұрын) түріне хомо хабилис деген атау берілген. Бұл «қабілетті адам» дегенді білдіреді. Хомо хабилистер Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған.Адамның осы түрімен бірге ең алғашқы кездегі тас құралдар табылған.Мөлшермен бұдан 2 млн жыл бұрын хомо хабилистен хомо ергастер(әрекетшіл адам) және хомо еректус(тік жүретін адам) дамып шықты. Бұл адамдар бұдан 500 мың жыл бұрынғы заманға дейін өмір сүрді.Соңғы кезеңде бұлар Еуропаның оңтүстігі, Азияның көпшілік аумағына қоныстанды.Көне адам эволюциясындағы бұдан кейінгі түр гейдельберг адамы.Оларб.з.д. 600-150 мың жылдықтар мөлшерінде өмір сүрген. Соңғы көзқарастар бойынша неадертальдықтардың(б.з.д.130-30мыңжылдықтар) бүгінгі адамдардың дамуына тікелей қатысы жоқ.Бұрын бүгінгі адамға ең жақыны деп есептелетін.Мөлшермен бұдан 40-30 мың жыл бұрын Еуропа жеріне келген гейдельберг адамдары бәсекелестік күрес нәтижесінде олардың тұқымын мүлде құртып жіберген.

Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.Тобыр- өзара қандас туыстас жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды. Эндогамия дегеніміз- ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы.Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп қандас туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды. Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды.Экзогамия дегеніміз- туыстас адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті.Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Ру саналы адамға (кроманьон) сәйкес келеді.


3.Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.

Хандық биліктің орталығы «орда»деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Күші беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мықтап ұстап отыруы үшін жасалған еді.




12 – Билет

  1. 1916 жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.

  2. Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдарының мағынасын түсіндіріп салыстырыңыз.

  3. Қарахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет