Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата04.01.2022
өлшемі480,68 Kb.
#109005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
MP21 KAZ

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 

ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

 

Баланың  өмірі  ортаның  күрделі  ұйымдастырылған,  әртүрлі  формасы  мен 



бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені 

ол  баланың  құрбыларымен,  әр  жастағы  балалармен,  педагогтармен,  ата-

аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады. 

 

 Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, 

тұрмыстық  және  т.б.  болуы  мүмкін.  Бала  өмірдің  барлық  жағына  қатысты 

көптеген  әртүрлі  таңдаулар  алдында  болады:    қалай  оқу  және  ересектермен 

қандай  қарым-қатынас  құру,  құрдастарымен  қалай  сөйлесу,  қазіргі  және  өзге 

талаптарға,  ережелерге  қалай  бағытталу,  т.б.  Көмекке  өздерінің  әлеуметтік, 

кәсіптік  немесе  жеке  айқындамаларымен  балаға  әртүрлі  қолдау  бере  алатын 

ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.  

 Сол  себептен,  психологиялық-педагогикалық  қостау  түсінігін  ашу 

мақсатында  өзара  қарым-қатынас,  әріптестік,  жағдайлар  құру,  көмек,  қызмет 

бағыты, объектімен жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады.  

  Психологиялық-педагогикалық 

қолдауды 

бірнеше 


аспектілермен 

қарастыруға болады:   

-  балаға  жеке  білім  беруде  көмек  пен  қолдау  көрсетуге  қабілетті  педагог-

психологтың кәсіптік қызметі сияқты;  

-  білім  беру  міндеттерін  шешу  кезінде  балаға  рухани  дербес  таңдау 

жасауға  көмектесетін  мақсатқа  бағытталған  педагогикалық  әрекеттер  кешенін 

құрайтын үдеріс сияқты; 

- жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;  

-  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  қамтамасыз  етуде  педагог,  психолог, 

және  т.б.  мамандар  әрекетінің  дәйекті  кезеңдерінің  қатарын  құрайтын 

технология сияқты; 

- мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің өзара қарым-

қатынасын мінездейтін жүйе сияқты.    

   Соңғы  жылдары  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  теориясы  мен 

практикасының  жіті  дамуы  білім  беру  мақсаты  туралы  ұсынымды  кеңейтуге  

байланысты  болды.  Бұл  мақсатқа  тәрбиелеу,  дамыту  мақсаттары,  бала 

денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық, рухани және әлеуметтік 

қамтамасыз ету енеді.  

     Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады:    

1. 


Ізгілендіру 

-  бала мүмкіндігіне сенуге болжанған. 

2. 

Жүйелі тәсіл

 – біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген. 

3. 

Кешенді тәсіл- 

 бала дамуын қолдауға бағытталған.   




 

4.  Баланың  жеке  мүмкіндігіне,  оның  даму  қарқынына  сәйкес  қолдаудың 



мазмұнын,  формаларын  және  тәсілдерін  болжайтын 

баланың  жеке  және  жас 

ерекшеліктерінің есебі

.   


5. Білім беру үдерісінде баланы 

қолдаудың үздіксіздігі

.  


     

Мектепалды білім беру 

жалпы білім беру жүйесінің



 

5-6 жастағы балалардың 

мектепке  дейінгі  білімнен  бастауыш  білімге  үйлесімді  көшуін,  сабақтастығын 

қамтамасыз ететін толық құқылы буыны





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет