Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата04.01.2022
өлшемі480,68 Kb.
#109005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
MP21 KAZ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.  



БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ  

 

5-6 



жас 

тұлғаның 

психологиялық 

тетіктерін 

шын 

мәнісінде 



қалыптастыратын кезеңі болып табылады.   

Бұл жаста  бала организмінің қарқынды жетілуі жалғасады, жүйке жүйесі 

дамиды.  Алайда,  организм  әлі  де  қалыптаспаған,  сондықтан    алты  жастағы 

балаларға мектепте оқытуды ұйымдастыру кезінде мұны есепке алу керек.   

5-6  жастағы  балалардың  психикалық  дамуы  өзіндік  сана-сезімнің 

қалыптасуымен – өзін сезінумен және өзіне физикалық, рухани және қоғамдық 

жан ретінде қарауымен тығыз байланысты. 

С.Л.Рубинштейн  көрсеткендей,  өзіндік  сана  -  сезімнің  қозғалыс  күші 

«оның  қарым-қатынасының  өзгерістерінде  байқалатын  жеке  адамның  өскелең 

шынайы дербестігінде» қорытындыланады. Бала мектепке дейінгі жас соңында 

ересектерге  тәуелсіз  дербес  бола  бастайды,  оның  қоршаған  ортамен  қарым-

қатынасы кеңейеді, күрделенеді.  

Бұл жаста өзін-өзі бағалау қарқынды қалыптасады. Және баланың бағалау 

пікірі ересектердің өзіне берген бағалау қатынасымен бірге ілеседі. Бала өзінің 

әрекетін басқа адамдармен салыстыруға қабілетті. Бірақ бірінші кезекте балалар 

құрбыларының  топтағы  жағдайына  (жақсы  жауап  береді,  тапсырманы  дұрыс 

орындайды) қарай қасиеттерін бағалайды.  

Мектепке  дейінгі  жас  соңына  қарай  баланың  өзара  түсінісуге  деген 

ынтасы, өзін –өзі бағалауда ересектердің пікірімен санаса білуі артады.   

Өзін-өзі  бағалау  негізіне  талаптардың  деңгейі  –  баланың  пікірі  бойынша 

шамасы келетін жетістіктер деңгейі жинақталады. 

Мектепке  барған  сәтте  баланың  мотивациялық  шеңбері  шынайы 

өзгерістерге  ұшырайды,  себебі  5-6  жастағы  балалардың  қылықтары,  қоршаған 

ортаға  қарым-қатынасы  күннен-күнге  айқындала  бастайды.  Бала  қылығына 

келесі себептер тобы ықпал етеді:  

- Үлкендерге ұқсағысы келген ынтадан туындаған ересектер әлеміне деген 

баланың қызығушылығына байланысты себептер

-  Отбасында,  мектепте,  балабақшада  ересектермен  жағымды  қарым-

қатынас құру мен сақтау себептері. Бұл балаларды педагог, ата-аналар бағасына 

ерекше  сезімтал  етеді,  олардың  талаптарын,  ережелерін  орындау  ынтасын 

оятады.  Балалар  «ризашылық»  алуға,  өздеріне  ұнайтын  балаларға  ұнауға 

тырысады, топта беделі пайда болады.   

- 5-6 жастағы балалардың әрекеттері және жеке жетістіктері, өзін-өзі сүюі, 

өзі-өзі бекіту себептері жиі шығады.  Олар бала ұмтылысында басты рөлдерде, 

яғни мектепте «үздік» рөлінде және т.б. байқалады. 



 

-  Балалар  бойында  ынта  негізінде  өзін-өзі  бекітуге  жарыс  себебі  пайда 



болады.  Балалар  өздерінің  жетістіктерін  басқалармен  салыстырудан, 

мақтанудан, сәтсіздіктерін қатты уайымдаудан қашпайды.  

5-6  жас  ерекшелігінде  баланың  танымдық  шеңберінде  даму  жалғасады: 

барлық  анализаторлар  біркелкі  нысанға  келтірілген,  сезімталдықтың  барлық 

түрлері  жүзеге  асырылады:  көру  қабілеті,  түстерді  ажыратудың  дәлдігі  мен  

нәзіктігі  артады  (бала  барлық  түстерді  және  оның  реңдерін  ажыратады), 

тактикалық  сезімталдықты  жүзеге  асыратын  есту  қабілеті  артады. 

Қабылдаудың барлық түрлері (уақытты, кеңістікті қабылдау) қалыптасады.  5-6 

жастағы  балаларда  өз  еркімен  есте  сақтау  жақсы  қалыптасады,  олар  мақсат 

қоюға, онымен жүруге, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға қабілетті.   

Бұл  жастағы  ойлаудың  негізгі  түрі  –  көрнекі-бейнелі  ойлау.    Алайда  ол 

нақты бейнемен шектелмейді, маңыздырақ қадам  -   көрнекі-схемалық ойлауға 

көшеді.  Оның  көмегімен  жеке  ерекшеліктер  ғана  емес,  одан  да  маңызды 

байланыстар 

мен 

пәнаралық 



қатынастар 

ерекшеліктерімен 

анықталады.Ойлаудың  бұл  түрі  сөздік-логикалық  ойлауды  дамыту  үшін  негіз 

болып  табылады.  6  жасқа  қарай  бала  пікірлер  жүйесін  құра  алады,  өзінің 

біліміне қарай дұрыс қорытынды жасауға тырысады.  

Бұл  жаста  балада  түсінік  қалыптасады,  ол  нақты  көрнекі  көрсетілген 

нәрселер  туралы  меңгеріп  қана  қоймайды,  балада  уақыт  қатынастары,  себебі 

мен  салдары,  кеңістік,  шама,  саны  және  т.б.туралы  абстрактілі  түсінік 

қалыптасады.   

Мектепке  барған  сәттен-ақ  бала  өмірінің  жаңа  кезеңі  басталады.  Ол 

көбінесе  ауыр,  талай  сынақтар  арқылы  өтеді.  Сол  себепті,  бұл  кезеңге  бала 

жеткілікті дайын болуы қажет. 

Мектепте  оқуды  бастау  және  оған  даярлық  бала  дамуының  маңызды 

психологиялық заңдылықтарының қажеттілігіне байланысты.  

Баланың  интеллектуалды  шеңбері  жүйелі  оқытуға  дайын  ғана  емес,  оны 

талап  етеді.  Бала  оқушының  жаңа  әлеуметтік  позициясын  қабылдауға 

тырысады.  Оларды  көбінесе  ішкі  жағы  тартады  –  жаңа  портфель,  кітапшалар, 

парталар,  белгілерімен  күнделік  және  т.б.    Бірақ  тек  оқушы  болу  ниеті 

жеткіліксіз,  бұл  ниетке  өзінің  импульсивті  талаптарын  бағындыру,  яғни  өз 

әрекетін басқара білуі керек. 

Оқытудың  ішкі  жағы  тартатын  балалар  жуық  арада  үлкен  қиындықтарға 

тап  болады,  себебі  мектеп  -  тек  қана  мереке  емес,  ол-  жұмыс,  еңбек.  Мұндай 

балаларда оқуға деген қызығушылығы тез басылады.  

Балалардың 

әрекетін 

қоғамдық-маңызды 

себеп 

«Адамдарға 



көмектесу,әжемді  емдеу  үшін  оқығым  келеді»  басқара  алады.  «Мектепте  екі 


10 

 

кояды», «мұғалім жазалайды» деп мектепке барғысы келмейтін балалар да бар. 



Мектепке  деген  мұндай  қатынастың  себебі  –  тәрбиедегі  қателік,  балаларды 

мектеппен қорқыту.  

Баланың мектепке даярлығы мектеп туралы дұрыс ақпаратқа байланысты 

болады.  Балаларға  дұрыс  объективті  білім,  мектеп  туралы  мәлімет  берілгені 

(мектепке  саяхат, әңгіме  жүргізу, оқушылармен қарым-қатынас)    маңызды.  Біз 

баланың  мектепке  қызығушылығын  дамытып  қана  қоймай,  оқуға  да  үйрету 

қажетпіз.   

Баланың мектепке даярлығы кезінде танымдық, интеллектуалдық жағы да 

маңызды.  Ол  өзіне  арнайы  шеберлік  пен  дағдыларын,  қажетті  сөздік  қорды, 

нақты білім деңгейін қамтиды.  Мектепте сәтті оқуы үшін бала бойында ойлау, 

есте  сақтау,  шығармашылық  қиял  қабілеттері  даму  қажет.    Осы  сатылар  ғана 

әркеттің  жаңа  түріне  баланың  қатысуын  қамтамасыз  етеді,  яғни  ойыннан 

өзгеше,  бала  бойынан  нақты  қасиеттерді  міндеттейді.  Бала  оқу  тапсырмасын 

анықтай  алуы,  оны  өз  еркімен  әрекетінің  мақсаты  ете  білуі  қажет.  Бұл  балаға 

«оқытудың жоғары деңгейін» қамтамасыз етеді. 

Бала  оқи  білуі  қажет.  Оқуға  оны  балабақшадан  бастап  баулыған  жөн. 

Дидактикалық  ойындарда  бала  ойлау  есептерін  шешудің  (талдау,  жинақтау, 

қорыту) тәжірибесін жинақтайды.   

Баланың мектепке даярлығының тағы бір түрі – физикалық даярлық. Бала 

мектепке  физикалық  дамыған,  дені  сау  болып  баруы  қажет.  Балада  барлық 

физикалық  қасиеттер  –  ептілік,  икемділік,  жылдамдық,  күш  –жігер  және  кез-

келген  істе  табысқа  жету  үшін  қажетті  қасиет-шыдамдылық  жақсы  дамыған 

болуы керек.  

Баланың  мектептегі  алғашқы  күндері  үлкен  қиыншылықтарға 

байланысты  болады.  Ол  тіпті  мектепке  даярланған  балаларда  да  кездесуі 

мүмкін. Олар: 

1.

 

Бала  өмірінің  мазмұны  өзгереді.  Бала  өмірінің  балабақшасы  –  мектеп 



жағдайына өзгереді. Күн тәртібі, өмір мазмұны өзгереді.   

2.

 



Бала  сабақта  тәртіпті  қатаң  сақтауы  қажет.  Ұзақ  уақыт  тыныш  отыру 

керек.  


3.

 

Үй тапсырмасын міндетті орындау қажет.  



4.

 

Әрекеттің жетекші түрі ойын – оқуға өзгереді.  



5.

 

Мұғаліммен  жаңа  қарым-қатынастар  құрылады.  Іскер  қарым-қатынасқа 



айналады. 

6.

 



Баланың  жағдайы  өзгереді.  Балабақшада  ол  ересек  еді,  ал  мектепте  ең 

кішісі болып қалады.  




11 

 

7.



 

Баланың  қоршаған  ортасы  толық  өзгереді  –  ол  бөтен  балалар  тобына 

келеді.   

8.

 



Баланың отбасындағы жағдайы да өзгереді.   

Бұл қиындықтарды ересектер, мұғалім ескеріп, балаға көмек беруі қажет.  

Бұл жұмыс балабақшадан басталғаны дұрыс. Яғни бала жағдайының кенеттен 

өзгергенін сездірмеу үшін мектеп пен балабақша арасында сабақтастық болуы 

керек. 

1.

 



Жағдайлар  құру  қажет:  балалармен  ойындар  ұйымдастыру,  алғашқы 

күндері ойын элементтерімен оқу түрінде емес, оқу элементтерімен ойын 

түрінде өткізу. 

2.

 



Балалармен тығыз эмоционалды байланыс құру.    

3.

 



Көрнекі құралдарға ойыншықтар, ойын элементтерін көбірек қолдану. 

4.

 



Балаларға жоғары сынып оқушыларымен  байланыс орнату, өзара жақсы 

танысу үшін біріккен әрекет ұйымдастыру. 

Бұл  әдістерді  пайдалану  баланың  мектеп  жағдайына  жылдам  әрі  қиналмай 

бейімделуіне мүмкіндік береді.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет