Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. В. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі бекітемін



бет7/7
Дата19.02.2017
өлшемі1,06 Mb.
#10499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Заттың құрам-тұрақтылық заңы – алыну әдісіне қарамастан кез келген таза заттың сапалық және сандық құрамы әрқашанда тұрақты болады. Бұл заңды 1808 жылы француз химигі Ж.Пруст материалдарды күкіртпен әрекеттесуіне тәжірибе жасап дәлелдеді.

  • Зат массасының сақталу заңы – химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады. Бұл заңды алғаш рет 1747 жылы орыс ғаламы М.В.Ломоносов тұжырымдап, оны 1756 жылы тәжірибе жасап дәлелдеді.

  • Қосылу реакциясы - реакция нәтижесінде бір немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін реакцияны айтамыз. Мысалы: HCl + NH3 = NH4Cl

  • Молекула – (лат: молис-масса) берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын заттың ең кіші бөлшегі. Молекуланың құрылысы мен құрамы оны құрайтын атомдарға байланысты. Молекулада атом саны екіден бірнеше мың молекулаға дейін болады.

  • Орынбасу реакциясы – жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы күрделі заттың бір элементінің атомының орынын басқан реакцияны айтамыз.

  • Химия – материя қозғалысының химиялық қосылыстардың құрамы мен құрылысын, қасиеттерін, жай және күрделі заттардың өзгерулермен қоса жүретін құбылыстарды зерттейді.

  • Анализ – (грекше анализ – талдау.) Тұтастай бір заттың құрамын, құрылысын, күйін анықтауды мақсат еткен зерттеу әдістері мен процестері.

  • Ерітінді – бір немесе одан да көп компоненттерден (құрам бөліктер) және олардың сол компоненттері әрекеттескенде түзілетін өнімдерден тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Ерітінді еріткіштен және одан еріген заттардан тұрады. Мысалы: F қантты суда су – еріткіш, қант – еріген зат.

  • Индикатор – (лат. Индикатор - көрсеткіш). Реакция ортасына байланысты түсін өзгертетін бейорганикалық қосылыстар. Қышқылдық-негізік индикаторлар, метилоранж, лакмус, фенолфталеин.

  • Концентрация – (лат. Кон-бірге, центр - орталық). Ерітіндідегі не қопадағы заттың салыстырмалы мөлшері. Концнтрацияның бірнеше түрлері бар. Процентті, нормальды, моляльды концентрация кездеседі.

  • Синтез – (грекше – синтезус - қосылу). Жай заттардан күрделі заттар алуға әкелетін химиялық және химиялық-технологиялық процестердің жалпы атауы.

  • Суспензия – (лат. Суспензия - жүзгін). Құрамы қатты фаза мен сұйық фазадан тұратын сұйықтық (10-6 метрден көп болатын бөлшектер ) мыс, лайлы прцестер суспензияға байланысты. Суспензия қағаз, резина, лак, бояу өндірісінде қолданылады.

  • Тотығу – элементтердің оттекпен әрекеттесу процесі. Немесе тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында тотықсыздандырғыштардың электрон беру процесі.

  • Эмульсия – бір сұйықтық ішінде басқа сұйықтықтың микроскопиялық бөлшек түрінде болуы. Мысалы: сүт (су ішіндегі еріген майлы зат). Эмульсия сабын жасауда, май, кілегей, маргарин жасауда қолданылады.

  • Электрон – теріс зарядты және тыныштық күйдегі массасы ең аз болатын тұрақты қарапайым бөлшек. Химиялық әрекеттесудің негізгі заттың субстраты болып саналады. Массасы 9*10 – 28г тең электтронды 1897 ж Дж.Томсон ашты. Электрон ядро сыртын айналып жүріп, электрон бұлтын түзіп, атом молекуланың электрлік, оптикалық және химиялық қасиетін түзеді.

  • Ядро – атом ядросы атомның негізгі бөлігі заряды оң бүкіл масса жинақталған жер. Ядроның атом көлеміндегі алатын орны өте аз, атомның жалпы көлемінің 14-13 дәрежесі алады. Өте тығыз, ауыр. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.

  • Ион – (грекше ион – жүруші, кезбе). Атомдар, радикалдар, молекулалар, электрондардың жоғалтып не сыртынан электрондар қосып алғанда туатын электрлік зарядты бөлшек. Иондар химиялық активті бөлшектер. Ерітінділерде иондар электролиттік диссоцияция кезінде пайда болып, электролиттік қасиет береді.

  • Анион – (гр.ана жоғары). Теріс зарядты иондар (ОН -, Cl-, SO4-, PO4). Электр өрісіне оң зарядты анодқа жиналады. Көптеген тұздар, негіздер, қышқылдар, ерітінділерде, иондық байланысы бар кристалл толаода болады.

  • Анод – (көтерілу) тұрақты тоқ көзінің оң полюсінде жанасқан электроды. Батарея не гальваникалық элементтің оң полюсі.

  • Катион – (гр. Ката - төмен). Оң электр зарядына ие ион. Мысалы: Н +, NH4+, Na+. Электр өрісінде теріс зарядты катодқа тартылады.

  • Аллотропия – (гр.аллос – басқа, тройпос – әдісі, бейне). Бір химиялық элементтің жай зат түрінде кездесуі. Мысалы: көміртегі – графит және алмас түрінде кездеседі. Күкірт, темір, қалайы, селен, фосфор элементтері де бірнеше жай зат береді. Аллотропия түрлі кристалл формаларды немесе химиялық элементтердің түрлі атомдарын түзеді. Мысалы: оттегінің газын - О2 , озон – О3

  • Коррозия – (лат. Коррозио - желіну). Қоршаған ортаның әсерінен металдан жасалған бұйымдардың бүлінуі, желінуі. Мысалы: темірдің тат басуы.

  • Амфотерлік – (гр. Амфотерез – екі жақты). Әрекеттесуші реагенттердің табиғатына қарай кейбір химиялық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиет көрсетуі.

  • Адсорбция – (лат. Ад – бетінде, сорбере - сіңіру). Қатты және сұйық заттардың бетінде газ немесе еріген заттардың сіңірілуі. Температура өскен сайын адсорбция азаяды. Адсорбция көптеген газды және сұйық заттарды бөлу, тазалау үшін қолданылады. Адсорбция процесі тірі ағзаларда, топырақта, негізгі тіршілік процесін атқарады. Адсорбция лак, бояу, полиграфия, құрылыс орындарында қолданылады.

  • Десорбция – адсорбентен сорылған затты кері шығару процесі. Бұл адсорбцияға кері процесс. Қолданылатын жері лаборатория,өндірісте кеңінен қолданылады.


    Әдебиеттер


    1. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н А. Заграничная

    Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-метематика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы. «Мектеп» 2014

    1. Ф.Г.Фельдман, .Е.Рудзитис Жалпы химия , Алматы «Мектеп» 2001

    2. Б.А. Бірімжанов Жалпы химия, Алматы 2001 ж.

    3. Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия білім 2003ж.

    4. Аханбаев К. «Жалпы химия» Алматы 1985ж.


    Қосымша әдебиеттер

    1. Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.А. Заграничная – дидактикалық материалдар.

    2. Қ. Бекішев. Есептер жинағы.

    Каталог: uploads -> doc -> 0ea0
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0ea0 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі
    0ea0 -> Сергіту жаттығу Жарияланды 19-02-2013, 21: 20 Категориясы: Бастауыш сынып


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет